IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

 

1.Сөйлеу мен мәтін арасындағы байланыс туралы алған білімдерін тексеру.

Сөйлемдерден мәтін құрастыруға байланысты тапсырмалар түрін, орындау.

Үйде орындап келген жаттығу жұмысының орындалу барысын тексеру.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын таныстыру

2.Мәтіндердің сөйлемнен тұратындығын еске түсіріп , сөйлемнің сөзден тұратындығын кесте арқылы түсіндіру. 3.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. – Сөз бен сөйлемнің айырмашылығын салыстыр. – Әр сөйлемде қанша ой айтылып тұрғанын талдап түсіндіру.

– Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-жаттығу.

– Сөздерді оқыту.

– Осы сөздерден бір сөйлем құрастырып жазу.

– Сөздердің мағанасы бойынша қалай байланысып тұрғанын ажырату.

(Күзде ағаш жапырақтары сары түске боялады.)

Сөйлем мен сөз туралы ережені оқып таныстыру.

 

3-жаттығу.

-Жаттығуды оқып ондағы жазулар неліктен түсініксіз болғанын сұрау. –Оның сөйлем жазуда қандай ережелерді білмегенін анықтау. – Неше сөйлем бар екенін оқушыларға тапқызу. 4-жаттығу

– Өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқыту.

– Сөйлемнің соңына неге әртүрлі тыныс белгісі қойылғанын түсіндіру.

– Қай сөйлем сұраулы, қай сөйлем көтеріңкі көңіл күйді білдіреді, қайсысы хабарлаудан тұрғанын табу. –Өздеріне ұнаған бір пән туралы жазу

6-жаттығу.

– Сөйлемдерді салыстыру.

–Сөйлемдегі өзгерістер туралы не байқағандарын сұрау, талдау.

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі. Сөйлемді жазудың ережесін өздеріне құрастырту.

§ Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

§ Сөйлем сөзден құралады.

§ Сөйлем сөздер бөлек жазылады.

§ Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

§ Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

V.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу. 78 бет.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай алып, бағалау мадақтау

Тексерілді:

Күні:20.11.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Бақылау диктанты. «Күз» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімді қаншалықты меңгергендіктерін анықтау, тексеру. Дамытушылығы:Жазу сауаттылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту грамматикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, зейінділікке, сауаттылыққа тәрбйелеу.

Сабақтың түрі:бақылау сабағы.

Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психожаттығу жасату.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. –Сөйлем мен мәтін, сөйлем мен сөз арасындағы байланыс туралы алған білімдерін тексеру..

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын таныстыру. 2.Диктант тақырыбы бойынша әңгімелеу..

3.Диктантты мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу..

4. Диктант мазмұнын талдау.

5.Сөздік жұмысын жүргізу. (Ауындағысын, көлеңкесін)

6.Дәптермен жұмыс.

 

Күз

Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Кей күндері таңертең салқын болады. Жұрт күземін алып, киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған.

 

 

Грамматикалық тапсырманы орындату.

– Қанша сөз, сөйлем бар?.

– Бірінші сөйлемді дыбыстық талдау жаса.

 

IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі

-Диктанттың не туралы екенін күз мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелей отырып, сабақты қорыту.

V.Үйге тапсырма беру:

Қайталау.Ережелерді жаттау.

VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, бағалау.

Тексерілді:

Күні:24.11.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Хабарлысөйлем . Сабақтың мақсаты: БілімділікОқушыларға хабарлы сөйлемнің айтылуы мақсатымен таныстыру. Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға үйрету. Сөйлемдерді дұрыс дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру. Дамытушылығы: Зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.Өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.