Сімдік түрлерінен келіп шыққан гемостатикалық заттар.

Олар: қалақай жапырағы- листья крапивы,, шәңкіш миы- кора калины, мыңжапырақ шөбі- трава тысячелистника, және т.б.

Атақты ғалым С.И. Лысенконың (1991) мәліметі бойынша, қан кетуді тоқтату үшін жараға капроферді енгізгенде науқастың 68,6%-ның қан кетуін толық тоқтатқан, ал егерде қан кетуі белсеңді түрде болатын болса, науқастың 73,3% -на тіс ұяшығының шырышты қабатына тігіс салуды қажеттілігі туындаған.

Тіс жұлғаннан кейінгі асқынулардың салдарынан пайда болатын ұяшықтың әртүрлі аурулары. Оларға мыналар жатады: альвеолит, неврит, ұяшық остеомиелиті жатады.

Альвеолиттің келіп шығу себептері:тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну кезеңдерінің өршуі, ота жасау кезінде ұяшықтың жарақаттануы.

Ауру сезімі тісті жұлғаннан соң 3-4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқтамай сыздап, науқас жатқан кезде, дене қызуы-температура көтеріліп, механикалық тітіркендігіштерден үдейтін ауыру сезімі осы ауруға тән белгі. Ауыру сезімі аурусыздандыратын дәріні-аналгетиктирді ішіп, ыстық басқанға да тоқтамайды. Аздап дене қызуы көтеріліп (37-37,5), ұрт тіндерінің ісінгені байқалады. Тексеру барысында ауыз қуысынан жағымсыз иіс, ұяшық бос немесе сұр түсті ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауыру сезімі жоғары.

Емі: жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, риванолдың (1:1000), фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің (2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады. Содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі немесе антибиотиктер мен сульфаниламидтерден дайындалған сықпа-пастамен толтырып, 1/2 сағатқа дәке тампонмен жауып қояды. Егер ауыру сезімі жоғары болса осы аталған сықпаға-пастаға анестезин қосуға болады. Ұяшыққа камфорфенолға малынған тампон қоюға болады және жергілікті жансыздандыру тәсілімен новокаин-пенициллин блокадасын жасауға болады.

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және протеолитикалық ферменттерге малынған тампондарды қоюға болады.

Үйде аурусыздандыратын дәріні-аналгетиктерді ішу мен ауыз қуысын шайқау үшін жылы ас содасынан дайындалған-жасалған ерітінділер пайдаланады.

Физиоемдер: УЖЖ, Бернар тогы, соллюкс пайдаланылады. Ауыру сезімі 1-3 күннің аралығында басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқас альвеолит кезінде 2-3 күнге еңбектен босатылады.

Ұяшық остеомиелиті альвеолитке қарағанда кешірек дамиды.

Ағымы созылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, жазыла бастаған дәнекер тін-грануляцияның өсуімен ерекшеленеді.

Тексеру барысында ұяшық бос немесе онда аздаған жазыла бастаған дәнекер тін-грануляцияның, іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды, 12-15 күннен кейінгі рентген суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек майда секвестрлердің барлығы анықталады.

Емі.Кешенді десенсибилизациялық қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа қырыу-кюретаж жасау.

Ұяшық жүйкесінің қабынуы-невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3-4 күннен кейін ұяшықта невралгиялық ауыру сезімі пайда болып, тамақ жегенде, ұяшықты механикалық тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауыру сезімі шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұрғандықтан пайда болады. Ұйыған қан сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мүмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну кезеңі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1-2 айдан соң сорылып кетеді. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұстамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Аурудың келіп шығу себептері.Жүйке талшықтарының тіс жұлу кезіңде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының жүйкені тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер де болуы мүмкін. Мысалы: ұяшықтың өткір қырларының және түбіраралық сүйек пердесінің қалып қоюы. Бұл жағдайда ауыру сезімі осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған кезде олар сүйекті тесіп шығады.

Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиын емес. Шырышты қабықтың сүйекке тиген жерінің ауыру сезімі жоғары, қабыну кезеңінің белгілері байқалмайды. Ауыру сезімі біртіндеп азайып, кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен толғанда өткір қыр мұқалып сорылып кеткен соң мүлдем қойып кетеді.

Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэктомия отасы жасалады. Сүйекті тесу-трапеция тәрізді тіліктер жасап, шырышты қабықты жалаңаштайды. Сүйектің өткір қырларын түбірлік қысқыштармен алады немесе фрезбен, бұрғымен тегістейді. Тілікті қайта орнына тігеді. Ұяшықтың өткір қырлары науқастың ауыз қуысына протез салу кезінде де тегістеледі.

Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауыру сезім пайда болса физиоем мен ауыз ішіне жылы бұлау-ванночкалар тағайындайды. Кейде ауыру сезімі көрші тістер әсерінен болатынын есте сақтау керек.

Бет жүйкесінің шала салдануы-нервінің парезі.Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін жүйкенің оталық жарақатқа рефлекторлы тітіркеніп жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше сағаттан соң дамуы мүмкін. Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УЖЖ, соллюкс, ионогальванизация) тағайындалады.

Төменгі ерін мен иек аймағында шала салдануы-парезі төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайда болады. Бұл асқыну төменгі тіс ұяшық жүйкесінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде (немесе остеомиелиттің дамуынан) жарақаттануынан пайда болады. Төменгі тіс ұяшық жүйкесінің жүйке жүйесімен қамтамасыз ететін аймақтарда сезімталдықтың төмендеуі, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Ол 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді.

Қабыну кезеңдері - абсцесс, флегмона, остеомиелит түбір ұшы маңындағы созылмалы кезеңдердің қабынуы салдарынан дамиды. Абсцесс пен флегмона тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптарын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты периодонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады.

Алдын алу.Элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгеру.

Тұжырым

Келтірілген мәліметтер мен атақты ғалымдардың және өз тәжірибеміздің нәтижелерін қортындылай отырып, мынандай тұжырым жасағым келеді.

Қазіргі таңда тіс жұлу отасы – заманауи стоматологияда тісті және оның құрамдық бөлшектерін қайта орнына келтіруге болмайтын жағдайда, ол тіс айналасындағы жүйке жүйесін немесе ұрт, тіл аймақтарын зақымдайтын болса,жоғарғы және төменгі жақтар тістерінің қалыпты тістесуіне айтарлықтай кедергі, нұқсан келтіретін болса-ең соңғы және шешуші әдіс болып табылады. Сонымен қатар ауыздағы шырышты қабаттың ұзаққа созылған аурулары егде жастағы адамдардың тісін жұлу мәжбүрлейді. Бұл ауруларды емдеу әдістерімен қалпына келтіруге болмайды, себебі олар асқынып сүйекке өтіп, қабыну кезеңдерінің ауыр сатысына әкеп соқтыруы мүмкін. Кейбір кезде тіс алмалы-салмалы протездерді салып жүруге кедергі береді, сондықтан тісті жұлу отасына жүгінеді. Сол үшін тісті жұлу отасы өте маңызды да күрделі көкейкесті мәселелре қатарында болған және болып қалуда. Тіс жұлу отасы жалпы және жергілікті жансыздандыру көмегімен жүргізіледі. Ота жасау алдында, тісті жұлу отасы кезінде науқасты толық медициналық тексеруден өткізу ( рентген сурет және т.б) керек.

Тіс жұлу отасын жасау үшін көрсеткіштерге, қарама-қарсы көрсеткіштерге, науқастың жағдайына, науқасқа тіс жұлу отасы туралы түсіндіру шараларын, кездесетін асқынулар туралы түсініктеме беру, тіс жұлу отасын нәтижелі орындағаннан кейін күтімі және кейбір кезде болатын асқынудың алдын алу шараларын түсіндіру керек екендігін естен шығармау қажет. Жұлынған тістердің орнын толтыру керек. Егер орнын толтырмайтын жағдайда сыртқы келбеті (бет-жақ аймағы) өзгеріп, шайнау, сөйлеу құбылыстарының өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін. Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу отасы жақсы жетілген ота. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтің өзіне де қиынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну кезеңінің болуымен түсіндіріледі. Тіс жұлу отасы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесуі мүмкін. Сондықтан емханада хирургиялық оталар тәжірибелі хирургқа беріледі.

 

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1.Тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштар үлгісін ұсынған ғалымның аты мен жылы.

А) Гаррис Фай, 1826 ж.

Б) Эскулап, 1862 ж.

В) Пирогов Н.И, 1855 ж.

Г) Рудько, 1954 ж.

Д) Гунько, 1958 ж.

2.Тістің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштарды жасаған ғалымның аты мен жылы.

А) Джон Томс, 1841 ж.

Б) Анреп, 1832 ж.

В) Эйнгорн, 1865 ж.

Г) Уразалин, 1965 ж.

Д) Бернадский, 1943 ж.

3.Тісті жұлу отасын өткізу үшін көрсеткіштер мыналар:

А) Қажеттіліктер толық (абсолюттік) және жартылай (салыстырмалы), жалпы және жергілікті, жедел (срочное п.) және жоспарлы (плановое п.).

Б) Қажеттіліктер толық (абсолюттік), жергілікті, жоспарлы (плановое п.), мүлдем қажеттілік жоқ, ауыз қуысының тазалығы, бас ауруы.

В) Жартылай (салыстырмалы), жалпы, ауыз қуысының тазалығы, бас ауруы, жедел (срочное п.)

Г) мүлдем қажеттілік жоқ, жергілікті, жоспарлы (плановое п.),

Д) Жартылай (салыстырмалы), жедел (срочное п.), мүлдем қажеттілік жоқ, жергілікті, жоспарлы (плановое п.),

4.Тіс жұлуға болмайтынкөрсеткіштер мыналар:

А) Қан аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, жұқпалы аурулар; жүйке жүйесінің аурулары, екіқабат кезде, етеккір келгенде.

Б) Верльгоф ауруы, гемофилия, артроз-артрит, дене жарақаты.

В) эпилепсия, психоз, құлақтың есітпеуі.

Г) миоркард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы, көздің көрмеуі.

Д) гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия, аяқ ауруы.

5. Тіс жұлу ережесіне байланысты жоғарғы тістерді жұлғанда жұлатын тіс дәрігердің ........ деңгейінде болу керек.

А) иық деңгейінде

Б) бас деңгейінде

В) шынтақ деңгейінде

Г) сирақ деңгейінде

Д) тобық деңгейінде

6. Тіс жұлу ережесіне байланысты төменгі жақтың тістерін жұлғанда орындық ....... дейін төмендетеді.

А) шынтақ деңгейіне

Б) иық деңгейіне

В) бас деңгейіне

Г) тобық деңгейіне

Д) сирақ деңгейіне

7. Қысқаштардың құрамы .......бөліктен тұрады:

А) үш бөліктен (басы, сабы, құлыбы)

Б) екі бөліктен (басы, құлыбы)

В) төрт бөліктен (басы, сабы, мойны, ұшы)

Г) бес бөліктен (басы, мойны, ұшы, сабы, құлыбы)

Д) бір бөліктен (құлыбы)

8.Қысқыштарды ұстау әдістерінің түрлерін атаңыз.

А) екі түрі

Б) бес түрі

В) төрт түрі

Г) үш түрі

Д) жеті түрі

9. Жоғарғы үлкен азу тістерді, яғни 6-шы тісті жұлғанда оның анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) ішке

Б) алдына

В)артқа

Г)сыртқа

Д) жанына

10. Жоғарғы үлкен азу тістерді, яғни 7-8-ші тістерді жұлғанда оның анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) сыртқа

Б) жанына

В) артқа

Г) ішке

Д) алдына

11. Төменгі күрек тістерді жұлғанда оның анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) сыртқа

Б) алдына

В) артқа

Г) ішке

Д) жанына

12. Төменгі азу тістерді, яғни 6-шы тісті жұлғанда оның анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) сыртқа қарай

Б) ішке қарай

В) жанына қарай

Г) артқа қарай

Д) алдына қарай

13. Төменгі азу тістерді, 7-8-ші тістерді жұлғанда оның анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп отырып, алғашқы ырғау ..... қарай жасалады.

А) ішке қарай

Б) артқа қарай

В) ұртқа қарай

Г) алдына қарай

Д) артқа қарай

14. Төменгі үлкен азу-моляр тістерді жұлуға қысқыштардың ..... түрі қолданылады.

А) екі түрі (құстұмсық)

Б) үш түрі (байонет, тік)

В) төрт түрі (тік, құстұмсық, иілген)

Г) бір түрі (тік)

Д) бес түрі ((тік, құстұмсық, иілген, байонет)

15.Жоғарғы азу тістердің түбірлерін жұлу үшін ....... қысқыштар қажет.

А) байонет, түйісетін

Б) тік, түйіспейтін

В) байонет, түйіспейтін

Г) түйіспейтін, иілген

Д) байонет, құстұмсық

16. Төменгі азу тістердің түбірлерін жұлуға ...... қысқыштар жарайды.

А) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

Б) құстұмсық, байонет, S-тәрізді

В) сапты бойлай иілген, құстұмсық, байонет

Г) жақтары түйісетін, құстұмсық, тік

Д) құстұмсық, S-тәрізді, сапты бойлай иілген,

17. Төменгі үшінші азу-моляр (ақыл) тістерді, соңғы тістерді жұлуға

......... элеваторы қолданылады.

А) Леклюз элеваторы

Б) Бобров элеваторы

В) Смирнов элеваторы

Г) Давыдов элеваторы

Д) Шораев элеваторы

18. Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды ..... деп бөледі.

А) жалпы, жергілікті асқынулар

Б) жергілікті, созылмалы, кеуде асқынулар

В) жалпы,жедел,бас асқынулар

Г) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

Д) жалпы,өршу, жедел асқынулар

19.Естен тану дегеніміз ........

А) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның келмеуі

Б) сапты бойлай иілген, құстұмсық, байонет

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) жақтары түйісетін, құстұмсық, тік

Д) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

20.Коллапс дегеніміз ..........

А) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Б) жалпы,өршу, жедел асқынулар

В) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның келмеуі

Г) жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық

Д) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

21.Шок дегеніміз .......

А) өмірлік маңызы бар дене мүшелері қызметінің нашарлауына әкеліп соғуы және орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс әлсіреуін

Б) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның келмеуі

Д) жалпы,өршу, жедел асқынулар

22.Науқастың тұншығуы дегеніміз............

А) жұлынған тістің, тампонның немесе ұйыған қанның тыныс жолдарына түсуін

Б) орталық жүйке жүйесінде жеке ми қыртыстарында қанның келмеуі

В) жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі

Г) жалпы,өршу, жедел асқынулар

Д) жергілікті, іріңді, өршу асқынулар

23.Гаймор қуысының тесілуі .. анатомиялық орналасуына байланысты.

А) жоғарғы жақ кіші және үлкен азу тістерінің

Б) жоғарғы жақ кіші азу тістерінің

В) жоғарғы жақ үлкен азу тістерінің

Г) төменгі жақ кіші және үлкен азу тістерінің

Д) төменгі жақ үлкен азу тістерінің

24. Б.Л. Павлов, В.В. Шашкин (1987) тіс түбірінің ұяшығынан қан кету кезеңін ........ бөледі:

А) үш сатыға

Б) бір сатыға

В) екі сатыға

Г) бес сатыға

Д) төрт сатыға

25. біріншілік қан кету деп ......... атайды.

А) Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса

Б) төменгі жақ кіші және үлкен азу тістерінің

В) жоғарғы жақ үлкен азу тістерінің

Г) екі сатыға

Д) төрт сатыға

26. екіншілік қан кету деп ........ атайды.

А) отадан кейін бірнеше сағат немесе тәуліктен пайда болса

Б) Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса

В) бес сатыға

Г) екі сатыға

Д) төрт сатыға

27. С.И. Лысенко (1991) тіс жұлынғаннан кейін қан кетуді ..... бөледі:

А) үш дәрежеге

Б) төрт дәрежеге

В) бес дәрежеге

Г) жеті дәрежеге

Д) тоғыз дәрежеге

28. Бельдюкевич М.А., Cheraskin Е ауыз қуысынан қан кетуді ..... деп екі

топқа бөледі

А) идиопатиялық, ятрогенді

Б) идиосинкразия, ятрогенді

В) ятрогенді, синергизм

Г) идиосинкразия, бес сатыға

Д) синергизм, тоғыз сатыға

29. ауыз қуысынан қан кетуді идиопатиялық кету дегеніміз ..........

А) бірден, кездейсоқ,

Б) бірден, отадан кейін

В) отадан кейін, кездейсоқ,

Г) кездейсоқ, төрт дәрежеге

Д) отадан кейін, жеті дәрежеге

30. ауыз қуысынан қан кетуді ятрогенді кету дегеніміз ..........

А) хирургиялық отадан кейін пайда болады.

Б) бірден, кездейсоқ,

В) отадан кейін, кездейсоқ,

Г) отадан кейін, жеті дәрежеге

Д) синергизм, тоғыз сатыға

 

 

VIІІ ТАРАУ