II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

-Ауызекі тіл және жазбаша тіл туралы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Жаңылтпашты оқытып, ондағы сөздердің қай дыбыстан басталып тұрғанын айта отырып, дәптермен жұмыс жүргізу.

Қырық қырықтықшы

Қырық қырықтықпен

Қой қырықты.

 

Күн ретін, сынып жұмысын, Қ дыбысын көркем жазғызу.

3.Дыбыс пен әріп ережелерін еске түсіру.

-Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс-әріптердің ауызша естілуі.

-Әріп дегеніміз не? Әріп-дыбыстың жазбаша таңбалануы.

 

4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

-Өлеңді оқып, көшіріп жазу.

-У дыбысы бар сөздердің астын сызу. Ол сөздерді буынға бөлу.

-У дыбысының дауысты, дауыссыз екенін анықтау.

2-жаттығу.

-Сөздерді оқу.

-Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар, сонан соң жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.

-И,у,ю,я дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке болу себебін айту.

 

Сергіту сәті.

3-жаттығу.

-Көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып жазу.

-И,й қандай дыбыстарға жататынын анықтау.

 

4-жаттығу.

-Сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыру.

-Дәрі атының жазылуына қарап жаттап алу.

-Й әріп сөздің басында келетін тағы қандай сөздерді білетінін сұрау.

 

5-жаттығу.

-Өлеңді көшіріп жазу.

-Ю әрпі бар сөздердің астын сызу.

-Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Сұрақ жауап арқылы оқушылардың дыбыс және әріп туралы түсініктерін пысықтау.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

-Сөз неден құралады.

-Сөзден не құралады. (сөйлем)

-Көктем, гүл, құстар сөзіне сөйлем құрау.

V.Үйге тапсырма беру:

6-жаттығу. (202 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:4.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Дыбыс және әріп. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату. Дамытушылығы:Сөздердің неше әріп неше дыбыстан тұратынын ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Жинақылыққа, берілген тапсырманы тиянақты орындауға , бір-біріне көмек қолын созуға дайын тұруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Арайлап таң атты,

Күн шуағын таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

-Дыбыс және әріп туралы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

-Дыбыс дегеніміз не? –Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

-Әріп дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әрәп бар?

- Неге 42 әріп, 40 дыбыс бар?

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, сынып жұмысын, К к дыбысын көркем жазғызу.

 

3.Дыбыс пен әріп ережелерін еске түсіру.

-Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс-әріптердің ауызша естілуі.

-Әріп дегеніміз не? Әріп-дыбыстың жазбаша таңбалануы.

 

4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

-Сурет бойынша Қазақстан халықтарының достығы мерекесіне орай әңгіме құрастыру

-Құрастырған әңгіменің алғашқы үш сөйлемін жазу.

-Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату.

 

2-жаттығу.

«Мектеп-Ана» М.Хакімжанова

-Өлеңді көшіріп жазу.

-Ы,І дыбыстарының түбірге жалғануына байланысты өзгенген дыбысы бар сөздердің астын сызу.

 

Сергіту сәті.

 

3-жаттығу.

Соңында п дыбысы бар сөздерді –у қосымшасын жалғап жаз.

-Қандай дыбыс өзгерді? Не өзгерді?

-Бірінші және екінші бағандағы сөздерді салыстыру.Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

 

4-жаттығу.

-Сөйлемдерді көшіріп жазу.

-Сөздің басында келген л,р әріптерінің астын сызу.

-Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыру.

 

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Сұрақ жауап арқылы оқушылардың дыбыс және әріп туралы түсініктерін пысықтау.

«Кім жылдам» ойыны арқылы сабақты пысықтау.

Ойын шарты: тақтаға екі оқушы й,и әріптері бар сөздерді жазады. Кім көп жазса сол оқушы жеңімпаз атанады.

V.Үйге тапсырма беру:

5-жаттығу. (204 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді: