ИДЕЯЛАРЫ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨКІЛДЕРІ 13 страница

Басқарушының қолына билік беретін заңдылықтың үш идеологиялық негізі бар: дәстүрлі, харизмалық және заңды-ұтымды. Осыған сәйкес Вебер үстемдіктің үш идеальды типін негіздеп, оның әрқайсысын идеологиялық негізі бойынша атайды.

Заңды-ұтымды үстемдік жағдайында бағынудың басты дәлелі, белгілі дәрежеде, жеке мүдделерді қанағаттандыру болып табылады. Оның үстіне олар белгілі адамдарға емес, солардың еркін білдіретін және солардың атынан шығатын жалпы қабылданған заңдарға, ережелерге бағынады. Заңды-ұтымды үстемдік “дұрыс” жария рәсімдерінің көмегімен орнығатын формальды қағидаларға бағынуды білдіреді. Осыдан ұтымды қоғамның ажырамас бөлігі ретінде заңды-ұтымды қоғамдағы бюрократияның аса зор маңызы және Вебердің зерттеулеріндегі оған деген зор көңіл бөлу келіп шығады.

“Бюрократия” ұғымының кем дегенде екі мәні бар: 1) басқарудың белгілі бір әдісі және 2) басқарудың бұл процесін жүзеге асырып отыратын ерекше әлеуметтік топ. Вебер кез келген бюрократиялық ұйымның басты сипаттық ерекшелігі ретінде тағы да ұтымдылықты көрсетеді. Вебердің пікірінше, бюрократиялық ұтымдылықты капитализмнің көрінісі ретінде қарастыру керек; сондықтан да бюрократиялық ұйымда өз жұмысында ғылыми әдістерді қолданатын және арнайы дайындықтан өткен техникалық мамандар шешуші рөл атқаруы тиіс.

Бюрократиялық ұйым бірқатар маңызды ерекшеліктерімен сипатталады, оның ішінде Вебер мыналарды бөліп көрсетеді. Аппарат қызметкерлерінің арасында міндеттерді нақты бөлудің арқасында тиімділікке қол жеткізу, бұл позициялардың әрқайсысында жоғары білікті және тар салалы мамандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғары тұрған лауазымды шенеуніктің төмендегілердің қызметін қадағалауына жол ашатын биліктің қатаң иерархиялық сипат алуы. Басқару қызметінің біркелкілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесінің формальды орнығуы мен нақты белгіленуі және жеке жағдайларға ортақ нұсқауларды қолдану. Әкімшілік қызметінің тұлғасыздығы және қатынастардың эмоционалды бейтараптығы: әрбір қызметкер ерекше қайталанбас тұлға ретінде емес, белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік билікті формальды сақтаушы, өзі атқарып отырған лауазымның өкілі іспетті көрінеді.

Дәстүрлі үстемдік, көпшілік мақұлдаған дәстүрлердің беріктігі мен қасиеттілігіне және олар орындап отырған биліктің төтенше құзырының заңдылығына әдеттегідей, көбінесе жете ойластырылмаған күйде сену. Дәстүрлі билік жолын ұстанушы әдет-ғұрып пен ежелгі тәжірибені іске асыратын қағидаларды қабылдайды. Үстемдіктің бұл түрінің шеңберінде билік ету құқығы көбінесе мұрагерлік сипатта болады. Таза күйінде алғанда бұл патриархалды билік. “Патриархат” ұғымы әлеуметтануда, әдетте, ер адамдардың әйелдерге үстемдік етуін сипаттауда қолданылады. Сонымен бірге ол қоғамдардың әр түрінен көрініс таба алады. Бұл ұғым, сондай-ақ неғұрлым жас бозбалалармен қоса бүкіл отбасына жас мөлшері үлкен ер адам үстемдік ететін үй шаруашылығының белгілі бір түрін де бейнелеуге пайдаланылады. Сондықтан да әмірші мен оның әкімшілік аппараты араларындағы қатынасты дәстүрлі түр барысында үй иесі мен құлдар, сондай-ақ оған тәуелді туысқандары арасындағы өзара қатынаспен теңестіруге болады: олардың тұлғалық сипаты мен нақты эмоционалдық мәнері болады және жеке басының адалдығына негізделген. Вебердің пікірінше, дәстүрлі үстемдіктің ең кең тараған түрінің бірі патримониализм. Патримониалды жүйелерде әкімшілік пен саяси күш әміршінің тікелей жеке бақылауында болады.

Харизмалық үстемдік лидердің бойында болатын ерекше қасиеттерге негізделеді. “Харизма” терминінің өзін (сөзбе-сөз грек тілінен - алланың рақымы, игілік) әлеуметтанушылық тұжырымдамалық аппаратқа неміс теологы Э.Трельч енгізді. Үстемдіктің мұндай түрі кезінде бұйрықтар өз көсемінің мүлдем ерекше сипатына оның жақтаушылары мен ізбасарлары сенгенде ғана орындалады. Харизмалық үстемдік әміршінің өте ерекше, мүмкін, тіпті сиқырлы қабілеттеріне негізделеді. Оның үстіне мұндай қабілеттерді оның жолын қуушылар мен оған берілген адамдар шындығында өздері ойлап табатындығы онша маңызды емес. Бұл жерде тектілік, оған байланысты мұрагерлік қандай да бір ұтымды ойлау емес, тек қана лидердің жеке қасиеттері басты рөл атқарады. Харизманың болуы тікелей, тура жүргізілетін үстемдікті білдіреді. Тарихта атағы шыққан көптеген пайғамбарлар (әлемдік діндердің негізін салушылармен қоса), қолбасшылар мен аса көрнекті саяси көсемдер харизматиктер болған.

Әдетте, лидер қайтыс болғаннан кейін оның ізбасарлары харизмалық нанымды таратады немесе оны дәстүрлі (“ресми харизма”), не заңды-ұтымды нысанға айналдырады. Сондықтан харизмалық биліктің өзі тұрақсыз және уақытша сипатта болады.

Макс Вебер шын мәнінде салыстырмалы дін әлеуметтануының негізін салушы болып есептеледі. Француз, ағылшын әлеуметтанушыларының басым көпшілігі, сонымен бірге Дюркгейм, Леви-Брюль, Тайлор және Фрезер сияқты аса көрнекті ғалымдармен салыстырғанда, Вебер архаикалық культтерді арнайы түрде зерттеумен айналысқан жоқ және діндер генезисі мәселесін қарастыру діни сала құрылымын сол күйінде ұғынуға қажетті шарт деп есептеген емес. Сонымен бірге неміс ғалымы діннің мәні туралы мәселені де көтерген жоқ. Ол үшін, әлеуметтанушы ретінде діни топтар өкілдерінің құндылықтық және мінез-құлықтық ерекшелігін сараптауға сүйену тиімдірек болды. Шын мәнінде, дін Веберді адамдардың әлеуметтік іс-әрекеті дәлелінің ерекше, сондай-ақ аса маңызды түрі ретінде қызықтырды. Сондықтан да әлеуметтану олардың ақиқаттығы немесе жалғандығы және шығу көздері туралы мәселеге соқпай, діни көзқарастардың дәлелді әсерін зерттеуге, олардың қоғамдық өмірге тигізетін әсерін анықтауға шоғырлануы тиіс.

Вебер дінге үлкен мән беріп, оны дербес әлеуметтік құрылым ретінде өмір сүретін және жалпы қоғамның мәндік-символикалық, құндылықтық жүйесін анықтайтын, негізін қалайтын әлеуметтік-мәдени институт деп есептеді. Діннің басты рөлін Вебер оның құндылықты бағдардың алғашқы себебі бола алатынынан көрді, соның арқасында дін әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына берудің маңызды әдісі ретінде көрініс табады, оның маңызы мен мақсатына себепші болады деп есептеді. Діни тұжырымдардың көмегімен адам өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды мәні бар немесе мәні жоқ деп жіктейді. Дін әлем бейнесін, нормалар мен басымдылықтар жүйесін құрады, соған сәйкес жеке адам өзінің іс-әрекетін бағыттайды. Осылайша реттеу қағидалары мен нұсқаулар кешені пайда болып, этикалық принциптер қалыптасады.

Дін әлеуметтануына арналған өзінің алғашқы зерттеулерінде, оның ішінде “Протестанттық этика және капитализм рухы” атты атақты еңбегінде Вебер басты назарды капиталистік қоғам мен оның дүниетанымдық негіздерінің, мысалы, ұтымдылық принципінің қалыптасуында, протестантизмнің шығуы мен дамуына байланысты діни этиканың рөлі қандай болғандығына аударды. Дәлірек айтсақ, бұл экономикалық қызмет түрі мен діни-адамгершілік жорамалдар арасындағы өзара байланысты анықтауға қызығушылықты білдіреді. Ғалымның бұл позициясы дінді зерттеудегі марксистік экономикалық центризмге қарсы бағытталған болатын. Алайда Вебер өзінің кейінгі еңбектерінде діни және экономикалық нәрселердің өзара әсері туралы мәселені көтере отырып, сонымен бірге әуел бастан субъективті ойластырылған мән мен топтық дәлелдермен байланысты сала ретіндегі діннің көмегімен әлеуметтік әрекет санатының мазмұнын ашуға тырысады.

Вебер адамның әлемге көзқарасындағы діни фактордың әсерін сараптауға үлкен көңіл бөлді. Бұл көзқарасты ғалым әр түрлі діндер жіктелімінің негізіне алды. Бір нанымдар пассивті өмірлік позицияны (мысалы, буддизм) бекітсе, басқалары адамды өзін қоршаған болмысты қайта құруға және белсенді түрде игеруге бағыттайды (мұның жарқын мысалы - протестантизм). Кейбір діндер әлемді өздерінің мұраттарына сәйкес бейімделген жағдайда ғана қабылдайды: бұл ислам мен христиандықтың көптеген түрлеріне тән. Қорытып айтқанда, бұл жердегі жалпы заңдылық мынадай: әлемді қабылдамайтын діндердің әлеуметтік бағыттылығы төмен деңгейде, ал қабылдайтын діндердікі тиісінше жоғары деңгейде.

Қорыта келгенде, дін әлеуметтануы Макс Вебердің шығармашылық мұрасының ең маңызды бөлігі екендігін атап өту қажет, өйткені ол діннің өзін жалпы адамның қоғамдық, мәдени өмірінің өзіндік бір үлгісі ретінде қарастыруға бейім болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Berger P., Berger B. Socіology: Bіographіcal Approach. - London: Penguіn Books, 1981. - Chap.2.

Collіns R. Socіologіcal Іnsіght. - Oxford, 1992.

The Penguіn Dіctіonary of Socіology, - London, 1998.

Tonnіes F. A new evaluatіon: Essays and documents / Ed. And іntroductіon by W.J. Cahnman. Leіden: E.J. Brіll, 1973

Андреева Г.М. Современная буржуазная эмпирическая социология. - М., 1965.

Американская социологическая мысль. - М., 1994.

Арон Р. Этапы развития социологической мысли. - М., 1993.

Беккер Г., Босков А. Современная социологическая теория в ее преемственности и изменении. - М., 1962.

Буржуазная социология на исходе ХХ века (Критика новейших тенденций). М., 1986.

Вебер М. Избранные произведения. - М., 1990.

Вебер М. Избранное. Образ общества. - М., 1994.

Вебер М. Основные понятия стратификации // Социологические исследования. - 1994, № 5.

Гайденко П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность: Социология М. Вебера и веберовский Ренессанс. - М., 1991.

Гофман А.Б. Семь лекций по истории социологии. - М., 1995

Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. - СПб, 1996.

Дюркгейм Э. Самоубийство: социологический этюд. СПб., 1912. (Второе издание: М., 1994).

Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. - М., 1991

Дюркгейм Э. Социология. Ее предмет, метод, предназначение. - М., 1995.

Западная теоретическая социология 80-х годов. - М., 1989.

Зиммель Г. Конфликт современной культуры. - Пг., 1923

Зомбарт В. Буржуа. Этюды по истории духовного развития современного экономического человека. - М., 1994.

Из истории буржуазной социологии ХІХ-ХХ веков. - М., 1968.

Ионин Л.Г. Понимающая социология. - М., 1979.

История буржуазной социологии первой половины ХХ века. - М., 1979.

История буржуазной социологии ХІХ- начала ХХ века. - М., 1979.

История социологии. - Минск, 1993.

История социологии в Западной Европе и США. - М., 1993.

История теоретической социологии. - М., 1995.

Кон И.С. Позитивизм в социологии. - Л., 1964.

Конт О. Дух позитивной философии. - СПб., 1910.

Краткий очерк истории социологии. - М., 1990.

Критика современной буржуазной теоретической социологии. - М., 1977.

Культурология. ХХ век. - М., 1995. (Виндельбанд В. Философия культуры и трансцентальный идеализм; Дильтей В. Типы мировоззрения и обнаружение их в метафизических системах; Зиммель Г. Конфликт современной культуры; Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре.)

Левада Ю.А. Лекции по социологии. - М., 1969.

Маркс К. Восемнадцатое брюмера Луи Бонапарта // Маркс К., Энгельс Ф. Собр. соч. 2 изд. - т.8

Маркс К. Капитал. Т.1 // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч.2 изд. - т. 23.

Маркс К. Экономические и философские рукописи 1844 года // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - Из ранних произведений.

Маркс К., Энгельс Ф. Немецкая идеология // Маркс К., Энгельс Ф. Собр.соч. 2 изд. - т.3.

Милль Дж.С. Система логики силлогистической и индуктивной. - М., 1914.

Монсон П. Современная западная социология. Теории, традиции, перспективы. - СПб., 1992.

Москвин С.А. Герберт Спенсер против тоталитаризма // Социологические исследования. - 1992. № 2.

Новейшие тенденции в современной немарксистской социологии. - М., 1986.

Осипов Г.В. Современная буржуазная социология. - М., 1964.

Осипова Е.Г. Социология Эмиля Дюркгейма. - М., 1977.

Очерки по истории теоретической социологии ХІХ - начала ХХ века. - М., 1994.

Очерки по истории теоретической социологии ХХ столетия. От Вебера к Хабермасу, от Ззиммеля к постмодернизму. - М., 1994.

Родоначальники позитивизма. - СПб., 1912. - Вып. 4 (Конт О. Курс позитивной философии).

Современная американская социология. - М., 1994.

Современная западная социология: классические традиции и поиски новой парадигмы. - М., 1990.

Современная западная социология: Словарь. - М., 1990.

Социологический словарь. - Минск, 1991.

Социология для студента. - Свердловск, 1991.

Спенсер Г. Основания социологии. - СПб., 1876 (Второе издание - СПб., 1898).

Спенсер Г. Социология как предмет изучения. - СПб., 1896.