Дәріс. Мүліктік сақтандыру

Мүліктік сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, мұнда сақтандыру құқық қатынастарының объектісі болып әр түрдегі мүлік саналады. Мүлік болып жеке және заңды тұлғаның жеке меншігінде және оперативтік басқаруындағы заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы түсіндіріледі. Мүліктің құрамына, сол сияқты бағалы қағаздар мен ақшалар кіреді және заттарды алуға мүліктік құқықтар мен басқа тұлғалардан мүліктік қанағат алу.

Мүлік сақтандырудың экономикалық мазмұны зиян тигізу нәтижесінде пайда болған қатысушылардың шығындарын толтыруға арналған ерекше сақтандыру қорын ұымдастыру және оны пайдаланудан турады. Бұл жерде, сақтандырылған болып сақтанушының (сақтандыру қорының қатысушысы) меншігі болып табылатын мүлік болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның қол астындағы, қолдануындағы және әміріндегі мүліктер жатады. Сақтанушылар болып тек қана мүлік иелері саналмайды, сонымен қатар басқа оның сақталуына жауап беретін заңды және жеке тұлғалар жатады.

Бөтен және жеке мүліктің сақтандыру шарттары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Бұл, сақтандырудың нақты ережелерінен көрінеді. Сақтандыру мақсатында, мүлікті - шаруашылық субъектілердің түрлері бойынша жіктеу қалыптасқан. Сондықтан, мүлікті сақтандыруда мыналар ажыратылады:

- өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлігі;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындар және фермерлік шаруашылықтар мүлігі;

- қоғамдық ұйымдар мүлігі;

- мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер мүлігі;

- банктер және басқалай қаржы несие институттар мүлігі;

- кооперативтер мүлігі;

- көлік және байланыс мекемелер мүлігі;

- азаматтар мүлігі.

Сақтандыруға жататын мүлік құрамы мыналарды қамтиды:

- үйлер, ғимараттар, құралдар, курделі құрылыстың бітпеген объектілері, көлік құралдары, машиналар, құрал-жабдықтар, инвентарлар, тауарлы материалдық құндылықтар және кәсіпорын мен ұйымға жататын басқа мүліктер (негізгі келісім-шарт);

- комиссияалық түрде, сақтауға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және т.б. (қосымша келісім-шарт бойынша) ұйымдармен қабылданған мүлік;

- ауылшаруашылық малдары, үйретілген аңдар, қояндар, үй құсы және ара ұялары.

- уыл шаруашылық культураларының астығы.

Толық құны және осы құнның белгілі үлесі (пайыз түрінде) негізінде кәсіпорынға жататын мүлікті сақтандырудың келісім-шарты жасалады; құрылыстық сақтандыру бойынша – Қ.Р-сы территориясындағы сақтандыру компаниялары, «Қозғалмайтын мүлікті бағалау орталығыныңң құнынан төмен емес толық және белгілі үлесі бойынша сақтандырады.

Мүлікті сақтандыруда, яғни оның құнын бағалауда келесі шектер қабылданған:

- негізгі қорлар үшін: максималды-баланстық құны, бірақ олардың жойылу күнгі қайта өндіру құнынан жоғары болмауы тиіс;

- айналым қорлары үшін: орташа нарықтық тәуелсіз бағамен және жеке өнідірістік бағамен есептелген өзіндік құны алынады;

- аяқталмаған құрылыс үшін - сақтандыру жағдайы туындаған кезге өндірлген материалдық және еңбек ресурстар шығындары көлемінде есептеледі. Сақтауға, қайта өңдеуге, жөндеуге, тасымалдауға басқа ұйымдардан және халықтан алынған мүлік, алынған құнымен сақтандырылған болып табылады.

Мүлікті сақтандыру ажал немесе өрт жағдайында, борандар, дауылдар, нөсерлер, бұршақтар, опырлып құлау, қалдық сулардың әрекеттері, апаттар (бұның ішіне көлік құралдары, жылу жүйелері, су өткізгіш және канализациялық жүйелер де кіреді) болғанда жүргізіледі. Сақтандыру өтемі барлық жойылған және зақымдалған мүлік үшін төленеді, сонымен қатар сақтанушыға келісім-шарт әрекет ету мерзімінде түскен мүліктер үшін де төленеді. Тасымалдаушының, жүктің жойылуына және зақымдалуына байланысты, жауапкершілігі тасымалдау келісім-шартында анықталмаған жағдайда да, жүкті тасымалдау кезінде сақтандырылған мүлікті тасымалданғанда жойылып және зақымдалса сақтандыру өтемі төленеді. Сақтандыру өтемі мүліктің жойылуы және зақымдануы кезіндегі орналасқан жеріне қарамастан төленеді; ал басқа ұйымдардан және халықтан алынған мүлік үшін, тек сақтандыру туралы арызында көрсетілген жойылу және зақымдану орындары бойынша төленеді. Өзінің ерекшілігі бойынша сақтандырудың бұл саласында ауыл шаруашылығы субъектілерінің мүліктерін сақтандыру және азаматтар мүліктерін сақтандыру айрықшаланады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорында келесі мүліктер сақтандырылуы мүмкін:

1) ауыл шаруашылық культураларының өнімі;

2) ауыл шаруашылық малдары, үй құсы, ара ұялары, аңдар;

3) үйлер, ғимараттар, құралдар, жеткізуші қондырғылар, жұмысшы, қуатты және басқа да машиналар және құрал-жабдықтар, инвентарлар, шикізат, материалдар және көп жылдық көшеттер.

Азаматтардың мүліктерін сақтандыру жою, ажал, шығындар, қайғылы жағдайлар, бақытсыз оқиғалар немесе басқа да көңілсіз оқиғалар нәтижесінде зақымданған жағдайында жүргізіледі. Азаматтардың мүлігі болып үй - тұрмыстық мүліктері, жеке шаруашылықта қолданылатын және отбасының жеке қажеттілігін тұрмыстық және мәдени тұрғыдан қанағаттандыруға арналған күнделікті тұтыну заттары қарастырылады. Азаматтардың мүліктік сақтандырудың объектісі есебінде құжаттар, бағалы қағаздар, ақша белгілері, қол жазбалар, жинақтар, басқа тасттар, қымбат металдардың бұйымдары, тастар, діндік заттары және тағы басқа заттар болып саналмайды. Сақтандыру қойылымның көлемдері сақтандырудың ережелерімен қаралады және келісім шарттарымен анықталады.

Азаматтардың мүліктік сақтандырудағы зияны болып мыналар табылады:

- заттың жойылуы немесе тартып алынуы жағдайында – оның негізгі құны нарықтық баға бойынша анықталады;

- заттың зақымдалу жағдайында - оның негізгі құнымен сақтандыру жағдайының нәтижесінде күнсыздандырылуы есепке алынған құнның арасындағы айырма саналады.

Зиян сомасына мүлікті құтқару және сақтандыру жағдайының пайда болуына байланысты, оны ретке келтіру шығындары жатады. Мұндай шығындардың көлемі шұғыл түрдегі жұмыстың нормасы және тарифы бойынша есептеледі.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары

1. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?

2. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?

3. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?

4. Мүлік сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз?