Көшірме таңбасын бағалау.

Егер протез орнының тіндері, отпелі қыртыс, тіс аралық контур, тіс қатары нақты таңбаланса және оларды бетінде саңылау болмаса шырыштын көптігінен көшірме рельефінін шырышпен шырыштануы байқалмаса және гипстін қажетті бөлігі жоғалмаған жағдайда көшірме жарамды болып есептеледі.

Көшірмені қайта алудын негізіне оның төмендегідей ақаулары жатады:

1. көшірме материалының сапасына немесе сілекейленүге байланысты көшірме рельефінің жайылып дұрыс түспеуі

2. көшірме үлгісінің болашак протез орнының өлшемдерімен сәйкес келмеуі

3. көшірме шеттерінің нақты қалыптасуының болмауы

4. созу немесе тарту

5. кажетті гипс бөліктерінің жоғалуы

6. көшірме сынығын нақты сызығының болмауы, соған байланысты сынықты жинағаннан кейін протез орнының бетін бүлдіретін жарықшақтар пайда болады.

Көшірмені алу құсу рефлексімен асқынуы мүмкін. Оның алдын алу үшін көшірме қасығын нақты және дәл тандау керек.

 

5. Әдебиет:

В.Н. Копейкин «Руководство по ортопедической стоматологии»

А.М.Маженова., Н.К.Сейітмамбетова

Стоматологиялық ортопедия» Астана 2000 ж.

 

 

Дәріс №4

Тақырыбы:Түрпілік және пішіндік жадиғаттар. Жіктелуі, құрамы, қасиеті және қолданылуы. Тіс протездерін жасау кезеңдерінде қолданылатын басқа да көмекші жадиғаттар.

 

Үлгілік материалдар

Тіс протездерін жасау үшін ауыздағы тістің, иектің үлгісін алу керек.

Үлгілік материалдар қатқаннан кейінгі физикалык жағдайына байланысты былайша жүйеленіп жүр:

1. Қатты кристалданатын материалдар ( гипс, мырышоксидэвгинолды және мырышоксидэвгинолды сықпалар)

2. Эластикалық материалдар.

а) альгинатты ( стомальгин, эластик, ( Чехословакия), Superelastik ( Япония), Altex ( Австрия) ж. т. б.

б) Силиконды ( сиэласт – 69,03,05)

в) Тиоколды ( тиодент).

г) Гидроколлоидты материалдар ( агар-агар).

3. Термопластикалық материалдар ( стенс, термопластикалық масса № 1,2,3,4, акродент, ортокор, стомапласт, дентафоль, Керро массасы, гуттаперча).

Стоматологиялық үлгілік материалдардың мынандай қасиеттері болуы керек:

1) ауыз қуысындағы кілегей қабықтың және тістердің рельефтерін дәл түсірүі және үлгіні ауыз қуысынана алған кезде қалыбын өзгертпеүі;

2) көлемінің өзгермеуі ( материал қатқан кезде, сақтағанда көлемі 0,1% көп кішіреймеүі керек );

3) ауыз қуысына апарып салған кезде қамыр тәріздес иленгіш болып қатқаннан кейін эластикалы( резенке тектес) болуы;

4) ауыз қуысындағы температура мен ылғалдылық жағдайында тез және толық қатуы;

5) ауыз қуысына кіргізілуінің және алынуының ынғайлы;

6) ауыз қуысында болатын термиялық және химиялық процесстердің әсерінен туындайтын зияндық әрекеттердің болмауы;

7) жаман иісі мен дәмінің болмауы;

8) пайдаланған материалдардың жеңіл залалсыздандырылып қайтадан қолдану мүмкіндігі болуы;

9) модельды құйғаннан кейін одан жеңіл ажыратылуы;

10) жеңіл қапталынып, сақтауға, алып жүруге ықшам және арзан болуы.

 

 

Қатты кристалданатын үлгілік материалдар.

Қатты кристалданатын үлгілік материалдарды құрамына байланысты гипс, мырышоксидэвгенол негізінде, мырышоксидгвоякол негізінде деп бөледі.

 

 

Мырышоксидэвгенол үлгілік материалдары.

Кристалданатын мырышоксидэвгенол материалдарын шығару өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан басталады.

Стоматологияның қажетіне арнап 1887 жылы мырыш оксиді мен қалампыр майының негізінде кристалданатын материал ұсынылды.

Үлгілік материалдар ретінде 1935 жылдан американың Kerr фирмасы Kelly сықпасын шығара бастады.

Қазіргі кезде мырышоксидэвгенол материалдарын құрамы жағынан әр түрлі екі сауытқа салынған сықпа ретінде шығарады.

Бұндай етіп шығару, екі сықпаны бір-бірімен аралатырған кездегі мөлшерін анықтауды оңайлатады. Сықпалардың біркелкі араласуын оңай білу үшін оларды әр түрлі түске бояйды.

Шет елдердің стоматологиялық материал шығаратын фирмалары көптеген мырышоксидэвгенол үлгілік материалдарын шығарады. Төменгі таблицада кейбір шетел фирмаларының шығаратын мырышоксидэвгенол үлгілік материалдары берілген.

Үлгілік мырышоксидэвгенол материалдарына мынандай талаптар қойылады:

1) Үлгілік материал ауыз қуысына кіргізілінген кезде жұмсақ-иленгіш болып,еш қысымсыз кілегей қабықтың рельефін 2-3 мк аралығындағы дәлділікпен үлгісін алуы керек;

2) Кристалданып қатуы 3-5 минут аралығындағы болу керек ;

3) 24 сағаттын ішінде көлемін кішіреюі 0,1-0,15% аспауы қажет;

4) Үлгілік материал ауыз қуысының кілегей қабығын тітіркендірмеуі керек;

Мырышоксидэвгенолдың негізіндегі үлгілік материалдар мырыш оксиді мен эвгенолдан туратын толықтырылған компаундтар(эластикалық қасиеті бар).Бұл материалдың құрамына мырыш тотығы,эвгенол,толықтырғыштар, структуралық құрылымды тездеткіш,қарағай шайыры,бальзам,эвгенолдың тітіргендіргіш қасиетін төмендеткіш,пластификаторлар және бояғыш заттар кіреді

Мырыш тотығы мен эвгенол. Бұл үлгілік материалдың жасалуы мырыш тотығы мен эвгенолдың арасындағы химиялық реакцияға негізделген.

Құрылым түзүді тездеткіштер.Үлгілік материалдарға қойылатын талап бойынша құрылым түзү 3-5минутта аяқталуы керек.Ал жоғарыдағы көрсетілген химиялық реакция өте баяу жүреді.

Химиялық реакцияны тездеткіш ретінде кейбір минерал тұздар,неорганикалық және кейбір органикалық қышқылдарды да қолданады .М.М Гернер мен Е.Б Брояковскийдің зерттеулерінің нәтижесі бойынша ең тиімді тездеткіш мырыш тұздары,мысалы,мырыш ацетаты болып есептелінеді.1,2-2процент мырыш ацетаты берілген уақыт аралығында қажет пішіндегі құрылым түзуге жеткілікті.Мырыш ацетаты эвгенолмен рекцияға түсетіндіктен мырыш тотығы бар сықпаға қосылады.

Толтырғыштар.Сықпаға сәйкес консистенция алу үшін оның көлмінің өзгермеуі және жабысқақ болмауы үшін оған толтырғыштар қосылады.Толтырғыш ретінде тальк,каолин,ұсақталған бор қосады.Кейбір толтырғыштар құрылым түзуді тездетеді.Егер тек қана борды қолданатын болса,онда ол тек керек консистенция беріп қоймай,сонымен қатар реакцияның жүруін жылдамдатады.Бұл оның қолдануын қиындатады.Тальк пен каолин сықпаға жоғары дәрежеде иленгіштік береді,бірақ оның қатуын баяулатады.Сондықтан аталған заттар белгілі бір мөлшерде сықпалардың құрамына кірулері қажет.

Қарағай шайыры.Құрылыс құруды жылдамдататындардың бірі қарағай шайыры.Қарағай шайырының негізгі бөлігі-абистин қышқылы болып есептелінеді.Қарағай шайыры сықпаның жабысқақ тығын азайтады және пастаға керек консистенция береді,ал қарағай шайыры кристалданып қалмас үшін қарағай желімін қосады.

Пластификаторлар.Пластификаторлар ретінде зығыр майын,зәйтүн майын,минералды майларды қолданады.Ең жақсы пластификаторлар-вазелин майы.

Түзеткіш эаттар.Кейбір адамдарға қалампыр майының иісі жағымсыз болғандықтан компаунд құрамына жалбыз майын қосады.Эвгенолдың тітіргендіргіш әсерін жою үшін жаңа піскен алманың иісіне ұқсаған перуан немесе канада бальзамдарын,болмаса Шестаковский бальзамын аз мөлшерде қосады .Эвгенол сықпасының құрамында эвгенол 17-20 пайыздан артық болмау керек.

Қасиеті.Мырышоксидэвгенол негіздегі үлгілік материалдардың ұнамды қасиеттері ретінде олардың белгілі бір уақыт аралығында тез әрі сапалы құрылым түзуін,иленгіштігін,көлемінің болар-болмас өзгеруін, жыртылмайтындығын айтуға болады

Қолданылуы.Мырышоксидэвгено және мырышоксидэвгенол массалары тіссіз жақ сүйектерінің кілегей қабаттарынан улгі алу үшін қолданады.Бұл массалар жұмсақ тканьдердің рельефтерін жоғары дәлділікпен үлгіге түсіреді.Мырышоксидэвгенол сықпаларын қаптамаларды уақытша ұстату үшін де қолдануға болады.

 

 

Гипс

Барлық қосалқы материалдардың ішінде ең жиі және кеңінен қолданылатын гипс болып табылады.Ол тіс протездерін жасауда,үлгі алу және жасау үшін,қалыптық материалдар ретінде,дәнекерлеуге және басқа жұмыстар үшін қлданылады.Гипстің құрылысы кристалды болады.Гипс-арзан әрі оңай табылатын матермал,протездің орнынан дәл үлгі алуға болады,зиянсыз,иісі және дәмі жоқ,көлемі кішіреймейді деуге болады,сілекейде ерімейді,су тигенде ісінбейді,модельден оңай ажыратылады. Кемшіліктері :морт сынғыш,ауыздан шығарар кезде үлгі сынып қалуы мүмкін,тез қатуына байланысты тіссіз жақтардан функционалды үлгі алуға болмайды.

Гипстің қасиеті оның ұнтақталу дәрежесіне,қыздырып өңдеу тәсіліне тәуелді.Табиғаттағы гипсті қыздырып өңдеу арқылы оның физикалық және технологиялық көрсеткіштеріне байланысты ерекшелінетін түрлерін алуға болады.Егер гипсті қыздырып өңдеу қалыпты атмосфералық қысымда жүргізілсе онда оның в-түрі алынады.

Қыздырып өңдеу жоғары атмосфералық қысымда жүрсе(1,3атм)онда а-түрі алынады.Гипсті өндірісте алғанда көп қызд0 ырып жіберсе ангидрид түзеді.Ангидриттің үш түрі бар.Бірінші түрі 130-200С температурада қыздырғанда алынады.Бұл алынған зат суда ерігіш және тез қатады.Екінші түрі 520С дейінгі температурада алынады.Бұл ангидрит қататын материал.Үшінші түрі 600С температураға дейін қыздырғанда алынады.Ол қатпайтын зат.Тіс техниктеріне арналған гипстің құрамы мынандай :90 пайыз-жартылай гидрат,6 пайыз-әр түрлі қоспалар (ангидрит және т. б.).

Жоғары мықтылықты гипс.Гипстің мықтылығын арттыру мақсатына орай соңғы жылдары Самараның гипс заводында жоғары мықтылықты гипс шығара бастады(И.АПередерий).Табиғаттағы гипсті қыздырып өңдеу кезінде,төменгі қысымның қаныққан буын қолдана отырып,мықтылық көрсеткіші кәдімгі гипске қарағанда 2-3 есе жоғары а-жартылай гидраты алынады.Бұл гипсті басқаша супергипс деп те атайды.

Тіс технигінің гипсінің қасиеті.

Гипстің қатуы әр түрлі факторларға : температураға,ұсақтық дәрежесіне,араластыру тәсіліне,гипстің қасиетіне және кейбір тұздардың қатысуына байланысты болады.

Температураның әрекеті.Қосылыстың температурасы 30-37С болғанда қату процесі тездетіледі.Температура 50С градустан жоғары болса,онда гипстің кристалдануы біртіндеп төмендейді

Араластыру тәсілі.Суға салынған гипс біркелкі қоймалжың түрде болуы үшін оны жақсылап араластыру керек.Қосылысты неғұрлым тез араластыратын болсақ,оның құрамындағы жартылай гидратпен судың арасындағы тұтасу толық болады да гипс тез қатады.Қату жылдамдығы алынған судың мөлшеріне де байланысты екенін есте ұстаған жөн.Сызданған гипстің құрамында екі гидрат көп болғандықтан оның қату мерзімі ұзақ.Бұл гипстің қасиетін орнына келтіру үшін 150-170С градус температурада қыздырған кезде гипсті дамылсыз араластырып отыру керек.

Тұздардың әсері.Кейбір минералдарды немесе органикалық заттарды қосып,гипстің қатуын реттеуге болады.Бұл затты гипстің немесе судың құрамына қосуға болады.Катализаторлардың ішінде ең көп қолданатыны ас тұзы.Оны суға қосып 2,5-3 пайызды ерітінді дайындайды.Гипсті үлгілік материал ретінде қолданғанда оның мықтылығын азайту қажет.Ол үшін оның құрамына ас тұзын немесе калий сульфатын қосады.Егер гипс модель алу үшін қолданылса,онда оның мықтылығын арттыру қажет,бұл жағдайда гипс қоспасына 2-3 пайыз бура қосуға болады

Модельдің тек сыртқы қабатын мықты етуге болады.Ол үшін модельді жақсылап кептірген соң, бураның ерітіндісінде немесе парафинде қайнатады.Қазіргі кезде гипс тіс жасау жұмыстарында кеңінен қолданылады.Одан модель алынады,қаптама жасау кезінде қалыптар орнына келтіріледі,пластмассамен жұмыс істеген кезде қысу-қалып алады,модельдерді окклюдатор мен артикуляторға,тіс протездерінің бөлшектерін дәнекерлеу алдында қолданылады.Гипс қалыптағыш заттардың құрамына кіреді.Дәнекерлеу және протез бөлшектерін құю үшін гипстің мықтылығын 5-10пайыз маршалит ұнтағын қосу арқылы жоғарылатады.

Гипсті сақтау. Гипс гигроскопиялық материал,сондықтан оны су тимейтін кебу жерде,мықты қапта сақтаған жөн.Ылғал ортада жартылай гидраттар молекулалары өзіне су тартып алып екі молекулалы гидратқа айналады.

Элластикалық үлгілік материалдар.

 

Ауыз қуысындағы тіс қатарларының, әсіресе тістердің қисаюы кезінде,орналасуы қалыпты жағдайдан ауытқыған кезде стоматологтардың жұмысын жеңілдету және үлгі алған кезде аурудың қал-жағдайын жақсарту үшін эластикалық үлгілік материалдар ұсынылады.Химия полимерлерінің жетістіктерінің нәтижесінде жоғары дәрежелі эластикалы,силиконды және тиоколды үлгілік материалдар ұсынылды.

Стоматологияда қолданылатын эластикалық үлгілік материалдарды төрт топқа бөлуге болады: гидроколлоидтік, альгинатты,тиоколды,силиконды.

 

 

Гидроколлоидтік үлгілік материалдар.

Бұл үлгілік материалдардың қасиетін түсіну үшін колоидті химияның кейбір сұрақтарын еске түсірейік. «Коллоид» деген сөз грек тілінде желім деген сөзді білдіреді. Коллоид деп бір заттың екінші бір ортада біркелкі, тарап , жүйелі түрде орналасуын айтамыз. Сұйык коллоидтерден баска, қатты эластикалық денелердің қасиетін беретін коллоидтік жүйелер де бар. Бұл коллоидттарды ұйынды немесе гель деп атау қалыптасқан.

Сұйық коллоидтар суытылса ұйып желімденеді. Мысалы, крахмалды, агар-агарды суытқан кезде бұл құбылысты айқын көруге болады. Коллоид бөлшектері бір-біріне ілінісіп, кеңістікте құрылыс түзеді. Қыздырған кезде бөлшек аралық байланыс бұзылып, қайтадан сұйық коллоид түзеді. Желім тәріздес ұйынды – тұрақсыз жүйе. Біраз уақыт өткеннен кейін ол ескіріп, бетіне су шығады. Сонымен бірге гельдің көлемі кішірейеді. Бұл құбылысты синерезис деп атайды.Үлгілік материал ретінде гидроколлоид материалдарын қолданатын болса,тез арада модель құйылуы керек.

 

Альгинатты материалдар

Альгинатты материалдар осы ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап қолданыла бастады.Альгинатты үлгілік материалдардың негізі – альгин қышқылдарының натрий тұздары.Ол өзі – ұнтақ,суға тиген кезде ісініп және коллоидтік жүйе түзетін гель.Гельге физикалық қасиет беріп,сапалы үлгілік материал ретінде қолдану үшін оның эластикалық және қаттылық қасиетін арттырып,жабысқақтығын азайту қажет.Оның құрамына гипс және толтырғыштар(ақ күйе ,барий сульфаты ,натрий карбонаты және т.б.) енгізіп қажетті материал алу өте маңызды.Ол натрий альгинатының ерігіштіе гелін ерімейтін кальций альгинатына ауыстыру мақсатында қолданылады.Альгинатты үлгілік материалдарды бір қолданған соң қайтып қолдануға болмайды.Ең көп тарағаны барлық компоненттерінің ұнтақ қоспа ретінде қолданылуы.Үлгілік масса болу үшін ұнтақты сумен араластырады.Альгинатты үлгілік материалдармен протез орналасатын орындардан жоғарғы дәлділікпен таңба алуға болады.Бұл үлгілік массаның қатаюы араластырғаннан бастап 3-4минуттан кейін болады да,иленгіш жағдайдан эластикалық күйге өтеді.Альгинатты үлгілік материалдардың негізгі артықшылығы массаның дайындаудың және ауызға енгізудің қарапайымдылығы,тіс протездерін орналасатын орнының тканьдерінің дәлділікпен үлгіге көшуі,үлгінің ауыз құысынан толығымен бұзылмай шығуы,дәмі мен иісінің жағымды болуы.Қатайған үлгілік масса серіппелі,қаттылығы жеткілікті және қысымға төзімді.Альгинатты үлгіден модель алу өте жеңіл және ыңғайлы болады.

Альгинатты материалдардың артықшылығымен бірге біраз кемшіліктері де бар.Оларда гель түзгеннен кейінгі макромолекулаларының тығыздығына байланысты синерезис құбылысы болады да көлемі кішірейеді.Материалдың бетіне шыққан сұйық гипстің қатуын төмендетіп, алынатын модельдің беткі қабатының тазалығын бұзады.Үлгінің бетіне шыққан сұйықты тазалау үшін модельді құймастан бұрын ағын суға салып жуады да,3-5минутқа 2 пайызды натрий сульфатына салады.Үлгіні ашық жерде сақтайтын болса масса кеуіп 15-20 минуттан кейін көлемі кішірейгендіктен құюға жарамсыз болады.

Альгинатты массалардың тағы бір кемшілігі оның механикалық қаттылығының төмендігі.Бұл жағдайды модель алған кезде есте ұстаған жөн.Үлгіні тек қана жақсы ағып,барлық шұңқырларды еркін толтыратын массалармен құю қажет.Үлгіге ешқандай қысым түсірмеу керек, өйткені оның жұқа бөліктері қалыбын жоғалтуы мүмкін.Альгинатты массалар үлгілік қасықтарға жабыспайды,сондықтан тесік қасықтарды,болмаса лейкопластырь жапсырып ретенциялы орын жасап қолданылады.

Қазіргі кезде альгинатты үлгілік материалдардың ішінде ең көп қолданылатыны стомальгин.Стомальгин-02 натрий альгинатының негізіндегі үлгілік материал.Бұл ұсақ дисперсиялы қызғылт түсті , жұпар иісті ұнтақ. Сумен жақсылап араластырғанда иленгіш үлгілік масса алынады.Ауыз құысында қату уақыты 2-6 минут(массаның бастапқы температурасына байланысты).Массаның эластикалық және мықтылық қасиетін мына көрсеткіштерден көруге болады: қысқан кездегі деформация қалдығы – 2,5 пайыз,мықтылығы – 1,5 кгс/см.Материал негізінен алынбалы протез жасау үшін үлгілік материал ретінде қолданылады.

Үлгіні алған соң көлемі кішірейіп қалмай тұра тез арада модель құйылуы қажет.Модель еш қысымсыз сұйық гипсті құю арқылы алынады.

 

 

Силиконды үлгілік материалдар.

Силиконды үлгілік материалдар тобы 50-ші жылдардан бастап қолданыла бастады.Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Сиэласт-69» материалының құрамы төмендегідей:

Полиметилсилоксан - 48,0

Алюминий тотығы - 35,8

Барий сульфаты - 16,0

Бояғыш - 0,2

«Сиэласт-69» жоғары сапалы силикон полимерлерінің негізіндегі үлгілік материал,көлемі кеуіп кішіреймейді,сондықтан үлгілерді көпке дейін сақтауға және алынған бір үлгімен бірнеше модель алуға болады.Ауыз құысында үлгінің вулканизациялану уақыты 4-5 минут.Егер катализатордың қатынас көлемі көбейтілсе немесе айналадағы ортаның температурасы жоғары болса ,онда қатаю уақыты жылдамдайды.Модельді құяр алдында 15 минутқа үлгіні сабынды суға салып,содан соң суменен шаяды да ауада кептіреді.

1979 жылдан бастап Харьковтің медициналық пластмасса және стоматологиялық материалдар заводына екі қабатты үлгі алу үшін арнайы силиконды материалдар шығарыла бастады (сиэласт-03, сиэласт-05).Бұл материалдардың бірінші (негізгі) қабаты қатты массадан,ал екінші қабаты дәлдеуіш сұйықтау массадан жасалынған.

 

 

Тиоколды материалдар.

Тиоколды (құрамында күкірт бар) үлгілік материалдардың негізін металл тотықтарымен реакцияға түсіп эластикалық қосылыс түзетін меркаптен құрайды.Қазіргі кезде шығарылатын тиоколды үлгілік материал «Тиодент» екі сықпадан және тездеткіштен тұрады. Негізгі сықпаның құрамында полисульфидті каучук және қоспалар бар. Тездеткіш сықпаның құрамында күкірт,майсана майы және жұпар иісті заттар бар.Үлгі алу үшін едәуір қысым қолданған жөн.Тиоколды массалар,силиконды массалар сияқты ауызға енгізген кезде жоғары иілімділік көрсетеді,қатқаннан кейін созылғыш резеңке тәріздес.Көлемі өзгермей, көпке дейін сақтауға болады.Тиоколды массалардың вулканизациялану жылдамдығына температура мен ауаның ылғалдылығы әсер етеді.Егер 1-2 тамшы су қосатын болса онда оның қатқылдануы тездетіледі, ал 2 тамшы олеин қышқылын қосатын болса реакция баяулайды.Тиоколды үлгілік материалдардың кемшіліктері ретінде оның жағымсыз иісін айтуға болады.

 

Термопластикалық үлгілік материалдар.

 

Термопластикалық материалдар тобына әр түрлі көп компонентті заттар жатады.Бұл материалдарға тән ерекшеліктері қыздырғанда жұмсарып,суытқанда қатаюы.Бұл көп компонентті жүйелер табиғи немесе синтетикалық шайырлардың негізінде толтырғыштар,пластификаторлар,бояғыш заттар,модификациялық қоспалар қосылып алынады.Термопластикалық массалар қайтымды және қайтымсыз болып екіге бөлінеді.Қайтымсыз термопластикалық массалар бірнеше рет қыздырғаннан кейін,иілімділігін жоғалтып,қайтадан қолдануға жарамсыз болып қалады.Бұл топтың өкілі ретінде стенсті айтуға болады.

Термомассаларға қойылатын талаптар:

1. Ауыз құысындағы тканьдерді күйдірмейтіндей және ауыртпайтындай температурада жұмсаруы;

2. Жабысқақ болмауы;

3. Ауыз қуысының температурасынан сәл жоғарғы температурада қатаюы.

4. Жұмсарған жағдайда біркелкі масса болуы;

5. Аспаптармен жеңіл өңделуі.

«Стенс-02» дөңгелек қызыл түсті пластина ретінде шығарылады.Тіс салу тәжірибесінде алдын ала алынатын үлгілер үшін,арнайы қасықтар жасау үшін және т.б. жұмыстар үшін қолданылады.Материал қайтып қолдануға жарамсыз деп есертелінеді.

«Акродент-02» төрт бұрышты алқызыл түсті пластина.Бұл материалмен алған үлгі қалыбын өзгертпестен көп уақыт сақталады.»Акродент-02» стоматология тәжірибесінде үлгі алу үшін,арнайы қасықтар және қатты тістесу білігін дайындауға және тағы басқа тіс техникалық жұмыстар үшін қолданылады.Үлгіні құйылған модельден ажырату үшін ыстық суға салады.»Акродент-02-ні» тістердің конвергенциясы және дивергенциясы кезінде қолдануға болмайды.

«№1Термомасса»,»үлгілік термопластикалық масса» деген атпенен дөңгелек қою қызыл пластина ретінде шығарылады.Бұл үлгілік материал ең көп тараған материал.Масса +50-+60С температура аралығында жұмсарып,+20-+25С аралығында 3 минуттың ішінде иілімділігін жоғалтады.Бұл масса тіссіз жақтардан функционалдық үлгі алғанда,тіссіз жақтарға салынған протез дұрыс бекімей бос болғанда қолданылады.Термопластикалық үлгілік массамен функционалдық үлгі алу үшін алдын ала арнайы қатты үлгілік қасық жасалынуы қажет.»№2Термомасса»дөңгелек қою қызыл түсті пластина ретінде шығарылады.Масса +70 - +80С аралығында жұмсарып, ауыз қуысында 2-3 минуттан ұстағаннан кейін қатаяды.Ауыз қуысында қисайған тістер болса,онда масса толық қатаймай тұрып шығару керек.Масса қолданылғаннан соң оны тазартып(стерилизация) қайтадан қолдануға болады.Ол үшін массаны ыдысқа салып, +100 - +120Сқыздырылған сұйыққа батырады.

«Термомасса-02» дөңгелек жасыл түсті пластина түрінде шығарылып, фцнкционалдық үлгілер алуға және дұрыс орнықпай тұрған толық протездердің негіздерін қайтып жасау үшін қолданылады.

«Стомопласт-2»жасыл түсті масса,кішкене металдан жасалған кастрөлге құйылып шығарылады.Бұл материал негізінен функционалдық үлгі алу үшін қолданылады.Ауыз қуысынан шығарар алдында массаны суық суменен суытады.Гипстік модель алу үшін үлгіні тез арада гипспен құю қажет,ал мұндай мүмкіндік жоқ болса,онда үлгіні мұздай суда сақтаған жөн.

«Дентофоль»-өсімдік тектес шайырлардан және полимерлерден тұратын термопластикалық үлгілік материал.Бұл материал да функционалдық үлгі алу үшін қолданылады.Ауыз қуысындағы температурада масса толық қатпайды,сондықтан үлгіні ауыздан шығарар кезде суық суменен салқындату қажет.Стомапласт сияқты үлгіні ауыздан шығарысымен гипсті құйып модель алу қажет.Бұл үлгілік массаны алынған модельден ажыратар алдында ыстық суға салып,дентофольды балқытып алған жөн.

 

 

Модельдеуге арналған материалдар.

(Балауыз және балауыз қоспалары)

 

Болашақ жасалынатын протездердің,аппараттардың және шиналардың қалыптарын,уақытша материалдардан жасайды.Бұны модельдеу деп те атайды.Тіс технигінің жұмысында модельдеу маңызды орын алады.Алдымен уақытша жасалынған конструкцияларды текскріп,содан соң оларды тұрақты (негізгі)материалдармен алмастырады.Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі құю болып есептелінеді.

Ортопедиялық стоматологияда модельдеуге арналған материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:

1.Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы;

2.Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иілімділік қасиетінің болуы;

3.Модельге қабатталынатын қабілеттілігінің болуы;

4.Модельдегеннен кейін жеткілікті қаттылығының және серпімділігінің болуы;

5.Массаны балқытқаннан немесе күйдіргеннен соң қалыпта қалдық қалдырмауы;

6.Шөгуінің аз болуы;

7.Қалыбын өзгертпеуі;

8.Түсінің индифферентті және оның жағылатын материалдардың беткі қабатының түсінен бөлек болуы.Модельдеуге арналған материалдардың көпшілігі әр түрлі балауыздардың қосындысы немесе композициялары болып келеді.Стоматологияда балауыздарды төрт топқа бөлу қалыптасқан: жануарлар,өсімдіктер,минералдар және синтетикалық.

Жануарлар балауызына насекомдар мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болады.Олардың ішінде ең көп тарағаны бал ара балауызы мен стеарин.

Өсімдіктер балауызы.Ортопедиялық стоматологияда ең көп тарағаны карнауб және жапон балауыздары.

Минералды балауызы.Бұларға парафин,озокерит,церезин және монтан балауызы тән.Ортопедиялық стоматологияда таза парафин қолданылмайды.Ол көбіне модельдеуге арналған балауыздар қоспасына кіреді.

Синтетикалық балауыздарға.қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұқсас жасанды алынған заттарды жатқызуға болады.Бұл балауыз композициялары дәл құйма тәсілдері кезінде протездердің бөлшектерін модельдеу үшін қолданылады.

 

 

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын

балауыз композициялары.

Балауыздың және балауыздар композициясының ерекшеліктері олардың жоғары дәрежедегі термиялық коэфицентінің ұлғаюы немесе сығылуы сияқты жағымсыз қасиеттерінің болуынан байқалады.Балауыздың жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан,суытқан кезде бірінші сыртқы қабаты қатып,ішкі қабаты жұмсақ күйінде болады.

Бұндай жағдай балауыздың кейбір бөліктерінде ішкі кернеудің пацда болуына әкеліп соғады.Ішкі кернеу,жасалған конструкциялпрдың қалыптарын өзгертіп,модельдердің дәлдігін бұзады.Балауызда пайда болған кернеуді жайлап қыздыру арқылы жоюға болады.

Жабысқақ балауыз.Тіс протездерін жасау барысында олардың әр түрлі бөліктерін бір-бірімен уақытша желімдеп байланыстыру үшін жабысқақ балауыз қолданады.Ол цилиндр тәріздес,ұзындығы 82 мм,диаметрі8,5мм,қоңыр түсті таяқша.

 

 

Қалыптық материалдар.

Жасалынған модель бойынша дәл құйылғанзат алу үшін қалыптық материал керек.

Қалыптық массаларды(қоспаларды) басты және көмекші деп бөледі.Басты деп массаның қасиетіне,құйылатын қалыптың сапалық көрсеткіштерінің тәуелді болуын айтады.Олар қалыптың негізін құрайды және құйылатын материалмен жанасады.Әдетте отқа төзімді қалыптарды дайындағанда екі қалыптық массалар қолданылады: бірі қалыптың ішкі бөлігінде құйылатын қуыстың қабаты ретінде,екіншісі опоканың қалған бөліктерін толтыратын зат есебінде пайдалынады.Бірінші- әшекей(облицовочный) қабатына жоғары талап қойылады,өйткені құйылған құйманың сапасы оның структурасына,қасиетіне тәуелді.Екінші қоспа толтырғыш деп аталады.Көмекші материалдарға негізгі қалыптық материалға арнайы қасиет беріп,қалыпты бекітетін заттарды жатқызады.Байланыстырғыш заттардың түрлеріне қарай барлық қалыптық материалдар силикатты,сульфатты(гипсті)және фосфатты деп бөлінеді.Осындай материалдардың бірі гипс.Силикаттық қалыптық материалдар тот баспайтын және хром-кобальт құймаларынан сапалы құйма алу үшін қойылатын барлық талаптарға сай.Қалыптың материалдардың негізінен келесі қасиеттері болу қажет:1)қатаю уақыты 7-10минут;2)құймамен әрекетке(фосфор,күкірт және т.б)түсіп,сапасын төмендетпеуі;3)құймаға жабыспауы;4)жоғары дисперсті ұнтақтан тұрып құйылған заттың беткі қабатының тегіс болуы;5)қуысты қабат түзіп,қалыпқа балқыған металл құйған кездегі түзетін газдарды сіңіріп алуы;6)қыздырғанда шатынамауы;7)құйылған құйманың көлемінің шөгуіне сай,қатқаннан кейінгі көлемінің ұлғаюы 8)құйылатын температурада жеткілікті мықтылығының болуы; 9)адам жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

 

 

Отқа төзімді массалар.

Силикатты қалыптық материалдар.

Кремний тотығы-қоспалардың негізгі компоненті.Ол қалыптық материалға отқа төзімділік қасиет береді және белгілі бір температура аралығында құйылатын металдың шөгуіне сай қалыптық көлемін ұлғайтады.Кремний тотығының ерекшелігі оның аллотропиялық ауысуларының қайтымдылығы.

Этилсиликат.құйма қалыптарын дайындауда байланыстырғыш зат ретінде қолданылады.

Кварц құмы құюға арналған опокаларды толтыру үшін қолданылады.Оны балауыздан жасалған модельдің үстін әшекейлі қабықпен жапқаннан соң,артынша себеді.Бұл сұйық әшекей массаның ағып кетпеуі және төзімді қабаттың мықтылығын арттырады.

Сұйық сынасы бар қалыптық қоспа.Қалыптық материалдарды араластыру үшін этилсиликаттың орнына сұйық шыны да қолданылады.

Гипстік қалыптық материал гипстен және кремний тотығынан тұрады.Гипс бұл жерде байланыстырғыштың қызметін атқарады.

Фосфатты қалыптық материал ұнтақтан (мырышфосфат цементі,ұсақталған кварц,кристобаллит,каолин,алюминий тотығының гидраты) және сұйықтан(фосфор қышқылы,магний тотығысу,алюминий тотығының гидраты)тұрады.

 

Өндірісте шығарылатын қалыптық массалар.

Отқа төзімді масса»бюгелит» силикатты қалыптық материалдарға жатады.»Силамин» - хром және кобальт құймаларынан тұтас бюгель протездерін жасау кезінде отқа төзімді модель алу үщін қолданылады.

Кристосил-2 хром кобальт құймаларының тұтас бюгель протездерін жасау үшін қолданылатын қалыптық материал.Қазіргі кезде бұл массалардан басқа»Силуар»,»формолит»,» Аурит», «Сиолит» сияқты массалар қолданылады.

 

 

Түрпілік материалдар.

Протезді өңдеу және жалтырату үшін әр түрлі ұсақ түйіршікті қаттылығы ,өңделетін материалдардан жоғары заттар қолданылады.Бұндай материалдар түрпілік материалдар деп аталады.Түрпілік түйіршектердің әрекеті олардың майдалығына,қалыбына,құрамына және қасиетіне байланысты.Өнеркәсіпте қолданылатын түрпілік материалдар табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді.Табиғи түрпілік материалдарға ұсақталған минералдар жатады.Олар алмаз,корунд, наждак,гранат,пемза,бор және басқалар.Жасанды түрпілік материалдарды өнеркәсіпте химиялық жолмен алады.

 

 

Табиғи түрпілік материалдар.

Алмаз – табиғатта кездесетін ең қатты минерал.Стоматологияда алмаз түйіршіктерінен тістерді егейтін өңдегіш құралдар жасайды,олар тез желінбегендіктен ұзақ уақытқа шыдайды,әрі тістерді егеуді жылдам әрі таза өңдеуге қол жеткізеді.

Корунд.Ең жиі кездесетіні – темір және кремний тотықтарымен қосылыстары.

Наждак –оны пластмассадан жасаған тіс протездерінің ойық беттерін өңдегенде қолданады.

Пемза –материалдарды өңдеу үшін қолданады.

 

 

Жасанды түрпілік материалдар.

Электрокорунд –материал жоғарғы температураға төзімді(2000С дейігі қыздырғанға төтеп береді.)

Карборунд – стоматологиялық егегіш аспап ретінде карборундтың екі түрі де қолданылады.Карборундтан жасалған аспаптардың егегіш қабілеті жоғары.

Бордың және вольфрамның карбидіБұл материалдардың қаттылығы алмаздың қаттылығына жақын.

 

 

Байланыстырғыш материалдар.

Түрпілік материалдардың түйіршіктерін бір қалыпка келтіру үшін желімдегіш (байланыстырғыш) материалдар қолданылады. Олар органикалық және неорганикалық деп екіге бөлінеді.Неорганикалық желімдегіш материалдарға керамикалық,силикатты және магнезиттік материалдарды жатқызады.

 

Неорганикалық желімдегіш материалдар.

Бұл желімдегіштермен дайындалған бұйымдар күйдіргеннен кейін жоғары механикалық мықтылық,отқа төзімділік,химиялық тұрақтылық ,сулы ортада қалыбын жоғалтпайтын сияқты қасиеттері болады.Керамикалық желімдердің негізгі кемшілігі морт сынғыш сондықтан оларды жұқа етіп жасауға болмайды.

Силикаттық байламмен жасалған дөңгелектер шарық ретінде кейбір аспаптарды қайрау үшін қолданылады.

Магнезиттік байламды заттарды ажарландыру үшін қолданылады.

 

Органикалық байламдық материалдар.

Бакелит байламы.Бұдан жасалған түрпілік аспаптың ажарлатқыш қасиеті жұмсақ және иілімді.Аспаптың бұл қасиеті табиғи тістерді егеу үшін өте маңызды.

Вулканитті байлам дегеніміз вулканизацияланған каучук.Вулканит байламынан жасалған түрпілік аспаптар бұйымның бөлшектерін кесу және жалтырату үшін қолданылады.

 

 

Аспаптардың қолданылуы.

Ортопедиялық стоматологияда алмаздан жасалған аспаптардың бастары шар, цилиндр,конус,делегей тәріздес болып келеді.Клиникада және тіс техникалық лабораторияда ажарлау үшін карборундтық аспаптар кеңінен қолданылады.Тістерді егеу үшін қара немесе жасыл түйіршіктер кремний карбидінің керамикалық байланыстары қолданылады.Пластмассадан жасалған протездерді өңдеуге қара немесе жасыл керамика негізіндегі кремний карбидінің түйіршіктері №36 дан46 дейінгі ірі түйіршікті түрпілік аспаптарды қолданады.Табиғи тістердің арасын егеп ажырату үшін араларын айырғыш делегей қолданылады.Пластмассадан жасалынған протездерді әрлеу үшін түрпілік материалдарды суменен араластырып ботқа түрінде қолданады.

 

 

Жалтыратуға арналған түрпілік материалдар.

Жалтырату процессі әрлеу сияқты түрпілік заттардың түйіршіктерімен өңделетін заттың беткі қабатын алу арқылы жүзеге асырылады.Жалтыратудың негізгі мақсаты бұйымның беткі қабатына айнадай тегістік беру.Бұл үшін түрпілік заттардың түйіршіктері өте ұсақ болуы қажет.Жалтырату бұйымның бетіндегі кедір бұдырларды тегістемейді,сондықтан жалтыратудан бұрын жақсылап әрлеу керек.Тіс протездерін жалтырату үшін жалтыратқыш қасиеттері бар хром тотығы,темір тотығы,ұсақ дисперсті бор және гипс қолданылады.

Хром тотығы.Жалтыратқыш сыкпалардың құрамына кіріп,қатты құймаларды(тот баспайтын болат,хромкобальт құймалары) жалтыратуға қолданылады.

Темір тотығы.»Крокус» атты темір тотығы алтынның,күмістің және палладийдің негізіндегі құймаларды жалтырату үшін қолданылады.

Бор.Металдарды және пластиндарды жалтырату үшін қолданады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. В.Н. Копейкин «Руководство по ортопедической стоматологии»

2. А.М.Маженова., Н.К.Сейітмамбетова

«Стоматологиялық ортопедия» Астана 2000 ж.