Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.

Негізгі себебі орталық нерв жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы көбінесе 46-60 жас арасындағы әйелдерде кездеседі (3:2).Бұндағы басты себеп қан жүйесі және ішкі бездер жұмысы-ның өзгерістері болып есептеледі.

Клиникасы. Үшкүл жүйке тармақтарының бірінде немесе бірнешеуін-де ұстамалы азапты аурудың пайда болуы.

Ауру ұстамасы бірнеше секунттан бірнеше минутқа дейін созылып, ол бірқатар науқаста бір тәулік ішінде бірнеше рет, ал басқаларында жиі-жиі қайталанады.

Ұстамалы ауру күйдіргендей, оқпен атқандай, жұлып алғандай, кесіп, тығып алғандай, «электр тогымен ұрғандай» т. б. болып сипатталады. Олар кенеттен басталып кенеттен тоқтайды. Ұстама аралығында әдетте ауырмайды. Бірақ ұзаққа созылған (бірнеше айлар, жылдар) аурулар кезінде белгісіз аумақта сипауға болмайтын ауырсынулар пайда болады.

Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілі біртригерлік немесе алгогендікдеп аталатын аймақты қоздырғанда пайда болады. Бұл аймақты «шүріппе аймағы» деп те атайды. Олар бет, терісінде, ауыз қуысының кілегей қабығында, тіптен тістерде де орналасуы ықтимал. Бұл нүктелерді сәл ғана сипаса, тіптен аздап жел тисе болғаны ауру ұстамасы басталып кетеді. Сол себептен ұстама кезінде бұл науқастар сөйлей алмай, ауру қоздыратын нүктені тек саусақпен нұсқап көрсетеді.

Науқас ұстама кезінде үрейлі қорқыныш сезімімен бір орнында жылжымай тұрып қалады. Ауырған нүктені қатты басып уқалай бастайды. Өйткені қатты қоздырғыш ауыру сезімін басады. Үшкүл жүйке вегетативті түйіндермен байланысты болғандықтан ауру ұстамасы кезінде вегетативті жүйке жүйесі жұмысының бұзылу белгілері байқалады. Олар жалпы бет терісінің қызаруы (гиперемия), тер шығу (терлеу), жүрек соғуының жылдамдауы, жас ағу, сілекей көбею, ринорея т.б. көріністермен сипат-талады.

Көбінесе ұстама кезінде мимикалық шайнау бұлшықеттерімен қатар, мойын еттері рефлекторлы жиырылуы мүмкін. Ұстаманың алдында (30-35%) парестезия, бет жыбырлау, тісте және жақ сүйектерінде сыздағандай ауыру, жансыздану, гипергидроз, «тіс ұзару», ыстық немесе суық әсері; қышыну, беттің қызаруы тәріздес көріністер пайда болады. Бұлар бірнеше күннен 1,5 айға созылады. Сондықтан осы арада науқастар тіс жұлғызу, басқа стоматологиялық әрекеттер жасатуға стоматологтарды мәжбүр етулері мүмкін. Нақты-объективті белгілердің қатарына Ваилл нүктелерін басқанда пайда болатын ауырсынулар жатады.

Үшкүл жүйкенің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тар-мағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының нақтамасын-диаг-нозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процесстерінің белгілері болуы мүмкін.

Негізінде невралгия тек біржақты болады, кейде екіжақты да кездеседі.

Емі.Емдеу әдістері отасыз-консервативті және хирургиялық болып бөлінеді.

1. Дәрілер арқылы емдеу тәсілдерінде тырысуға қарсы (финлепсин, тегретол, стазепин), антидепресанттар, седативті препараттар, ми қан айналымын күшейтетін, спазмалитиктер, қан тамырларын ұлғайтатын, никотин қышқылы, алоэ т. б. дәрілер қолданылады.

2. Физикалық әдістер: Дарсонвализация, Бернар тогі, электрофорез, иглорефлексотерапия.

Отасыз-консервативтік әдістер нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық әдістерді қолданылады.

1. 0,5-1% новокаин немесе тримикаин ерітінділерін нерв шығатын тесіктерге жеткізу арқылы инъекциялық емдеу. Ол үшін 5 мл ерітінді жетісіне 2-3 рет, курсына 15-20 инъекция жасау.

2. Гемоновокаин тежеу-блокадасын жасау. Ол үшін гепаринделген 20 мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0,5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5-10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.

3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған жүйкені шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте жүйкенің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер жүйке өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайта-ланады.

4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95-100° суды үшкүл жүйкенің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.

5. Қазіргі кезде жүйке шығатын сүйек тесіктерін кеңейту отасы кеңінен қолданылып келеді. Ал жүйке бағанын кесу отасын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.

Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке невралгиясы.Бұл невралгия патологиялық процесстердің үшкүл жүйкенің әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда болады. Оның орталық жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясынан келесі клиникалық айырмашылықтары бар.

1. Әдетте ауыру сезімі патология орналасқан аймақтан басталады (ісік, қабынған жерде, жарақат т.б.).

2. Үшкүл жүйке тармақтарының бойымен таралатын ауыру сезімі ұстамадан бұрын науқасты көп уақыт өте қажытады.

3. Ауру ұстамасы күшейіп көпке (сағат, тәулік) созылып бірте-бірте баяулайды.

4. Новокаин және спирт-новокаин тежеу-блокадалары аз уақытқа ұстаманы тоқтады, кейін қайта басталады.

5. Аналгетиктер жақсы терапевтік әсерін тигізеді. Ал фенлипсин, тегретол қабылдағанда, олардың нәтижесі аз, кейбір науқастарға ешбір әсер етпейді.

6. Жұмсақ тіндер қозғалмайды және алгогендік (шүріппе) нүктелер жоқ.

7. Тригиминалды синдромның себебін жойғанымен ұстамалы ауыру сезімі тоқталмайды. Бұл жағдайдың мәнісін В, Н. Крижановский (1976) эксперимент арқылы шешті. «Қандай бір невралгияның түрі болмасын ол соңғы кезеңінде себепті түрде орталық жүйке жүйесіне ауысады» деп жазды. Бұл өте қажет тұжырым, өйткені стоматолог өзінің күнделікті жұмысында түсініксіз жағдайға кезігеді. Аурудың себебін, мысалы ауру тісті жұлғанмен, науқас ауыру сезімімен дәрігерге қайта келеді.

Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке жүйесі невралгиясының келесі негізгі түрлері: одонтогенді үшкүл жүйке жүйесі невралгиясы, тіс плексалгиясы, герпестен кейінгі үшкүл жүйке жүйесі невралгиясы, Гассер түйінінің бұзылуынан болған невралгия, үшкүл жүйке жүйесінің басты тармақтарының невралгиясы.

Одонтогенді үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы.Бұл көбінесе 60-70 жастар аралығындағы әйелдерде кездеседі. Невралгияның басты себептері: тістің қиын жұлынуы (көбінесе «ақыл» тіс); тіс ұясында түбір немесе сүйек жарқыншағьшың қалуы; пульпит, периодонтит; ауыз қуысында гальванизм құбылысы, ауыз қуысының кілегей қабығын зақымдайтын немесе тістесуді бұзатын нашар салған бітемелер-пломбалар мен протездер; парадонтит, гингивит.

Одонтогендік невралгияның негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру сезімі. Науқас ауыру сезімінің мына түрлеріне шағым жасаулары мүмкін: сыздау, сырқырау, шаншу, қышу. Ауру адамды қатты қинайды.

20 минуттан бірнеше сағатқа тіптен тәулікке созылатын ұстама пайда болады. Ауыру сезімі біртіндеп күшейіп барып басылады.

Ауыр жұмыс, ауа райы, жағымсыз жағдайлар ауыру сезімін қоздырады. Ұстама аралығында аздап сыздап ауыру сезімі қалады.

Емі.Аналгетиктерді транквилизаторлармен қосып тағайындаумен қатар, В және С тобындағы витаминдер, КІ электрофорезі, ұстама кезінде вегетативтік белгілер пайда болуы мүмкін. Ауыру сезімі тек бір жүйке иннервациялайтын аумаққа тарайды. Оны дентальды плексалгия деп 1973 жылы В. А. Гречко енгізді. Көбінесе 30-70 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Этиологиясы. «Ақыл» тістердің қиын жұлынуы, жақ сүйектеріндегі оталар, бір уақытта бірнеше тістердің жұлынуы, бітеме-пломба жасаған зат-тардың жүйке тіндерін зақымдауы т. б.

Ауыру сезімі тек тістерде немесе олардың орындарында пайда болып, басқа жақтарға таралмайды және үнемі сыздап ауырады, көбінде түнде басылады.

Одонтогенді невралгия мен дентальды плексалгия емдері кешенді. Ауруларды мұқият зерттеп, себеп болған факторларды жояды. Айта кететін жағдай, осыдан кейін ауыру сезімі басылмайды. Сондықтан науқастарға аналгетиктер, антигистаминді препараттар, В витаминдері тағайындалады. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже береді.

Физикалық әдістер ішінен диадинамика тогын, ультрадыбыс, УЖЖ-терапия, УКС, новокаинмен электрофорез тағайындауға болады. Айығу кезінде лаймен емдеу, парафин, озокерит биостимуляторлар (алоэ экстрактісі, шыны тәріздес зат) қолданылады.

Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылуы.Бұл аурудың негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм) болып табылады. Ми бағаны аймағында орналасқан ісік, қан жүйесінің бұзылуы, кене энце-фалиті, күшпен зақымдану салданудың негізгі себептері болып табылады.

Науқастарда шайнау бұлшықеттерінің салдануы ауырған жағын-да пайда болады. Ауызды ашқанда төменгі жақ ауырған жаққа қарай жылжиды. Көпке созылған аурудың әсерінен шайнау, самай бұлшықеттері солып, семеді. Оларды көзбен көріп, саусақпен ұстап анықтауға болады. Бұлшықеттердің көлемін сау жағымен салыстырып көрген жөн. Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылуы екіжақты болуы ықтимал. Ол кезде төменгі жақ қозғалысы шектеліп, төмен түсіп ауыз жабылмайды. Екіжақты зақымдану үшкүл жүйкенің орталық нейронының ядро үстіндегі жолының бұзылуынан болады. Бұл нейрон орталық мидың алдыңғы қатпарын үшкүл жүйкенің ми өткелінде орналасқан қозғалту ядроларымен қосады. Үшкүл жүйке жүйкесінің қозғалтқыш талшық-тарының қоздыру синдромы шайнау және самай бұлшықеттерінің қары-суымен сипатталады. Тризм үшкүл жүйке жүйкесінің невралгиясы қозуының, сіреспенің, құтыру ауруларының белгі-синдромының бірі болып есептеледі. Бірақ көбінесе бұл белгі бет-жақ аймағының бұл-шықеттерінің қабынуы және ішкі қанатша еттің жансыздандыру кезіндегі зақымдануынан болады. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды қинап, сіресіп, жиырылады. Төменгі жақтың қозғалуы шектеліп, тістері тістесіп, аурудың тамақтануы, сөйлеуі бұзылады. Ауыздың ұзақ уақыт жабылуына байланысты ауру жүдеп, әлсіреуі мүмкін.

Емді психотерапиялық әңгімеден бастаған жөн. Седативті, бұлшықет релаксанттарын тағайындайды. Ал шайнау бұлшықеттерінің қабынып қарысуында негізгі аурудың емі механо және физиотерапия.

 

Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)

Бұл аурудың себептері жарақаттану, жүйке маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық аурулар, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.

Негізгі клиникалық белгі тұрақты ауыру сезімі үшкүл жүйкенің ауруға шалдыққан тармағының иннервация жасайтын тіндерінде болып, тістерге, қызыл иекке, бет терісіне тарайды.

Нақты-объективті әдістермен тексергенде үшкүл жүйке тармақтары-ның сезімталдық қасиеті гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес болып табылады.

Емі.Үшкүл жүйкенің невритін емдеу әдістері оның келіп шығуына-этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған неврит-терді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Бүл жағдайда жүйкені қысқан сүйектен босатып, басқа заттарды алып тастау қажет.

Егер жүйке үзілсе оны бір-бірімен тігіп жалғастыру қажет. Неврит-тердің келіп шығуы-этиологиясы жалпы инфекциялық аурулар немесе аллергия, уланудан болса, онда оларға жалпы ем қолдану қажет.

Бет жүйкесінің невриті. Барлық сыртқы жүйке жүйесінің арасында бұл жүйкенің қабынуы 2-5%-ке дейін кездесіп, көбінесе әйелдер арасында болады.

Этиологиясы мен патогенезі. Топикалық нақтамасы-диагности-касының қойылуына байланысты «бет жүйкесінің невриті» терминінен көрі бет жүйкесінің салдануы (парез, паралич) деген дұрыс. Өйткені жүйке жұмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.

Неврит жүйке тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Жүйке тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін. Кейбір жағдайда отит, паратит ауруларының асқынуынан да пайда болады. Бет жүйкесінің салдануы төменгі жақ жүйкесін жансыздандырған кезде кенеттен пайда болуы мүмкін (нейроаллергия тәріздес).

Клиникалық белгілер көрінісі мимика еттері жұмысының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар адам денесіндегі жалпы сезімталдық және вегетативті қан тамырлары жұмыстарының өзгеруі белгілер көрінісі болуы ықтимал. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады және т. б. белгілер пайда болады.

Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының өзгеруі негізгі белгі болып табылады. Кәдімгі жағдайда бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ауырған жағына тартылады. Бұл жағдайда бет қатпарлары тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу қиындайды. Ұрттары үрленбейді. Көз шарасы кеңіп (лагофтальм), одан жас ағады да кейінірек көздің мүйізді қабығы құрғап, көру нашарлайды. Бұл айтылған құбылысты білудің блефорорафия отасын жасауда көп маңызы бар. Бірінші және екінші топтардағы қозғалыста блефорорафия жасауға болады, ал үшінші топтағы қозғалыста болмайды.

Құлақ манында және бетте пайда болатын жеңіл ауыру сезімі, гипостезия, гиперестезия, парестезия сезімтал жүйке жүйесі жұмысының бұзылу белгілері болып есептелінеді. Конъюнктиваның қызаруы, бет терісінің әркелкі боялуы, ауыз қуысы кілегей қабығының домбығуы, вегетативті қан жүйесі жұмыстарының бұзылу белгілері жатады.

Емі. Алдымен невритке себеп болған жалпы ауруды емдеу қажет.

Аурудың жедел даму уақытында қабынуға қарсы күресіп, дене қызуын басатын, ауыру сезімін жоятын дәрілер тағайындау керек. В тобындағы витаминдер, 0,015г прозерин тәулігіне үш мезгіл ішу. Немесе 0,05% прозерин ерітіндісін инъекция арқылы тері астына енгізу қажет. Оның сызбасы-схемасы 0,1 мл-бірінші күні, 0,2 мл екінші күні, сөйтіп 1,0 дейін, содан соң дозасын 0,9; 0,8; 0,7; ... 0,1 мл-ге дейін төмендетеді.

Невриттің патогенезді факторларының негізі тін домбығуы болғандықтан дегидротация терапиясын (фуросемид 40 мл) және кортикостероид препараттарын беру қажет. 3-5 күннен бастап физио-терапия тағайындаған жөн, оның ішінде УЖЖ, парафин, ультрадыбыс, йонофарез т. б. физиотерапия қабылдаған жөн, 10-15 күннен кейін маңдай терісін жиыру, қасты көтеру, көз жұму, тісті ақситу, ұртты толтыру сияқты мимикалық еттердің жұмысын жақсартатын емдеу гимнастикасын қолданып, оларға массаж жасау қажет. Иглорефлексо-терапия жақсы нәтиже береді.

Егер осы айтылған емдер 3 жылға дейін нәтижесіз болса, онда емші хирургиялық әдістер қолдануға мәжбүр болады. Олар келесі топқа бөлінеді;

1).Кесілген немесе жарақаттанған жүйке ұштарын бір-бірімен, микрохирургиялық құралдарды пайдаланып, тігіп жалғастыру.

2). Невриттің әсерінен төмен түсіп кеткен тіңдерді кинетикалық және статикалық әдістерді қолдану арқылы жоғары көтеріп сүйекке бекіту. М. Э. Ягизаров төмен түскен ауыз жұмсақ тіндерін тәжді өсіндіге асу және самай етін қолдануды ұсынды. Соңғы кезде бұл әдіс кеңінен қолданылып жүр және жақсы нәтиже беруде.

3). Бұл топқа ауырған жүйкенің ұшын басқа (тіласты, диафрагма, қосымша жүйкелер) қозғалтқыш жүйкелерімен тігіп жалғау.