Дәріс № 7 2 курс 3 семестр.

1. Тақырыбы:Металл қорытпаларынан, пластмассадан, биокерамикадан құйылған және әрленген көпіртектес протездерді әзірлеу технологиясы. Металлокерамикалық және металлоакрилді көпіртектес протезді әзірлеу технологиясы.

2. Мақсаты:Металлокерамикалық, пластмассалы, биокерамикадан құйылған және әшекейленген көпіртектес протез жасау технологиясын студенттерге таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Толық құйылған алынбайтын көпіртектес протезді дайындау реттілігі.

 

Толық құйылған металл көпіртектес протезді дайындау жеке құйылған металл сауытқа қарағанда қиынырақ, бірақ негізінен жасалуы бірдей.

1. Тірек тістерді егеу, олардың параллеьдігін сақтай отырып.

2. Тіс-қызылиек байламдарын кеңейте отырып тірек тістерден үлгі алу, ең бірінші жалпы, одан кейін айқынырақ.

3. Айқындалған үлгіден жұмысшы модель дайындайды. Алдын-ала тірек тістерге қылыш тәрізді штифт-фиксатор орнатылады.

4. Альвеолярлы өскін аймағы жоғары беріктіліктегі гипспен құйылады. Оған фиксатор орналастырылады. Гипс қатқаннан кейін ажыратқыш лакпен жабылады да гисптен жұмысшы модель негізі дайындалады. Негізін қылыш тәрізді штифтің биіктігіне қалыптастырады. Содан кейін үлгіні модельден ажыратады. Лобзикпен тірек тістердің апроксимальді жақтарын модельдің негізімен біріккен сызығына дейін кеседі. Қылыш тәрізді штифт-фиксатордың әсерінен тіс тұқылын модельден итеріп, оңай ажыратылады. Жұмысшы модельді дайындағаннан кейін үлгі бойынша антагонист тіс қатарының модельін дайындап, балауыздан толық құйылған тіс протезін мүсіндейміз.

5. Мүсіндеудің алдында тірек тісті лакпен жабажды, металдың шөгуін ескере отырып жүргізіледі. Тұқылдың мойын бөлігін лакпен жаппайды. Құйылған металл сауыт тұқылдың мойын бөлігіне дәл орналасуын қамтамассыз етеді. Тірек тістерді дайындағаннан кейін антагонист тіс қатарымен бақылап көпіртектес протезді балауыздан мүсіндейді.

6. Құю жүйесін түзу үшін дайындалған балауыз композициясына штифтерді орнатады, оны конусқа қойып, құюға арналған кюветамен жабады да, кюветаны вибростолға орналастырып отқа төзімді массамен біртіндеп толтырады.

7. Отқа төзімді масса қатқаннан кейін штифтарды алып тастйды, одан кейін кювыетаны кептіру үшін ең бірінші 200 С, одан кейін мүсіндеуіш балауызды ерітіп, 600С –қа дейін күйдіруге орнатады. Соңғы термиялық дайындықта кюветаны 800С-да 1 сағат көлемінде ұстайды.

8. Кювета құюға дайын болғаннан кейін құю аппаратына орнатылады, құятын металл ерітіледі. Вакуум көмегімен жүргізген жақсы, құюға арналған конструкцияға байланысты.

9. Құйма құйылғаннан кейін кюветаны суытады. Құйылған протезді кюветадан босатып, оны отқа төзімді массадан ажыратады. Бетін құмшашқыш аппаратпен өңдейді. Құйғыш жүйені кесіп, құйылған металл протезді жұмысшы модельге дәлдеп көреді. Әрбір тірек тістерді алып дәлдеп көреді. Содан кейін тірек тістерді жұмысшы модельге орнатып толық құйылған металл протезді тексереді.

10. Жұмысшы модельде дәлдеп көргеннен кейін, протездің дәлдігін антагонист тіс қатарымен окклюзияда тексеріп көреді.

11. Дәлдеп көрген протезді электроәрлеу ваннасына орнатады.

 

Толыққұйылған алынбайтын көпіртектес протез жасауды жоспарлағанда тістердің жақта орналасуының негізгі зертеулері.

Құрылысына байланысты толыққұйылған алынбайтын көпіртектес протездер белгілі-бір дәрежеде стабилизация түріне ( сагитальді, фронтальді, фронтальді-сагитальді және доға бойынша) және тірек тістердің параллельдігіне байланысты толыққұйылған және құрама болып бөлінеді.

Тірек тістерді зерттегенде ең маңызды роль атқаратыны толыққұйылған алынбайтын көпіртектес протезді тірек тістерге орналастырғанда оларды егеген кезде параллельдігінсақтауды еске ұстау керек. Сондықтан егегенге дейін клиникалық және рентгенологиялық тексерулерді және жақтың тірек тістерінің модельін анық тексеру керек. Клиникалық тексерулерге тірек тістер тіндерінің жағдайын, пародонттың, тіс ұлпасының ұяшықта орналасуын зерттеу жатады. Рентген суретте тістің қатты тіндерінің қалыңдығын, ұлпаның пішіні мен көлемін, түбір санын, оның пішінін, түбір өзегінің өтімділігін, периапекльді тін жағдайын зерттеуге болады. Диагностикалық модельде тіс қатарын және тістердің орналасуын анықтауға болады. Толық құйылған протез дайындалатын науқастардан үлгі алғанда екі жақтан да үлгі алынады., гипс модельді дайындайды. Тіс қатары параметрін оқып, тістесу түрін анықтайды. Күрек тістердің қабысу сипатын, тістердің орналасуын, тірек тістердің параллеьдігін оқып білу керек. Әсіресе бұл төменгі жақ шайнау тістерін орналастыру жатады. Өйткені 2-3 азу тістер әрқашанда медиальді еңкейіп тұрады және бұл жанындағы тұрған тіс көп уақыт жоқ болғанда бұл еңкею жоғарылайды. Зерттегенде егеуді бастамас бұрын протез кигізетін тістің ұлпасын алып тастау керек. Тірек тістердің параллельдігін сақтау керек. Протездің конструкциясында аттачменді және кламмерді қарастыру маңызды. Қойылған талаптарды шешу үшін тірек тістерді (ауыздан тыс) рентген суретке түсіру керек және оптикалық неготоскопта зерттеу керек.

 

Оптикалық негатоскоп.

Үлкен емес лабиринттері бар аспап, рентгенограммадағы көріністі үлкейтеді, тістердің еңкею бұрышын анықтайды, диагностикада әмбебап. Негатоскопта тубус, линза, көлденең жылжымалы кюретка, тік жылжымалы винт, рентгенограмма бекітетін аяқтары, бұрылмалы лимб, нониус, экран, рамка, шашыратқыш, электр шам, қоректену шнуры, плита-негіз, шарнир, тумблер, қысқаш, бағанадан тұрады.

 

Ауызға арналған параллелометр көмегімен тірек тістерді егеу әдісі.

 

Толыққұйылған алынбайтын көпірлі протез тірек тістер бір-біріне параллель болғанда негізделеді. Тірек тістердің параллельдігіне ауызға арналған параллелометр көмегімен жетуге болады. Параллелометр негізінен және қозғалмалы бөліктен тұрады. Негізгі бөлім тірек пластинканың ортасына өздігінен қататын пластмассамен бекітіледі. Қозғалмалы бөлігі винт, бекіткіш диск, шарнир, жүргізгіш втулка, қозғалмалы рычагты жүйемен біріктіріледі. Бұл тетіктер тік және қозғалғанда жүргізуші втулка параллельдікті қамтамассыз етеді. Жүргізгіш втулкаға өткір инструмент енгізеді- сепарациялық лиск бұрыштық ұштыққа бекітіледі, тірек тістердің сауыттарының қабырғасын өңдейді.

Ауызға арналған параллелометрмен жұмыс істеу. Тірек пластинкаға параллелометрдің негізі орналасады. Бұл жерде тірек тістерді егеуге немесе сепарациялауға ыңғайлы орын. Кішірейтуге болады, фрезамен өңдеуге және өздігінен қататын пластмассамен бекітуге болады. Содан кейін жүргізуші втулканы шығарып егеуге ыңғайлы жағдайда тірек винтпен бекітеді. Оны бекіткіш дискімен бекітеді. Содан кейін жүргізуші втулкағак кескіш инструмен енгізеді. Олар бұрыштық ұштыққа бекітеді. Аппарат негізін ауыстыра тісті егейді. Олар тірек пластинкаға бекітілген.

 

Үлгі алу

Толыққұйылған көпіртектес металл протезді дайындағанда егелген тістерден айқындалған үлгі алынады. Айқындалған үлгі алу үшін мынандай әдіс қолданылады. Стандартты қасыққа термопластикалық масса салады. Ауызға енгізіп тіс қатарына басады. Қасықты үлгімен бірге 10 секундтан кейін ауыздан алып шығады. Үлгіні суытады, мақта тампонмен кептіріп сүртеді. Үлгідегі тіс аралық пердені кесіп силиконды масса салып қызылиек қалтасындағы бастырма таңғышты алып айқындалған үлгі алынады. Айқындалған үлгіні ауыз қуысынан резина тәрізді масса кезінде алып шығады. Көрсетілген әдіс бойынша тістердің рельефтерінің тістерінің ізі, тіс мойнын айналмалы байламның дәл ізін алады.

 

Жұмысшы модельді дайындау.

Толыққұйылған көпіртектес протезді дайындағанда жұмысшы модельді құю үшін жоғары қаттылықтағы гипс қолданылады. Көпіртектес протездің тірек тістері қылыш тәрізді фиксатор арқылы бекітіледі. Модельді мүсіндегенде жұмысшы модельден тірек тістерді құю үшін модельден алу үшін қолданылады, сонымен қатар протездің металл остованы құйғанда, жасанды сауытты дайындағанда олардың дәлдігін тексеруге қол жеткізіледі.

Толыққұйылған көпірлі металл протездің негізін дайындау.

Толық құйылған көпіртектес металл протез бағалы және бағалы емес металдан жасалады.

Толыққұйылған алынбайтын көпіртектес металл протезді бағалы металлдан дайындағанда модельді еріту әдісімен жүргізіледі. Бұнда жақсы құю технологиясына байланысты, бағалы металл құймасы отырмайды. Отқа төзімді материалды қолданғаннан кейін балауызды конструкцияның дәл құйылуы қамтамассыз етіледі.

 

Мүсіндеуші материал.

 

Толыққұйылған металл көпіртектес протезді мүсіндеуге әртүрлі балауыз композициясы мен полимерлі материалдар қолданылады.

Металл құймаларға арналған металл құймалы және толыққұйылған протездердің алынбайтын протез конструкциясын мүсіндеу келесідей. Ең бірінші екі дисктен қалпақша жасалынады. Одан кейін тістің жасанды сауытының стандартты загатовкасын таңдап, оны тіс қатары пішіні мен окклюзиясы бойынша өлшеп тексереді. Егер тістің кесу қырында немесе шайнау беттеріне қандайда бір өзгеріс енгізу үшін өлшеп тексерілген загатовканы пластмассалы қалпақшаға балауызбен жабыстырп бекітіп, одан кейін түзетуге жататын жерді отқа қыздырып, антагонист тістің қысымы арқылы мүсіндеуді нақтылайды. Пластмассаның артық қалдықтары алынып тасталынады, ал массамен қосымша толықтыру қажет болса, онда балауызбен жүзеге асырылады.

Полимерден мүсінделіп болған протез конструкциясын төмендегі методика бойынша металлға ауыстырылады. Бағалы металл құймалары мен мүсіндеуіш материалдардың белгілі бір шөгу компенсациясы арнайы компенсирлеуші отқа төзімді массамен орамаларды қолдана отырып жүзеге асыруға болады.

 

Протездің металл негізін дайындау.

 

Толыққұйылған көпірлі протездің құйылған сауытын немесе оны пластмассамен немесе фарформен әшекейлеуге алынбайтын протездің негізін металлдан құю белгілі-бір реттілікпен жүргізіледі.

1. Протез конструкциясының загатовкасына мүсіндеуіш материалмен бекітілген муфтасы бар щтифтер жүйесін-резервуарларды құрады. Штифтер ерітілген құйма форма бойынша жақсы өту үшін отқа төзімді массада құю каналдарының құрылуы үшін қажет.

2. Протез конструкциясының балауыз немесе полимерлі загатовкасын құю жүйесімен бірге конусқа орналастырып және бекітеді.

3. Конусты құю кюветасына салады.

4. Оны отқа төзімді массамен толтырады.

5. Масса қатқаннан соң кюветадағы мүсіндеуші материалды ерітіп жағып жібереді.

6. Кюветаны отқа төзімді массамен бірге кептіріп және белгілі бір температурада күйдіреді.

7. Күйдірілген кюветаға ерітілген металл құймасын құяды.

 

Муфта-резервуар мен бірге құю жүйесін құру. Құю жүйесі деп кюветада ( отқа төзімді массада протез конструкциясының формасының орнына ерітілген сұйық металл құймасы жүріп баратын каналдарды атайды.) Ерітілген металдың ағуы үшін құю жүйесін протез конструкциясының барлық бөліктеріне ерітілген металл біркелкі бір уақытта баратындай етіп орналастыру керек. Ол үшін сұйық металдың үздіксіз ағу көзі ретінде қызмет атқаратын резервуар қуыстар құю жүйесі бөліктерінде болуы керек. Бұндай қызмет үшін сонымен қатар конструкция мен құйма қуыссыз және бос болмауы керек. Протез конструкциясының жұқа бөліктерін ерітілген металдың бірінші порциясын құяды, олар сұйық аққыш болатындықтан жақсы нәтиже береді. Отқа төзімді массада құю каналдарын құратын штифтер диаметрі 1,5-3 мм, ұзындығы 3-4 см кем болмауы керек. Каналдардың орналасуы әртүрлі болып келеді. Ең қолайлы орналастыру негізгі құю каналынан бағыттай отырып шырша түрінде орналастырады, егер кюветада бірнеше протез деталдьдары бір уақытта орнатылса.

 

Пластмассамен жабылған толыққұйылған алынбайтын көпірлі протездер.

 

Пластмассамен жабылған толыққұйылған көпірлі протез дайындау технологиясы мынадай:

Толыққұйылған протездің балауыз конструкциясын мүсіндеп болған соң пластмассаның әшекейлі қабатын орналастыру үшін заготовкаға фиксаторы бар орын даярлайды. Ол үшін вестибулярлы бетіне және балауыз загатовканың ішінен балауыздың біраз мөлшерін ойып алып тастайды. Протездің металл негізіне металл сауыттың вестибулярлы қабырғасынан 0,2 мм кем емес, ал оральді бетінен 0,3-0,4 мм қалыңдықта орын қалдырады. Шайнау бетінің қалыңдығы 0,6-1 мм кем болмауы керек. Протездің балауыз конструкциясының пластмассаға орнын дайындаған соң балауыздан ілмек-фиксаторларды орнатады, ал сауыттың вестибулярлы бетіне пластмасса қабатына ретенционды ұстатқыштарды құрады. Осыдан кейін құю жүйесін дайындап және оны орнатады. Ары қарай жоғарыда айтқандай құю процесін жүзеге асырады.

Протездің металл конструкциясын құйған соң оны жұмысшы модельге отырғызып, құйылу дәлдігін тексереді. Конструкцияны тірек тістерге отырғызып төменгі жақтың қозғалысында барлық окклюзияны тексереді. Протездің металл конструкциясын ақырғы рет өңдеп, жалтыратады да, вестибулярлы жағынан барлық тістер беттерінің пішінін қалыптастырады. Протез конструкциясын кюветаға гипстеп және балауызды пластмассаға ауыстырады.

Фасетканы қолдана отырып пластмассамен жасалған толыққұйылған көпірлі металл протездерден металл пресс-формада фабрикалық жолмен жасалған стандартты фасеткалардың еш күмәнсіз артықшылығы бар. Бұндай фасеткалар зертханалық жолмен дайындалатын пластмассалы фасеткаларға қарағанда желіну жағынан өте төзімді. Олардың пішіні тіс технигі дайындаған тістерге қарағанда анағұрлым өз тістеріне ұқсас келеді. Ол бір жағынан тіс технигінің шеберлігіне, біліктілігіне де байланысты.

Көпірлі протездің металл негізін әшекейлеуге арналған фабрикалық фасеткаларды қолданғанда ең бірінші олардың түсін, пішінін және көлемін таңдап алады. Одан кейін оларды жұмысшы модельге отырғызады., оған дейін тірек тістердің сауыттарын ыстық балауызбен орап шығады да, протез негізінің оральді жағын мүсіндейді, бұл кезде орталық және бүйір окклюзия, төменгі жақтың сагитальді ығысуы бойынша тексереді. Оральді жағын мүсіндеп болған соң, протез негізінің вестибулярлы қабырғасы рельефін гипспен бекітеді. Гипс қатқан соң, гипсті фиксаторды алып тастап, пластмассалы фасетканы абайлап шешіп алады, одан кейін протездің мүсінделген негізіне резервуары бар құю жүйесін бекітеді де, жоғарыда айтылған әдіс бойынша балауызды металға ауыстырады.

Протездің құйылған металл негізін өңдеп, жалтыратып, құйылу дәлдігін модельде және ауыз қуысында тексереді, одан кейін өздігінен қататын пластмасса қамырын дайындап, протездің вестибулярлы бетіне салады және алдын ала фасеткаға дайындалған гипсті фиксатормен бақылай отырып пластмассалы фасетканы орнатады. Өздігінен қататын пластмассаны полимеризациялау 3-5 атмосфералық қысыммен жүргізген жөн.

Пластмасса ұнтақтан тұрады және мономері болмайды. Оны металға фарфор қабаттарын салатын сияқты жүргізеді. Пластмасса наборы фабрикалық түс анықтағышпен сәйкес келеді. Ұнтақтар әшекейлі, дентинді және эмальді қабаттардан тұрады. Бұндай массаларды салудан протездің металл негізінде түсі бойынша әшекей құрылып табиғи тістерге ұқсас келеді.

 

Металлокерамикалы көпіртектес протездердің дайындалу технологиясы.

Қазіргі кезде металлокерамикалы алынбайтын тіс протездерін қолдану кеңінен таралуда. Басқа көпірлі протезден олардың айырмашылығы тұтастай құйылады және фарфорлы масса салынып, мүсінделеді және тікелей тіс техникалық зертханада күйдіріледі. Бұл протез түрлері аса жоғары дәлдікпен, керамикалық жабындының эстетикалық тиімділігімен, толықтырылатын тістердің пішіні мен түсін әр науқасқа жекелей дайындалатындығымен ерекшеленеді.

Металлокерамикалы протез клиникаға енгізу құймалар мен арнайы керамикалық массалардың ұзақ та, мандымды жұмыс құрумен жүзеге асрылады.

Металлокерамикалы протез беріктігі бірқатар факторларға байланысты: металл мен керамикалық жабындының барлық қабаттарының термиялық кеңею коэффициентінің оптимальді жақындауы; металл бетінде берік тотықты қабаттың түзілуі, металл мен керамика арасындағы химиялық байланысты жақсартады; күйдіру кезінде керамикалық қабаттың шөгуінің төмендегі және күйдіру режимі. Металлокерамикалық жұмысқа никель-хром құймасы ( вирон-77,88, жемени-П, ультратек) кобальт-хром, алтын негізіндегі құймалар ( дегудент), алтын және пластина ( пантоллоид), алтын және паллади ( бегостар), әртүрлі керамикалық массалар жатады.

Металлокерамикалық протездерді дайындау келесі реттіліктен тұрады:

1. Тістерді егеу және қосқабатты үлгі алу, керамикалық жабындының түсін анықтау.

2. Құрама, бөлшекті модель алу;

3. Тірек тістің модельін даярлау;

4. Сауыттың пластмассалы негізін ( қалпақшасын) алу;

5. Сауыт қаңқасын мүсіндеу;

6. Протездің аралық бөлімін мүсіндеу;

7. Құю жүйесін құру, отқа төзімді форманы дайындап және құю әдісімен протез қаңқасын алу;

8. Қаңқаны әрлеп және жалтырату;

9. Қаңқа бетін құрғатып және тотықты қабат түзу;

10. Керамикалық жабындының бірінші грунтты қабатын жағу және оны күйдіру;

11. Дентинді массадан сауыт пен аралық бөлімнің пішінін мүсіндеу;

12. Екінші рет күйдіру;

13. Керамикалық жабындының сауыт пен фасетканың окклюзиялық бетінің көлемі мен пішінін түзету;

14. Үшінші рет күйдіру;

15. Протезді ауыз қуысында шақтап тексеру;

16. Ақырғы рет күйдіруде протезді тегістеу және түсін келтіру;

17. Протездің металл қаңқасын ақырғы рет өңдеу;

18. Ауыз қуысына протезді бекіту;

 

5. Әдебиеттер:

13. Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М; Медицина 208 бет.

14. В.Н.Копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет

15. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет

16. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет

17. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана 2003ж

18. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану. Карағанды –1993 ж.

6. Бақылау сұрақтары :

8. Көпіртектес протездер

9. Көпіртектес протез түрлері.

10. Тірек тістерге қойылатын талаптар.

4. Көпіртектес протезді жасау технологиясы.