БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттар мен зақымдануларды зерттей отырып Д.А.Энтин және Б.Д. Кабаков 1951 жылы олардың жіктелуін ұсынды. Бірақ, осы уақыт аралығында көптеген терминдер, келіп шығуы-этиологиясы, сипаттамасы, бейбіт уақытта болатын жарақаттардың құрамы өзгерді. Осыған байланысты С.М.Киров атындағы соғыс-медициналық академиясының бет- жақ хирургия кафедрасының ұжымы, жоғарыдағы жіктелу мен Ю. И. Бернадский, П. 3. Аржанцев, Т. Л. Лурье, Ж.Б.Оразалин т. б. ғалымдардың ұсыныстарын негізге ала отырып, 1984 жылы жаңа жіктелу нобайы қолданысқа енді (клиникада).

Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:

І.Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:

1. Орналасуы бойынша;

А.Жұмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі жүйкелердің; г) ірі қан тамырларының.

Б. Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет сүйегі; г) мұрын сүйектері; д) екі және онан көп сүйектер.

2. Жарақаттар түрі бойынша: тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.

3. Зақымдаьгудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.

II. Аралас зақым.

ІІІ. Күйіктер.

IV. Ісіктер.

Ескерту.Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке, жеке- көптеген, жеке- қосымша (бастысы және қатар жүретін), қосымша көптеген (қатар жүретін және бастысы).

Халықаралық статистикалық жіктелуі.

Себебі бойынша:

I. Өндірістік:

А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.

Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.

II. Өндірістен тыс: а) тұрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда.

Егер зақым өндірістен болса, онда жұмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-/У түрдегі-формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094-і/У түрін-формасын береді.

Сынық түрі бойынша:

а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп жерден;

б) сынық бағытына байланысты: қисық, ұзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т. б.;

в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;

г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;

д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.

Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына, бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақтылы білу қиын. Өйткені күштің тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші, белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.

Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бұлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып, аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.

Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.

ж) Жарқыншақтар ауытқуы мен қозғалуына байланысты (С.С.Тигерштедт): қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, алынбайтын болып бөлінеді.

е) Ашық және жабық сынықтар.

Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса және ол тек тіс қатарында кездеседі, ал жабық- сыртпен қатынасы болмаған және ол тек тіс қатарында кездеспейтін жағдайда болады.

Сынық-сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндер де жарақаттанады.

Барлық адам қаңқасының ішінде бет-жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-тен 8%-ке дейін кездеседі.

Оның ішінде орташа есеппен 80-85 %-ы төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері:

1) Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек. 2) Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отырып ең осал жерінде сынады. 3) Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді. Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады.

Себебі:

1) Жоғарғы жақ сүйегі ми-бассүйек тереңінде (артында) және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.

Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артқа қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет (балтаның шүйдесімен т. б.)

Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр.

Мысалы Ж.Б. Оразалиннің (1981) ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5 мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павлодар қалалары бөліседі.