Стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

 

болады. Осы кезді ұтымды пайдаланып, уақытша тіс салуға мүмкіншілік туады. Ал ортопедиялық емді тұрақты түрде 2,5-4 айда соңына жеткізуге тиіс. Ұяшыққа пластика жасаудың қарапайым түрі.Бір немесе бірнеше тіс-терді жұлған уақытта жәнеде ұяшықта кездесетін ақауларды жою мақсат-ында тістердің ұяшығына қарапайым пластика жасалады. Бұл жағдайда шырышты-сүйек асты қиынды ашып, зақымдалған сүйек тінін белгілейді. Борлардың, сүйек тістеуіктің, сүйек егеуінің көмегімен сүйек ақауларын ұяшық доғасының ішкі, сыртқы жақтарымен бірге қалпына келтіру шарт. Бормашинамен жұмыс істеген кезде ота орнын әртүрлі ерітіндімен жуып салқындатып тұру керек. Одан кейін ұяшыққа биозаттарды салып, егерде артық қалған жұмсақ тіндер болса, оны қиып алынады да үстін шырышты-сүйек асты қиынды жақсылап жауып тігіс салынады. СУРЕТ Ұяшықты пластика жасаудың ішкі ұяшықты перделі түрі.Бір немесе бірнеше тістерді жұлған кезде сүйек тіндері ұяшық доғасынан шығып тұрса, келешекте тіс салуға кедергі жасайтын болса, онда ол сүйек тіндерін алып тастап, ақауларын қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл жағдайда бірінші кез-екте жұлынған тістердің орнын сүйек тіндерін саусақтармен басып, қызыл иек тіндерін орнына келтірген жөн. Оны саусақтар арқылы орнына келтіре алмаса, онда қосымша құрал-жабдықтарға - борлардың, сүйек тістеуіктің, сүйек егеуінің көмегіне жүгіну шарт. СУРЕТ Жоғарғы жақ ұяшық өсіндісіндегі және төменгі жақ ұяшық бөліміндегі түзу болмаған, қисық ұяшық доғасынан шығып тұрған сүйек тіндерінің көлемін қысқарту және қалпына келтіру. Жоғарғы жақ ұяшық өсіндісін-дегі және төменгі жақ ұяшық бөліміндегі төмпешікті ойдым-ойдым болған сүйек тіндері мен ақаулары тіс салуға кедергі жасайды. Сондықтан бұл кедергілерді орнына келтіру үшін ұяшықты пластика жасаудың ішкі ұяшық-ты перделі түрін қалпына келтіру әдісін қолдану керек. СУРЕТ Жоғарғы және төменгі жақтарда кездесетін сүйек тіндерінің ұяшық доғасынан шығып тұруы және оны кесіп қалпына келтіру әдістері.

Жоғарғы және төменгі жақтарда өткізілген тіс жұлу отасынан кейін ұя-шық өсіндіде төмпешіктер, сүйек тіндері қалып-экзостоз, тіс салуға кедергі болуы мүмкін. Қалып қойған сүйек тіндерін сүйек қырыққыштарымен, бал-ғашаның және бордың т.б. көмегімен қалпына келтіру әдісін қолдану керек. Қалпына келтіру кезінде тегіс емес жерлеріне биологиялық заттар салып, одан үнемді пайдаланып тігіс салынады.

Атты таңдайдағы шығып қалған сүйек тіндерін кесіп қалпына келтіру әдістері.

Қатты таңдайда көлемі әр түрлі болған сүйек тіндері қалыпты жағдай-дан ауытқуы болып, анда-санда көп болмаса да ұшырап тұрады. Бұл өз кезегінде жоғарғы жаққа тіс салуға кедергі жасайды. Суретте көрсетілгендей етіп, тілік салып, сүйек тіндерін сүйек қырыққыштарымен, балғашаның және бордың т.б. көмегімен қалпына келтіру әдісін қолдану керек.

Жақ-тіласты сызығын қысқарту және оны кесіп алып тастау. Жақ-тіласты сызығы аймағын протездерді салу кезінде көптеген қиындықтар ұшырап тұрады. Біріншіден жақ-тіласты сызығы өткір болуы мүмкін, ол өз кезегінде ауру сезімі пайда болуына себепші болады-жарақаттайды, екінші-ден бұл жерге бұлшық еттердің талшықтары бекиді.

Иек төмпешігін және иек дөңесін қысқарту.Төменгі жақ сүйегінің семуі тіс протездерін тағуға болмайтын жағдайлар кездеседі. Себебі оған иек төмпешігі немесе иек дөңесі кедергі болуы мүмкін. Қалпына келтіру үшіниек төмпешігін және иек дөңесін қысқарту отасын қолданамыз.

Төменгі жақ білігін (торус) жұлу. Төменгі жақта білік (торус) көбінесе төменгі жақ денесінің ішкі жағында кіші азу тістер маңында жайласады. Оны жұлып алу немесе кесіп алу үшін жергілікті жансыздандыру жасалады. Білік орналасқан жерді тіліп және оны өте ұқыптылықпен жұлып немесе кесіп алынады.

Тісті жұлғаннан кейін ұяшық өсіндісін сақтап қалу. Бір немесе бірнеше тістерді жұлу кезінде жоғарғы және төменгі жақтарда ұяшық өсіндісінің сему болады. Жұлынған тістердің аймағында тіс ұяшығының сүйек тіндері жарақаттанып, жоғалуы мүмкін және ұяшық қырлары бірнеше бақытта (көлденең,тік және көлбеу) семиді. Оны ұқыптылық пен тегістеп, биологиялық заттармен орнын толтырып қалпына келтіріп тігіс салады.