Тіс ұяшығында тіс түбірі қалдырған жағдайда хирургиялық өңдеу.
Жақтарда сүйек тіндерінің семуінің алдын алу үшін және тіс салуға қолайлы жағдай жасау мақсатында көптеген ғалымдардың пікірінше, тіс
ұяшығында тіс түбірін қалдырғанжөн,- деп санайды.
Науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық тіс ұяшығында қалдырылатын тіс түбірінің бітімемен бітелу сапасы және ондағы қалталардың қалай жағдайда екендігін анықтау керек. Тіліп қиынды дайындап, осы қиындымен қалдырылған тіс түбірі жабылып, ұқыптылық пен тегістеп, биологиялық заттармен орнын толтырып қалпына келтіріп тігіс салады.
Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің және төменгі жақ ұяшығының бір бөлігін кесіп алу.Кесіп алуға көрсеткіштер- тіндердің шамадан тыс көбейіп кетуі, сонда тіс салу кезінде протезде тістерге орын болмай қалуы немесе қарама-қарсы жақта кедергі болатын жағдайлар болуы мүмкін.Науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуде мұрын және Гаймор қуысына өте көп көңіл бөлу керек, себебі ота кезінде болатын және отадан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін шараларды өткі-зуге дәрігер сақадай сай, толық мәліметке ие болуы керек. Сызықты тілік жасаладыда қиынды дайындап алады.Одан кейінжоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің және төменгі жақ ұяшығының бір бөлігін кесіп алып оны тегіс-теп, қалпына келтіріп тігіс салады.
Ұяшық бөлігіне пластика жасау. Тіс қатарында бір және бірнеше тістер жұлынған болса, сол жерде сүйек тінінің жетіспеу жағдайлары кездесіп тұрады. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Остеотомия отасын жасап сүйек тінінің керекті бөлігін сүйек тінінің жетіспеген жеріне қойып толықтырады да оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.
Кең және биік ұяшық доғасын қайта құру. Тіс салу кезінде дәрігер қиын жағдайға тап болу мүмкін, Тістердің түсіп кетуінен ұяшық доғасы және онымен бірге негізгі сүйек тіндері семіп кетеді. Бұл жағдайда хирургиялық-ота жолымен семіп кеткен жерді-сүйек тіндерін сүйек тіндері арқылы өсіріп оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады және биологиялық заттармен толтырады. Ең қарапайым аутогенді, аллогенді, ксеногенді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттарынан қолдану әдістері болып саналады.
Төменгі жаққа пластика жасау. Төменгі жақтың көлемін сүйек асты қабатына биологиялық заттарды енгізу арқылы оның көлемін үлкейту. Көлемін үлкейту үшін аутогенді, аллогенді, ксеногенді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттардан қолданып қалпына келтіреді.
Жоғарғы жақты пластика жасау арқылы өсіру. Жоғарғы жақ сүйегінің және ұяшық доғасының шектен тыс семуі арқысында тіс салуға кедергі болатын болса, бұл жағдайда жоғарғы жақты пластика жасау арқылы өсіру керек екендігін естен шығармайтын кез болып есептелінеді. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Көлемін үлкейту үшін аутогенді, аллогенді, ксено-генді және жасанды-синтетикалық биологиялық заттардан қолданып қал-пына келтіреді.
Иек жүйкесін қозғалуы-орын алмастыруы.Төменгі жақ сүйегінің ұяшық бөлігінің шектен тыс сему жағдайлары тәжірибеде көптеп кездесуі, бұл заман заңдылығы. Соның нәтижесінде төменгі жақтағы қан-тамыр-жүйке жүйесі ұяшық доғада жатуы мүмкін. Әртүрлі протездерді тағу осы жүйені зақымдайды да соның арқасында ауру сезімі пайда болады. Егерде осы зақымды отасыз орнына келтіру нәтиже бермесе, көптеген ғалымдардың пікірінше, осыиек жүйкесін ота жасау арқылы орын ауыстыру қажет деп санайды.Бұл жағдайда хирургиялық-ота жолымен семіп кеткен жерді-сүйек тіндерін сүйек тіндері арқылы өсіріп оны тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады және биологиялық заттармен толтырады.
Ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерге ота жасау.Тістер жұлынғаннан кейін ауыз қуысында кейбір жағдайларда жұмсақ тіндері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайлар туа және жүре пайда болуы табиғат заңдылықтарына байланысты. Осы аталған бұзылыстар мен өзгерістер тіс салуға айтарлықтай кедергі жасайды. Сондықтан оны қалпына келтіру үшін ота әдісіне жүгіну қажет. Бұл жағдайда науқасты толық медицинлық тексеруден өткізіп, әсіресе рентгенологиялық зерттеуден өткізген жөн. Хирург-стоматолог және ортопед-стоматолог келісімді түрде емдеу жоспарын кешенді түрде жоспар-лайды.
Төмпешік көлемін кешірейту отасы. Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісі мен төменгі жақтың ұяшық бөлігін жауып тұратын шырышты және сүйек асты қабаттарында кейбір жағдайларда белгісіз себептермен төмпешік пайда болады. Ол өз кезегінде тіс салуға кедергі жасайды. Оны ота әдісімен бұзыл- ған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.
Ретромоляр аймағындағы тіндердің көлемін кешірейту отасы.Ретромоляр аймағында көпшілік жағдайларда тіндердің шектен тыс жина-луынан, көлемінің үлкеюінен пайда болады. Көлемі үлкейген тіндерді ота әдісімен бұзылған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.
Таңдайдың артқы бөлігіндегі шектен тыс жиналған тіндерді алып тастау отасы.Кейбір жағдайларда таңдайдың артқы бөлігінде шектен тыс жиналған тіндерді кездестіруге болады. Ол өз кезегінде тіс салуға қиындық туғызып, кедергі жасайды. Сондықтан таңдайдың артқы бөлігінде шектен тыс жиналған тіндерді, ота әдісімен бұзылған тіндерді айнала-эллипс тәрізді түйісетін тіліктермен тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.
Ұяшық доғасындағы шектен тыс жиналған тіндерді алып тастау отасы.Көпшілік жағдайда сапасыз протездерді қолданған кезде және сүйек тінінің шамадан тыс семуінің нәтижесінде ұяшық доғасында шектен тыс жиналған тіндер пайда болады. Ол өз кезегінде тіс салуға қиындық туғызып, кедергі жасайды. Сондықтан ұяшық доғасында шектен тыс жиналған тін-дерді, ота әдісімен екі параллель соңы түйісетін тіліктермен сүйек асты қабатқа дейін тілік жасалынып, тегістеп, қалпына келтіріп тігіс салады.