Жедел ағымды іріңді периодонтит

Жедел ағымды іріңді периодонтит серозды периодонтит немесе іріңді пульпитен кейін дамиды. Науқастар жедел, ұдайы, солқылдап тұратын ауру сезіміне шағымданады, ол үшкіл жүйке-нерв бойымен таралады (құлақ, самай, көзге). Ауыру сезімі суық әсерінен азайып, жылыда және жатқанда күшейе түседі. Периодонтта жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өсіп кеткен тіс әсерін тудырады. Ауру тіске антогонист тіс тиіп немесе тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас аузын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан ауру ұйықтамайды, сондықтан жалпы әлсіздікке, басының ауырғанына шағымданады. Дене қызуы әдетте көтерілмейді, кейде субфебрилді болады.

Клиникалық көрінісі.Сырт бейнесін қарағанда өзгерістер жоқ, кейде жақ аймағы жұмсақ тіндері бүйір тармақтар-коллатеральды ісінуі мүмкін. Аймақтық- регионарлық лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде ауырады. Ауыздың ашылуы еркін. Жарақаттанған тіс түбірі проекциясында өтпелі қатпардың шырышты қабығы қызарған, қызыл иек ісінген, ұяшықтық-альвеолярлық төмпешіктер тегістелген. Осы аймақтағы ұяшықтық-альвеолды өсіндіні сипап тексергенде ауырады. Тісте тісжегі қуысы немесе бітеме-пломба бар, сирек сау тіс. Тісті ұрып-қағып тексергенде көлденең және тік бағытта да күшті ауыру сезімі анықталады, тіс қозғалмалы болады (себебі кезең-процесс тез арада таралған-диффузды сипат алады). Қанда аз мөлшерде лейкоцитоз, сегментті ядролық және таяқша ядролық нейтрофилдер саны көбейеді, ЭТЖ 20-30 мм/сағ көтерілуі мүмкін.

Рентген көрінісінде біріншілік жедел ағымды периодонтитте еш өзгеріс болмайды. Кейде 3-5 күндері альвеола қабырғасы аймағындағы көрінісі айқын болмауы мүмкін.

Патологиялық анатомиясындалейкоцитарлық инфильтрация, периодонт тіндерінің аутолитикалық еруі, ірің ошақтары. Ұяшықтың сүйек тіндерінде реактивтік қабыну және дистрофиялық өзгерістер дамиды. Сүйек тіндерінде сорылу басым болғандықтан, қайта құрылу кезеңі-процесі жүреді. Қабыну процесі меншікті сүйек тіндерімен шектелмейді, әрі қарай сүйек кемігіне таралады да оның ісінуі және нейтрофилді лейкоциттермен айқын инфильтрациясы анықталады, бірақ ешуақытта сүйек тінінің өлеттілігі-некрозы байқалмайды.

Емдеунегізі іріңді экссудатты қабыну ошағынан шығару болып табылады. Ол үшін ұлпалық-пульпалық камераны ашып, өлеттенген-некрозға ұшыраған заттардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудаттың шығуына мүмкіншілік тудырады. Қабыну кезеңдері-процестері бәсеңдеген соң тісті пломбылайды. Егер тіс қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.

Жедел ағымды іріңді немесе өршіген созылмалы периодонтит кезіндегі инфекцияның таралу жолдарыжәне аяқталуы.Белгілі бір уақыттан кейін тіс түбірін қоршаған іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өзіне бір қолайлы (ықғайлы) жол тауып периодонт сыртына шығады, осыдан кейін қабыну кезеңі-процесі кейін қайтады. Іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат түбір өзегінен шығуы да мүмкін (өздігінен немесе дәрігер әрекетінің нәтижесінде).

Периодонттың біртіндеп өршуі нәтижесінде ірің тіс түбірі ұшынан, мойнына таралып, осы жерден сыртқа шығуы мүмкін.

Кей жағдайларда іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат, сүйектің ыдырауы және альвеола қабырғасының сол бөлігінде сіңуі-резорбция болса, кеңейген фолькман және гаверс өзектері арқылы сүйек қабына өтеді. Осының нәтижесінде ұяшықты-альвеолды өсіндінің бетінде немесе жақ сүйегінің денесінде жедел іріңді периостит дамиды.

Сирегірек ірің ұяшықты-альвеолды өсінді мен жақ сүйегі кемігінің аралығымен жүреді, бұл кезде сүйек тіні өледі, яғни жедел ағымды остеомиелит дамиды.

Көп жағдайда қабыну кезеңі-процесі созылмалы ағымға өтіп созылмалы периодонтит дамиды.

Созылмалы периодонтит

Әдетте, жедел ағымды периодонтиттер ұзақ уақыт және үздіксіз түбір өзегінің микрофлорасы инфекциясымен қозған жағдайда дамиды, кейде жедел ағымды периодонтиттен кейін дамуы мүмкін.

Клиникалық байқаулар бойынша, жедел ағымды периодонтитке қарағанда, созылмалы периодонтиттер жиі кездеседі, себебі жедел ағымды периодонтит деп нақтама-диагноз қойылғандардың көпшілігі мұқият тексеріп қарағанда созылмалы периодонтиттің өршуі болып табылады.

Фиброзды созылмалы периодонтитсозылмалы периодонтиттің жеңілдеу түрі. Өзінше дамиды, сирек гранулденген және гранулематозды периодонтиттердің кері дамуы нәтижесінде дамиды.

Әдетте науқастардың шағымы болмайды. Тек өршігенде, шайнаған уақытта ауру сезімі байқалады. Қарап тексергенде, тісте тісжегі қуысы немесе бітеме-пломба болуы мүмкін, сирек тіс сау болады. Ұрып-қағып тексергенде ауырмайды. Рентгенологиялық - тіс түбірі ұшында периодонт саңылауы кеңейген және түбірде көп мөлшерде цемент жиналуы нәтижесінде периодонт шеттері (линия) тегіс емес.

Сурет-54. Созылмалы периодонтиттің рентгенологиялық суреті (жоба):

а) гранулденген; б) гранулематозды; в) фиброзды.

Кейде гиперцементоз — түбір ұшы көп мөлшерде қалыңдайды. Кеңейген периодонт саңылауын шектейтін сүйек табақшасы-пластинкасы қалыңдаған, қатаю-склерозға ұшыраған, рентгенограммада қалыпты жағдайға қарағанда тығыз көлеңке береді (17 в-сурет).

Патологиялық анатомия:макроскопияда — периодонт не түбір ұшы бөлігінде, не барлық түбір бойында қалыңдаған, микроскопияда — дөрекі талшықты дәнекер тіндердің шоғырлары арасында сирек дөңгелек жасушалы ұйыспа-клеткалы инфильтрация ошақтары орналасқан.

Фиброзды периодонтит отасыз-консервативті түрде емделеді. Оған көнбесе тіс жұлынады немесе реплантация жасалады.

Созылмалы гранулематозды периодонтиттіңклникалық-субьективті көрінісі айтарлықтай дамымаған болмауы мүмкін.

Кейде науқас тістескенде болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру тарихын зерттегенде -анамнезінде тіс тұсындағы қабынудың жиі қайталанып өршіп тұрғаны анықталады. Қарап тексергенде тісте тісжегі қуысы болады. Кейде бітеме-пломба бар, рентгенге түсіргенде тіс өзегі ұшына дейін түгел бітеме-пломбамен толтырылмаған. Ұрып тексергенде-перкуссияда ауырмайды. Тіс тұсындағы қызыл иектің шырышты қабығы өзгермеген.

Рентген суретінде сүйек тіні дөңгелек, жиегі тегіс, көлемі дәннен ас бұршағына дейін ыдыраған жерін көруге болады. Кейде осы ыдыраған аймақта сүйек қатаюы аймағы-остеосклероз зонасы көрінеді. Гранулема тіс түбірінің ұшында түзіледі. Осы созылмалы қабыну ошағы жиі ауыз қуысына кіреберіс-вестибуляр жағынан көлемін үлкейтетін гранулема түбір ұшында сана емес одан бүйірлей де орналасады. Бұл кезде ұяшықты-альвеолды өсіндінің бетінде, түбір ұшы тұсында кішкене домбығу (шекарасы айқын емес) болады. Сирек жағдайда гранулема түбір қосылған-бифуркациясында түзіледі (17 б-сурет).

Патологиялық анатомиясы.Түбір ұшы маңында орналасқан грануляциялық тін фиброзды капсуламен жабылып периодонтпен тығыз байланысқан. Осы ұшына жақын түбірдің цементі, кейде дентині де ыдыраған. Гранулема шеттерімен түбірдің гранулема қабығының жанасқан жерінде цемент ісігі болуы мүмкін.

Құрылысына қарай: 1) жай дәнекер тін элементтерінен тұрады;

2) эпителиальды, ортасында эпителий тартпалары бар; 3) киста тәрізді, эпителиймен қапталған қуыстан тұратын гранулемалар. Эпителиальды қуыстар біртіндеп жойылып, қабыну экссудаты мен май детриттеріне толып кистогранулема, содан кейін киста түзеді.

Емі.Отасыз емдеу-консервативті болуы мүмкін. Ол тиімсіз болса хирургиялық ем жүргізіледі.

Созылмалы гранулденген периодонтит.Бұл созылмалы периодонтиттердің ең белсенді түрі. Аурулар қатты немесе ыстық тағам жегенде тістегі күшті ауру сезіміне және қызыл иекте жиі ашылып, жабылып тұратын жыланкөзге шағымданады. Кейде аурулар қызыл иектерінің ісініп, қызарғанына шағымданады. Кейбір жағдайларда дәрігерге көрінгенде клникалық-субьективті көрінісі айтарлықтай дамымаған болмауы мүмкін, шағымы болмайды.

Қарап тексергенде жегімен бұзылған тісті көруге болады, аздап ауырады. Тіс деңгейіндегі қызыл иек қызарып, ісінген, сирегірек өзгеріссіз.

Егер оны қысқышпен (пинцет) немесе шұқығышпен басып көрсе, осы құралдардың ізі қалады және қызарады, бұл сау шырышты қабыққа қарағанда ұзақ уақыт сақталады. Жиі-жиі созылмалы гранулденген периодонтит өршіп тұрса қызыл иекте ісінген грануляциясы бар жыланкөздерді көруге болады.

Осы өршулер нәтижесінде гранулденуші периодонтит ошағы біртіндеп ұяшықтың жаңа бөліктеріне таралады, көбінесе ауыз қуысына кіреберіс-вестибулярлық жағына, нәтижесінде ұяшық-альвеолды өсіндінің сүйек қабырғасында өрнектер түзіледі. Егер осы кезеңге-процеске қоршаған жұмсақ тіндер қосылатын болса, онда қызыл иекте жыланкөз пайда болады (нүктелік тесіктер немесе ісініп шыққан грануляциялар түрінде). Ауру бетінің қайтуы-ремиссия кезеңінде қызыл иектегі жыланкөз белгілі бір уақытта жабылады. Бірақ кезекті өршу кезінде бұрын болған жыланкөз орнында шырышты қабық ісініп, қызарады да жыланкөз қайта ашылып, одан ірің бөлінеді.

Кей кезде созылмалы гранулденуші периодонтит ошағы үлкейіп жақ маңындағы жұмсақ тіндерге өтеді, осы кезде беттің теріасты одонтогенді гранулемасы дамиды.

Рентгенологиялық көрінісінде созылмалы гранулденуіш периодонтитте тіс түбірі ұшының сүйек тінінде шекарасы анық емес, шеттері тегіс емес бүлінуі-деструкция ошағы анықталады (17а-сурет).

Патологиялық анатомиясы.Түбір ұшы аймағында грануляциялық тін периодонт сыртына шығып өсіп кеткен. Осылай созылмалы гранулденуші периодонтит ошағының өсуі қабыну аймағындағы сүйек тінінің сорылуына және сүйек кемігінің грануляциялық тінмен ауысуына әкеліп соғады. Осымен бірге түбір дентині және цементінің кейбір бөліктерінің сорылуы-резорбциясы анықталады. Грануляциялар арасында лейкоциттер, гистиоциттер шоғырлары, плазматикалық, эпителиоидты клеткалар болады. Кей жағдайларда ошақтың шет жақтарында сүйек тінінің жаңа түзілуі жүреді.

Емі.Отасыз емдеу-консервативті. Егер нәтижесіз болса, хирургиялық ем жүргізіледі.