II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

–Зат есім дегеніміз не? –Зат есімдерге қандай сұрақтартар қойылады?

–Зат есім түрлері қандай?

–Зат есім тұлғасы на қарай нешеге бөлінеді?

–Көптік жалғауларын ата.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу.

а)Сурет бойыншы жұмыс. Оқушыларға суреттегі заттардың санын анықтау.Оларды бір–бірінен айырмашылығын тапқызу.

ә)Ережені хормен оқыту.

б) Әр қатарға плакатта жазылған сөздер беріледі. Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге айналдыру. (Ауызша орындалады)

–Сөздерді жекеше түрден көпше түрге айналдыру үшін қандай жалғауларды жалғадық?

–лар–лер, дар–дер, тар–тер.

 

2.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Сөздік диктант жазу.

Айықтар, қала, қалпақ, қарындаштар, қасық, кемелер, сурет, бота, бағалар.

 

3.Сергіту сәті.

 

4.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

–Мәтінді оқыту.

–Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді көшіріп жазу.

–Мәтінге ат қою. (Қайын)

 

2-жаттығу.

–Өлеңді оқыту. Ж. Бақаев

–Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын анықтау.

–Төрт түлік мал туралы білетіндерін естеріне түсіру.

 

4-жаттығу.

–Сөйлемдерді оқыту.

–Көптік жалғауды зат есімдерді тауып, құрамына қарай талдау.

 

5-жаттығу.

–Жаңылтпашты оқытып, жаттау.

–Көптік жалғауы бар сөздерге сұрақ қою.

 

5.Ойын «Қатені түзе»

Қайықтар. Малшылар. Қасықтар. Шелектер. Алмалар. Оюлар. Кітаптар. Балықтар.

 

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

Оқушылардың білімін бекіту мақсатында деңгейлік тапсырмаларды орындату.

V.Үйге тапсырма беру: 3-жаттығу. 145 бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді:

Күні:23.02.16 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ж»

Сабақтың тақырыбы:Диктант. «Анасының жұмысы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша түсініктерін тексеру.Тақырып бойынша білімді қаншалықты меңгергенін анықтау. Дамытушылығы:Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды қаншалықты меңгергенін оны іс–жүзінде қалай пайдаланатын, сауаттылық деңгейін арттыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбйелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабағы.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

–Зат есім дегеніміз не? –Зат есімдерге қандай сұрақтартар қойылады?

–Зат есім түрлері қандай?

–Зат есім тұлғасы на қарай нешеге бөлінеді?

–Көптік жалғауларын ата.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын авторын таныстыру. Б.Соқпақбаев 2. Мәтін мазмұнын талдау.

3.Сұрақ–жауап арқылы түсініктерін тексеру.

4.Сөздік жұмыс.

 

Дәріханасында, құрылысшыларға, қызықтырады.

5. Диктантты жаздыру .

 

Анасының жұмысы.

Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап–таза, жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апаасы жазылған дәрілерді оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады.

 

6.Қайталап қателерін тексере отырып оқу.

7.Грамматикалық тапсырмаларды орындату.

– Туынды сөздерді тауып, сөздік құрамына талдау.

– Мәтіннен зат есімдерді тауып астын сызу.

–Кім? сұрағына жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Жазба жұмыстарын жинап алу.

-Грамматикалық тапсырмалардың орындалу барысын талдау.

V.Үйге тапсырма беру:

Өткенді қайталау.

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың жазба жұмыстарын жинап алып, бағалау.

Тексерілді:

Күні:25.02.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Етістік (1) Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға етістік туралы таныстыру. Дамытушылығы:Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды зейінділікке, байқампаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.