II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

– Үй тапсырмасын тексеру.

– Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайлы түсініктерін сұраққа жауап ала отырып, пысықтау..

– Сөлем және оның түрлері жайлы түсініктерін еске түсіру.

– Хабарлы, сұраулы,лепті сөйлемдердің ережелерін жатқа сұрау.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақ тақырыбымен таныстыру.

2.Жаңа сабақты түсіндіру..

Жалпы шығарма жаздыру –күрделі тапсырмалардың бірі. Шығарма жаздыру екі түрлі жолмен жүзеге асады.

 

1.Ұжымдық шығарма жаздыру.

 

2.Жеке оқушыға шығарма жаздыру.

Ұжымдық шығарма жаздыру жұмысы мұғалімнің басшылығымен сыныпта жүргізіледі.Ұжымды шығарма жаздыру әдісі алдымен суреттер бойынша жүргізіледі. Мысалы: табиғат көріністері немесе сюжетті суреттер.

Белгілі бір тақырыпқа байланысты шығарма жаздыру үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:

–Шығарманың тақырыбы анықталады.

–Шығарма жазудың шартын хабарлайды, яғни шығармада қазақтың ақыны Абай Құнанбаев жайында баяндалуы тиіс.

–Сөйлемдегі сөздер бір–бірімен дұрыс байланысқан, айтылған ой айқын, жүйелі болуы қажеттігі түсіндіріледі.

 

–Шығарма иесінің ойы нақты дәлелденуі тиіс екендігі айтылады.

 

–Шығарма қазақ тілінде жазылғандықтан, тілдік тапсырмалар орындалады.

(Мұғалім әрбір оқушының жұмысын аралап көру арқылы бақылау жасайды).

3.Оқулықпен жұмыс. (Ережені оқып таныстыру.)

1-жаттығу.

–Суретке қарап, сұрақтарға ауызша жауап беру.

 

2-жаттығу.

–Байланысқан сөздерді пайдаланып, қысқы табиғат көрінісін суреттеп жазу.

Ақ ұлпа қар жауды. Шыңылтыр аяз басталды. Су беті жалтыр мұзайдынға айналды. Таза ауада жылы киім киген балалар көңілді.

 

3- жаттығу.

–Ілиястың жазған шығармасын түсініп оқу.

–Шығармаға сәйкес тақырып таңдау.

– «Менің ана тілім» тақырыбында өз ойларын қысқаша жаздыру.

4-жаттығу.

–Отан туралы үш сөз ойлау.(Отан, байтақ, бай)

–Осы сөздерді пайдаланып, туған жерге деген сүйіспеншіліктері жайлы жаздыру.

–Мақалды оқып мазмұнын түсіндіру.

Менің Отаным Қазақстан Республикасық. Қазақстанның жері кең байтақ.

Біздің жеріміз қазба байлыққа бай.

Ел іші – алтын бесік.

 

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

– Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

– Шығарма деген не екен?

– Шығарманың қандай түрлері бар? – Шығарма қалайжазылады?

–Шығарма тақырыбын қайдан аламыз?

V.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу. 96 бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

 

Тексерілді:

Күні:11.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Бақылау диктанты. «Табиғат» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімді қаншалықты меңгергендіктерін анықтау, тексеру. Дамытушылығы:Жазу сауаттылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту грамматикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, зейінділікке, сауаттылыққа тәрбйелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабағы.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. – Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайлы түсініктерін сұраққа жауап ала отырып, пысықтау.

- Сөйлем және оның түрлері жайлы түсініктерін еске түсіру..

-Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің ережелерін жатқа сұрау.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын таныстыру, мазмұнын түсіндіру.. 2.Тақтаға күн ретін, диктант тақырыбын жазу.

3.Диктантты мәнерлеп оқу.

4. Диктант мазмұнын талдау.

5.Сөздік жұмыс. Басылмастан, алай – түлей.

6. Диктантты жаздыру .

 

Табиғат

Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бірдемде алай–түлей болып кетуінің себебі неде?

 

7.Мәтінді қайталай оқып, өздіктерінен тексерту.

9.Грамматикалық тапсырма.

– Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

– Екінші сөйлемдегі хабарлы сөйлемді, сұраулы сөйлемге айналдырып жаз..

–Лепті сөйлемнің астын сыз.

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі – Бүгінгі диктант не жайлы болды?

– Диктант сөйлемнің қандай түрлері кездеседі?

V.Үйге тапсырма беру:

Қайталау.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, бағалау.

 

Тексерілді:

Күні:12.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға әр сөздің мағынасы болатындығын таныстыру. Сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру. . Дамытушылығы: Сөйлеу кезінде әр сөздің мағынасын дұрыс ұғына білу; сқздерді орынды, қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру. Сөйлем, мәнін құрастыруды теңдеу сөздерді қолданып, бейнелі сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік:Бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету; ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.