Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз

 

Саясат субъектілері..

 

1. Тұлға саясат субъектісі ретінде.

 

2. Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.

 

3. Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы, қызметтері.

 

4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның келешегі.

 

Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады: 1) әлеуметтік 2) институционалды.Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. - Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады. - Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

 

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат. Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам. Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер. Саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер. Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. 3.Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптеріжатады. Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Азаматтық концепцияны зерделей келе оны Ренессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады. Тұлғаны бұрынғыдай тек діни тұрғыдан қарастырмай, қайта керісінше оның қоғамдағы ролін барынша қарапайым түрде түсіндіруге тырысты. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған. АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. 26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:

1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді. 2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. 3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм комунистік қоғамда мелекетте, саясат та, құқық та болмайды дейді. Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. 4.Жеке адамдардың құқықтарының жіктелуі. Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары негативтік, позитивтік, азаматтық , эканомикалық, мәдени болып жіктеледі.

Негативтік – бостандық, мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің, ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі. Азаматтық құқық – мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке жеке адамның дербес құқығы, ар-абыройы мен атағын, қадір-қасиетін қорғау қасиеті, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпияалығы, бір жерден екінші жерге еркін барып келуі, тұрақты қоныс таңдау, оның ішіне қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуі немесе қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.

Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады. Адам құқығын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады.

Большие социальные группы как главные субъекты политики. Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар да жатады. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені біздің әлемімізде үш мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Дүние жүзіндегі халықтардың 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 175 Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187 егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38 дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17 жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этникалық топтардан тұрады. Әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллионнан асады. Бұл келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселенің айрықша назар аударуды талап ететін күрделі де аса маңызды мәселе екенін көрсетеді. Оның ұзақ жыл бойы белсенді түрде жетілдіріліп келгеніне қарамастан қазіргі уақытта бұл мәселе жөнінде жаңаша ой толғау, оның қоғамдағы әрекеті мен ықпалын бағалауға да жаңа талаптар тұрғысынан қарау міндеті алға тартылуда. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы көптеген мәселелерді қамтиды. Олардың бәрінің бір мақалада жан жан-жақты қамту, оның түрлері мен өмірдегі терең ерекшеліктерін барынша толық пайымдау мүмкін емес.