Дәріс .Социализацияның әлеуметтік-психологиялық аспектлері.

1.Социализация-жеке тұлғаның қоғамның толық құқылы мүщесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер мен байлықтар жүйесін меңгеру процесі.

2. Э.Эриксон теориясы. Ересектердің әлеуметтену мәселесі. Жас «дағдарыстар» проблемасы.

3. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі. Қарт адамдардың зейнеткер статусына әлеуметтік-психологиялық бейімделуі.

 

ҚР философ, социолог, психолог, саясаткерлер еңбектеріндегі жеке тұлға мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектлерінің зерттелуі. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын психикалық реттеудегі қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, құндылықтар әлеуметтік жағдай және олардың рөлі.

Мақсатына қарай әлеуметтік психология тұлға аралық ортақтасудың үш түрін қарастырады.

1. Императивтік (бұйрық, әміршіл).

2. Манипуляция (айла, амал)

3.Диалогтық (қос үн, қос сөз)

1. Императивтік ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібімен іс әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық формасы. Ортақтасу партнеры тек әсер етудің объектісі – пассив ретінде қалыптасады. Императивтіктің ерекшелігі партнерды бағындыру жөніндегі, негізгі мақсаттың айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, тиым салу, нұсқау пайдаланылады. Императивтік ортақтасу басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағындыру. Әрекетке қоғамдық қарым-қатынастың императивтік ортақтасудың өз ерекшелігі бар. Мысалы: әскери қатынастар, бастық-жұмысшы, осындай салада Императивтік ортақтасу пайдалы, қолайлы, әрі нәтижелі. Сонымен қатар мұндай қарым-қатынасты мүлдем қолдануға болмайтын салалар да бар. Мысалы: ата-ана, жұбай, балалар арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану нәтижесіз. Себебі, бұйрық, тиым көмегімен ұстаз бен ата-ана балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала, тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң оның санасына құйған үлкендердің ережелері қоғамдық нормалары тез жойылып кетеді.

2. Манипуляция – алдап, арбап ортақтасу. Бұл тұлға аралық ортақтасуда жиі кездеседі. Ортақтасу партнерын өзінің жасырын ниетіне бағындырады, көздеген іс әрекет өз мақсатына жету үшін манипуляциялап ортақтасу партнерын объект ретінде қарастырады. Манипуляциялық ортақтасу басқаны өз мақсатына жасырын өзін қажетті іс әрекетке баулу. Императив пен манипуляцияның ұқсастығы, мақсаты – бірдей, яғни партнердың ойын билеу, бақылау, үстемдік ету. Айырмашылығы: манипуляциялық стилде шынайы мақсат жарияланбайды. Алдап, арбау қарым қатынасының қоғамдағы ресми орны бизнес, сауда-саттық, іскерлік, үгіт-насихат, дуалау, т.б. Бұл түрдегі қарым қатынастың ерекшелігін зерттеген социолог, ғалым Дейль Корнеги, сондай-ақ білім беру барысында, сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Бірақ оқытуда пайдалы болғаынымен, тәрбиелеуде жеке тұлғалық қарым қатынасында пайдасыз. Өйткені манипуляцияға әдеттенген адам, ондай қарым қатынасты отбасында да тудыруы мүмкін, сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген ортақтасуды манипуляциялау жалпы тиімсіз де нәтижесіз. Арбаушылық барысында партнер жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляцияға керек қасиеттің иесі ретінде қарастырады. Мысалы, манипулятор адам мейрімді адамның мейірімділігін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатына пайдалануға тырысады.

3. Диалогтық ортақтасу - бұл тең құқықтық объектінің ара қатынасы. Ортақтасу мақсаты өзін өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Императив пен манипуляциялық қарым қатынастың айырмашылығы эгоцентризмнен (өзімшілдік) өзіндік ұстанымнан альтруизмнен (адамдарды жақсы көру) өзгеге бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу процесінде екі дауыс, екі пікір естіледі. Бірінші субъект мен екінші субъектінің қатынасы.

Диалогтық ортақтасудың ережелері.

1. Сұхбаттасушының және өзінің көңіл күйін ескеру «осы жерде – осы сәтте» принципін ұстану. Дәл осы кездегі сезімдерін, пікірлерін, психологиялық қалдерін назарға алу.

2. Бір біріне сенімділік білдіру.

3. Партнерді өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.

4. Шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды қарастыру.

5. Сұхбат адамның өз атына жүргізілуі керек (яғни, өсек айтпау керек).

Диалогтық қарым қатынас адамдардың өзара түсінушілігін тереңдетіп бір бірінің жан байлығын көбейтіп, оның мінез құлқының ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушының ішкі дайындығы керек. Осы типті меңгерген адамдардың психологиялық Денаулығы, мінезінің бір тұтастығы еске алынады. Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде қолданатын ортақтасу түрі - монолог. Ол мектептің басты мақсаты мен міндетіне байланысты құбылыс. Педагогтың түсінігі бойынша білім беру мен тәрбие құралының негізгілері қатаң тәртіппен шәкірттерді ұйымдастыру. Яғни мұғалім тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын іс әрекеттері, әдіс тәсілдері: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата анасын шақырту, ескерту жасау, сынау, сыныптан шығарып жіберу, т.б. Мұғалім берген білімге баланың ынтасы жоқ болса ол жаман болып саналады. Бұл жерде баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Оқушының қызығушылығын жоғалтпас үшін олармен төмендегідей диалогтық қарым қатынас жасау қажет:

1. Шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе адамдар сұрағы түсінікті деп әңгімелесушіні тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде аздаған түсініспеушілік болса, анықтап алу қажет.

2. Жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жан жақты түсіндіру қажет. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған оқушыны ренжітпеу үшін, асығыс жауап беруге болмайды.

3. Оқушылар кейде сұрақты нақты жауап алу үшін ғана қоймайды, өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды.

Ортақтасу өте күрделі құбылыс. Оның әр түрлілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі. Оны шартты түрде үшке бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.

Коммуникация – ара қатынас партнерінің бір бірімен ақпарат алмасуы. Пікірді, білімді, идеяны, сезімді беру мен қабылдау процесі.

Перцепция – адамның бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлға аралық қатынас.

Интеракция – тұлға алалық қимыл ұйымдастыру қатысушының өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Қазіргі таңда психологияда тұлғаның көптеген: американдық, европалық, шығыстық т,б көптеген теориялары бар. Солардың қатарынан-тұлға дамуының когнитвті, гуманисті, бихевиористі (тәртіп) теорияларын бөліп қараған жөн.

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.

Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.

Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.

Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.

Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.

Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті) дамиды.

Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.

Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді.

Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді.

Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады.

Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.

Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары

Даму сатылары Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапасы Прогрессивті дамудың нәтижесі
1. Нәрестелік (0-1) Анасы немесе оның орнын басатын адам Әлемге сену-сенбеу Энергия және өмірлік қуаныш
2. Ерте балалық шақ (1-3) Ата-анасы Дербестілік- ұят, күмән Тәуелсіздік
3. Балалық шақ (3-6) Ата-анасы, ағасы және әпкелері Ынталылық- енжарлық, кінә Мақсатқа ұмтылу
4. Мектептік жас (6-12) Мектеп, көршілер Компетенттілік-кемшілік Білім және ептілікті игеру
5. Жасөспірім және жастық шақ (12-20) Құрдастар тобы Тұлғаның сәйкестілігі- мойындамау Өзіндік анықталу, жан қиярлық және сенімділік
6. Ерте кемелдену (20-25) Достары, сүйіктілері Жақындық- бөлектену Бірлестік, махаббат
7. Орта жас (25-65) Еңбек, туған үйі Өнімділік- тұрып қалу Шығармашылық және қамқор
8. Кеш кемелдену (65 кейін) Адамгершілік, жақындары Тұлғаның тұтастылығы- үмітсіздік Даналық

 

Қазіргі таңда психологияда тұлғаның көптеген: американдық, европалық, шығыстық т.б. көптеген теориялары бар. Солардың қатарынан-тұлға дамуының когнитвті, гуманисті, бихевиористі (тәртіп) теорияларын бөліп қараған жөн.

 

4 дәріс. Әлеуметтік қатынас психологиясы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас.

Жоспар:1. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасқа жалпы сипаттама. Жеке тұлға арасындағы мәдени-тарихи, саяси-қоғамдық қатынасты анықтау.

2.Қарым-қатынас механизмі, формасы мазмұны және құрылымы. Қарым-қатынас, оның негізгі қызметтері: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

3. Тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Коммуникативті барьер (кедергі) мәселесі. Эмпатия феномені. Тілдік этикет. Қарым-қатынас мәдениеті. Жеке адамдар арасындағы конфлик жағдай және оны шешу жолдары. Әңгімелесу-конфликт шешу оны түзету жолы ретінде. Бірге жұмыс істеу (кооперация) және бір-біріне қарсы (конкуренция) өзара әсер ету түрі.

Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Қарым-қатынас мәдениеті. Жеке адамдар арасындағы конфлик жағдай және оны шешу жолдары. Әңгімелесу-конфликт шешу оны түзету жолы ретінде. Бірге жұмыс істеу (кооперация) және бір-біріне қарсы (конкуренция) өзара әсер ету түрі.

Г.М.Андреева қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағы бар: біріншісі - қарым-қатынастың коммуникативті жағы – адамдар арасындағы ақпарат алмасумен, келесі қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдармен өзара әрекеттестік ұйымдастырумен, үшінші - қарым-қатынастың перцептивті жағы – қатынастағы адамдардың өзара ынтымақтастық, түсіністік негізімен белгіленеді.

Ортақтасу барысында адамдар түрлі идеялар мен көңіл күйлермен, сезімдермен, қызығушылығымен алмасып отырады. Осының барлығын ортақтасудағы ақпарат деп қарастыруға болады және оның тұлға аралық коммуникациялық ерекшеліктері бар.

1. Тұлға аралық қатынастағы кері байланыс ортақтасу барысында бір адамнан екінші адамға тек беріліп алынбайды алмасады. Сондықтан ортақтасудағы ақпарат алмасу тікелей алмасу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың немесе мәселенің жалпы мағынасын анықтау ортақ келісімге келу. Осы міндетті шешу үшін тұлға аралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлға аралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейтеді. Коммуникатордан ретципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасы мен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына оның тәртібіне қалай қарайтындығы, қалай бағалайтындығы жөнінде мәліметтерді береді.

Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне ретципиенттің реакциясы. Кері байланыстың мақсаты ортақтасу партнерына оның мінез құлқындағы өзгерістер жағынан қалай қабылдап тұрғанын түсіндіруге көмектесу болып табылады. Кері байланыс түрлері:

Тікелей және жанама

Тікелей кері байланыс кезінде – ретципиенттің сөйлеуінің реакциясы ашық түрде байқалады. Мысалы: тікелей сөйлемдер «Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды», «не деп тұрсың түкте түсінбеймін», немесе тікелей қуаныш. Ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым шаралар. Тікелей кері байланыс кезінде ретципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.

Кері байланыстың жанама түрі – психологиялық ақпаратты ортақтасу партнеріне жасырын астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар кекетулер, қатынас партнері күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор ретципиенттің өзіне қарасты әсері қарым қатынасының шынайы сипаты туралы өзі ойлап шешуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлерін үнемі дұрыс бола бермегендіктен. Ортақтасу барысында ақпарат алу жағдайы белгілі дәрежеде күрделене түседі. Сонымен психологияның кері байланыс тұлға аралық жанама түрі коммуникатордың алғашқы ерекшелігі.

2. Коммуникация барысында ортақтасуға қатысушылардың мақсаты тек ақпаратты алысу емес, сол ақпаратты қатынас партнері мен мүмкіндігінше дұрыс қабылда түсінгені. Коммуникациядан р-ке түсетін мәліметтерді шешу т.а. Коммуникация жеке мәселесі ретінде қарастырылады.

«1» мәліметтің құрылысы мен мазмұны. Коммуникацияның жеке тұлғаның қасиетіне оның ретципентке қалай қарайтындығына ортақтасу өтіп жатқан жағдайға тәуелді болады.

«2» Коммуникациялар жіберген мәліметтер тұрақсыз болады. Олар ретципиенттің жеке психологиялық өзгешеліктеріне оның сөйлеуі, сөз мағынасы, ортақтасу жағдайына деген қатынасына байланысты өзгереді. Мысалы, бастығынан немесе өзінен кіші адамнан сөз естіген адам 2 түрлі сезімге бөленеді. Бастығының сөзін ренжімей тыңдаса, өзінен кіші адамның дәл сондай сөзін ашумен қабылдайды. Ақпаратты дұрыс қабылдау үшін ортақтасу процесінде Коммуникация лық кедергінің болу, болмауына байланысты. Коммуникациялық кедергі дегеніміз – қатынас партнері арасында дұрыс ақпарат берілу жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні өзгереді не жоғалады немесе мүлдем ретципиентке жетпейді.

 

семантикалықы0қ
фонетикалық
стильдік
логикалық
Коммуникациялық кедергілер түрлері
Әлеуметтік мәдени айырмашылықтар
Түсініспеушілік
Қатынас

 

1. әлеуметтік мәдени айырмашылықтар кедергісі. Әлеуметтік саяси, діни көзқарастарға, жынысына, мамандығына байланысты болады. Мұндай жағдайда ортақтасу барысындағы түсініктер мен ұғымдарды, сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәсілі. Мысалы, тыңдаушы – жасы мен әлеуметтік статусы жоғары адамдардың сөзін ешқандай кедергісіз қабылдап, ал беделі төмен адамдардың сөзін елемеуі мүмкін.

2. Түсініспеушілік кедергілер:

А) фонетикалық кедергі – адамдар әр түрлі тілде, диалекті де немесе сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеуші тілінің мазмұны жоқ, тез жаңылғыш, қажетсіз сөздерге толы болған кездерде түсініспеушілік кедергісі туындайды. Мысалы, оңтүстікте «сым» дегенде шалбарды елестетеді, ал солтүстікте электр тогының өткізгіші елестейді. Мұндай кедергілерді жою жолы тілдің сапасын, сөйлеу ерекшеліктерін ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.

ә) Семантикалық кедергі – жаргон мәселесімен байланысты. Ортақтасуға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениетінде ұғымдар мен құбылыстардың ерекше мән мағынасы болады. «Сұлулық», «Борыш»,»Тәртіптілік» құндылықтарын әр микро топ түрліше қабылдап түсінеді. Мысалы, шашы ұзын жігіттер өзін қоршаған топтың арасында сұлу болып саналса, қазақ ауылында оны күлкіге айналдырады. Ортақтасу барысы нәтижелі болуы үшін басқалардың семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет.

Б) Стильдік кедергі – Коммуникатор мен реципиенттің стильдік стильдері бір біріне немесе тілдердің стильі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл күйіне сәйкес келеді. Мысалы, студенттерге, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, 2 түрлі тіл стильі қажет болады.

В) Логикалық кедергі – сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әр түрлі болғанда пайда болатын кедергі. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар, әйелдер, ерлер, басшы мен бағыныштылар логикасы.

Қатынас – Коммуникацияларды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемелерін дұрыс қабылдамау, сенімсіздік сезімін туғызатын Коммутатордың сөзіне күдікпен қарау. Кез келген психологиялық кедергі ақпаратты қабылдау барысында реципиент өзін өзі ақтап алады. Мысалы, психологиялық қорғаныс:

1- жолы – ақпаратты дұрыс қабылдамау немесе бұрмалау қарсы пікірлерге көңіл бөлу (толықтық немесе семіздік денсаулыққа зиян деушілер қателеседі, толық адамдардың денсаулығы мықты, олар мейрімді болады деген пікірді айтады).

2- жолы – ақпараттың пайда болған құнын төмендету (толып кетіпсіз деген адам жас қой ол не біледі).

3- жолы – ескертуді түсінбеу (менің көршім менен де толық қой , түк те болған жоқ жүр ғой).

3. Коммуникациядағы ықпалдау.

Коммуникация бақылау әсері мен мақсатына қарай 2 типке бөлінеді:

1. Әсершіл

2. Диалогтық

3. Әміршіл және диалогтық қатынастың схемасы.

Екі типтің айырмашылықтары коммуникацияның ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникацияның кеңістігіне және оны ұйымдастырудағы бей сөздік тәртіпке қарай анықталады. Психологиялық ұстаным – автордың коммуникациялық стильін белгілейді. Әміршіл ықпал етуде «жоғарыдан төменге» ұстанымы диалогта тепе тең ұстанымы жүзеге асады. «Жоғарыдан төменге» ұстанымы коммуникациялар үшін реципиент бағынышты халде болып еріксіз тыңдап, коммутатордың сөзін сынсыз қабылдау керек. Осы бағыттағы коммуникациялардың пікірінше реципиенттің өз көзқарасы жоқ, бар болса да оны коммутатор қажетті бағытта өзгерте алады.

«Тепе тең» ұстанымында тыңдаушы коммутатор жағынан ортақтасудың белсенді өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады. Коммуникациялық сөздің мазмұнына, мәтіннің құрылымына қарай реципиент өз белсенділігін байқата алады. Әміршіл коммуникация кезінде мәтіннің сипаты жалпылама бір жақты болып тек автордың көзқарасы ғана дұрыс деп саналады. Мәтін тыңдаушыға емес керісінше тыңдаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды өзгелердің ойына сілтеме жасайды.

 

Коммуникацияны талдау көрсеткіші Әміршіл коммуникация Диалогтық коммуникация
1. Психологиялық ұстаным «Жоғарыдан төменге» «Тепе тең»
2. Мәтіннің сипаты а) жалпылама сөздер ә) тыңдаушы ерекшеліктерін ескермеу б) сезімдерді жасыру   в) аксиомалық мазмұн а) өз атынан сөйлеу ә) тыңдау ерекшеліктерін ескеру   б)өз пікірін ашық жариялау в) пікірталастық сипатты мазмұн
3. Коммуникациялық кеңістік Монофония Полифония
4. Коммуникациялық кеңістіктер ұйымдастыру тәсілі
Студенттер  
Студенттер  
Студенттер  
Ректор
Студенттер
Студенттер  
Студенттер
 

   
   
 
 
 
 
 
 

 
5. Бей сөздік тәртіп Жабық қозғалыстар тыңдаушыға үстінен қарау Ашық қозғалыстар. Кеңістікте бірдей деңгейде болу

 

Диалогтік кезде коммуникатор өзіндік ой пікірді жасырмайды. Өз атынан сөйлейді, жалпылама сөздерді қолданбайды, мәтін аксиома емес әр түрлі шешімдері болатын белгілі бір мәселе ретінде қарастырылады. Мәтін мазмұны тыңдаушыға түсінікті дискуциялық сипатта болады. (сіз қалай ойлайсыз, өз ойыңызды айтыңызшы, т. б.) Әміршіл коммуникатор реципиенттерді тыңдамайды, ол тек өзі сөйлейді, монофониялық қарым–қатынас (бір пікір, бір дауыс). Диалогтік коммуникаторда тыңдаушылар өз пікірлерін ашық түрде білдіре алады. Полифониялы қарым–қатынас (аймақтық үн) Коммуникациялық кеңістікті ұйымдастыруда рециепенттер тек ректорды ғана көруге рұқсат. Ал диалогтік коммуникаторда олар бір–бірін және ректорды көруге болады.

3. Тұлғалық коммуникацияның тағы бір ерекшелігі оның екі деңгейлі құрылымы. Олар:

1. Сөздік деңгей – ақпарат алысудың негізгі құралы – сөз және тіл.

2. Бейсөздік деңгей – сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.

Бейсөз тәсілі адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл –күйін түсінуге жәрдемдеседі. Ортақтасу кезінде бей сөздің орны мен мәні өте маңызды. Мысалы: Адамның сөзіне сенбесек, оның бейсөз тәртібіне назар аударамыз. Ым – ишаралар адамның сөз астарында жатқан шынайы ниеттерін анықтауға көмектеседі.