Тістемнің екіншілік майысуы
Ақаулықтың пайда болуы тіс қатарының морфологиялық бірлігінің бұзылуына, сонымен қатар басында ақаулықтың жанында пайда болатын күрделі қайта құрылуларға әкеліп соқтырады, кейіннен бұл өзгерістер барлық тіс қатарына таралады. Сыртқы жағынан бұл қайта құрылулар тістердің ақау қапталына қарай иілуімен, антагонистерінен айырылған тістердің вертикальды ығысуымен, олардың тіл қапталына қарай иілуімен, өз өсінің айналасында бұрылу сияқты өзгерістермен білінеді.Тістердің екіншілік ығысуы ақыр соңында тіс қатары окклюзиялық бетінің анағурлым көп немесе аз бұзылуларына әкеліп соқтырады. Окклюзиялық беттің екіншілік майысуы тістерден жартылай айырылудың клиникасын асқындырады. Осы аталған майысулар өте ертеден белгілі. Аристотель тістердің көруге болатындай ұзаруын және ығысуын байқаған болатын. Оның ақаулықты немесе екіншілік ығысуды бақылағандығын айту қиындау. Кейінірек ол жөнінде анағурлым дәл көрсетпелер пайда болды.
1771 жылы Гунтердің “Адам тістің табиги тарихы” деген еңбегінде кіші түбір тістердің жоғалуынан кейін молярлардың қисаюы жөніндегі мәліметтер берілген болатын. Мұны Шиф және Трубе екіншілік ақаулықтар деп атады. Сонымен қатар А.И.абрикосов антагонистерінен айырылған тістердің ығысуын екіншілік құбылыстарға жатқызды.
Тістердің екіншілік ығысуы бұрыннан белгілі болуына байланысты, бұл белгіні 1880 жылы теңіз шошқасы жағының күрек тістердің жұлынуынан кейінгі майысуын жазған О.В.Поповтың өсімімен байланыстыру дұрыс болар ма екен. Сонымен қатар бұл белгіні тістердің екіншілік ығысуының механизмін түсіндіруге талпынған артикуляциялық тепе-тендік деген тауға ие болған теорияны ашқан Годон феномені деп атауға да болмас.
Тістердің екіншілік ығысуына тек қана тістер қатарының ақаулығындағы тістердің орналасу қалпының өзгеруің сонымен қатар пародонтоз, одонтогенді ісіктер және қызметтік аса тым жүктеме жағдайларындағы өзгерістерді де жатқызу керек.
Тістер қимылының мүмкін боларлық төмендегідей типтік бағыттары бар:
1. Жоғарғы және төменгі тістердің вертикальды ығысуы (бір жақты,екі жақты)
2. Жоғарғы және төменгі тістердің өзара вертикальды ығысуы
3. Жоғарғы және төменгі тістердің дистальды немесе мезиальды ығысуы
4. Тістердің тіл-тандай немесе ұрт бағытындағы қисаюы
5. Тістің өз осі төнірегінде бұрылуы
6. Біріккен ығысулар
Біріккен ығысулардың мысалы ретінде пародонтоз жағдайындағы тістердің желпуіш тәрізді ажырауы болып табылады.
Тістердің екіншілік ығысуының клиникалық суреттемесі ығысу түрлеріне байланысты болады. Жоғарғы бүйір тістердің жұлынуында пайда болған ақаулықта төменгі тістердің вертикальды ығысуы байқалады.Егер ақаулықтың төменгі жақта пайда болуында кері құбылыс орын алады. Негізгі және қосымша антагонистерінен айырылған тістердің үлкен ақаулықтарында тістердің вертикальды дерлік бағытта ығысуы байқалады. Қосымша антагонистерін сақтаған тістер ақау қапталына қарай өзінің алдыңғы ұрт төмпешігімен қисаяды. Антагонистерінен айырылған тістердің екіншілік вертикальды ығысуының 2 клиникалық түрлерін ажыратады. Бірінші түрінде тістің ығысуы куыс өсіндісінің (альвеолярлық тістің ұзаруы) үлкеюімен өтеді. Бұл кезде тістің альвеолярдан тыс және альвеоляр ішілік бөліктері өзгермейді. Бұл жағдайды әдетте альвеолярлық тістің ұзаруы деп атайды. Екінші түрінде тістің жылжуы альвеолярлық өсіндінің үлкеюімен, бірақ тіс түбірі бөлігінің жалаңаштануымен өтеді. Осы 2 түрдің арасында негіздік айырмашылық жоқ, екі жағдайда да альвеолярлық тістің ұзаруы орын алады, дегенмен екінші түрі альвеолярлық өсіндінің қайта құрылуының ең кіші сатыларына сәйкес келеді.
Тістердің мезиальды ығысуын 2-ші моляр мысалында зерттеу ең ыңғайлысы болып табылады. Алға қарай табиғи түрде қисаюмен қатар, оның саңылауын азайтып, ақау қапталына қарай ығысуын жалғастырады. Бірінші моляр балалық шақта жұлынса, 2-ші моляр ығысып, саңылауды жоятындай етіп, 2-ші премолярға тығыз келіп жанасады. Кейде ол сауытымен жұлынған тіс қапталына қарай қисаяды, ал қимыл қапталында сүйекті қалта пайда болады. Молярдың мезиальды қимылы оның ұртты беті мезиальды немесе дистальды орнында болатындай ұзын тіс осі төңірегінде қисаюымен өтеді. Басқаша айтқанда, біріккен ығысу орын алады. Тістің қисаюы молярдың
жоғарғы антагонистермен қалыпты төмпешікті қатыстылығын бұзады. Көп жағдайда оның алдыңғы төмпешігі окклюзиядан тыс қалады, жақын байланыс тек қана артқы төмпешігінде сақталынады. Сонымен мезиальды қисаю тіс қатары бүйір бөлігінің окклюзиялық бетін сагитальды бағытта, ал тіл қапталына қисаю-трансверзальды бағытта байқалады. Сонымен қатар тістің дистальды ығысуы орын алады, ол мезиальды бағытқа қарағанда аз жетілген болады.
Тіс қарама-қарсы жақтың альвеолярлық өсіндісінің шырышты қабатымен кездескеніне дейін альвеолярлық тістің ұзаруы өтеді, онда ол ойықтың, ал кейде ойықты жараның пайда болуын туғызады.
Альвеолярлық тістің ұзаруы нәтижесінде пайда болатын тістер қатарының окклюзиялық бетінің майысуын екіншілік деп атау қажет. Тістемнің бұл майысуы тістің жартылай айырылуының клиникасын асқындырады, өйткені төменгі жақ қимылының бұзылуы және тістің қызметтік аса тым жүктемесі қат-қабат келеді. Төменгі жақ қимылының бұзылуы өзара ығысқан тістер аралығында блоктардың пайда болуына байланысты дамиды. Бұл кезде буында 1-ші орында шарнирлік қимыл орын алады. Блоктайтын, яғни тежейтін қимылдар өзімен бірге көптеген тістер байланысын жоғалтады және блоктағы тістердің қызметтік шамадан тыс жүктемесін туғызады.
Тістемнің екіншілік майысуы ересектерге қарағанда балаларда тезірек дмиды. Тістердің ығысуы уақытқа байланысты болады, тісті жұлғаннан кейінгі уақыт анағұрлым көп болса, соғұрлым ығысу жетілген болады. Альве,олярлық тістің ұзаруы төменгі жаққа қарағанда, жоғарғы жақта тым жетілген болады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтың құрылымдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Балаларда тістерді жоғалтқаннан кейінгі тістемнің қайта құрылуы ересектерге қарағанда тым аз уақыт ішінде өтеді. Балаларда бірінші тұрақты молярды ерте жоғалтудың алыстағы нәтижесін зерттеу барлық жағдайларда тіс доғасының қысқаруы және орта күрек тістер сызығының жұлынған моляр қапталына ығысуы байқалады. Бұл кезде 1-ші премоляр дистальды тым көп ығысса, қысқарту тым аз болады және керісінше 2-ші молярдың алға қарай ығысуының үлкеюі тіс доғасының көп қысқаруымен өтеді.
Екіншілік ығысудың механизмі оны туғызған себептерге байланысты анықталынады. Одонтогенді ісіктерде, тыртықтарда тістердің ығысуы ісіктің қысымы нәтижесінде байқалады. Макроглассия жағдайындағы тістердің желпуіш тәрізді ажырауы үлкейген тілдің әсер етуімен түсіндіріледі. Тістерден жартылай айырылғандағы тіс альвеолярлы ұзаруының патогенезін түсіндіру аса тым қиыншылық түғызады. Оны А.И. Абрикосов вакантты гипертрофияға, яғни жалпы биологиялық құбылысқа жатқызады. Дегенмен, бұл альвеолярлық өсіндінің баяндалған қайта құрылуының нақты механизмін
әлі де түсіндіре алмайды. Осыған қарағанда, мұндай күрделі құбылсқа алғашқылардың бірі болып түсіндірме жасаған Годон болып табылады. Оның осы жөніндегі көзқарастары әдебиетте артикуляциялық тепе-теңдік теориясы деген атауға ие болды. Артикуляциялық тепе-теңдікті ол тіс доғасының сақталуы және бір тістің екінші тіске аралықсыз тығыз жанасуы деп түсінді. Оның ойы бойынша мұндай тіс қатарлары шайнау кезінде дамитын күштің зиянды әсерінен жеткілікті шамада қауіпсіздендіреді. Тістер доғасының үздіксіздік жағдайында оның әрбір элементі оны ұстап қана қоймайтын, сонымен қатар барлық тіс қатарын сақтайтын күштің тұйықталған тізбегінде болады. Осы аталған күш тізбегін Годон параллелограмма түрінде көрсетті. Бұл схема бойынша әрбір тіс тең әсерлі нольге тең болатын 4 күштің әсерінде болады. Тістер қатарының бүтіндігі бұзылған жағдайда тұйықталған күш тізбегі жұлынады, осыған байланысты тепе-теңдік бұзылады. Пайда болған ақаулықтар шайнау кезінде пайда болатын жеке күштердің жойылуының алдын алады. Бұл жағдайдағы шайнау қысымы физиологиялық, сонымен қатар өзінен кейін біртіндеп дамитын және күшейе түсетін тістер аппаратының бұзылуын туғызатын жарақатты фактор ретінде әсер етеді. Тістер қатарының окклюзиялық бетінің майысуы осы бұзылудың белгісі болып табылады.
Годон теориясын стоматологтар бірнеше рет сынға алған болатын.
Н.А. Астахов, Е.М. Гофунг және А.Я.Катцтер Годон теориясының тіс қатарының ауытқуындағы екіншілік ығысудың барлық түрлерін түсіндіре алмайтындығын көрсетті, өйткені бұл теория тіл бағытындағы тістер қимылын теріске шығарып, тек қана алдыңғы-артқы және вертикальды ығысуды есепке алады. Сонымен қатар бұл теорияда ағзаның бейімділік реакциясы ( пародонттағы, альвеолдағы өзгерістер және т.б.) есепке алынбайды.
Антагонистерінен айырылған, сонымен қатар шайнау жүктемесін жоғалтқан тістердің тіс альвеолярының ұзару механизмінің түп нұсқалық түсіндіруін берген Д.А. Калвелис болатын. Ол тістердің тепе-теңдігі бір жағынан сіңір аппаратының көмегімен, ал екінші жағынан шайнау қысымымен қамтамассыз етілетіндігі жөнінде пікір білдіреді. Осы кезде тіс өзара теңесетін күштер механикасының заңына сәйкес тепе-теңдік немесе тыныштық жағдайында болады. Өзара тең болатын және қарама қарсы бағытталған осы 2 күштер бір денеде орналасқан. Егер осы күштің біреуі жойылса, онда тек қана 2-ші күш әсер етеді, осыған байланысты тіс денесі орналасу қалпын өзгертеді.
Шайнау қызметінің бұзылуын бағалау ісін шайнау аппаратының тамақты майдалау қабілетінің төмендеуі тұрғысынан қарастырумен қатар, төменгі жақтың әдеттегі қимылының өзгеруі, тістердің аралас қызметінің пайда болуы, тамақты майдалау процесіне альвеолярлық өсінді мен тілдің
қатысуы тұрғысынан да қарастыру керек. Бұрын айтып өткендей, бүйір тістерді жоғалтқанда шайнау процесі алдыңғы тістерге ауысады, осыған байланысты оның қызметі аралас болады, бұл кезде тамақты майдалау процесі төменгі жақтың алға қарай шығу қалпында өтетіндігін, яғни буын басы буын төмпешігінің құламасына қарсы бекінетіндігін мастикациограмм талдауы көрсетті. Алдыңғы тістердің жоқтығында тамақтытістеу және майдалау процесі премолярлар мен молярларға ауысады, бірақ бұл жағдайдағы шайнау қимылдары қалыпты жағдайға жақын болады. Жеке тістердің барлығында, оның біреуі жоғарғы, ал екіншісі төменгі жақта орналасқан жағдайда науқас тамақты төменгі жағын сақталған тістермен байланысқанға дейін қимылдатып майдалайды. Бұл жағдайдағы қимыл табиғи емес қимыл болып табылады. Тістердің тек қана бір жақта сақталуында науқас жұмсақ тамақты альвеолярлық өсінді мен тілдің көмегімен майдалайды. Тағамның майдалануын жеңілдету үшін, оны алдын ала кулинарлық дайындаудан өткізіп, табиғи жағдайдағы мұқият шайнау процесін болдырмайды.
Шайнау процесінің ағзаның көптеген жүйесіне, оның ішінде асқазан-ішек жолдарының қызметтеріне рефлекторлық жолмен әсер ететіндігі отандық және шет елдер физиологтарының жұмыстарында зерттелген болатын. Қарынды асқорытуды И.П.Павлов 2 сатыға бөлді: біріншісі- күрделі рефлекторлы және екіншісі- гуморальды-химиялық. Шайнау процесінде қарын және қарынасты бездерімен бөлінгетін сөлдің белгілі бір маңызы бар екендігі зерттелді. Шайнау қызметі анағұрлым жақсы болса, күрделі рефлекторлық кезеңде қарын және қарын асты бездерінің бөлетін сөлі де соғұрлым сапалы және көптеу болады.
Ауыз қуысында және қарында өтетін қимыл реакциялары арасындағы тәуелділіктің бар екендігі И.С. Рубинмен анықталынған болатын. Қарқынды шайнау кезінде қарынның тегіс бұлшық еттерінің рефлекторлық-тоникалық жиырылуы, ал жұту кезінде – тегіс бұлшық еттердің рефлекторлық тежелуі және тонусының босаңсуы байқалады.
Сонымен әртүрлі зерттеушілердің қысқа мәліметтері негізінде шайнау процесі асқорыту жолының, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелерінің қалыпты қызметінде үлкен орын алатындығы мәлім болды. Тістерден жартылай немесе толық айырылғанда шайнау қызметінің бұзылуы белгілі бір жағдайларда басқа мүшелер қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратындығы да белгілі болды. Өз уақытында пилорустың жүйке-бұлшық ет аппаратының әлсіреуі нәтижесінде дамитындығын түсіндірген “қарынның жалған стенозы” деп аталатын бұзылыстың негізінде көп жағдайда науқас тісінің жоқтығы жататындығын, уақыт өткен сайын ол қарынның кеңеюіне әкеліп соқтыратындығын Н.А.Альбов клиникалық бақылаулар нәтижесіне сүйене отырып, дәлелдеген болатын. Ол тісінен толық айырылған және қарын
жарасына байланысты операция жасалынған 15 науқасқа бақылау жүргізген болатын. Осы науқастарда операция жасалынғаннан кейін біршама уақыт өткен соң, науқастың кеңейтілген диетаға көшуіне байланысты ауыру белгісінің қайтадан пайда болуы байқалды. Бұл операциядан кейінгі асқынулармен түсіндірілген болатын. Ал шын мәнінде ауыру белгісінің науқас тістерінің толық болмауына байланысты пайда болғандығы және протездеуден біршама уақыт өткеннен кейін ауырудың жойылып кеткендігі анықталынған болатын. Сонымен қатар өт қабының қызметтік аурулары (рефлекторлық дискинезия) және тістердің жетіспеушілігі немесе толық болмауы арасындағы өзара байланыстың барлығы анықталынды.
Самай-жақ буынының анкилозы бар науқастарда шайнау процесінің күрт бұзылуы немесе ұзақ уақытқа жоқ болуы қарын секрециясының күрделі рефлекторлық сатысының бұзылуына әкеліп соқтыратынын П.М.Медведев анықтады. Қарынға нашар кулинарлық дайындаудан өткен және жағымсыз тамақтың түсуінде қарын секрециясының 2-ші гуморальды-химиялық сатысының бұзылуы да байқалады. Егер шайнау қызметі тіпті біршама аз дәрежеде сақталынған жағдайда қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты жағдайда немесе көтеріңкі болады. Шайнау қызметінің толық жоқтығында қышқылдық күрт жоғары болады немесе толығынан болмайды. Шайнау қызметінің ұзаққа созылған және тұрақты бұзылуы қарын секрециясының бұзылуымен қатар, қарын қабырғасының морфологиялық өзгерістеріне әкеліп соқтырады.
Жасанды жолмен жалған буынды жасағаннан кейін науқастар тағамды шайнау мүмкінділігіне ие болды және қарын сөлінің қышқылдылығы қалыпты жағдайға жақындады.
Тістер шайнау мүшесі болумен қатар, дыбыстың пайда болу қызметіне де біруақытта қатысады. Сондықтан тістерді жоғалту сөйлеу қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл бұзылулар, әсіресе алдыңғы тістердің жоқтығында анық байқалады. Ол дыбыстар айтылуының нақты бұзылуымен және тілін шайнап сөйлеумен білінеді. Дыбыстарды айтудың бұзылуы бүйір тістердің жоқтығында да байқалады, өйткені бүйір тістер ауаның өту кеңістігін шектеп, дыбыстың пайда болуына да қатысады. Мамандығы сөйлеу қызметімен байланысты адамдар сөйлеген кезде кенеттен байқалатын ысқырықтың шығуына шағымданады, ол сөздің ырғағын және әуенің бұзады. Шындығында, аталған өзгерістер бүйір тістерінен айырылған адамдардың барлығында бірдей кездесе бермейді.
Тістерден айырылу, әсіресе алдыңғы тістердің жоқтығы адам бетінің сыртқы келбетін бұзып, көркемдік жағынан біраз өзгерістер туғызады. Сонымен қатар бүйір тістердің жоқтығы бет пішініне із қалдырады. Қарт адамдарда ұрт бұлшық еттері тонусының өзгеруіне байланысты? Жақ сүйегі төмен түсіп кетеді. Тістем биіктігінің төмендеуі және беттің төменгі үштен
бір бөлігінің азаюында мұрын-ерін және иек қыртыстарының анағурлым білінуі жақсы сезіледі. Бұл кезде ауыз бұрыштары төмен түседі және адам өз жасынан үлкен көрінеді. Науқастың сыртқы келбетінің бұзылуы тістерден толық айырылганда аса тым білінеді. Тістерден айырылғанда бет әлпетінің көркемдік жағынан бұзылуы наукас психикасына әсер етеді. Бұл әсердің дәрежесі науқастың жасына, жынысына және жүйке қызметінің типіне байланысты болады.
5. Әдебиеттер:
25. Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М; Медицина 208 бет.
26. В.Н.копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет
27. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет
28. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет
29. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана 2003ж
30. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану. Карағанды –1993 ж.
6. Бақылай сұрақтары :
11. Тіс қатары акауынын пайда болу себебі.
12. Тіс катары акауынын классификациясы Кеннеди бойынша .
13. Тіс катары акауынын классификациясы Гаврилов бойынша
14. Алмалы-салмалы пластиналық протездің конструкциясы