Адгезивті көпірлі протез конструкциясы.
Адгезивті көпірлі протез тірек және аралық бөлімнен тұрады. Тірек бөлімі тістің оральді, жанасу және вестибуляторлы беттің бір бөлігін қамтитын адгезивті батырма болып табылады. Әрбір бөлім төзімділікке спецификалық әсер етеді де және протездеуді ұстап тұрады. Адгезивті батырма өзінің геометриялық есебіне байланысты тірек түсті үш жағынан қамтиды, яғни әрбір тісті 180 градуста айналып тұрады. Адгезивті бастырма көпірлі протездің енуіне бір жолмен жүзеге асырылуы керек және оның медиодис тальді және вестибуло-оральді бағытта ығысуын болдыртпай, оның түсіп кетпеуіне мүмкіндік жасай отырып, қызылиекке 1мм, кесу қырына 2мм жетпей тістің аланын максимальді жауып тұруы керек.
Оның тістің вестибулярлы бетінде орналасу дәрежесі адгезивті көпірлі протездің ену жолымен сипатталады, осы жолға бағыттай отырып тез құру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Паздар шайнау қысымы мен тіс осіне бағытталуы толық сәйкес келмейтіндіктен түсіп қалу мүмкіндігін жою үшін құрылады. Осы үшін паздардың көлемі 2-4 мм терендігі 0,5 мм шамасында болуы керек.
Окклюзиялық бастырма тіс бұдыры аймағында орналасады, алдыңғы жақта адгезивті көпірлі протез бүйір бетінде жеке элемент түрінде шығып тұрады. Паздар адгезивті көпірлі портезді дұрыс отырғызбауды ескертеді. Сонымен қатар олар шайнау күшін тірек тістерге тістің қатты тіндеріне тікелей жанасуы арқылы таратады. Окклюзиялық бастырма тірек тістердің фиссураларында немесе шұңқырларды орналасуы мүмкін, немесе оған диаметрі 1-2 мм, тереңдігі 0,5мм орын құралады.
Адгезивті көпірлі протездер эмальмен композиттер арқылы байланысады. Адгезивті көпірлі протездердің қозғалғыштығы тіс эмаліне композитті материалдың тікелей қабаттылық салынуына байланысты. Композиттің эмальмен ұсталынуы оның бетін 30-50 процент фосфор қышқылымен қанықтырудан кедірлі бет алу арқылы жетуі болады.
Адгезивті көпірлі протез қолдану ерекшіліктері.
Аз мөлшердегі шектелген ақауға алдыңғы бөлімінде 1-2 тіс, бүйірлігі 1 тіс болмағанда.
1. тірек-тістердің тіл-жанасу бетінің сау эмалінде
2. тірек қатардың төзімділігі
3. тұрақты тістесу
Қарсы көрсеткіштері.
1. Тірек тістердің кариесті процесспен едәуір зақымдалғанда. Тісте үлкен кариес қуысы болатын болса, адгезивті көпірлі протез қоглдануға болмайды.
2. Тірек сауыттың желінуі жоғары болса
3. Тірек тістердің қозғалғыштығы
4. Адгезивті көпірлі протез денесі аймағында шайн,ау қысымының көп болуында
5. Парафункция, бруксизм
6. Жағымсыз қасиеттер
7. Тірек тістің айналуы, немесе қисаюында
Адгезивті көпірлі протез конструкциясын жоспарлау:
1-қабылдау
Паздарды құру және оральді бетті егелеу. Үлгі алады (қосқабатты және көмекші ), жақтардың диагностикаық бақылау моделін құяды, оларды параллелометрде оқу.
2-қабылдау:
Кариесті тіске өлшер алдында дәрігер келесі параметрлердің болуын бағалайды.
1. тісте пазыға сәйкес ойыстың болуы
2. окклюзиялық бастырма
3. қызыл иек немесе күрек тісті қалыңдық
4. адгезивті бастырмалардың ішкі бетінде ретенциялық нұктелердің болуы
Одан кейін ауыз қуыс адгезивті көпірлі протездің каркасын тексеріп анықтайды.
1. енгізу жолынан басқа барлық бағытта каркас стабилизациясын
2. каркастың барлық элементтерінің орналасу тығыздығын және тірек тістерде зоналарының сәйкестігі
3. окклюзиялық қатынас анықталады.
3-қабылдау:
Адгезивті көпірлі протез әшекейін лабораторлы дайындаған соң, оны ауыз қуысында алдында айтылған критериялар бойынша тексеріледі, сонымен қатар әшекейдің тұсі мен формасының сәйкестігін анықтайды. Адгезивті көпірлі протез ацетонмен және мономермен өңделіп, біраз уақытқа қайта қояды. Тісті шетканың көмегімен пемзамен механикалық тазалап, 40% фосфор қышқылымен 1 минуттай эмаль бетін қанықтыруға кіріседі де, одан, кейін кептіріледі.
Одан кейін бір уақытта бонд-агент пен композит араластырылады. Композитті материалдың артықтарын ақырғы полимеризацияға дейін немесе одан кейін алып тастауға болады.
Пациентке протез 24 сағат ішіне дейін қысым түсіруге болмауын сұрайды және оны келесі күні коррекцияға келуіне шақырады.
5. Әдебиет:
Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М; Медицина 208 бет.
19. В.Н.копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет
20. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет
21. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет
22. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана 2003ж
23. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану. Карағанды –1993 ж.
24. Бақылау сұрақтары:
1. Адгезивті көпіртектес протез жасау технологиясы.
2. Алмалы салмалы көпіртектес протез жасау технологиясы.