Абайдың аудармалары

Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой — философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Сондықтан ұлы ақындардың өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық ұқсастықтар мен көркемдік бояу нақыштары жүрекке жағымды келеді. «Абай Лермонтов өлеңдерін аса бір ұқыптылықпен әрі ерекше сүйіспеншілікпен аударды. Әсіресе «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» сияқты Лермонтов шығармаларының ең үздігін алып аударған. Ал бұлардың бәрі орыс классиктерінің ішінде шеберлік жағынан теңдесі жоқ туындылар болып отыр» деген екен Абай аудармалары туралы кезінде Мұхтар Әуезов. Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан. Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады. Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді.

Абай аудармаларына ғалымдар қай кезде де оң пікірлерін беріп келеді. Мысалы, Қ.Бекқожин бұл туралы былай дейді: «Эти и подобные им Абаевские переводы воспроизводят художественные особенности Лермонтовских творений, сохраняют по возможности точно их содержание. «Кинжал», «Пленник», «Дары Терека», «Дума», «В альбом», «Больное сердце бьется тихо» - это те переводы, в которых мы можем особенно сильно почуствовать силу таланта Абая, тонкость его художественного восприятия, истинно поэтическую ценность переведенных им произведений». Қ.Бекқожин осындай ойдан кейін, Лермонтовты аудару арқылы Абай қазақ поэзиясында жаңа классикалық үлгіні дамытқанын айтады.

Абайдың ақындық толғамдарын саралап қарасақ, идеялық мазмұн мен лирикалық тебіреніс тарапынан үш-төрт сарынға жіктелер еді. Меніңше, бірінші бағытта — халықтың тағдырын, заманның бет-бейнесі өзекті орын алса, екінші тарапта — халықтың мінез-құлқын түзету үшін ақыл айту, яғни дидактикалық сарын және салт сипатындағы тоғышарлықты мінеу, сатира әуені жатады. Содан кейін осы бағыттағы өнеге, өсиет жырлары мен шындықтан жаңғырық таппағандықтан — өз замандастарынан, өз ортасынан түңілу, торығу, қасірет шегу саздары өзінше бір арна болып толқиды. Сахара бозбаласының лирикасы — бір сала. Ал Абай поэзиясының тебіренісі басым әуендер — өз ортасынан, топас қауымнан түңілу, замандастарының әсіресе, тұсындағы жас толқынның надандығын, білімсіздігін көріп торығу. Жалғыздық жапа шегу сарындарының Лермонтов әуендеріне үндес келіп тұрғандығы таң қалдырады.

Алдымен, Лермонтовтың осы сарынына беріле үн қосуын айтпастан бұрын Абай өзге де келелі шығармаларын аудармауының себебі не екен? деген сұрақ туындайды. Лермонтов шығармашылығындағы басты сарын — бас бостандығы болса, Абай аудармаларында мұндай ереуілді әуендер кездеспейді. Тек, «Жартастан қыз құлапты терең суға» дегені болмаса. Абай заманында, тіпті қазақ қоғамында, әйел мәселесі болмаса, жеке бастың бостандығы айырықша орын аларлық күйде болған жоқ. Құлдық, крепостнойлық секілді сұмдықтарды Абай көрмесе керек. Сондықтан мұндай сарын Абайды тебірентпесе керек. Абайға керегі, жүрегіне жақыны, жалғыздық, халық қамы:

Жарлы емеспін, зарлымын,

Оны да ойла толғанып,

Жұртым деуге арлымын

Өзге жұрттан ұялып…

деп «Отанымды сүйемін мен өзгеше» немесе «Қош, Россия сорынан арылмаған» деген Лермонтов сарынымен сабақтас күңіренеді.

Сатиралық пафос

Сатира терминінің шығу тарихын,этимологиясын әркім әрқалай түсіндіреді.Кей ғалымдар ежелгі гректержүзім шарабының табынушысы Дионистің ән салып,би билеп жүрген жол серіктерін «Saturos» деп атаған. «сатира»атауы сол сөзден шыққан.Басқа ғалымдар латынның «смесь» араласәр нәрсенің қосындысы, анау-мынау деген сөзінен басталады.Кейінірек Рим әдебиетшілер сынап-мінеушілерді,әшкерелеу сипаты бар шығармаларды «Сатира» д.а.Қазір бұл термин түрлі мағынада қолданыла береді.Біреулер әдебиеттің бір тегі деп түсінеді.1941жылы шыққан «Шетел тілі сөздігінде»: «Сатира-болмыстың жағымсыз құбылыстарын иащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі» Сатираның қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез бен әдеп, құлықтардыкүлкіге жығу,келемежге айналдыру сынды ниетпен жазылатыны жайлы пікірлер бір арнаға саяды.Ақын жазушылардың шығ бастан-аяқ күлкілі сатираға негізделген,сықақтық пафоспен жазылған таза сатиралық шығ әдебиеттің дербес бір тегін құрайды.Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің,суреттеп берудің өзіндік эстетикалық прициптері көркемдік әдістерң қолданылды.Сатирада ащы кекесін,күлкі ету,мазақ қылу,жоққа шығару,үкім айту тенденциялық пен қатаң әділдік,лирикалық сезіммен ғылыми талдау тоғысып жатады.І.Жансүгіровтың «Сары ала қыз пәтуасы» бөлімінде Шамалтай,Есентай,қажылар осылайша сатиралық әдіспен сүмірейте суреттелген.Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі»Жұман бай,Күрең көз қажытөңірегінде де талай сатира жүр.Сатира әшкерелеу пафосымен жазылған көркем шығарма.Сатира жанр түрінде де көріне алады.Қазіргі кезде фельетон,мысал, сықақ әңгәмелер сатиралық роман,повесть деп жүргеніміз сатираның жанрлық көріністері. З.Қабдолов: «Сатираны да жанр деп тануға болады»Сатираның көркем-публицистикалық жанрларына:Фельетон,памфлет; ал көркем прозалық жанрларына:сатиралық әңгіме, Құлиясовтың «Жарықтық тартынбайды» «Қара қалпақ» «Соңғы үкім» юморлық әңгіме,Е.Домбаевтың «сыйлық»сатиралық повесть,Е.Домбаев «Атылған қыз туруалы аңызда» «Жаман жәутікті ұсынды»сатиралық роман жатады.

 

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап,1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.

Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте манызды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.