ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Беттің орталық аймағының сыну механизміне, сүйек кемігінің арка тәріздес құрылысы және контрфорстардың (сүйектің қатты қабығының қалыңдауы) болуы үлкен әсерін тигізеді. Бұл маңайда 4 контрфорс бар.

1) Мұрын-маңдай контрфорсы ұяшық өсіндінің алдыңғы жағынан басталып жоғары жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен көтеріледі.

2) Ұяшық контрфорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.

3) Артқы контрфорс жоғарғы жақ төмпешігін негізгі сүйектің қанатша өсіндісіне қосады.

4) Таңдай контрфорсы мұрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мұрын-маңдай контрфорсымен жалғасады.

Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғаргы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Сондықтан бұл сынықтарды осы ғалымның есімімен атайды.

Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.

I. (Ле-Фор-I төменгі нұсқасы). Сынық бағыты жоғарғы жақ ұяшық өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісі екі жағынан, жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды(74-сурет).

 

 

74-сурет. Жоғарғы жақ сүйгенін Ле-Фор І бойынша сынығы

 

II. (Ле-Фор-II орталық нұсқасы). Сынық маңдай сүйегінің мұрын өсіндісімен мұрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін (75-сурет).

 

 

 

75-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор IІ бойынша сынығы

 

III. (Ле-Фор-III жоғарғы нұсқасы). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен басталып көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.

 

Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің

 

 

76-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор ІІI бойынша сынығы.

 

доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды (76-сурет).

Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.

IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің бір жақты сынығы.

Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық сызбасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.