Көшірме таңба алу әдістемесі
Тандалып алынған қасықтың шетін лейкопластрь жапсырғышымен көмкеріп тастайды, ал ішкі бетін арнайы адгевиз-желімімен майланады. Мысалы, көшірме материялының қасықта орнығуын жақсарту үшін «Воко»/Германия/фирмасымен шығарылған тез кебетін көгілдір түсті Трейфикс адгезиві флаконның қақпағында бекітілген құтының кішкене жаққышының көмегімен көшірме алу алдында қасық бетіне жағылады.
Адгезия немесе материалдың жабысуы дегенді әдетте жанастырылған екі беттің байланысуы деп түсінеді. Адгезия көлемі қосылған материялдың құрылымына, сонымен қатар жабыстыратын затқа байланысты болады және екі фактормен анықталады.
1.Өзіндік адгезия-жабысқан жолақтан қатты беттің жұлыну мықтылығы;
2.Когезия- тек қана жабысқан беттің тегіс болмауына байланысты сақталған адгезияның өзінің мықтылығы.
Материялдарды араластыру резеңкелі ыдыстағы, шыныдағы,/балауызды қағаз немесе борлы қағаз/ немесе механикалық араластырғыштағы металды немесе пластмассалы шпательдің көмегімен жүргізіледі. Мұнан басқа осы мақсатта арнайы араластырғыш-пистолеттерді қолдануға болады, арнайы картриджілерге салынған материялдармен қамтамассыз етіледі және пистолеттерге зарядталып, салынады.
Науқастың ауыз бұрышын вазилинмен немесе арнайы майлармен майланады. Қасық ауыз қуысына сәл ауыз бұрышын жылжытатын өзінің сол қапталымен енгізіледі. Сол қолында ұстаған айнамен немесе тіл шпотеліме,н дәрігер ауыздың оң бұрышын ашады, қасық ауыс қуысында болады. Оны тістер қатарының жобасына байланысты орналастырады, бұл кезде қасықтың қолсабы беттің орта сызығына келтіріледі. Сосын тістер және оның альвеоларлық бөлігі көшірме қоспасына толық енетіндей етіп, қасықты тістер қатарына басып қысады.Бұл кезде басында қысым жақтың артқы бөліктеріне, сосын алдыңғы бөліктеріне түседі. Бұл қоспаның жұтқыншаққа қарай ағып кетуін болдырмайды. Көшірме материялдардың артығы аға қарай ығысады. Қоспаны жұмсақ таңдай тұсында қосып, оны стоматологиялық айнамен сақтықпен алып тастайды.
Егер протез орның рельефі/ оның ішінде өтпелі қыртыс, қызыл иек шетінің контуры, тістер арасындағы аралық, тістер қатары/нақты көшірілсе және және оның бетінде саңылаудың және рельефтің шырышпен майлануының болмауында көшірме жарамды болып есептеледі. Көшірме таңбаны қайта алуға төмендегідей ауытқулар негіз болады:
- көшірме таңбаның болашақтағы протез орнының оның өлшеміне сәйкес келмеуі;
- материялдың сапасына байланысты немесе сілекейдің және шырыштың түсуіндегі көшірме рельефінің ластануы.
- көшірме таңба қырының нақты қалыптасуының болмауы, саңылаудың болуы.
Көшірме таңба алардың алдында науқасқа төмендегідей ақыл-кеңестер беріледі:
- науқастың тілі қасықтардың астында емес, қасықтар арасындағы кеңістікте жатады;
- көшірмені алу кезінде жұту қимылдары жасалады;
- мұрын арқылы тыныс алынады;
- қасықтар жақпен немесе тістермен қысылмай, ерінмен қысылады;
Жоғарғы және төменгі жақтың өзара қосылған қасықтары бүйір және айналдыра қимылмен ауыз қуысына кіргізіледі, төменгі жаққа қойылады, мұнан кейін науқас аузын жайлап жабады. Альвеоларлық биіктікті сақтау үшін көшірме аларға дейін мұрынды және иекті нүктелер белгіленеді. Олардың арасындағы қашықтық циркульмен немесе арнайы өлшеу сызғышымен өлшенеді. Көшірмені алу кезінде осы өлшем алынады. Көшірме таңба алу үшін «Ивоклар» фирмасының капсуладағы қою альгинатты материалдары SR–Альгикап немесе SR–Дуральгин, SR - Дупальфлекс қолданылады. Басында капсула жаншығышпен жаншылады, сосын арнайы вибратор көмегімен нығайтылады және 30 секунд көлемінде желпіленеді, мұнан кейін капсуланы арнайы щприцке орнатады. Басында барлық материал төменгі, сосын жоғарғы қасыққа құйылады.
Альгинатты көшірме таңба материалын/ жеке-жеке төменгі және жоғарғы қасыққа/ салғаннан кейін екі қасық рет ретімен ауыз қуысына енгізіледі және төменгі жаққа қойылады. Бұл кезде жоғарғы және төменгі альгинатты қоспасы қосылады. Дәрігер бос қолымен жоғарғы ерінді көтереді, науқас жайлап аузын жабады. Ауызды жабу қимылы кезінде қасықтар анағұрлым кіші кедергі бағытына қарай ығысады және осы қалыпта альгинатты кангломератпен бекітіледі.
Альгинатты қоспа өтпелі қыртыс шекарасынан шыққанда жоғарғы е,рін төмен түседі. Науқастың еріндері төмен түседі. Науқастың еріндері бір-біріне тиіп тұруы тиіс, бұл кезде науқас мұрнымен тыныс алады және жұту қимылдарын жасайды. Белгіленген нектелер бойынша көшірме алу кезінде альвеоларлық биіктік тексеріледі, алдын ала өлшенген арақашықтықтан артық болған жағдайда түзетуге мүмкін болады. Жоғарғы және төменгі көшірме қасықтарынан құралған біртұтас кешен көшірмемен бірге ауыз қуысынан біртұтас блок күйінде шығарылады.