Леуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары.

 

1. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттама

2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы

3. Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы

4. Мезафактор және олардың адамға ықпалы

5. Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы

Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы

Сипаттама

Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы керек. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіруді» адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы әлеуметтік өмірге дайындау. Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді.

«Әлеуметтендіру» жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі және әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі. Әлеуметтік бейімделу индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің «іс - әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым – қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы, өз - өзіне баға беруі. Әлеуметік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі. Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым – қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.

Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде марғаулық позициясын ұстанады, ал әлеуметтендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезекңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарастыруға болады. Бұл ұғым – пікірдің басында Э.Дюркгейм және Т.Парсонс тұрды. Екінші жағынан адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсер тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект- субъект» деп те атауға болады. Ал екінші позицияны Ч.Кули және Д.Г. Мид ұстанды.

Адам әлеуметтендірудің негізгі объектісі, қоғамның мүшесі ретінде адамгершілікті, ізгілік нормаларын, құндылықтарды меңгеру мен өзінің зияткерлік әлеуетін, білімін, мұратын, мүддесін, сұраныс-талаптарын қанағаттандыру арқылы рухани, материалдық азықтанып өмір сүреді. Әлеуметтендіру үрдісі адамдарға әр түрлі әртүлі жағдайда түрліше әсер етеді. Оларды факторлар деп атайды. Адамға ықпал ететін факторлардың кейбірі белгілі бір дәрежеде толығырақ зерттелсе, ал кейбірулері енді ғана ғылыми – педагогикалық тұрғыда зерттеле бастады (мысалы, этнос, ірі топтар, ұлтаралық қатынас т.б.), жекеленген мақалалар болмаса, кейбірін әлеуметтік – педагогикалық тұрғыда зерттеу әлі қолға алынған жоқ (мысалы, космос әлемі, планеталар т.б. ықпалы мен адамдардың психикасы, болмысының байланысы).