ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ КОНТРАКТУРАСЫ

Төменгі жақтың контрактурасы — бет-жақ аймағының патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің бұзылуы.

Ағымына және себебіне қарай контрактура тұрақты және тұрақсыз болады. Тұрақсыз контрактура көп жағдайда ұзақ уақыт тісаралық резиналы тартпасы бар құрсауды қолданғаннан, меншікті шайнау бұлшықеттердің босауынан және төменгі жақты қоршаған жұмсақ тіннің патологиялық процесстері болған кезде байқалады.

Контрактураның мынадай түрлері бар:

1. Дермотогенді.

2. Мукогенді.

3. Миогенді.

4. Десмогенді.

5. Тыртықты.

Жақтың контрактурасына мынандай патологиялық процесстер әкеледі: 1. Ауыз қуысының жаралы-өлеттенген процессі (нома, скарлатинадан кейінгі асқыну, сүзек, жүрек, қан-тамыр бұзылыстары)

2. Ауыз қуысы мен қоршаған тІндердің созылмалы арнайы процестері (сифилис, туберкулез актиномикоз).

3. Термиялық және химиялық күйіктер.

4. Жарақатты зақымдану.

5. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің операциясынан кейін.

6. Миозит.

Клиникалық көрінісі. Төменгі жақ контрактурасы кезінде сөйлеу және тамақ қабылдау қызметі бұзылады. Әсіресе алдыңғы тістер «желпігіш» тәрізді орналасады. Сирек жағдайда жоғарғы және төменгі жақ деформациясы болады. Егер контрактура бет қаңқасының өсуінен бұрын пайда болса, онда төменгі жақтың дамуы кедергіленеді, бірақ деформа-циясы анкилоз кезіндегідей өте анық. Жақтың толық қарысуы және барлық тістердің болуы — төменгі жақ бұтағының ішкі бетінің тексерілуін қиындатады.

Осы аймақтың шырышты қабығының тыртықтанып өзгеруін ауыз қуысын тек маңдай рефлекторы мен тіс қатарының ақаулары арқылы анықтайды.

Төменгі жақ бұтағының ішкі бетіндегі және тәжді өсінді аймағындағы тыртықтар пайда болған контрактураға, төменгі жақтың сәл алға және сау жағына қисаюына тән. Бұны негізінде төменгі жақ-самай буынының анкилозынан ажырату керек. Тыртықты контрактура кезінде буын басының қозғалуы байқалады, ал рентгенде басының, мойнының, буын өсіндісінің және төменгі жақ бұтағының деформациясы байқалмайды.

Емі. Тыртықты контрактураның отасыз-консервативті емі парафин, пирогенал, В. П. Филатовтың тінді терапиясын гиалуронидазамен, лидазамен, ренидазамен, гидрокортизонмен, терапия және ультра-дыбыспен жүргізіледі.

Отасыз-консервативті емінің негізгі мақсаты коллогенді талшықтарда гиалиноз дамуына жол бермеу. Бұл ем егер тыртық жас, жаңа және 9-12 айдан аспаған жағдайда нәтижелі болады.

Жақтың контрактурасын хирургиялық әдіспен емдеу. Жақтың бет терісімен теріасты майлы қабатының тыртықталып өзгерген тіндерінен (күйіктен, жарақаттардан т.б. аурулардан) кейін пайда болған контрак-тураны кесіп алып тастап, Лимберг әдісімен айналасындағы тіндерден алған қиындыларды жылжыту арқылы немесе Филатов сабақшасымен жоюға болады. Бұл оталардың ойдағыдай болуы контрактураның себебі болған тыртықтанған тіндерді алып тастауына (ауыз толығымен ашылу қажет) және одан кейін пайда болған ақаудың толығымен жабылуына байланысты. Жақтың тұрақты қарысуына себепкер болатын ұрттың шырышты және шырышасты қабатында орналасқан жалпақ тыртықтарды төменгі, жоғарғы жақ ұяшық өсінділеріне бекіген жерінен кесіп толығымен ажыратады. Пайда болған жара бетін жұқа тері қиықтарымен жабады. Қиықтарды протезге бекітілген стенстен дайындалған төсеніштен көшіріп орналас-тырады немесе йодоформды білікті жара қуысына орналастырып жібек жіппен тігеді. Соңғы кезде ұрт ақауларын жабу, тыртықты контрактураны жою үшін Филатов сабақшасын кеңінен қолданады. Сабақшаны дайындаған соң оны ақау шетіне көшіреді де тыртықты кесіп алып, ауыз толық ашылған соң ақауды екі қабаттап жабады.

Тәжді өсіндімен бет сүйегі немесе оның доғасы және төменгі жақ сүйегінің бұтағымен жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігі бітісуіне байланысты контрактура емі өте қиынға түседі. Мұндай контрактуралар оқпен жарақаттанғанда немесе нома, созылмалы остеомиелиттен кейін дамиды. Тәжді өсінді бет сүйегі немесе оның доғасымен бітіскен жағдайда тәжді өсіндіні кесіп алып тастайды. Төменгі жақ аймағында тілік жасағаннан соң меншікті бұлшықет жақ бұрышына бекітілген жерінен ажыратылып, жақ сүйегінің бұтағы жалаңашталады да тәжді өсінді остеотоммен алынады. Сонымен қатар, маңындағы тыртықтар қиылады. Ауыз ашылған соң шайнау тістерінің арасына резиналы кергіш қояды. Төменгі жақтың бұтағы, жоғарғы жақтың төмпешігі және бет сүйектері бітіскенде төменгі жақ бұтағының алдыңғы бөлігін кесіп алып тастайды. Ота жасау жолы тәжді өсіндіні кесіп алғандағыдай.

Тұжырым: Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер ұйыспа-инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды. Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады. Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс нақтама-диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады.Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдану-ларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегенеративті өзгеріс басталады.

Жалпы жансыздандыру-наркоз арқылы төменгі жақтың астынан бұрышын айналдыра жарты ай тәрізді тілік жасалады. Төменгі жақтың бұтағы мен анкилозданған самай-төменгі жақ буыны жалаңаштанады. Бұрынғы буынның орнына неғұрлым жақын жерден остеотомия жасалады. Остеотомиядан соң төменгі жақ бұтағының дистальды ұшы босаған соң самай сүйегінде буын шұңқыры жасалады. Төменгі жақ дұрыс орнына қойылады. Жасаған ақауға алдын ала дайындалған ситалл имплантант қойып, оны сыммен бекітеді. Буын қапшығын айналасындағы жұмсақ тіндермен қалыпқа келтіріледі.

Тапсырманы қайталауға арналған тестілік және жағдайлық

(ситуациялық) сұрақтар:

1. Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шұңқыры

...........құрайды.

А) самай-төменгі жақ буынын

Б) иық буынын

В) жамбас буынын

Г) қол буынын

Д) тізе буынын

2.Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының ........ белгілі.

А) үш түрі

Б) екі түрі

В) бір түрі

Г) төрт түрі

Д) бес түрі

3. Тік тістесулерге ......... сай келеді.

А) Тегіс буын.

Б) бұдыр буын.

В) жанама буын.

Г) ойық буын.

Д) көлденең буын.

4. ортогнатиялық тістесуге .......... сай келеді.

А) Аздап томпақ шұңқыр буын.

Б) жалпақ шұңқыр буын.

В) тік шұңқыр буын.

Г) көлбеу шұңқыр буын.

Д) жазық шұңқыр буын.

5. терең күрек тістің тістесуіне ................. сай келеді.

А) Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын.

Б) жазық шұңқыр буын.

В) көлбеу шұңқыр буын.

Г) жұқа шұңқыр буын.

Д) қатты шұңқыр буын.

6. антиревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді

.......... деп ажыратады.

А) инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және жарақатты

Б) инфекциялық емес және созылмалы, арнайы

В) инфекциялық, және жарақатты, жедел

Г) инфекциялық емес және жарақатты, оқ тиген

Д) инфекциялық, оқсыз, және созылмалы

7. Инфекциялық артриттер ............ деп екіге бөлінеді.

А) арнайы емес және арнайы

Б) инфекциялық, және жарақатты, жедел

В) инфекциялық, оқсыз, және созылмалы

Г) инфекциялық емес және созылмалы, арнайы

Д) инфекциялық емес және жарақатты, оқ тиген

8. Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) .......

деп бөлінеді.

А) зат алмасу дистрофиялық, жүйке-дистрофиялық, эндокринопатия-

лық және т. б,

Б) жүйке-дистрофиялық, жұқа шұңқыр буын.

В) эндокринопатиялық, жұқа шұңқыр буын.

Г) жүйке-дистрофиялық, көлбеу шұңқыр буын.

Д) эндокринопатиялық, көлбеу шұңқыр буын.

9. Жарақатты артриттер ........... әсерінен болады.

А) созылмалы микрожарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

Б) іріңді жарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

В) созылмалы микрожарақаттардың немесе іріңді жарақаттардың

Г) фиброзды жарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

Д) созылмалы микрожарақаттардың немесе фиброзды жарақаттардың

10. Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық

артриттері ...........деп бөлінеді.

А) жедел ағымды, созылмалы

Б) фиброзды жарақаттардың, жедел ағымды,

В) созылмалы, фиброзды жарақаттардың,

Г) фиброзды жарақаттардың, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) созылмалы, бұлшықеттердің жарақаттардың,

11. Туберкулездік артрит аурудың .......... тарауынан дамиды.

А) төменгі жақтың бұтағынан, ортаңғы құлақтан, самайдың жұмсақ

тіндері мен сүйегінен

Б) самайдың жұмсақ тіндері мен иық буыны

В) төменгі жақтың бұтағынан мен тізе буыны

Г) ортаңғы құлақтан және тобық аймағынан

Д) фиброзды жарақаттардың және самайдың жұмсақ тіндері

12. Туберкулез қоздырушысының .......... арқылы тарауы мүмкін.

А) өкпеден, жоғарғы тыныс жолдарынан, қан мен лимфа жолдары

Б) жоғарғы тыныс жолдарынан және жүрек аймағы

В) қан мен бұлшықеттердің жарақаттардың,

Г) лимфа жолдары, фиброзды жарақаттардың,

Д) өкпеден, бұлшықеттердің жарақаттардың,

13. Гонореялық артрит самай-төменгі жақ буынында гонореяның ..........

өршіген кезеңінде дамиды.

А) жедел немесе жеделдеу ағымында кейде созылмалы түрінің

Б) кейде созылмалы түрінің, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жеделдеу ағымында, фиброзды жарақаттардың,

Г) жедел немесе фиброзды жарақаттардың,

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

14. Жедел және жеделдеу ағымдарының дамуы .......... жолының

тарылуымен көрінеді.

А) жедел ауыру сезімдермен, буынның ісінуімен, сыртқы дыбыс

Б) буынның ісінуімен, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

Г) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

15.Аурудың ақыры шеміршек бетінің ............. дамиды.

А) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, анкилоз

Б) анкилоз, жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, шетінде ақау

Г) анкилоз, ортасында деструкциялық ошақ

Д) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

16. Самай-төменгі жақ буынының арнайы артриті көбінесе .....дамиды.

А) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Г) анкилоз, ортасында деструкциялық ошақ

Д) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, анкилоз

17. Рентгенограммада буын өсіндісімен төменгі жақтың ..... байқалады.

А) ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау

Б) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Г) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) жедел немесе фиброзды жарақаттардың,

18. Самай-төменгі жақ буынында ....... таралуынан дамиды.

А) мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау

Г) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Д) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

19. Бұл кезде буынмен бірге ......... қозғалысы бірден шектеледі.

А) шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

Г) мойын, бет актиномикоздарының

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

20. Жарақатты артриттер ағымына қарай ....... болып бөлінеді.

А) жедел және созылмалы

Б) арнайы, жанама және созылмалы

В) арнайы емес және жеделдеу

Г) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) созылмалы және инфекциялық

21.Созылмалы жарақатты артрит ......... әсерінен болады.

А) Көбінесе созылмалы майда жарақаттардың ұзақ уақыт

Б) жедел және созылмалы

В) арнайы еме және жеделдеу

Г) арнайы, жанама және созылмалы

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

22. Созылмалы жарақатты артритте ..... ауыру сезіміне шағымдайды.

А) ауызды ашқанда және шайнау, сөйлеу кезінде үнемі үдей түсетін

Б) сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

Г) сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

Д) ауызды ашқанда, кірпіктері қимылдағанда

23. Артроздар артриттік өзгерістердің ..... зақымдануларынан дамиды.

А) одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық

және эндокринопатиялық

Б) буынның нейродистрофикалық, сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

В) одан әрі асқынуларымен қатар, арнайы еме және жеделдеу

Г) буынның нейродистрофикалық, арнайы еме және жеделдеу

Д) одан әрі асқынуларымен қатар, сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

24. Артроздар сай буын компоненттерінде ......... деп бөлінеді.

А) склероздаушы және деформациялаушы артроздар

Б) деформациялаушы артроздар, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) склероздаушы, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

Г) деформациялаушы артроздар, ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

Д) склероздаушы, ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

25. Склероздаушы артроздар кезінде буынның ......... байқалады.

А) сүйек кемігінің терең және беткей бөліктерінің склероздары

Б) беткей бөліктерінің склероздары, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) сүйек кемігінің терең, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

Г) беткей бөліктерінің склероздары, ауызды ашқанда,

Д) сүйек кемігінің терең, ұйықтап жатқанда

26. Деформациялаушы артроздар кезінде .......... шығып кетеді.

А) төменгі жақтың буын өсіндісінде біз тәрізді сүйек өсінділері

Б) біз тәрізді сүйек өсінділері, ұйықтап жатқанда

В) төменгі жақтың буын өсіндісінде, ұйықтап жатқанда

Г) біз тәрізді сүйек өсінділері, ауызды ашқанда

Д) төменгі жақтың буын өсіндісінде, ауызды ашқанда

27.Анкилоз дегеніміз..... кететін самай-төменгі жақ буынының тұрақты

деформациясы.

А) төменгі жақтың қозғалысы жартылай немесе түгелдей шектеліп,

буын беттері фиброзды немесе сүйекті бітісіп

Б) төменгі жақтың қозғалысы, ұйықтап жатқанда

В) жартылай немесе түгелдей шектеліп, ұйықтап жатқанда

Г) буын беттері фиброзды, ұйықтап жатқанда

Д) сүйекті бітісіп, ұйықтап жатқанда

28. Самай-төменгі жақ буынының анкилоздарын туғызатын .........

жатады.

А) инфекциялық аурулардың қатарына қызылша, дифтерия, сузек,

оспа, туберкулез, актиномикоз және жақтардың остеомиелиттері

Б) дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

В) инфекциялық аурулардың қатарына қызылша, остит

Г) оспа, туберкулез, миозит

Д) актиномикоз және жақтардың остеомиелиттері, бурсит

29.Микрогнатия дегеніміз .............. деп аталады

А) төменгі жақтың денесі мен бұтағының қысқаруы.

Б) бұтағының қысқаруы, оспа, туберкулез, миозит

В) төменгі жақтың денесі, оспа, туберкулез, миозит

Г) бұтағының қысқаруы, дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

Д) төменгі жақтың денесі, дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

30. Төменгі жақтың контрактурасы бет-жақ аймағының ........ бұзылуы.

А) патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық

қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің

Б) самай-төменгі жақ буыны қызметінің, оспа, туберкулез, миозит

В) патологиялық өзгерістері мен оспа, туберкулез, миозит

Г) самай-төменгі жақ буыны қызметінің, пневмония, гепатит

Д) патологиялық өзгерістері мен пневмония, гепатит

 

 

XVІ Т А Р А У