VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем неден тұрады?

-Сөйлем оқылуына қарай нешеге бөлінеді?

-Сөйлем қалай жазылады?

V.Үйге тапсырма беру:

3-жаттығу. (207 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

 

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:8.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері. (2) Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін пысықтау Дамытушылығы:Жеке сөздерден байланыстырып сөйлем құрай білуге, сөйлемдегі ойды анықтай білуге,сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоя білуге үйрету. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, бір-бірімен дұрыс түсінікті сөйлесе білуге баулу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманы тексеру.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін нешеге бөлінеді?

-Мәтіннің несі болады?

-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

-Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

-Пайымдау мәтіні дегеніміз ше?

 

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Сөйлем туралы өз түсініктерін сұрақ-жауап арқылы пысықтау, еске түсіру.

3. Кесте бойынша қайталау. 4.Дәптермен жұмыс.

-Күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазу минутын жүргізу.

5.Оқулықпен жұмыс.

 

1-жаттығу. -Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқыту.

-Қандай сөйлем екенін ажырату.

 

2-жаттығу.

-Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазу.

-Сұраулы сөйлем жасауға қажетті ма, ме, ба, бе, па, пе қалай жазылатынын қайталау.

 

6.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, Қолды алға созамыз. Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып аламыз

 

3-жаттығу. «Жеңіс күні». Қ. Жұмағалиев.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Ондағы сұраулы, лепті сөйлемдерді табу.

-Сурет бойынша Жеңіс күні туралы лепті сөйлем құрастырып жазу.

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем неден тұрады?

-Сөйлем түрлерін ата.

-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлемдер дауыс ырғағына қарай қалай оқылады?

-Мысалдар келтіре отырып, сабақты қорыту.

V.Үйге тапсырма беру:

4-жаттығу. (209 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:11.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Диктант. «Достар». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша түсініктерін тексеру.Тақырып бойынша білімді қаншалықты меңгергенін анықтау. Дамытушылығы:Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды қаншалықты меңгергенін оны іс–жүзінде қалай пайдаланатын, сауаттылық деңгейін арттыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбйелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабағы.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Сан есім туралы білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіру, қайталау

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын таныстыру. 2. Мәтін мазмұнын талдау.

3.Сұрақ-жауап арқылы түсініктерін тексеру.

4.Сөздік жұмыс.

Шопаң-шопақ.

5.Диктантты жаздыру .

Достар.

Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шопаң-шопаң етеді. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болды. Құстар-адамның досы.

 

6.Қайталап қателерін тексере отырып оқу.

7.Грамматикалық тапсырмаларды орындату.

–Бірінші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.

–Соңғы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

–Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықта. (8)

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Грамматикалық тапсырмалардың орындалу барысын талдау.

-Диктант тақырыбы бойынша түсінгендерін әңгімелеу

V.Үйге тапсырма беру:

Өткенді қайталау.

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың жазба жұмыстарын жинап алып, бағалау.

Тексерілді: