Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:
Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын, жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса, қан тамыр-жүйке шоғырының зақымдана сынуы, тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы, көптеген сынықтар,көп жарқыншақты сынықтар, жұмсақ тіндер қоса зақымданған сынықтар, тіс сауыттары конус тәрізді болса,психикалық науқастар, жоғарғы, төменгі жақтардың бірлескен сынықтары, сынық сызығы кисталық қуыспен өткен кезде.
Сүйектік тігіс.Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы амагнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 18М9Т ЭП— 400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6-0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7-1,0 мм хромдалған лавсан кетгут кең қолданылады.
Сүйектік тігіс салу әдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады. Ауыз іші арқылы тігу ұяшық өсінді аймағына салынады, ол үшін диаметрі кішкене (0,1-0,3 мм) материал қолданылады. Оталық әдіс жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жеткілікті мөлшерде ұяшық қырдың ұшы арқылы тәрізді тілік жүргізіледі. Шырышты-сүйек қабығы қиындысын сыдырады да сынықтарды орнына қойып сүйекті тігеді. Тәжірибеде бұл ота жиі жасалынады. Бұл зақымданған аймақтың бойына тексеру-ревизия жүргізуге мүмкіндік береді және сүйек бөліктерін-репозицияны жеңілдетеді. Үлкен диаметрлі тігіс материалын (0,6-1,0 мм) салу сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді.
Сурет-77. Ауыз сыртынан жасалатын сүйектік тігіс салуотасы.
Сүйекті тіккенде сынықтардың орнына қарамастан мыңа жағдайларды сақтауға ұмтылу керек:
а) Тігіс материалын жүргізетін тесік сынық сызығынан 1 см-дей алшақ болуы керек, ол арқылы жүргізілген тігіс сынық сызығына перпендикуляр, ал өзара параллель болуы тиіс.
ә) Тігіс мүмкіндігінше төменгі жақ жиегі мен альвеолды өсінді негізінің аралық ортасымен, сынықтың саңылауын қиып өткені жақсы.
в) Сүйек тігісінің тесігін төменгі жақ өзегі мен тістер түбірін қамтитындай етіп жасау керек.
Ауыз сыртынан жасалатын ота жалпы жалпы жансыздандыру-наркозбен жүргізіледі. Сынық сызығын жалаңаштап алған соң оларды біріктіріп, дұрыс жағдайға келтіріп бормен 4 тесік (әрбір сынық бөлігінде
2-2-ден) жасайды. Ол сынық сызығынан 1-1,5 см алшақ болды. Осы тесіктер арқылы сымдар жүргізіліп ұштарын сыртқы бетінде орап тастайды (42-сурет).
Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалынған сүйектік төсеніш тұтқасы(78-сурет). Төменгі жақ сынған кезде жасалатын остеосинтез отасының ұзақтығын және оның жарақатын азайту үшін полиэтиленмен остеосинтез жасалатын құрал ойлап шығарылды. Оның ені 0,5 см, қалыңдығы 0,2 см, ұзындығы әр түрлі, шеттері тегіс, бұрыштары дөңестенген, тік бұрышты пластина. Жұмысшы бетінде шетке таман, пластинамен мықты байланысқан, бекітілуге лайықталған конусы болады.
Аяқша — үшбұрышты, биіктігі 0,15- 0,20 см, төменгі жақтың кортикалды қабатының қалыңдығына сәйкес келеді. Бекіткіш конустың биіктігі 0,3-0,4 см, негізі ішке иілген. Жарықшақтарды репозициялағаннан кейін бор немесе қандауырдың көмегімен жақтың сынған жерінде пластинаның ішкі беті жақтың сыртқы кортикалды пластинкасымен сәйкес келтіріледі. Конус тәрізді шығыңқы жердің ұшына бриллиант жасылын жағып, жаққа төсеніш қойылады да сүйекті тесетін нүкте белгіленеді. Бордың көмегімен сыртқы кортикалды пластинка тесіледі. Жаққа пластинка салынады. Конус тәрізді бөлік сүйек қалыңдығынан тесік арқылы өтіп кеуекті затта жазылып бұрынғы күйіне қайтып келеді. Осылай жақ сынықтарын мықтап бекітеді.
Сурет-78. Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған сүйектік төсеніш тұтқасы (жоба).
Сүйек остеонсинтезі.Бұл әдісті төменгі жақ ортасынан сынғанда қолданады. Мұнда бекітілген бұлшықеттердің тартуынан сүйекті тіккен кезде, остеопороз пайда болып, сымдар шығып кетеді. Сондықтан сынықты дәл қойып бекіту қажет. Ол үшін темір сым қолданылады. Оның көмегімен төменгі жақтың бұрышы және бұтақтың төменгі бөлігі сынған кезде жақ денесі аздап ақауланып және тіссіз сынғанда қолданады.
Ал сүйек ақауы 2 см көп болса және бұтағы мен буын өсіндісі жоғарыдан сынған бұл әдісті қолдануға болмайды.
В. И. Лукьяненко бойынша ота жасау әдісі.Жақтың төменгі қырының бойымен сынық аймағының ұзындығы 7-8 см тері тілінеді, сынық сызығы жалаңаштап ашады. Әр сынықтағы сүйектің сыртқы қабығын жұмсақ тіндермен қоса распатордың көмегімен ажыратады. Алдыңғы сынық — сүйектің сыртқы қабығынан 2,5-3,5 см, ал артқысы 1-1,5 см жаңалаш-танады. Сынық сызығынан 2,5-3 см-дей алшақтап, жарықшақтың сыртқы төменгі қырының бойымен кортикалды қабатта бормен сүйектің кемігіне дейін тесіледі. Осыдан соң жарықшақтарды біріктіріп жасалған тесікке металл стержень енгізеді. Балғаның көмегімен сәл ғана соққы беріп алдыңғы жарықшақты сыныққа қарай бағыттайды. Ұшы сүйектен тыс жатқан сабақ-стерженнің бос ұшы 0,5-0,7 см болуы тиіс. Сабақ-стерженнің артығын тістеуікпен кесіп, өткір жиектерін тегістейді. Жарақатты антибиотиктермен өңдеп, қабат-қабатымен тігеді. Тігіс арасына 48 сағатқа резина салады. Сабақ-стерженді отадан 2 айдан соң алған жөн, жалпы сабақ-стержень маңындағы тіндерге еш зақым келтірмейді, сондықтан сүйек әбден бітіскен соң 6-12 айдан кейін де алуға болады.
Металл стерженмен бірге сынықтарды Киршнер сыммен бекітуге болады. Оны арнайы бұрғының (И. А. Макиенко) көмегімен енгізеді. Сым жіңішке және дөңгелек, сынық жылжымау үшін 2 сым енгізіледі.
Ж.С.Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.Магнийдің тотығуға төзімділігі бұрыннан белгілі. Бірақ таза магний морт сынғыш келеді және тіндерге тез таралады.
1965 жылы Қазақтың клиникалық және эксперименталдық хирургия институтында негізі магний өздігінен таралатын құйма ұсынылған (Мд-90,5, Ал-8,5, Чл-0,5 Мп-0,5). Алынған құймадан сынықтарды бекіту үшін қолданылатын штифтер дайындалған. Сынықтың орналасуына байланысты ұшында бинттік жолақтары бар сымдар немесе тегіс штифтер қолданылды.
Остеосинтез әдісі.Сынықтарды репозициялағаннан кейін, төменгі жақтың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, 0,2 см бұрғымен ортақ өзек бұрғыланады. Жасалынған өзекке 4,5-6,0x0,24 см мөлшердегі бұранда тәрізді сымды бұрап енгізеді. Ал кортикалды пластинкаға жеткенше бұралады. Сынық ұштары сүйектің сыртқы қабығынан ажырайды, ол сүйекті ішінен бекіту әдісіне қолайлы жағдай жасайды. Демек сынықтардың консолидациясына сүйектің барлық элементтері қатысады.
Төменгі жақ бүрышы аймағының сынығында сүйек едәуір жұқарғандықтан, тегіс штифтер қолданылған. Сынықтарды біріктіріп орнына қойған соң бұрғымен (0,18 см) ортақ өзек бұрғыланады. Мұнда 4,5-6,0x0,2 см мөлшерде сым енгізіледі. Сымның диаметрі 0,2 см-ге үлкен, бұл фиксаторды тығыз шаншып енгізуге мүмкіндік береді. Дисталды сынық жылжымайды, демек сынық сызығы кеңімейді.
Гомопластикалық остеонсинтез(Бажанов Н. Н., Қоспанғалиев М. О. 1977). Бөліктерді бекіту үшін ортан жіліктен алынған гомологиялық формалинденген трансплантаттар қолданылады. Сыртқы кортикалды пластинканы және сүйек бөліктерінің төменгі жиегінің бойымен сынық сызығы арқылы белгілі ендікте аралайды. Бұл пластинканың ені 4,5 мм, жақтың төменгі қырының ені 2 см, аралық ұзындығы 2-3 см. Сынықтарды мұқият орнына қойып, осы жағдайда ұстап тұрады. Сынық сызығы арқылы сыртқы кортикалды пластинкадан және төменгі қырымен ультрадыбысты кесінді жүргізеді. Кесіндіге трансплантатты тығыз енгізеді. Трансплантат-тардың ұшы, өз сүйегімен пісіріліп бекітіледі.
Орнататын материал ретінде циакрин және сүйек ұны 1 : 1 қатына-сында алынған. Кесу және пісіру кескіш аспаптың 30-40 мкм тербелу амплитудасында, 30-10 секунд уақытында жүргізілген.
Ошақтан тыс бекітілген аппараттар.Бұл аппараттар жоғарғы төменгі жақтардың тістері болмағанда төменгі жақ сүйегінің оңай салынатын барлық сынықтарын және ол ақау көлемі 2,0 см-ден артық сынғанда қолдануға арналған, тек қана төменгі жақ сүйегінің бұтақтары және буынды өсіндісі мойнынан сынған жағдайда қолданбайды. Бұл аппараттардың барлығы бір принцип бойынша құралған тек кейбір бөлшектерінің айырмашылығы бар. Әрбір аппаратта сынық бөлігінің төменгі қырына бекітілетін сүйектің қысқаштары бар, олар бұранданың көмегімен бекітіледі. Қысқаштармен қатар әр аппараттың біріктіргіш түтіктері, аралық шегелері және т.б. майда бөлшектері бар.
Рудько аппараты.Бұл аппаратты бекіту үшін сынық аумағында жақ сүйегінің төменгі қырын жалаңаштап, сынық бөліктерін тіс түйісуіне бағыттай отырып қалпына келтіріп, сүйек қысқаштарымен бекітіп, оларды бір-біріне ауыз қуысының сыртынан штангамен жалғап жараны қабаттап тігеді. Жұмсақ тіндерден шығып тұрған қысқашты йодоформды
Сурет-79. Рудько аппараты
дәкемен таңып қояды. 10-12 күн өткен соң (сүйек ыдырауына байланысты) қысқаштар босап кетуі мүмкін, сондықтан олардың мықтылығын қадағалап тұру керек. Аппарат операциядан соң 30-35 күннен кейін алынады. Кей кезде аппаратты алғаннан кейін қысқаштар тұрған жердегі сүйекті кюретажды қасықпен қысып тазалау керек. Ревизиядан соң тері 1-2 жерінен тігіледі, оларды 6-7 тәуліктен соң алып тастайды (44-сурет).
С. И. Коганович - А.В.Ярошевичтердің компрессиялық аппаратысынық сызығына қысымды перпендикулярлы бағыттауға мүмкіндік тудырады, бұл жағдай төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін (қисық сынықтарында) барлық ем уақытында мықтап бекітуге мүмкіндік береді.
Биологиялық циакрин желімімен остеосинтез(Алхайдаров 1970). Биологиялық желіммен ота-оперативтік ем жүргізуге келесі көрсеткіштер жатады:
1.Төменгі жақ сүйегінің тік және қисық сынықтары тіс қатарының артынан сынғанда;
2. Сынық сызығының бойында бұзылған тіс орналасып, жақ сүйегі бұрышынан сынғанда.
Ота жасау әдісі.Сынықтық орналасқан жеріне байланысты, табиғи қатпарлардың бойымен тіліп сүйекті жұмсақ тіндерден ажыратып мұқият қаннан тазартып, жараны антисептиктер ерітіндісімен жуады. Сүйек бөліктерінде бормашинамен ойындылар жасалып, сүйек бөліктері дұрыс жағдайға келтіріледі. Сүйектегі ойындыларға қалыңдығы 0,1-0,2 см сүйек ұнтағын салып оны желіммен сіңдіреді де ойындыларға гомотрансплантат ендіріп, сол жағдайда бір минуттай ұстап тұрады. Осы уақыттың ішінде желім полимеризацияланады. Жараны қабат-қабатымен тігеді.