VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

Тест тапсырмаларын орындата отырып, сабақты қорытындылау.

1.Сөз неден құралады?

а).дыбыстан

ә).буыннан

б).екі сөзден

в).сөйлемнен

 

2.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

а).силықтың

ә).сыйлығ

б).сыйлықтың

в).сыйлықтің

 

3.Дұрыс құралмаған сөйлемді белгіле

а).Ауылда тұрамыз біз.

ә).Біздің үй тауға жақын

б).Мұғалім тапсырманы тексереді.

в).Менің атым-Есет.

4.Сөйлемді керекті сөзбен толтыр.Кәмшаттың құрбысы _______келді.

а).Астаналар

ә).Астанасы

б).Астанадан

в).Астананың

V.Үйге тапсырма беру:

Ереже жаттау. 4-жаттығу. (213 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

 

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:14.05.15 пәні: қазақ тілі сынып: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама: «Тырналар».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тырна туралы әңгімені таныстыра отырып, өз түсінігін мазмұнындап жазуға үйрету.

Дамытушылығы:Мәтін туралы ой-өрістерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, дүнйетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:Туған жер, өскен ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: мазмұндамалар жиынтығы.

Сабақтың көрнекілігі: тырна суреті.

Сабақтың барысы:

¥йымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақты оқып білу кезеңі.

1.Сабақтың тақырыбын таныстыру.

2.Мазмұндама тақырыбы жайлы мағлұмат беру.

3.Тырна туралы өз білгнедерін сұрау.

4. Тырна суретімен таныстыру.

5. Сұрақ-жауап арқылы түсініктерін кеңейту.

-Мәтін не жайлы?

-Тырна қандай құс?

-Тырнаны неге көктем жаршысы дейді?

-Тағы қандай құстарды білесіңдер?

-Тырна қалай ұшады?

-Құстар туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

6.Мәтін мазмұнын 3-4 оқушыға әңгімелеу.

7.Мәтін бойынша түсініктерін дәптерге жазғызу.

 

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Бүгін біздің мазмұндамаға арқау болған қандай құс?

-Мазмұндама бойынша тырна туралы не білдің?

-Трнаны неге көктем жаршысы деп атайды екен?

-Тырна қалай дыбыстайды?

-Ол қандай құс?

-Күзетте тұрған тырна қатерді қалай хабарлайды?

V.Үйге тапсырма беру: Қайталау.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың жазба жұмыстарын жинап алып, бағалау.

 

 

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:18.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Зат есім (1) Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы түсініктерін пысықтау. Дамытушылығы:Зат есімдерге сұрақ қоя білу, сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөзді таба алуға дағдыландыру. Тәрбиелік:Дұрыс сөйлем құра білу, өмірде тілдік қарым-қатынас жасау кезінде сөздерді дұрыс пайдалана білуге баулу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманы тексеру.

-Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Зат есім ережесін жатқа сұрау.

3.Кесте бойынша қайталау жасау.

4.Дәптермен жұмыс.

-Күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазуға.

 

5.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

-Мәтінді түсініп оқу.

-Мәтіннен зат есімдерді табу.

2-жаттығу.

-Сөйлемдерді оқып, кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

-Осы сұрақтарға жауап беретін сөздерге байланысты 2-3 сөйлем ойлап жазу.

Сергіту сәті.

 

Мынау – менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау – басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау – менің оң қолым Мынау – менің сол қолым Барлық істі атқарған

 

4-жаттығу.

-Сурет бойынша мәтін құрастыру.

-Мәтін сөйлемдеріндегі зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қою.

 

 

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

-«Сөз ойла, тез ойла !» дидактикалық ойыны арқылы сабақты қорыту.

V.Үйге тапсырма беру:

3-жаттығу. (214 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді: