VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты қайталадық?

-Етістік дегеніміз заттың несін білдіреді екен?

-Ол құрамына қарай нешеге бөлінеді?

-Дара, күрделі етістік.

Осы сабақты қалай түсінгенімізге қарай қорытындылаймыз. Мен сөздер оқимын, ал Егер де етістік дара болатын болса О, күрделі етістік болса А белгілерін қоямыз.

1. Ашылды

2. Жылады

3. Ойнап отыр еді

4. Барып келді

5. Жүгіріп жүр

6. Гүлдеді

7. Еріді

8. Кісінейді

9. Еріп жатыр

10.Оқып жүр

11.Жыртылды

12.Созып тұр

13.Толқып жатыр

 

V.Үйге тапсырма беру:

3-жаттығу. (159 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

Тексерілді:

Күні:12.03.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Диктант. «Диқан» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша түсініктерін тексеру.Тақырып бойынша білімді қаншалықты меңгергенін анықтау. Дамытушылығы:Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды қаншалықты меңгергенін оны іс–жүзінде қалай пайдаланатын, сауаттылық деңгейін арттыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбйелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабағы.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

–Етістік дегеніміз не?

–Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

–Етістік нешеге бөлінеді?

–Дара етістік дегеніміз не?

–Күрделі етістік дегеніміз ше?

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын таныстыру. 2. Мәтін мазмұнын талдау.

3.Сұрақ–жауап арқылы түсініктерін тексеру.

4.Сөздік жұмыс.

Комбайн, масақ.

5. Диктантты жаздыру .

 

Диқан.

Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам–диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады.

 

6.Қайталап қателерін тексере отырып оқу.

7.Грамматикалық тапсырмаларды орындату.

– Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын табу..

– Мәтіннен етістікті тауып астын сызу.

–Соңғы екі сөйлемдегі етістіктерді күрделі етістікке айналдыру.

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Жазба жұмыстарын жинап алу.

-Грамматикалық тапсырмалардың орындалу барысын талдау.

V.Үйге тапсырма беру:

Өткенді қайталау.

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың жазба жұмыстарын жинап алып, бағалау.

Тексерілді:

Күні:13.03.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Сын есім (1) Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, толықтыру. Дамытушылығы:Сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу, бейнелі сөйлеуге үйрету. Сын есім сөздерді қолданып, заттарға сипаттама беруге үйрету.

Тәрбиелік:Оқушылардыұйымшылдыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ–жауап,салыстыру–ажырату.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, плакаттар,кесте, жұмыс дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

–Психологиялық жаттығу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

–Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. –Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы және олардың қай сөзбен байланысып тұрғаны жайлы талдау жұмыстарын жүргізу. – Етістік дегеніміз не?

–Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

–Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

–Дара етістік пен күрделі етістіктің айырмашылығы қандай?

–Етістік ережесін қайталау.

–Оларға қандай сұрақтар қойылады?

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын таныстыру.

2.Суреттер бойынша жұмыс жүргізу.

 

3.Кесте бойынша ережемен таныстыру.

4.Мысалдар келтіріп талдау арқылы сұрақтарын таныстыру

5. Дәптермен жұмыс. Күн реті, сынып жұмысын жазу.

 

Көркем жазу.

Аға әдепті болса, іні әдепті,