Жоғарғы және төменгі тіс қатарының құрылысы.
Қалыпты жағдайда тістер үздіксіз тығыз қатар құрайды. Олардың пішіні жоғарғы жақ сүйегінде жартылай эллипс түрінде, ал төменгі жақ сүйегінде парабола түрінде кездеседі. Тістердің тығыз түйісуімен тіс сауытының шығынқы пішіні (экватор) қызыл иекті шайнау процесі кезінде зақымдалудан қорғайды. Тістер жақ сүйектерінде жантайып орналасады. Жоғарғы тістер сыртқа, ал төменгі тістер ішке жантаяды. Тік сызықтан
(вертикальды) ең үлкен ауытқу бұрышы – жоғарғы күрек тістерінде (20-30 градус), ең кішісі 0-5 градус (төменгі күрек тістер), тістердің жантайып орналасуына байланысты жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарын жауып ттұрады. Сонымен қатар тістердің жантаюы тіс ұяшығының сыртқы және ішкі қабырғаларының қалыңдығының әр түрлі болуына себебін тигізеді. Тістің жантайған жағында қабырға жұқа болады. Хирургртер осы жағдайды, тіс жұлғанда ескереді. Сондықтан, тістер кедергісі өз жағдайына қарай жұлынады. Сол себепті жарақаттың жазылуы кезінде тіс ұяшығының жұқа бөлігі мүжіледі де, жоғарғы жақ сүйегінің көлемі кішірейіп, ал төменгі жақ сүйегінің көлемі ұлғаяды, механикалық заң тұрғысынан алғанда тіс ұяшығындағы тісті иін ретінде қарауға болады. Тіс сауытын шайнау қысымы түсетін иіннің иығы ретінде қарасақ,тіс түбірін иіннің кедергі иығы ретінде қарауға болады. Тіс сауыты ұзындығының тіс түбірі ұзындығына 1:2 қатынасы тістің шайнау процесінде пайда болатын қысымына қатысты беріктігін қамтамасыз етеді. Тіс қатарларының шайнау беттерінің пішіні көлденен және түзу бағыттарда қисайып келеді. Олар тіс қабысуы бетінің сагитальды және трансверзальды қисаюы деп аталады. Бұл қисаюлар тек үлкен адамға тән, балалардың тістерінің қалыптасуы кезінде кездеспейді және алғашқы қауым адамдарында да болмайды, олардың тістері горизантальды орналасқан. Бұл құбілісті шайнау аппараттарының эволюциялық дамуының және оның шайнау мен сөйлеу қабілетіне байланысты пайда болған төменгі жақ сүйегінің күрделі қозғалыстарына бейімделуі деп санауға болады. Тіс қабысуы беттерінің сагитальды және трансверсальды қисаюының маңызы жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Тіс қабысуы қисаюының бірінші болып швед анатомы Шпее жазды. Ол шайнау беттерінің трансверсальды және сагитальды қисаюының дәрежесі, буын ойығының тереңдігіне, буын төмпешігінің биіктігіне және алдыңғы тістердің бір-бірін жабу дәрежесіне байланысты екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, сагитальды буын жолымен сагитальды шайнау беттерінің қисаюы ортасында көз шарасы бар шеңбердің доғасының кесіндісі. Осындай өзара тәуелділік трансверсальды окклюзиялы қисаю мен трансверзальды буын жолы – Беннет бұрышында бар. Шпее өзара тәуелділікті анықтау арқылы окклюзиялық кисаю-компенсаторлық қисаю деген тұжырымға келді. Окклюзиялық кисаюдың компенсатрлық қасиеті төмендегідей. Төменгі жақ сүйегінің окклюзиялық қозғалысы кезінде тістердің арасында көптеген түйісу сақталады. Шпеенің ойынша, бұл төменгі жақ сүйегінің буын басы мен тістердің шайнау беттерінің бір қисықтың бойында бір-біріне параллель болып келетін қозғалыс жасауына байланысты.
Түйісудің сақталуы шайнау қысым күшінде тістер арасында біркелкі тарылуын қамтамасыз етеді дейді. Окклюзиялық қисықтар туралы Шпее
ұғымы (Х1Х ғасырдың соңы) біздің мемлекетте Катц пен Курляндскийдің жұмыстарында қайта қаралып, сыналды.
Катц адамның бас сүйегін өлшеу және клиникалық тексеруі нәтижесінде Шпеенің ұғымын теріске шығарды және окклюзиялық қисықтар мен буын төмпешігі беткейінің бір шеңбер доғасының кесіндісі емес екендігін дәлелдейі.
Окклюзиялық қисықтар бірнеше бөлек қисықтардан тұратын ойыс бетті құрайды. Осы қисықтар әр тістердің шайнау беткейлеріне дәл келеді. Төменгі жақ сүйегінің буын басы қозғалыстың буын төмпешігінің қисайған жерімен бұл қисықтың ортақ орталығы жоқ. Клиникалық байқаулар Катцтың корытындысын растайды. Осыны әрқайсымыз өз бойымызда байқауынызға болады. Төменгі жақ алға нмесе бүйірге (оң және сол) жылжығанда алдыңғы тістердің арасында саңылау пайда болады. Окклюзиялық қисықтардың компенсаторлық қасиеті туралы Шпееның ұғымы табиғи үйлесуге негізделмегенімен толық алмалы салмалы протездерді жасағанда тіс доғасын құру туралы негіз болып табылды. Бонвильдің тіс доғасымен жақ қаңқасы жөніндегі мәліметінде осы жағдайлар көрсетілген Бұл ғалымның қорытындысы: екі буын бастары арақашықтығының және олармен күрек тістердің медиальды бұрыштарының арасы 10см тең, осы нүктелерді қосқанда тең үшбұрыш пайда болады. Оқулықтарда оны Бонвиль үшбұрышы деп атайды. Ол анатомиялық артикулятордың құрылысына негіз болып қаланды. Артикулятор – төменгі жақ сүйегінің қозғалысын дәл қайталайтын және толық алмалы салмалы протезге тістерді орналастыру қызметін атқаратын аспап-құрал. Келесі бір ұғым мынадай: окклюзиялық қозғалыс кезінде тіс қатарлары арасында көптеген немесе кем дегенде үш пунктік (біреуі күрек тістерде жйне бір бірден оң және сол жақ азу тістер аймағында түйісу сақталғанда ғана алмалы салмалы протез қызыл иекке біркелкі жәнетығыз отырады). Мұндай түйісу болмаған жағдайда протез жақ сүйекке біркелкі отырмайды. Иін (рычаг) заңы бойынша ауытқып кетеді. Бұндай протездер қолдануға келмейді. 3 пунктік немесе көптеген түйісуді жасанды проездерде сақтап қалу үшін жуық арада тістердің қарым-қатынасын түзету керек.
Тістердің тістесуінің физиологиялық және патологиялық түрлері.
Тістердің тістесуі дегеніміз (төменгі жақтың ) орталық окклюзияда төменгі және жоғарғы тіс қатарларының қабысуы.
Орталық окклюзияда тістердің түйісуін тістесу деп айтамыз. Барлық тістесудің түрлері екі топқа бөлінеді – физиологиялық және патологиялық.
Физиологиялық тістесуге: толығымен шайнау қызметін, сөйлеу және эстетиканы қамтамасыз ету жатады. Тіс қатарының түйісуінің, шайнау
қызметінің, сөйлеу және адамның сыртқы бет әлпетінің бұзылуы патологиялыққа жатады. Түйісулер патологиялық және физиологиялыққа шартты түрде бөлінеді, қалыпты түйісулер кейбір жағдайларды мысалға: парадонтопатияда немесе жекелеген тістерді жоғалтқанда және олардың ығысуында паталогиялыққа ауысуы мүмкін. Физиологиялық тістесуге ортогнатиялық, тура, физиологиялы прогения, опистогнатикалық тістесулер. Патолгиялыққа прогнатиялық, терең, ашық және айқас тістесулер жатады.
Ортогнатиялық тістесу.
Ортогнатикалық тістесу қазіргі адамдарда ең кең таралған болып табылады. Тістесу түрлерін анықтағанда тіс түйісулерінің 3 бағытта өтетіндігін көреміз: вертикальды, сагитальды, трансверзальды. Ортогнатиялық тістесу мынадай түйісу белгілерімен сипатталады. Олардың бірі барлық тістерге алдыңғы тістерге және үшіншісі тек шайнау тістеріне қатысты болып мінезделеді.
Барлық тістерге қатынасты түйісу белгілері.
Әрбір тіс екі антогонистпен түйіседі – негізгі және қосымша. Төменгі орталық күрек және жоғарғы жақтағы ақыл тіс бұған кірмейді, бұларда бір-бір антогонистен әр бір жоғарғы тіс төменгі аттас тіске қарағанда үлкен. Бұл себепке байланысты төменгі тіс қатарына қарағанда жоғарғы тістер дистальды ығысқан.
Алдынғы тістерге қатынасты түйісу белгілері.
Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің арасынан өтетін ортаңғы сызық бір сагитальды жазықтықта жатады. Бұл этетикалық оптимумды қамтамасыз етеді. Симметрияның бұзылуы жымиюды көріксіздендіреді. Жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістердің сауытын шамамен 1/3 жауып тұрады. Төменгі алдынғы тістердің кескіш қыры жоғарғы тіс төмпектерімен қабысады.
Шайнау тістерінің алдыңғы артқы бағытта түйісу белгілері.
Жоғарғы азу тістің алдыңғы ұрт төмпегі төменгі аттас азу тістің ұрт төмпектреі арасындағы көлденен сайда орналасқан. Бірінші жоғарғы азу тістің артқы ұрт төмпегі аралығында және екінші азу тістің алдынғы ұрт төмпегінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі азу тістерінің төмпектерінің бұлай орналасуы көбіне мезио-дитальды қатынас деп аталады.
Шайнау тістерінің ұрт-таңдай бағытындағы түйісу белгілері.
Жоғарғы кіші және үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары, аттас кіші және үлкен азу тістердің аттас бұдырларынан сыртқа қарай орналасқан. Бұның арқасында жоғарғы тістердің таңдай төмпегі төменгі көлденен жүлгеге сай келеді, ал төменгі ұрт – жоғарғы тістердің көлденең жүлгесіне келеді.Алдынғы төмен және бүйір тістердің жоғарғылармен жабылуы жоғарғы тіс доғасының төмеңгіден кең екендігімен түсіндіріледі. Бұның арқасында бүйір қозғалыстар және окклюзионды алаң ұлғаяды.
Тура тістесу.
Ортогнатиялықтан айырмашылығы тура тістесуде жоғарғы тістердің кескіш қыры төменгі аттас тістерді жауып тұрмайды. Олармен тік түйіседі. Бүйір тістердің түйісуі ортогнатялық тістесуден еш айырмашылығы жоқ.
Физиологиялық прогнатия және физиологиялық опистогнатия.
Бұл тістесулер ортогнатиядағы сияқты барлық түйісу белгілерімен мінезделеді. Айырмашылығы тек физиологиялық проүгнатияда альвеолярлы өсінді және алдыңғы екі жақтағы тістер алдыға еңкейіңкі болады, ал опистогнатиялықта – артқа қарай болады.
Патологиялық тістесу.
Ортогнатиялық және тура тістесудегі тіс қатарындағы қарым-қатынсатардың өзгерістері аномалияға әкеледі. Патологиялық тістесу тіс қатарының қарым-қатынасының және шайнау қызметінің, сөйлеу және науқастың келбетінің бұзылуымен мінезделеді. Патологиялық тістесуге: прогнатия, прогения, терең, ашық және айқас тістесу жтады.
Прогнатия.
Прогнатия жоғарғы жақтың алдыға жылжуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды жылжуынан және жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тістердің тістесуі бұзылады.
Прогнатия кезінде жоғарғы тістер арасында қуыс болады (жоғарғы және төменгі тістер арасында саңылау болады). Жақтарды түйістіргенде жиі төменгі тістер жоғарғы жақтың шырышты қабатына тиеді, оларды зақымдайды. Прогнатияда азу тістер аймағындағы қатынастың бұзылысы:
бірінші азу тістің алдыңдағы ұрт төмпегі бірінші төменгі азу тістің аттас бұдырша, кейде жүлгесіне, екінші кіші азу тіс, төменгі бірінші азу тістің алдыңғы ұрт төмпегіне сай келеді. Айқын байқалатын прогнатияда алдыңғы жоғарғы тістер қатты алдыға шығып тұрады. Жоғарғы ерінді итеріп Соның салдарынан тістердің кескіш қыры көрініп тұрады. Төменгі ерін керісінше жоғарғы тістердің астына кіріп тұрады. Бұның бәрі науқастың келбетін бұзады және бұнымен бірге сөйлеу және шайнауы бұзылады.
Прогения.
Прогениялық қаынаста тіс қатарына төменгі жақтың алдыға шығуына орын болады, соның саалдарынан төменгі алдыңғы тістер жоғарғы аттас тістерді жауып жатады. Төменгі жақтың аздап қана жылжуында алдыңғы тістер аралығында түйісу сақталады. Егер осындай жақтардың қарым-қатынасында тамақ алдынғы тістермен тістеліп алынады. Егер төмеңгі жақтың жылжуы көлемді болса, тістер арасында саңылау болады, тамақты алдыңғы тістермен тістеу мүмкіндігі болмайды да, бүйір тістерге ауысады. Төменгі жақта мезиальды жылжу болғандықтан жоғарғы бірінші азу тістің төмпегімен түйіседі. Прогения кезінде тіс доғасы төменгі жақтікі, жоғарғы жақтікіне қарағанда үлкен болады. Соның салдарынан төменгі азу тістердің ұрт бұдыры аттас жоғарғы тістерге қарағанда сыртқа қарай жатады. Прогения кезінде науқастың келбеті өзгереді, сөйлеуі және шайнауы бұзылады.
Терең тістесу.
Терең тістесу жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі тістердегі кескіш төмпектерімен түйісу болмағандықтан жауып тұратындығымен сипатталады. Жоғарғы тістердің мойын бөлігіне төменгі тістердің кескіш қырлары тиіп тұруы мүмкін. Кейде контакт болмайды, сондықтан тістер қызыл иекке тиеді, оны жарақаттайды. Бүйір тістер ортогнатялық тістесудегі сияқты түйіседі. Терең тістесу мен терең қабысуды ажырата білу керек. Терең қабысуда жоғарғы төменгі тістердің сауытын 1/3 – нен көбін жауып жатады, бірақ кескіш төмпешіктермен контакт болады. Терең тістесуде контакт болмайды. Терең қабысу ортогнатиялық тістесудің анатомиялық варианты болады. Терең тістесу керісінше ауытқуға жатады.
Ашық тістесу.
Бұл тістесуде алдыңғы тістер түйіспейді, ал кейде кіші азу тісте, тек үлкен азу тістер ғана түйіседі. Сонымен бірге үлкен функциональды бұзылыс болады. Алдыңғы тістермен контакт болмағандығы науқастарғы тамақты азу тістермен тістеуге әкеледі. Қажетті шайнау алаңының қысқарғандығы (окклюзионды алаң) тамақты шайнауды қиындатады. Науқастың сөйлеуі, сонымен бірге келбеті бұзылады.
Айқас тістесу.
Айқас тістесу дегеніміз төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпешіктері жоғарғы аттас тістердің сыртына қарай орналасуы. Алдыңғы тістер дұрыс түйіседі. Бұл тістесу жоғарғы тіс қатарының деформациясы негізінде пайда болады. Ол екі түрлі бола алады: бір жақты, екі жақты.
5. Әдебиеттер:
1. Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М; Медицина 208 бет.
2. В.Н.копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет
3. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет
4. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет
5. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана 2003ж
6. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану. Карағанды –1993 ж.
6. Бақылай сұрақтары :
1. Тіс протездерін жасауда тіс технигінің рольі.
2. Тіс протездерін жасауда тіс технигінің мақсаты.
3. Тіс протездерін жасауда тіс технигінің міндеттері.
4. Тістесу түрлері.
5. Артикуляция мен окклюзияны білу не үшін қажет.
Дәріс 2 курс 3 сем.
1.Тақырыбы:Тіс протездерінің түрлері. Негізгіжәне көмекші конструкционды жадиғаттар. Металл құймалары. Жіктелуі, құрамы, қасиеті, қолданылуы. Полимерлер. Жалпы сипаттама, жіктелуі. Ыстықта және суықта қататын пластмассалар, құрамы, қасиеті және қолданылуы.
1. Мақсаты: Студенттерді тіс протездерінің түрлерімен таныстыру, оларды қолдану көрсеткіштерін, оларды жасайтын негізгі және көмекші жадиғаттардың құрамы, қасиеті, артықшылығы мен жетіспеушіліг жайлы мәліметтер беру. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын металл құймаларымен, полимерлер, ыстықта және суықта қататын пластмассалармен таныстырып, оларды тіс протездеріне қолдануды айтып беру.
2. Дәріс тезистері:
ПРОТЕЗ-латын тілінен аударғанда “дененің жасанды бөлігі” деп түсінуге болады. (аяқтың, қолдың, тістің, жақтың көздің, құлақтың, мұрынның және т.б.)
Тіс протезі- тіс сауытының жасанды бөлігі, жасанды тістер, жақтардың альвеолярлы өскінінің жасанды бөлігі.
Жақ-бет аймағының патологиясын емдеу кезінде келесі протездер түрлерін қолданады:
1) тіс сауыты ақауын толықтыратын протездер;
2) тіс қатары ақауын толықтыратын протездер;
3) тіссіз жақтардың протезі;
4) жақтар мен альвеолярлы өскіннің протезі.
5) Бет протездері ( мұрын, құлақ, көз)
Осы жіктелумен қатар протездерді алынбайтын және алмалы салмалы протездерге жіктеу кең тараған, сонымен қатар оларды конструкциясы бойынша көпіртәріздес, пластиналы, доғалы, штифті, жеке сауыттар, салмалар деп бөледі. Алмалы салмалы протездер жартылай және толыққа бөлінеді. Протез науқасты ортопедиялық емдеу заты болып табылады. Оның көмегімен тек шайнау, сөйлеу, жұту, шайнау бұлшықеттері мен самай төменгі жақ буынының қызметін қалыптастырып қана қоймай, алдын алу мақсатын да көздейді- тіс қатарының ары қарай бұзылуын ескертіп, екіншілік деформацияны түздірмейді, пародонтқа қысым түспейді және артропатияны болдырмайды. Сонымен қатар протез науқастың сыртқы келбетін қалыптастыруда үлкен маңызы бар, яғни эстетикасын жақсартады.
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын жадиғаттар туралы түсінік.
Стоматологияда жадиғаттану стоматологиялық материалдардың шығу тегін және өндірісте шығару сияқты мәселелерді қарайтын қолданбалы ғылым. Табиғатта кездесетін заттардың қасиеттері стоматологиялық мақсат үшін жарамсыз болғандықтан стоматологиялық материалдар арнайы зертханаларда, арнайы зауыттарда препараттар, бұйымдар, жартылай фабрикаттар шикізат ретінде шығарылады. Жаңа шыққан материалды тәжірибелік стоматологияда қолдану клиникалық, зертханалық және кейбір жағдайларды фармакологиялық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін.
Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін, олардың тек қана қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен бірге қолданған кезде болатын өзгерістерді де білген абзал. Мысалы, егер полимеризациялау кезінде технология бұзылса, онда жоғары сапалы акрил пластмассалардан жасалған протездің сапасы төмен өзгерістерді және олардың қасиеттерін оқу барысында терең меңгерген жөн. Әрбір материалдардың өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттері болады: меншікті салмағы, балқу температурасы, басқа заттармен химиялық әрекеттерге түсуі және т.б.
Тіс техниктеріне арналған материалдарды шартты түрде негізгі / немесе конструкциялық / және көмекші /қосалқы/ деп екіге бөлу қалыптасқан. Негізгі материалдарға әртүрлі тіс протездері мен аппараттарды жасауға арналған негіздік пластмассаны, жасанды тістерді, металдарды және олардың құймаларын жатқызады. Конструкциялык материалдарды өңдеп протездер жасау кезінде қолданылатын материалдарды көмекші деп атайды .
Негізінен дәрігерлер қолданылатын материалдар тобын клиникалық немесе дәрігерлік деп атайды. Бұл топқа тіс салу негізіндегі тістерді пломбалауға арналған амальгамаларды, цементтер мен пластмассаларды жатқызуға болады.
Негізгі материалдардың қасиеттері.
Металдар мен полимерлердің химиялық құрамына, структурасына және өңдеу тәсілдеріне байланысты өзгерістері туралы толық мәлімет алу үшін әртүрлі тексерулер мен сынақтар тәсілі қолданылады. Толып жатқан зерттеулерді металлографиялық, спектральдік, рентгеношрафиялық және технологиялық сынамаларға бөлу қалыптасқан. Осы зерттеулер арқылы материалдың табиғаты, құрылысы, құрамы және қасиеті, ал керек кезінде дайын бұйымның сапасы туралы мәлімет алуға болады.
Материалдың қасиеті физикалық, химиялық, механикалық және технологиялық көрсеткіштері арқылы білінеді.
Физикалық көрсеткіштерге балқу және қайнау температурасы, беттік кернеу, жылу өткізгіштік, сызықтық және көлемдік ұлғаюдың термиялық коэффициенттері, оптикалық константтар, түр-түсі, тығыздық, фазалық өзгерістер және т.б.
Механикалық көрсеткіштерге: мықтылық, қаттылық, серпімділік, иілімділік, морт сынғыштық, тұтқырлық сияқты ұғымдар жатады.
Мықтылық деп- материалдың сыртқы күш әрекетіне қарсы тұру қабілеттілігін айтады. Үлестік мықтылық деп- мықтылық шегінің тығыздығына қатынасын айтады. Дененің өзіне басқа дененің енуіне қарсы тұру қасиетін қаттылық дейді. Серпімділік деп сыртқы күш әрекеттерінен қалыптарының өзгеруінің алғашқы қалыпқа қайтымдылығы айтылады.
Тұтқырлық деп, тез артатын сыртқы күштің соққысына материалдың қарсыласу қасиетін айтады ( морт сынғыштыққа қарсы құбылыс).
Иілімділік деп, материалдың сыртқы күштің әсерінен бұзылмастан қалыбын өзгертіп, берілген жаңа қалыпты сақтап қалуын айтады. (серпімділікке қарсы құбылыс)
Тіс жасайтын өндірістерде материалдарды механикалық сынақтан (статистикалық, динамикалық және қаттылығы) өткізудің маңызы зор. Материалдарды статистикалық сынақтан өткізу үшін тұрақты күш немесе күшті өте байыппен жоғарылатады, ал динамикалық сынақ кезінде күшті немесе соққыны өте тез жоғарылатады. Материалдардың қасиеті туралы толық мәлімет алу үшін олардың қажуын,ескірүін,тозуын сынық арқылы анықтайды.
Металдардың құрамына,құрылысына және өңдеу тәсілдеріне байланысты химиялық қасиеттерінің сипаттамасын білу ушін оны жалпы коррозияға ,кристолит аралық коррозияға және коррозиялық жарылуларына тұрақтылығын анықтайды. Химиялық қасиеттерге тотығыштық және ерігіштігі жатады. Әртүрлі ортада коррозияға тұрақтылығын анықтау үшін бірнеше тәсілдер қолданылады: сынақтан өтетін затты толығымен сұйыққа батырып қою; бірнеше рет сұйыққа батырып, қайтып алынуы; буда; қайнап тұрған тұздың ерітіндісінде; айналамыздағы атмосферада; зертханада. Сұйықты, буды немесе ерітінділерді сынақтан өткен металдарды еске ала отырып таңдайды. Сынау үшін қолданылатын заттың үстірт беттерімен бірге сұйықтың көлемінің қатынас шамасы мол болған дұрыс. Алынған нәтижелерді сынау арқылы, коррозия жылдамдығы арқылы коррозияның тереңдігін де анықтауға болады. Коррозияның дамуының тағы бір көрсеткіші ретінде заттың механикалық қасиеттерінің өзгеруін айтуға болады. Жалпы коррозия, бұйымның кескінін кішірейтіп, түсірілген салмаққа қарсылығын төмендетеді. Нүктелі коррозия нәти жесінде бұйымның иімділігі төмендейді. Материалдарды өңдеу кезінде ең маңызды көрсеткіш олардың технологиялық қасиеті. Бұларға құю, созымдылық, штамптау ( қалыптау), айналмалы біліктердің арасынан өткізу(прокаттау), созу, дәнекерлеу және өңдеу сынақтары жатады. Технологиялық сынамалар өте қарапайым. Бұл сынамалардың көрсеткіштері осы материалдарды қолданған кезде жіберілген кемшіліктерді анықтап түзеуге мүмкіндік береді.
Металдар және металл құймалары.
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әртүрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза күйінде қолданылмайды,өйткені олардың касиеттері негізгі ( конструкциялық материалдарға қойылатын талаптарға сай емес. Металдардың өз ара әрекетке түсіп, металл құймаларың түзу қабілеттілігі өндірістерде кеңінен қолданылып жүр. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатың барлық металдар көп компонентті құймалар болып табылады.
Табиғатта металдар химиялық қосылыстар түрінде (рудалар), ал кейбірі коррозияға төзімді металл топтары сап түрінде кездеседі.
Құймалардың кристалдық құрлысы. Құймалар сұйық күйінен қатты қүйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қатты кезінде құйма құрамындағы компоненттерінің бір- бірімен әрекеттесүін негізгі 3- түрге бөледі: механикалық қосылыс, қатты ертінді және химиялық қосылыс. Компоненттердің әрекеттерінің осы түрлерін қарастырайык.
Механикалық қосылыс. Құйманың бұл түріне бір бірінде ерімейтің металл қосылыстарын жатқызады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы, қорғасын, висмут және кадмий қосылыстарың жатқызуға болады. Құйманын әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торың сақтайды және касиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты.Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл құймаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың қаттылығы жеткілікті.
Материалтану – материалдың құрамы туралы ғылым.
Стоматологиялық материалдар 3 топқа бөлінеді:
1. Негізгі
2. Көмекші
3. Клиникалық.
Негізгі деп – тіс протезін жасайтын материалды айтады. Оларға материалдар мен олардың құймаларын, керамикасы(стом фарфор) полимерлер, композициялық, пломбалық материалдар.
Көмекші – протез технологиясының әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оларға модельдік, абраивтк, үлгілік флюстер жатады.
Клиникалық – клиникалық стоматлогиялық қабылдауда қолданылатын материалдар. Оларға балауыздар, балауыз композициясы жатады.
Стоматологиялық материалдарға жоғарғы талаптар қойылады:
- токсикологиялық
- гигиеналық
- физико-механикалық
- химиялық
- эстетикалық
- технологиялық.
1. Материалдардың қасиеттері:
- механикалық қасиеті – материалдың бұзылуға төтеп бере алу қасиеті.
- Қаттылық – басқа дененің кіруіне қарсы тұра алуы;
- Беріктілік – бөгде күштердің әсеріне төтеп бере алуы;
- Майысқақтық – формасын өзгерте алуы, сынбау қасиеті;
- Материалдық тозуы – циклдық күштердің әсерінен материалдың бұзылуы.
2. Технологиялық қасиеттері:сатериалдың белгілі бір жағдайда жұмысқа жарамдылығы.
- ковкость
- текучесть
- шөгуі
3. Физикалық қасиеттері:
- материалдың түсі ортопедиялық стоматологияда үлкен роль атқарады.
- Тығыздығы – қандай да бір мөлшерде белгілі бір заттың болуы (балауыздың тығыздығы 0.45-0.97, алтын – 19.2)