З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырма

1. Отбасы типтеріне нақты мысалдар жазу

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Андреева И.Н. Антология по истории и теории социальной педагогики,

Москва, 2000 г.

2. Бочарова В.Г. Педагогика социальной работы, Москва, 1999 г.

3. Мудрик А.В. Социализация человека, Москва, 2004 г.

4. Осорина М.В. Секретный мир детей в пространстве мира взрослых, Москва,

2000 г.

 

Адамдар өте күрделi болып келедi. Бiр адамның iс-әрекетi басқа адамдардың iс-әрекетiнен өзгеше; Сондй-ақ адамдар әртүрлi жағдайларда (қуанғанда, ренжiгенде, қорыққанда, т.б.) өздерiн әрқалай ұстайды, әртүрлi бейнеде көрсетедi.

Бiз жақын достарымызбен және жақсы танымайтын адамдармен өзiмiздi бiрдей ұстамаймыз. Бiздiң кiшкентай балаға деген және әке-шешемiзге деген қарым-қатынастарымыз бiрдей емес. Бiздiң сүйiктi адамымызбен қарым-қатынасымыз жұмыстағы әрiптестерiмiзбен байланысымызға мүлдем ұқсамайды.

Әрбiр адам қоғамда бiрнеше позицияға, орынға ие болады. Мысалы, әйел әншi, мұғәлiм, жұбай және ана бола алады. Әрбiр осы әлеуметтiк позициялар белгiлi бiр құқықтармен, мiндеттермен байланысты. Бұл позициялар статус деп аталады. Яғни статус дегенiмiз тұлғаның қоғамдағы орны, жағдайы, мәртебесi.

Адам көптеген статусқа ие болғанмен олардың бiреу негiзгi статус болады және ол адамның қоғамдық жағдайын айқындайды. Мысалы, АҚШ-та жүрген қытайлық бишi қыз бiреудiң қызы, әйелi, досы болуы мүмкiн, бiрақ оның қоғамдық жағдайы –ол азиалық (азиатка) Көп жағдайда адамның басты статусы оның жұмысына байлнысты болады.

Мысалы, өзiмiз танымайтын адам туралы сөз қозғағанда бiз ең алдымен не iстейдi екен, немен айналысады екен? деген сұрақ қоямыз. Жауап ретiнде оның жұмысына байланысты статусы айтылады. Мысалы, мұғәлiм, әкiм, директор, т.б. . Басты статустардың iшiнде мыналар бар: түрмеге отырып келген, бұрынғы мисс, т.б.

Әлеуметтiк статус екiге бөлiнедi.

1. Жазылған статус (предпиСанный)

2. Қол жеткiзген (достигнутый)

Жазылған статустар жынысына, этникалық шығу тегiне, нәсiлiне, туылған жерiне, жанұя фамилиясына байланысты болады. Мысалы, қара нәсiлдi адам туылғаннан ақ негр деген статусқа ие болады. Яғни жазылған статусқа туылғаннан бастап ие болады.

Қол жеткiзген статус адам жүзеге асырған iс-әрекеттерi арқылы айқындалады. Жазушы статусына кiтап жазып шығарғаннан кейiн ие болады; күйеу статусына үйленуге рұхсат алып некеге тұрғаннан кейiн ғана ие болады. Ешкiм күйеу не автор болып туылмайды.

Студенттердi алып қарайтын болсақ, ол не ұл, не қыз, қазақ, не басқа ұлт өкiлi, т.б. осындай жазылған статустарға ие. Сондай-ақ ол бiреудiң жұбайы, досы, студент, староста, спорт шеберi, т. б. қол жеткiзген статустарға ие болады. Бiрақ жоғары оқу орнында жүргендiктен оның негiзгi статусы студент болып табылады.

Ендi әлеуметтiк рөлге келсек, әлеуметтiк роль-бұл тұлғаның статусына байланысты iс-әрекетi, мiнез-құлқының көрiнiсi. Яғни әлеуметтiк роль статуспен бекiтiлген немесе статусқа байланысты күтiлетiн мiнез-құлық. Мысалы музыкант рөлi музыкантқа қатысты мiндеттер мен құқықтарға байланысты оның толықтай мiнез-құлқын айқындайды. Оларға: музикалық туындыларды белгiлi бiр шеберлiк деңгейiнде орындау, күнiне бiрнеше сағат дайындық жасау(репетиция), дирижерге құрмет көрсету, т.б. жатады.

Әрбiр статус әдетте көптеген рөлдердi өзiне қамтиды. Оқытушы стаусына ие адам студентерге, факультеттiң басқа оқытушыларына, министiрлiк өкiлдерiне немесе ректорға әртүрлi мiнез-құлық көрсетедi. Яғни осылардың әрқайсымен қарым-қатрынас жасағанда өзiн әртүрлi ұстайды. Бiр статусқа байланысты ойналатын рөлдер жиынтығы –рөлдiк жиынтық деп аталады.

Бiз рөлдердi әлеуметтену процесi арқылы меңгеремiз, қабылдаймыз. Бiздiң рөлiмiз бiзден басқалар не күтедi, сол арқылы анықталады. Бiздiң қоғамымызда ата-аналар өздернiң балаларына қамқорлық жасауы тиiс, жұмысшы өзiне жүктелген жұмысты iстеуi керек, жақын достарымыз бiздiң проблемаларымызға немқұрайлы қарамаулары керек, демек осындай iс-әрекеттер күтiледi. Егер олар бiз күткен рөлдi орындамаса бiз таң қаламыз, ренжимiз және бiздiң қарым-қатынасымыз өзгередi.

Ары қарай рөлдер туралы сөз қозғай берсек, рөлдер формальды және формальды емес күтiлетiн рөлдер деп бөлуге болады. Формальды рөлдерге заң айқын дәлел бола алады. Егер бiз үй сатып алу туралы келiсiм-шартқа отырсақ, бiзден үй сатып алушы рөлi күтiледi, егер бiз олай iстемесек келiсiм-шартты бұзғанымыз үшiн бiздi сотқа шақыруы мүмкiн. Қылмыстық жауапкершiлiк заңдары кiсi өлтiруге, зорлауға, басқа адамдарға зиян келтiретiн iс-әрекеттер жасауға тиым салады. Келесi күтiлетiн рөлдер формальды емес-мысалы, дастарқан басында өзiн ұстай бiлу, киiну стилi мен спайылық ережелерi, т.б. . Бiрақ бұларда бiздiң мiнез-құлқымызға көп әсер етедi.

Бiзден күтiлетiн рөлдерге сәйкес келмеген iс-әрекеттерiмiзге байланыСты туындаған реакцияларды да формальды және формальды емес деп топтастыруға болады. (Реакция-бiздiң iс-әрекетiмiзге жауап ретiнде туындаған басқа адамдардың iс-әрекетi). Мысалы қылмыскердi басқа бiреуге шабуыл жасағаны үшiн тұтқындап, кiнәлi деп тауып түрмеге жiбередi. Машина қоюға рұхсат етiлмеген орынға машинасын қойғаны үшiн жүргiзушiге айыппұл салынады. Егер салынған айыппұл уақтылы төленбесе ол өседi. Бұлар формальды жазалауларға жатады. Келесi жазалау түрлерi формальды емес. Мысалы, бiр кiсi отырыста мас болып қалып үй иесiн балағаттады, намысына тидi дейiк, ол түрмеге түспейдi, бiрақ оны ендi үй иесi қонаққа шақырмауы мүмкiн. Кейбiр жазалаулар мүлдем басқаша болады. Мысалы, орынсыз айтылған сөзге қарсы ашуланып, сөйлемей қойып сөйлеушiге тыңдаушы орынсыз, намысқа тиетiн сөз айтқандығын бiлдiредi. Егер адамның iс-әрекетi күтiлген рөлге сәйкес келсе ақша немесе құрмет көрсету сияқты марапаттауларға ие болады. Осы марапаттаулар мен жазалаулар санкциялар деп аталады.

СӨЖ тақырыптары

1. Индивид, тұлға, адам түсініктері

2. Тұлға құрылымы

3. Әлеуметтік педагогикалық статус және әлеуметтік педагогикалық роль

4. Тұлғаның әлеуметтенуі

Дәрісбаян