II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

– Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқытып дұрыстығын анықтау.

– Біз не жайлы өтіп жатырмыз?

– Түбір, жұрнақ, жалғау, туралы түсініктерін қайталау.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақтың тақырыбын таныстыру.

2.Жалғау туралы ережені қайталау, жатқа сұрау.

3. Күн ретін, сынып жұмысын жазу.

Көркем жазу:кеншілер, кітаптар, емхана, балықшылар, оқушылар, малшылар, қобызшы, әнші, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгісін қою.

 

4.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

–Жаңбыр тамшыларының өшірілген жалғауларды тауып жазу.

Шахмат–тан, адам–ның, жер–де, пойыз–бен.

 

2-жаттығу.

–Мәтінді оқыту.

–Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, түбірі мен жалғауларын белгілеу

 

4-жаттығу.

–Жаңылтпашты оқу.

–Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жазу.

 

Түбір сөздер: көп, көк, ешкі. Жалғауы бар сөздер: шөпті, жейді.

 

5-жаттығу.

– Сурет бойынша мәтін құрастыру.

– Жазған сөйлемдердегі жалғауы бар сөздерді белгілеу.

 

Бүгін Алма мен Айдардың мамасының туған күні. Олар анасын туған күнімен құттықтап гүл сыйлады. Әкесі де өз сыйлығын ұсынды. Содан кейін туған күнге арналған дастарханға отырып, торт жеді. Анасы өз отбасы мүшелеріне риза болып, рахмет айтты.

 

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

–Бүгін біз не туралы өттік?

– Жалғау дегеніміз не?

–Жалғаудың сөзге қандай ықпалы бар екен?

–Жұрнақ пен жалғау қалай аталады?

– Олардың белгілері қандай?

 

V.Үйге тапсырма беру: 3-жаттығу. 120 бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

 

Тексерілді:

Күні:27.01.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Жалғау (3) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға жалғаудың сөз бен байланыстыру үшін қолданылатынын түсіндіру. Сөзді құрамына қарай талдау үйрету. Дамытушылығы: Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге дағдыларындыру. Сөздік қорларын молайту. Өздік жұмысты орындау дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Ұжымды жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату.

Армысың ару күн,

Армысың көк аспан.

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым дос.

 

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

– Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқытып дұрыстығын анықтау.

– Түбір, жұрнақ, жалғау, туралы түсініктерін қайталау.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақтың тақырыбын таныстыру.

2.Жалғау жұрнақ, түбір туралы ережені қайталау, жатқа сұрау.

3. Күн ретін, сынып жұмысын жазу. Шығармашылық диктант алу.

Тапқыр, табу, тапқыш, сусын, сушы, суда. Арбамен, арбакеш, арбалы, (туынды сөздердің астын сызу)

4.Оқулықпен жұмыс.

 

1-жаттығу.

-Жұмбақты көшіріп жазу.

-Жалғаулы сөздерді белгілеу.

-Жұмбақты шешіп жаттап алу.

3-жаттығу.

-Берілген сөздерге –ның, -нің, -дың, -дің жалғаулардың бірін жалғау.

-Сөйлем құрап жазу.

Астана- Есілдің бойында орналасқан әсем қала.

 

4-жаттығу.

-Берілген сөздерге жалғау жалғап сөйлем құрастыру.

1.Жамбыл қазақтың ақыны.

2.Айжан әжесімен ауылда тұрады.

3.Арман қалаға кетті.

4.Үсен арамен ағаш кесті.

 

5-жаттығу.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Өлең авторын таныстыру.

-Таң жалғауы бар сөздерді көшіріп жазу.

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

–Түбір дегеніміз не? ережесін жатқа сұрау

– Түбірге сөзге жалғанған бөлшекті қалай атаймыз?

–Қосымша нешеге бөлінеді?

–Жұрнақ днген не?

–Жұрнақтың сөзге әсері қандай?

–Жалғау дегеніміз не?

–Жалғаудың сөзге қандай ықпалы бар екен?

– Олардың белгілері қандай?

 

V.Үйге тапсырма беру: 2-жаттығу. 121 бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

Тексерілді:

Күні:28.01.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау (1) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға өткен тақырып бойынша түсініктерін пысықтау. Жұрнақ пен жалғауды сөз ішінен тауып ажырата білуге үйрету. Дамытушылығы: Ой-өрістерін, сөз құрамына талдау дағдыларын дамыту. Өздіктерінен жұмысты орындау дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Ұжымды жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.