СЕПСИС, МЕДИАСТЕНИТ, БЕТ ВЕНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МИ ҚАБЫҒЫ СИНУСТАРЫНЫҢ ТРОМБОФЛЕБИТІ

Сепсис(грекше-шіру)- қанның залалдануы. Бұл патологиялық жағдай іріңді қабыну ошағынан микроорганизмдердің қанға үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл түсіп тұруынан пайда болады. Бұнда жергілікті өзгерістерге сәйкес емес жалпы ауыр бұзылыстар және әртүрлі ағзалар мен тіндерде жаңа іріңді ошақтар пайда болады.

Макроорганизмнің реактивтілігі өзгерген кезде патогенді микробтардың ену нәтижесінде сепсис дамитындығы анықталған.

Кузин М.И. және де басқа ғалымдармен бірге былай деп есептейді: инфекцияның топтануы яғни генерализациялану үшін қабыну ошағында микробтардың саны белгілі бір деңгейден асып, қан тамырлар арқылы денеге тарауы керек.

Жалпы іріңді инфекцияның ағымы бірнеше кезеңде өтеді:

1. Ірінді резорбтивті қалтырау;

2. Сепсистің бастапқы кезеңі;

3. Жергілікті іріңді процесс;

4. Септицемия (қанда патогенді микробтардың болуы, бірақ

екіншілік метастазды іріңді қабыну ошағының әлі дамымаған

кезеңі);

5. Септикопиемия (организмнің улануымен бірге ағзаларда, тіндерде

екіншілік метастазды абсцестердің дамуы);

6. Өлім.

Бастапқы кезде науқас әлсізденеді, тамаққа тәбеті болмайды, дене қызуы 39-40°С-қа дейін көтеріледі, кейде тез жоғары көтеріліп, күрт төмен түседі. Ұйқысы бұзылып, басы ауырады, денесі қалтырайды, терісі ылғалданады, ал сепсис ауыр түрде дамыса түнге қарай суық жабысқақ тер басады.

Қан құрамының талдауында: лейоциттердің саны көбейеді. ЭТЖ 50-60 мм/сағ. дейін көтеріледі. Сепсистің бастапқы кезеңде анықтау өте қиын, айтылған белгілер біріншілік одонтогенді іріңді процесстің ауыр өтіп жатқан жағдайымен байланыстырылуы мүмкін. Бірақ, сепсис басталған кезде науқастың жалпы жағдайы нашарласа да жергілікті іріңді процессте айтарлықтай өзгеріс болмайды. Жергілікті өзгерістер мен науқастың жалпы жағдайының арасындағы қайшылығы дәрігерді ойландыруы керек. Сондықтан науқасты тез толық тексеріп септикопиемия яғни екіншілік метастазды абсцестердің басқа ағзаларда бар-жоғын анықтау керек. Ең жиі, әсіресе балалардың арасында септикопиемия, стафилак-кокты пневмония, менингоэнцефалит кездеседі.

Кейде қанның бактериялық тексеруі нәтиже бермейді, яғни себудің нәтижесі теріс болып, сепсистің анықталуы қиындайды, ал науқастың жалпы ауыр жағдайы біріншілік іріңді процесспен, организмнің улануымен байланыстырылады.

Сепсистің соңғы сатысында клиникалық көрініс өзгереді, организмнің реактивтілігі төмендегендіктен лейкоцитоздың орнына лейкопения пайда болады, сол себепті дене қызуы субфебрильдіге дейін төмендейді. ЭТЖ сол жоғарлаған деңгейде қалады, бірақ анемия пайда болады, әлсіздік ұлғаяды, терісі құрғақтанады. Осындай кезде біріншілік іріңді ошақтың ағымы да өзгереді, іріңді жалқық сұйықталады, қабынған аймақтың шетіндегі ұйыспа-инфильтрат кішірейеді, жараның ағымы баяулап маңындағы тіндер өлеттенді.

Одонтогенді сепсистіңемі жалпы қабылданған интенсивті комплексті емнің принципімен (жүйесімен) жүргізіледі. Науқас ауруханаға түскен уақытта қабыну ошағын мұқият тексеріп, іріңнің жиналып қалған жері бар ма, жасалынған тілік, салынған жолақтар өз мақсатын атқара ма, жоқ па соны анықтау керек. Себепші болған біріншілік ошақты жою керек. Содан кейін кең спектрлі антибиотиктер, сульфаниламидтер және нитрофуран қатарындағы препараттар тағайындалады. Иммунды жүйесі төмендегендіктен арнайы және арнайы емес (лабораториялық тексеру жүргізіп анықталады — комплимент титры, фагоцитоз) ем тағайындалады.

Организмнің улануын төмендететін дезинтоксикациялық ем ретінде гемодез, полиглюкин, желатиноль, 5% глюкозаның ерітіндісін венадан тамшылатып жібереді. ЭКГ жасап және бауыр, бүйрек қызметін бақылай отырып, сепсисті емдеу кезінде (үнемі) өмірге қажетті ағзалардың қызметін және ішкі ағзаларда, теріде іріңді ошақтардың болмауын қадағалау қажет.

Бет-жақ аймағының жедел одонтогенді инфекциясының ең бір ауыр асқынуларына медиастенитжатады. Ол инфекцияның көкірек аралығына енуінен пайда болады. Бұл туралы оқулықтарда айтарлықтай көңіл бөлінбеген, бірақ бұндай асқынулардың кездесуі сирек емес. Алдыңғы көкірек аралығы мойынның жүйке-қан тамырларының бойымен жұтқыншақ кеңістігінің артқы бөлігімен қатынасады, сол жол арқылы инфекция жайылып одонтогенді алдыңғы медиастенит дамиды. Іріңнің мойынға содан кейін алдыңғы көкірек аралығына жайылатын екінші жолы -тіл түбінің жайылған флегмонасы кезінде мойынның меншікті фасция-сының ішкі қабатын тіласты сүйек маңында тесіп, IV фасцияның висце-ральды, париетальды жапырақтарының арасымен мойынның кеңірдек маңының клетчаткасына тарайды. Кеңірдек пен мойынның қантамыр-жүйке жүйесінің фасция аралығымен ірің алдыңғы көкірек қуысына төмен түседі. Одонтогенді флегмонада артқы медиастенит өте сирек дамиды. Артқы көкірек аралығына ірің паратонзиллярлы абсцесс кезінде омыртқаның алдыңғы клетчаткалы кеңістігі арқылы жайылады. Артқы көкірек аралығының инфекцияланатын екінші жолы мойын маңындағы клетчатканың флегмонасы кезінде тіндер өлеттеніп, ірің мойынның IV фасциясының висцеральды қабатын тесіп, өңеш маңындағы клетчаткаға тарап, артқы көкірек аралығына түседі.

Одонтогенді жанаспалы медиастениттің ағымы өте ауыр өтеді. Науқастың жалпы жағдайы бірден қатты нашарлайды. Дем алуы қиындағандықтан төсекте басын еңкейтіп отырады. Реактивтігі төмендегендіктен денесі ауырлап, ұйқысы келе береді, есі күңгірттенеді, кейде сандырақтайды, сирек жағдайда төсектен тұрып, палатадан қашып, көрінбейтін жауларымен сөйлесіп, солармен күресіп, ұрысады.

Ал, кей науқастарда эйфория жағдайы кездеседі: көңілі өте көтеріңкі болады. Эйфориядан кейін науқас есінен танып, өліммен аяқталады. Науқастардың дене қызуы 39-40°С болады (± 1—2°) Тамыр соғысы мину-тына 140-150 аритмиялы, әлсіз болады. Қан қысымы төмендеуі мүмкін. Ол жиі жағдайда қалпында болады.

Медиастенитке тән белгі — дем алуының бұзылуы, демікпе пайда болады (минутына 45-50 рет). Тынысы беткей, демін ішіне тартуы қысқа-рады, ал шығаруы 2-3 есе ұзарады. Көкірек қуысында ауыру сезімі пайда болады, жұтынуы қиындайды, кейін мүлде жұтына алмайды, кейде жөтелгенде қақырық бөлінеді, ол бара-келе көбейеді (тәулігіне 1,5 литр-ге дейін). Медиастенитке тән белгі — ұдайы жөтелу. Ол әрине көкірек қуысындағы ауру сезімді күшейтеді. Гирке белгісінде басын шалқайт-қан кезде көкірек қуысындағы ауыру сезімі күшейеді. Иванов белгі-сінде мойынның қантамыр-жүйке шоғырының бойымен сипаса немесе жоғары қарай тартса көкірек қуысындағы ауыру сезімі күшейеді. Равич-Шербо белгісінде демін ішке алғанда мойындырық ойық терісі ішке қарай тартылады. Н. Г.Попов мынадай жаңа белгі анықтаған, мысалы науқас төсекте аяғын созып жатқан кезде өкше сүйегін қағып тексерсе кеудесінде ауыру сезімі және жөтел пайда болған. Науқастардың төсі, қабырғалары ауырады. Бет, мойын, кеудесінің терісі көкшіл тартып, ісініп, мрамор түстес болады. Кейде мойын және кеуденің теріасты клетчат-касында газдың пайда болуынан басқанда сықырлайды.

Одонтогенді медиастенит кезінде рентгеннің, электрокардио-грамманың және таңдайды қағып тексерулердің мәліметтері нақтама-диагнозды анықтауға жеткіліксіз болады, тек соңғы кезеңдерде көмектеседі.

Рентгенде 3 проекцияда түсіру қажет (алдынан артқа қарай, бүйірінен, қиғаш).

Жанаспалы одонтогенді медиастениттің патологиялық, анатомиялық түрлерін-формасын-сарысулы, іріңді, іріңді-өлеттенген, шіріп-іріңдеген, шіріп-өлеттенген және шіріген — ажыратады.

Ағымы көбінесе жедел, кейде жеделдеу. Ағымында бірнеше кезеңдер болады: компенсаторлы, субкомпенсаторлы, декомпенсаторлы, ал кейде өте жылдам өтуі мүмкін.

Компенсаторлы кезеңде жалпы жағдай нашарласа да, жергілікті белгілер болса да өмірге қажетті ағзаларда айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Субкомпенсаторлы кезеңінде орталық жүйке жүйесінің жүрек-қан тамырларының және бөліп шығаратын ағзалардың қызметтері бұзылады.

Декомпенсаторлы кезеңінде өмірге қажетті ағзалардың қызметтері бұзылады, дененің өте қатты улануы байқалады. Жергілікті өзгерістерден жалпы белгілері басым болып, науқас «кома» немесе «агония» жағдайында болады, одан шығарып алуға мүмкіншілік болмайды.

Іріңді медиастенит кезінде біріншілік емі— хирургиялық. Емді дұрыс жүргізу және инфекция тарау жолдарын айқын болжау үшін бет-жақ аймақтың, мойынның, көкірек аралығының анатомиялық, топографиялық ерекшелігін, бір-бірімен байланысатын жолдарын білу қажет.

Жанаспалы одонтогенді медиастенитте хирургиялық ем — Розумовский ұсынған орталық және бүйір медиастенотомия отасы жиі қолданылады. Көкірекаралыққа жету үшін тілікті мойындырық ойығы арқылы немесе жиі қолданылатын төс-бұғана-емізікше бұлшықеттің алдыңғы шетінен (бетінен) кеңірдекті ала отырып жасалатын әдісті қолдануға болады. Бұл әдісті жүргізгенде төс-бұғана-емізікше бұлшықеті фасциясының алдыңғы ішкі қабырғасын тіліп ашқаннан соң қантамыр-жүйке талшықтарын сыртқа қарай, ал қалқанша без бен сәйкес бұлшықеттерді ішке қарай ысырады. Кеңірдектің бүйір және алдыңғы бетінен алдыңғы көкірек қуысына, ал өңештің бойымен артқы көкірек қуысына жетуте болады. Мойын медиастинотомия бет-жақ аймағының біріншілік іріңді ошақтарымен бірге кең ашылуы тиіс. Көмекейге ісік тарағанда немесе ісікпен қысылғанда трахеотомия жасалуы қажет. Медиастинотомия жасалынған соң 7-10 күн науқастың аяқ жағын көтеріңкіреп жатқызу қажет. Көкірек қуысын ұдайы антибиотик ерітіндісімен жуып, электр сорғышпен, шприцпен немесе вакуум-дренажбен сорып алып тұру қажет.

Медиастениттен кейін науқас сауығып кетуі мүмкін, кейде қабыну жеделдеу фазасына өтеді, ал кейде өліп кетеді.

Бет-жақ аймағының қабыну ауруларының ең жиі кездесетін және күрделі асқынуы — бет-веналарының тромбофлебиті, жиі жағдайда ми сауытының венозды синустарына тарайды.

Бет-жақ аймағының тромбофлебиті— венаның және оны қоршаған тіндердің жедел қабынуы мен тамырішілік тромбозы.

Одонтогенді инфекциядан тромбофлебиттің дамуына организмнің қарсыласу күшінің төмендеуі, суық әсер етеді.

Тромбофлебит жиі жағдайда бет шиқанының, көршиқанының және самайасты, қанатша-таңдай шұңқырының флегмонасының асқынуы болып табылады.

Тромбофлебиттің дамуына бірнеше факторлар әсер етеді: бет-жақ аймағының инфекциясы кезінде тіндердің ыдырауынан пайда болатын аутоаллергия және микробты аллергия вена эндотелийінің қабынудан және жарақаттан зақымдануы, әсіресе сезімталдығы организмінде, тамырішілік қанның ұюына және тромбоздың дамуына жағдай тудырады (Балуда В. И. 1975), стафилакокктың агрессивті экзотоксины организмнің арнайы емес реактивтігін төмендетеді, ал аллергиялық реактивтігін жоғарлатады.

Бет, мұрын қуысының және қанатша-таңдай шұңқыры веналарының, көз шарасының — бұрыштық, жоғарғы, төменгі көздік веналары арқылы ми сауытының үңгірлі синустарымен байланыста екенін есте сақтау керек.

М. А. Сресли (1957) бет веналарының қан ағысы өзгерісінің мүмкін екендігін дәлелдеген.

Қалыптағы жағдайда көз шарасынан қан бет венасына ағады, ал тромбофлебит кезінде бұрыштық вена арқылы көз шарасына қарай ағады.

Тромбофлебиттің клиникасы. Бет немесе бұрыштық венаның бойында қатты ісіну, ұйыспа-инфильтрат пайда болады, бастапқы кезде қатты ауырып сипағанда «таспа» тәрізді білінеді. Терісі қызарып көкшіл тартады, ісіну ұйыспа-инфильтраттың шегінен асып тарайды. Жиі жағдайда қабыну ошағынан теріасты кеңіген веналар радиалды жан-жаққа тарағаны көрінеді. Науқас организмінің улануы байқалады: дене қызуы өте жоғары болып, қалтырайды, әлсіздік пайда болады, қатты терлейді, науқас бозарып, кейде есекжем пайда болады. Қан анализінде-лейкоцитоз, формуласы солға жылжиды. ЭТЖ өте жоғары т. б.

Гемостаздың (қан ұюының) бұзылуы тромбофлебиттің дамуында ерекше орын алады. Гемостаз үш кезеңде өтеді: бірінші кезеңде - қанда, тінді тромбопластин құрылады, екінші кезеңде — тромбопластиннің әсерінен қан протромбины тромбинге айналады, үшінші кезеңде — тромбиннің әсерінен қанның фибриногені фибрин-мономеріне, ал ол фибрин-полимерге ауысады. Олардың бір-біріне (мономердің полимерге) ауысуы плазмадағы, тромбоциттегі, венаның қабырғасындағы және басқа тіндердің құрамындағы XIII фактордың әсерінен болады, Фибрин-мономерден құралған қан ұйығы қанның плазминімен жеңіл ериді, соның әсерінен қан тамырларында қанның жүруі сақталады немесе қалпына келеді. Егер қан ұйығы фибринполимерге айналса, онда қан тамырында тромб пайда болады, себебі фибринполимер плазминде ерімейді. Бет-жақ аймағының тромбофлебитінде гемостазда өзіне тән өзгерістер болады, мысалы: Венозды қанның ұю уақыты қысқарады, қанда фибриноген көбейеді (5-7-ден 10-12 мг/мл Мигабели әдісімен).

Б-фибриноген фракциясы пайда болады- тромбиннің индикаторы қалыпты жағдайда қанда болмайды. XIII фактордың күні артады, фибринолиз төмендейді. Осындай өзгерістер гемостаздың гиперкоагуляцияға қарай ауысқанын көрсетеді, ол тромбозға сәйкес келеді.

Тромбофлебиттің бастапқы кезінде немесе 3-4 тәулік аралығында септикопиемия пайда болуы мүмкін, ішкі ағзаларда өкпеде, бауырда, мида абсцесстер пайда болады.

Емі.Тромбофлебиттің емі жедел болуы тиіс -септикопиемияның алдын алу, қабынудың жайылуын тоқтату және гемостазды қалпына келтіру үшін шаралар қолдануы тиіс.

Сызба-схема:

1. Тромбофлебиттің бірінші белгілері пайда болғаннан қабыну ошағынан эксудатты сеуіп микрофлораны зерттеп, оның қандай антибиотикке сезімталдығы бар екенін анықтау қажет. Венадан қан алып коагулограмманың көрсеткіштерін анықтау және бактериемияны тексеру қажет.

2. Инфекциямен күресу үшін кең спектрлі антибиотиктер, стафилококқа қарсы глобулин, гипериммунды плазма, стафилакоккты анатоксин жіберіледі.

3. Улануға қарсы ем:гемодез 400-500 мл, 5% глюкоза ерітіндісі «С» витаминімен күніне 2 рет. Рингер ерітіндісі 100 мл, кокарбоксилаза, витаминдер. Жүрекке күш түсірмеу үшін жіберілген ерітіндінің мөлшері шығарылған несептің мөлшерімен сәйкес болуы тиіс.

4. Тромбофлебит ауыр түрде өткен кезде негіздік-қышқылдық тепе-теңдік бұзылып ацидоз пайда болғандықтан 200-400 мл 2-4% натрий гидрокарбонатын венадан 1-2 күн аралығында жіберу қажет.

5. Эритроцит, гемоглобин саны азайса жұмасына 1-2 рет гепаринмен бірге қан құю қажет.

6. Сезімталдықты төмендету үшін 1% димедрол, 10% кальций глюконаты, 10% хлорлы кальций тағайындау қажет.

7. Абсцесс пайда болса, іріңдіктерді ашып жуып антисептиктермен, ферменттермен (химотрипсин) жолақ қойып емдеу қажет.

8. XIIIфактордың күшін төмендету және фибринолизді күшейту үшін никотин қышқылын күніне 0,05 гр 1-2 рет тағайындау қажет.

9. Қан ұюды азайту үшін 4-6 сағат аралығында қан ұю уақытын бақылай отырып, бірден венаға 2500-5000 мөлшерде гепарин жіберілуі тиіс, ал аздап төмендегеннен кейін бұлшықет арқылы жіберіледі.

Егер гепариннің мөлшері асып кетсе жарадан қан кетуі мүмкін және несеп анализінде эритроциттердің пайда болуын бақылау қажет. Антикоагулянттар бірден еммен шығарылып тасталынбайды, оның дозасын бірте-бірте төмендетіп алу қажет.

Егер бет венасының тромбофлебитімен науқас уақтылы қаралмаса немесе уақтылы дұрыс ем қолданбаса ми сауытының үңгірлі қуыстарына өтіп кетуі мүмкін. Қабыну өте тез дамуы мүмкін, бірнеше сағаттың ішінде инфильтрация тез ұлғайып, қабақтары ісініп хемоз, экзофтальм пайда болады. Экзофтальм екінші көзіне өтуі мүмкін. Көз алмасының қимылы шектеледі. Бұл тромбоз кезінде неше түрлі асқынулар кездеседі: менингит, көз қимылдату бұлшықетінің салдануы, көру жүйкесінің семуі, сол себепті көрудің төмендеуі, бет жүйкесінің салдануы және т. б.

Емі. Бет веналары тромбофлебитінің еміне сәйкес болады: антибиотиктерді — жалпы ұйқы артериясы арқылы жібереді.

Н.А.Груздевтің мәліметі бойынша, үңгірлі қуыстардың сепсисті тромбозында антибиотиктерді артерия арқылы жіберсе өлім жағдайы әжептәуір төмендейді.

Тұжырым:Сепсис жағдайында іріңді қабыну ошағынан микроорган-измдердің қанға үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл түсіп тұруынан пайда болады. Бұнда жергілікті өзгерістерге сәйкес емес жалпы ауыр бұзылыстар және әртүрлі ағзалар мен тіндерде жаңа іріңді ошақтар пайда болады.

Сепсистің бастапқы кезеңде анықтау өте қиын, айтылған белгілер біріншілік одонтогенді іріңді процесстің ауыр өтіп жатқан жағдайымен байланыстырылуы мүмкін. Бірақ, сепсис басталған кезде науқастың жалпы жағдайы нашарласа да жергілікті іріңді процессте айтарлықтай өзгеріс болмайды. Жергілікті өзгерістер мен науқастың жалпы жағдайының арасындағы қайшылығы дәрігерді ойландыруы керек. Сондықтан науқасты тез толық тексеріп септикопиемия яғни екіншілік метастазды абсцесстердің басқа ағзаларда бар-жоғын анықтау керек. Ең жиі, әсіресе балалардың арасында септикопиемия, стафилаккокты пневмония, менин-гоэнцефалит кездеседі. Бет-жақ аймағының жедел одонтогенді инфек-циясының ең бір ауыр асқынуларына медиастенитжатады. Ол инфек-цияның көкірек аралығына енуінен пайда болады. Бұл туралы оқулықтарда айтарлықтай көңіл бөлінбеген, бірақ бұндай асқынулардың кездесуі сирек емес. Бұндай жағдайда дәрігер шұғыл емдік шараларын қолдану шарт. Себебі науқастың хал-жағдайы өте ауыр, өмір-тіршілік үшін күрес кезінде қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалану керек.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Сепсис(грекше-шіру)- дегеніміз не?

А) қанның залалдануы.

Б) лимфа түйіндерінің қабынуы

В) лимфоциттердің қабынуы

Г) жүйке жүйесіндегі бұзылыстар

Д) адам ағзасындағы әлеуметтік жағдай

2. Жалпы іріңді инфекцияның ағымы ....... өтеді:

А) 6 кезеңде

Б) 5 кезеңде

В) 4 кезеңде

Г) 3 кезеңде

Д) 1 кезеңде

3. Бет-жақ аймағының жедел одонтогенді инфекциясының

асқынуларына.........

А)медиастенит жатады

Б) бурсит жатады

В) миозит жатады

Г) хондрит жатады

Д) остит жатады

4. медиастениттің келіп шығуына сипаттама беріңіз

А) инфекцияның көкірек аралығына енуінен пайда болады.

Б) инфекцияның бас бөлігі аралығына енуінен пайда болады.

В) инфекцияның іш аймағы аралығына енуінен пайда болады.

Г) инфекцияның мойын бөлігі аралығына енуінен пайда болады.

Д) инфекцияның Гаймор қуысы аралығына енуінен пайда болады.

5. одонтогенді алдыңғы медиастенит дамуына сипаттама беріңіз.

А) Алдыңғы көкірек аралығы мойынның жүйке-қан тамырларының

бойымен жұтқыншақ кеңістігінің артқы бөлігімен қатынасады, сол жол

арқылы инфекция жайылып

Б) жұтқыншақ кеңістігінің артқы,алдыңғы бөлігімен қатынасады

В) мойынның жүйке-қан тамырларының алдыңғы бөлігі қатынасады

Г) сол жол арқылы инфекция жайылып, алдыңғы бөлігі қатынасады

Д) Алдыңғы көкірек аралығы, артқы,алдыңғы бөлігімен қатынасады

6. Одонтогенді флегмонада артқы медиастенит ...... дамиды.

А) өте сирек

Б) жедел

В) жеделдеу

Г) жиі

Д) өте жиі

7. артқы медиастенит дамуына сипаттама беріңіз.

А) Артқы көкірек аралығына іріңді паратонзиллярлы абсцесс кезінде

омыртқаның алдыңғы клетчаткалы кеңістігі арқылы жайылады

Б) Артқы көкірек аралығына, жоғарғы жақ кеңістігі арқылы жайылады

В) омыртқаның алдыңғы клетчаткалы, бас терісі арқылы жайылады

Г) іріңді паратонзиллярлы абсцесс, мұрын кеңістігі арқылы жайылады

Д) жоғарғы жақ Гаймор қуысы кеңістігі арқылы жайылады

8. Медиастенитке тән белгілер ......... пайда болады

А) дем алуының бұзылуы, демікпенің

Б) тамақтану, іш кету

В) мұрыннан қою сұйықтықтың бөлінуі

Г) құлақтың есіту қабілетінің нашарлау

Д) маңдай бөлігінде ақаудың пайда болуы

9. Медиастенитке тән белгілер ......... пайда болады

А) көкірек қуысында ауыру сезімі, жұтынуы қиындайды,

Б) бас бөлігінде, көрудің қиындауы

В) қарақұс бөлігінде, есітудің қиындауы

Г) шүйде бөлігінде, жұтынудың қиындауы

Д) самай бөлігінде, жөтелудің қиындауы

10. Медиастенитке тән белгілер ......... пайда болады

А) жөтелгенде қақырық бөлінеді, ол бара-келе көбейеді

Б) қарақұс бөлігінде, есітудің қиындауы

В) шүйде бөлігінде, жұтынудың қиындауы

Г) самай бөлігінде, жөтелудің қиындауы

Д) бас бөлігінде, көрудің қиындауы

11. Медиастенитке тән белгілер ......... пайда болады

А) ұдайы жөтелу

Б) ұдайы құсу

В) ұдайы мұрыннан қан кету

Г) ұдайы құлақ тесігінен ірің ағуы

Д) ұдайы ауыз қуысының жабылмауы

12. Гирке белгісінде ......... ауыру сезімі күшейеді.

А) басын шалқайтқан кезде көкірек қуысындағы

Б) самай бөлігінде, жөтелудің қиындауы

В) ұдайы жөтелу

Г) ұдайы мұрыннан қан кету

Д) бас бөлігінде, көрудің қиындауы

13. Иванов белгісінде ........ ауыру сезімі күшейеді.

А) мойынның қантамыр-жүйке шоғырының бойымен сипаса немесе

жоғары қарай тартса көкірек қуысындағы

Б) жөтелгенде қақырық бөлінеді, ол бара-келе көбейеді

В) ұдайы құлақ тесігінен ірің ағуы

Г) ұдайы ауыз қуысының жабылмауы

Д) басын шалқайтқан кезде көкірек қуысындағы

14. Равич-Шербо белгісінде ........... ішке қарай тартылады.

А) демін ішке алғанда мойындырық ойық терісі

Б) ұдайы жөтелу

В) жөтелгенде қақырық бөлінеді, ол бара-келе көбейеді

Г) ұдайы мұрыннан қан кету

Д) басын шалқайтқан кезде көкірек қуысындағы

15. Н. Г.Попов белгісінде..... кеудесінде ауыру сезімі және жөтел

пайда болған.

А) науқас төсекте аяғын созып жатқан кезде өкше сүйегін қағып

тексерсе

Б) демін ішке алғанда мойындырық ойық терісі

В) басын шалқайтқан кезде көкірек қуысындағы

Г) демін ішке алғанда мойындырық ойық терісі

Д) басын шалқайтқан кезде көкірек қуысындағы

16. Науқастардың ...... ауырады.

А) төсі, қабырғалары

Б) аяғы,басы

В) қолы, көзі

Г) мойны, іші

Д) аяғы, іші

17. Бет, мойын, кеудесінің терісі .........түстес болады.

А) көкшіл тартып, ісініп, мрамор

Б) ақ, бозарған

В) қара, ісінген

Г) сұр, жалпақтау

Д) ақшыл, жайылған

18. мойын және кеуденің теріасты клетчаткасында ...... сықырлайды

А) газдың пайда болуынан басқанда

Б) қабынудың әсерінен

В) ұйыспа тығыздалып қалады

Г) іріңді заттардың тығыздалып қалуы

Д) серозды заттардың тығыздалып қалуы

19. медиастенит ағымы көбінесе ................ болады:

А) жедел, кейде жеделдеу.

Б) өткір, созылмалы

В) созылмалы, жедел

Г) кейде жеделдеу, серозды

Д) жедел, іріңді

20. медиастениттің ағымында ...... кезеңдер болады:

А) компенсаторлы, субкомпенсаторлы, декомпенсаторлы, өте жылдам

өтуі

Б) іріңді заттардың тығыздалып қалуы

В) серозды заттардың тығыздалып қалуы

Г) ұйыспа тығыздалып қалады

Д) кейде жеделдеу, серозды

21. Компенсаторлы кезеңде жалпы жағдай нашарлайды ......

айтарлықтай өзгеріс болмайды.

А) жергілікті белгілер болса да өмірге қажетті ағзаларда

Б) жалпы жағдай күрт өзгереді

В) жергілікті жағдай өмірге қажетті ағзаларда өзгерген

Г) жалпы жағдай өмірге қажетті ағзаларда бұзылған

Д) өмірге қажетті ағзалардың бұзылуы байқалады

22. Субкомпенсаторлы кезеңінде .... ағзалардың қызметтері бұзылады.

А) орталық жүйке жүйесінің жүрек-қан тамырларының, бөліп

шығаратын

Б) өмірге қажетті ағзалардың қызметтері бұзылады

В) өмірге қажетті ағзалардың бұзылуы байқалады

Г) жергілікті жағдай өмірге қажетті ағзаларда өзгерген

Д) жалпы жағдай өмірге қажетті ағзаларда бұзылған

23. Декомпенсаторлы кезеңінде .......... байқалады.

А) өмірге қажетті ағзалардың қызметтері бұзылады, дененің өте қатты

улануы

Б) жалпы жағдай өмірге қажетті ағзаларда бұзылған

В) жергілікті жағдай өмірге қажетті ағзаларда өзгерген

Г) өмірге қажетті ағзалардың бұзылуы байқалады

Д) науқас «кома» немесе «агония» жағдайында болады

24. Декомпенсаторлы кезеңінде .......... байқалады.

А) Жергілікті өзгерістерден жалпы белгілері басым болып, науқас

«кома» немесе «агония» жағдайында болады,

Б) жалпы жағдай күрт өзгереді

В) жергілікті жағдай өмірге қажетті ағзаларда өзгерген

Г) жалпы жағдай өмірге қажетті ағзаларда бұзылған

Д) орталық жүйке жүйесінің жүрек-қан тамырларының бұзылуы

25.Іріңді медиастенит кезінде біріншілік ......... емі

А) ота-хирургиялық

Б) отасыз-ем

В) рентген-ем

Г) физио-ем

Д) зертханалық-ем

26. Жанаспалы одонтогенді медиастениттің патологиялық,

анатомиялық ........... түрлерін ажыратады.

А) сарысулы, іріңді, іріңді-өлеттенген, шіріп-іріңдеген, шіріп-

өлеттенген, шіріген

Б) іріңді-өлеттенген, фиброзды

В) сарысулы, іріңді, серозды

Г) шіріп-іріңдеген, шеміршекті

Д) шіріп-өлеттенген, бұлшықетті

27. Гемостаздың (қан ұюының) бұзылуы ........... дамуында ерекше орын

алады.

А) тромбофлебиттің

Б) артриттің

В) хондриттің

Г) альвеолиттің

Д) невриттің

28.Гемостаз ....... өтеді

А) үш кезеңде

Б) екі кезеңде

В) бес кезеңде

Г) төрт кезеңде

Д) жеті кезеңде

29. Бет немесе бұрыштық венаның бойында ..... ұйыспа-инфильтрат

пайда болады,

А) қатты ісіну

Б) үсуден

В) қорқудан

Г) естен тану

Д) есін жоғалту

30. Бет немесе бұрыштық венаның бойында ....... білінеді.

А) бастапқы кезде қатты ауырып сипағанда «таспа» тәрізді

Б) кейіншелік сорылып кетеді

В) қатты ұйыспа күйінде қалады

Г) борпылдақ тінге ұқсайды

Д) бұлшықтті өзгеріске ұшырайды

 

XIV ТА Р АУ