Дәріс. Азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Қауіп көзі ретінде белгіленген көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал орнын өтеумен байланысты, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың объектісі болып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген міндеттеріне қарай, сақтандырылған тұлғалардың мүліктік мұқтаждықтары табылады. Сақтандыру өтелімін төлеп беру арқылы, көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруда, олардың мүліктік мұқтаждықтарын қорғауды қамтамасыз ету, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі қағидаларына мынылар жатады:

- зиян шеккендердің мүліктік мұқтаждықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

- көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің қолда болу шартында көлік құралдарын пайдалану;

- көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты бойынша тараптардың өз міндеттерін орындауын қамтамасыз ету;

- жол жүру қауіпсіздігін арттыруда көлік құралдары иелерінің экономикалық мүддесінің болуы.

Жеңіл, жүк автомобильдері, автобустар, микроавтобустар және көлік құралдары, олардың негізінде құрылған мотокөлік және оларға прицептер (жартылай прицептер), ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) немесе Қазақстан Республикасының территориясына уақытша келгендер (әкелінгендер), сонымен қатар трамвайлар және троллейбустер; әр көлік бірлігі бойынша көлік құралдарын пайдаланушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершігі міндетті сақтандыруға жатады.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ерікті келім шартын жасау, көлік құралы иесін міндетті сақтандырудан босатпайды. Қазақстан Республика қолдайтын халықаралық келісім шартқа сәйкес шетелде тіркелген көлік бойынша, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты Қазақстан Республикасының территориясына кірген жағдайда жасалмайды. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеуге және есепке алуға жатпайтын көлік бойынша, иелерімен міндетті сақтандыру келісім шарты жасалынбайды.

Міндетті сақтандыру келісім шартында, мүліктің тауарлық қүның жоғалтуды қоса алғанда зиян шегушінің табысын жоғалтумен моральдық зиянды өтеуді, сонымен бірге тауарды жеткізу немесе жұмысты өндіру мерзімінің бұзылуымен байланысты айып-пұлдың орнын толтыруды және келісім шарттағы басқа міндеттемелерді қоспағанда, зиян шегушінің мүлігіне немесе денсаулығына, өміріне зиян келтірумен байланысты міндеттемелер бойынша сақтандыру өтелімін жасау қарастырылады. Сақтанушыға (сақтандырылған) сақтандыру полисін беру арқылы, көлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты жазбаша түрде жасалынады. Көлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартын жасаудың негізі болып сақтанушының өтініші табылады.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарттары келесі түрлерге бөлінеді:

1) стандарттық (қалыпты);

2) комплекстік (кешенді).

Стандартты келісім бойынша көлік құралдарының бір және бірнеше иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылуы мүмкін. Стандарттық келісім шарт сақтандырушының сақтанушыға көлік құралының әрбір бірлігіне берілген бөлек сақтандыру полисімен жасалады. Сақтандыру полисі сақтанушы және көлік құралы туралы мәліметтерді өзіне жинайды. Стандарттық келісім-шарт бойынша сақтандырылған болып, үшінші жаққа сақтанушымен тигізген зиянын айқындайтын сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі саналады, немесе:

1) сақтанушының өзі бар болған кезде басқа тулғаның көлік құралдарын жүргізуге құқығы бар жағдайда, көлікті жүгізу;

2) жазбалы түрде рәсімделген сақтанушымен еңбектік және басқада келісім-шарт жасасқан тұлғаның көлік құралдарын басқаруы;

3) егер тигізілген зиян сақтанушының мойнына жүктелген жағдайда көлік құралдарын заңға қарсы ие болған тұлғаның көлік құралдарын басқаруы.

Кешенді келісім-шарт бойынша көлік құралдарының бір және бірнеше бірліктеріне ие болған жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандрылуы мүмкін. Кешенді келісім-шарт сақтандырушының сақтандырушыға барлық көлік құралдарына берген бір сақтандыру полисімен жасалады. Сақтандыру полисі өзіне сақтанушы - жеке тұлға және барлық көлік құралдары туралы мәліметтерді жинақтайды. Кешенді келісім-шарт бойынша үшінші жаққа сақтанушымен тигізген зиянын айқындайтын азаматтың-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған болып саналады, немесе:

1) сақтанушының өзі бар болған кезде басқа тулғаның көлік құралдарын жүргізуге құқығы бар жағдайда, көлікті жүгізу;

2) егер тигізілген зиян сақтанушының мойнына жүктелген жағдайда көлік құралдарын заңға қарсы ие болған тұлғаның көлік құралдарын басқаруы.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) келісім-шарт мерзімінің түгесілуі (аяқталуы);

2) келісім-шартық мерзімнен бұрын түгесілуі;

3) сақтандырушының бірінші сақтандыру оқиғасының тууына байланысты сақтандыру төлемінің іске асыруы.

Мерзімінен ерте аяқтаған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша келесі көлемде сақтандыру сыйақысын қайтарып алуға сақтанушының құқы бар (пайыздық түрде):

15 күнге дейін қоса есептегенде 15

16 күннен бастап 1 айға дейін қоса есептегенде 20

1 айдан 2 айға дейін қоса есептегенде 30

2 айдан 3 айға дейін қоса есептегенде 40

3 айдан 4 айға дейін қоса есептегенде 50

4 айдан 5 айға дейін қоса есептегенде 60

5 айдан 6 айға дейін қоса есептегенде 70

6 айдан 7 айға дейін қоса есептегенд 75

7 айдан 8 айға дейін қоса есептегенде 80

8 айдан 9 айға дейін қоса есептегенде 85

9 айдан 10 айға дейін қоса есептегенде 90

10 айдан 11 айға дейін қоса есептегенде 95

11 айдан жоғары 100

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыру кезінде көлік құралдарының әрбір бірілігіне келесі көлемдегі жылдық сақтандыру сыйақысы тағайындалады (белгіленеді) (айлық есептік көрсеткіш бойынша):

1. Жеңіл автокөліктер және олардың базасында құрылған қозғауыш көлемімен көлік құралдары:

1200 куб. см. дейін қоса есептегенде 1,5 3,0

1200-ден жоғары 1600 куб см-ге дейін 2,0 4,0

1600-дан жоғары 2000 куб см-ге дейін 3,0 5,0

2000-нан жоғары 2500 куб см-ге дейін 5,0 7,0

2500-ден жоғары 3500 куб см-ге дейін 7,0 9,0

3500 куб см жоғары 8,0 10,0