Леуметтік педагогика пәнінің міндеттері, негізгі түсініктері

Әлеуметтік педагогика пәнін оқып үйренуде төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

- тұлғаны әлеуметтендіру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;

- әлеуметтендірудің негізгі институттарының әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;

- тұлғамен социумда әлеуметтік педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.

-мейірімділік, әділеттілік, басқа адамдарды түсінушілік жолдарына және барлық тірі дүниеге сүйіспеншілік түсінігін бала санасына тәрбиелеу.

1) Өмірдің мақсаты мен міндеттерін қоршаған адамдармен қарым – қатынас жасауға үйрету, қиындықтан өз бетінде шыға білу дағдыландыру.

2) Адамдарды оның физиологиялық және рухани ерекшелігін, қоғамдағы міндеттері мен құқықтарын қоршаған ортаны танып – білуге құштарлығын дамыту.

3) Өзіне деген сенімділік пен өз мүмкіндіктерін сезінуді дамыту.

4) Кішкене және үлкен топтармен, жолдастарымен, отбасы мүшелерімен, сыныптас және жұмыстас құрдастарымен, адамдармен келіспеушілікті өз бетінше жоюға. Қазіргі заманға сай тенденциялардың бірі гуманитарлық конверсия болып табылады. Ол – адам, оның мәдениеті, даму деңгейі және адамға тән қасиеттері қоғамдық және тарихи прогресстің мақсаты болуымен ерекшеленеді. Кейінгі кезде қоғамдық өмірдің барлығына дерлік гуманистік бағыт берудің қажеттілігі мен ондағы адамның жоғары құндылық ретіндегі ролі және адамдық фактор жөнінде көп айтылып жүр. Басқаша айтқанда адамның объективті-мақсатты маңыздылығының (индивид, тұлға, жеке тұлға) артқандығын көруге болады. Осы уақытқа дейін терең мән беріліп келген техникалық прогресс, экономика мен ғылымның дамуы өз бетінше құнды бола алмай отыр. Себебі, бүгінгі күні техникадағы, экономика мен ғылымдағы жетістіктер «кім үшін және адамға қандай пайдасы бар?» деген сұрақтар жиі қойылуда. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде. Сондықтан тарихи үрдістегі субъект ретіндегі адамның роліне терең мән беріліп, қоғам адам құндылығын тарихи үрдістің субъектісі ретінде тани бастады. Қазіргі таңда қоғам гуманистік тенденцияларды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймайды, сол тенденцияларды мақсатты жетілдіруді, яғни тұтас гуманистік концепцияларды құруды және қоғамда әлеуметтік механизмдар мен әлеуметтендіру технологияларын құру арқылы жүзеге асыруды қажет етеді. Ал,бұл концепциялар, әрбір адамды субъектке айналдырумен қатар, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз етеді. Аталып отырған міндеттердің орындалуында әлеуметтік педагогика пәнінің маңызы зор. Мықты орнығып келе жатқан гуманистік бағыт философия, педагогика, психология, әлеуметтану, әлеуметтік психология сияқты дәстүрлі гуманитарлық ғылымдардың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңа тұрғыдан қайта қарауды қарастырады. Барлық қоғамдық прогресске қоғамдық құндылықтың тән екені даусыз. Бірақ, мәселе, оның қоғамдық маңызының қандай екендігі мен адамға қоғам мүшесі ретінде не беретіндігі жөнінде. Себебі, аталған ғылымдардың өзіндік ерекшеліктері жеке тұлғаны әлеуметтендіру концепцияларын толық жүзеге асыруды шектейді. Мұндай қиыншылықтарды жаңа пәнаралық ғылым - әлеуметтік педагогика жүзеге асырады және қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың пайда болуы мен қажеттігі анық байқалуда. Оны логикалық байланысы бар төмендегідей звено ретінде көрсетуге болады:

- қоғам дамуындағы адамның объект және субъект ретіндегі жоғары құндылығын мойындау;

- қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудің көп аспектілі және бағалы екенін түсінуі;

- әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің маңызын түсіну;

- әлеуметтік педагогиканы ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан қабылдау.

Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей адам субъект ретінде қатысып отырған қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын әлеуметтік-психологиялық сипаттағы әлеуметтік тапсырысты орындауға дайын. Осындай тапсырыстардың ішінен түрлі әлеуметтік-педагогикалық технологияларды, аймақтық білім беру бағдарламаларын даярлау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері арқылы халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жиі кездеседі. Айта кету керек, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер мен олардың шешімін табу жұмыстары қоғам дамуының кезеңдерінде пайда болып дамып отырды. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде және практикалық пән ретінде даму тарихы бар. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде негізгі түсініктері бар.

Олар:

Әлеуметтік тәрбие– бұл «адам – адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер тарапынан жүргізілетін жұмыс мазмұны. Әлеуметтік тәрбие проблемаларын әлеуметтік педагогика зерттейді. Оның пәні - тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.

Әлеуметтік жұмыстар– адам мен адамның қайырымдылық қажеттілігінен туындаған әлеуметтік іс - әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан қайырымдылық пен борышты сезінуден, қасіретті жандарға көмек көрсетуден қалыптасқан. Қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.

Әлеуметтік жәрдем– бұл қоғамның жоғары мәдениеті мен өркениеттілігінің көрсеткіші. Мысалы: «Бөбек » қоры.

Әлеуметтік тәжірибе- әлеуметтік бағытты таңдаған маман өзінен жәрдем күткен адамдар мен топтар жөнінде қажетті білімді жеткілікті игеріп, туындаған проблемаларды шешуде жоғары біліктілік танытуды айтады.

Әлеуметтік тәжірибе мазмұнына:

- балаларға жәрдем;

- денсаулық және салауатты өмір;

- ақыл есінен артта қалғандармен жұмыс;

- кәсіптік дайындық;

- қарттар мен жетімдерге қамқорлық;

- сауат ашу мен білім көтеру;

- тәрбие түзету мәселелері жатады.

Адамдар мен олардың арасындағы қарым - қатынасты және білім беруді анықтайтын әлеуметтік шындықтың құрылымдық элементі.

Әлеуметтік заңдар- әр түрлі индивидтер мен әлеуметтік ұйымдардың әлеуметтік қызмет барысындағы қарым – қатынасты анықтайды.

Әлеуметтік қарым - қатынас– қоғам талаптары жағдайында индивидтердің бір бірімен қарым – қатынасы барысында нақты қалыптасқан байланыс жүйесі. Әлеуметтік қарым - қатынас ұзақтығымен, орнықтылығымен, жүйелігімен және өзін-өзі жаңартумен, ауқымды әлеуметтік байланыстармен ерекшеленетін әлеуметтік өзара әрекеттің бір нысаны.

Әлеуметтік әрекет- әлеуметтік қызметтің қарапайым бірлігі. Ол әдетте адамның қажеттігінен туындайтын саналы қимыл. Әлеуметтік әрекет басқа адаммен не көп адамдардың әрекетімен байланысты, басқа адамдардың мінез-құлығына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіреді. Әлеуметтік әрекет ұғымын М.Вебер енгізген. Оның пайымдауынша адамдардың өз байланыстары мен өзара әрекеттерінен тыс іс-қимылдары әлеуметтік әрекетке жатпайды.

Әлеуметтік қызмет– субъектінің (қоғам, класс, топ, жеке тұлға) әлеуметтік қоғамдық ұйымдармен әр түрлі деңгейде және аумақта,алға қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеті. Әлеуметтік педагогикалық қызмет –жастар мен балаларға отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап, дұрыс қарым-қатынас жасау барысында психологиялық жағдайын реттеуге көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық әрекет пен әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік байланыс– нақты уақыт пен орны бар индивид пен топтың арасындағы қарым – қатынас байланысы. Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Әлеуметтік педагогикалық қызмет – жастар мен балаларға отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап, дұрыс қарым-қатынас жасау барысында психологиялық жағдайын реттеуге көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық әрекет пен әлеуметтік жұмыс. Мұнда екі не одан көп объектінің құрамдас бөліктерінің қызмет етуін немесе дамуының үйлесімділігінің көрінісін бейнелейді.

Әлеуметтік жүйе– ол бір-бірімен байланыста және қатынаста болатын, жеке бөліктерден тұратын бірыңғай, әлдебір әлеуметтік объектіні құратын әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің тұтастық жиынтығы, құрылымы, кешені. Оның бөліктеріне адамдар, олардың топтары және әлеуметтік қауымдастықтары, өзара байланыстары және өзара әрекеттері, әлеуметтік құндылықтары мен мөлшерлері, әлеуметтік институттары мен ұйымдары жатады.

Әлеуметтік институт– ол белгілі бір әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған, қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін мөлшерлер мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік институт әлеуметтік құндылықтар мен мінез-құлықтың үлгілерімен айқындалатын, белгілі әлеуметтік мәнді міндетті қызметтер атқаратын, мүшелерінің өз рольдерін орындау негізінде бірлесіп мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін адамдардың ұйымдастырылған бірлестігі.