Автобустар, шағын автобустар және олардың базасында құрылған көлік құралдары.

16 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде 5,0 6,0

16 жолаушы орнынан жоғары 6,0 7,0

3. Жүк автокөліктері және олардың базасында құрылған жүккөтергіштік көлік құралдары:

2 тоннаға дейін қоса есептегенде 6,0 7,0

2 тоннадан жоғары 7,0 9,0

4 тролейбустар трамвайлар 7,0

5 мотокөліктер 1,0 1,0

6 жалғағыштар (жартылай жалғағыштар) 1,5 2,0

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім –шартын жасасқанда төленетін сақтандыру сыйақысын есептеу кезінде, көлік құралының тіркеу орнына тәуелді жылдық сақтандыру сыйақысына келесі көлемдегі аймақтық коффициенттер қолданылады (ҚР аумағына көлік құрацлдарының уақытша сапар жасауынан тыс).

облыстар / қалалар облыс орталығы басқа пунктер
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда 0,80 0,70
Ақтөбе, Солтүстүк Қазақстан облыстары 0,85 0,75
Ақмола, Жамбыл, Қарғанды, Қостанай және Павлодар облыстары 0,90 0,80
Оңтүстүк, Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары 0,95 0,85
Астана қаласы 1,0  
Алматы қаласы 1,1  

 

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқан кезде көлік құралдарының әрбір бірлігіне 12-айдан кем мерзімге келесі көлемдегі сақтандырудың сыйақысы белгіленеді (сақтандыру сыйақысы сомасы пайыздық түрде):

күн      
күннен күнге Дейін қоса есептегенде
күнен айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін Қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан айға Дейін қоса есептегенде
айдан жоғары      

Кешенді келісім-шарт бойынша сақтандыру сыйақысы көлік құралдарының әр бірлігіне төленеді және осы сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйақысының көлемі сақтандыру сыйақыларынан ең үлкен көлеміне теңестіріліп анықталады. Көлік құралдарының иелері-Ұлы Отан соғысына қатысушулар және солармен бірдей құқыққа ие, І және ІІ топтағы мүгедектер қалыпты келісім шарт жасасқанда сақтандыру сыйақысы көлемінің 50% көлемінде төлейді. Сақтандыру оқиғасы болып көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында көрсетілген, сақтанушымен көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тулғаның мүлкіне және денсаулығына тигізген зияннын орнын толтырудағы, сақтанушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігі болып танылады.

Мүлікке тигізілген зиянның көлемі, зиян келтірілген мүліктің қайта қалпына келтіруге кеткен құннан мүліктің есептелген амортизациясын алып тастаған соммасы негізінде анықталады. Мүліке тигізілген зиянның көлемі сақтандыру жағдайының пайда болған күнгі нарықтық бағаның негізінде есептеледі. Мүлік жойылған болып саналады, егер оны қалпына келтіру техникалық турде мүмкін емес немесе экономикалық түрде негізсіз болса. Мүлікті қалпына келтірү экономикалық түрде негізсіз болып саналады, егер мүлікті қалпына келтіруге кеткен шығындар сақтандыру жағдайының пайда болған күнгі нарық құнының 80% асып кетсе. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша (сақтандыру сомасы) мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішті есепке алғанда):

1) әр бір жапа шегушінің өміріне немесе денсаулығына тигізілген зияны және оның себебінен келесі жағдай болғанда,зиянның орны мынадай көлемде өтеледі:

- егер, ажал болған жағдайда 600;

- егер, мүгедектік қалпына келсе:

І топ 500;

ІІ топ 400;

ІІІ топ 300.

- мүгедектік қалпына келмей денсаулығына зиян келтірілсе, жарақат алуы немесе басқа да зиян шегуде амбулаторлық стационарлық емдеуге кететін шығынды өтеуде сақтандыру төлемінің көлемі емдеудің әр күні үшін 1,5 айлық есептік көрсеткішінен аз болмауы тиіс, бірақ 200 айлық есептік көрсеткіштен аспаған мөлшерде өтеледі;

- жапа шегушінің мулігіне тигізілген зиян орны - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 400 айлық есептік көрсеткіштен аспаған көлемде өтеледі, ал бірнеше жапа шегушінің мүліктеріне зиян тигізілген жағдайда, оның орны –тигізілген зиян көлемінде, бірақ барлық жапа шегушілерге 1000 айлық есептік көрсеткіш соммасынан көп емес, сонымен бірге сақтандыру төлемі әр жапа шегушіге тигізілген зиянының пропорционалды көлемінде өтеледі.

Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету, сақтанушы немесе басқа да табыс алушы болып табылатын жеке тұлғаның талабы жазбаша түрде және мынадай құжаттарды сақтандырушыға тапсыруымен жүзеге асырылады:

1. Сақтандыру полисін (оның көшірмесі).

2. Сақтандыру жағдайының болғанын растайтын және жапа шегушілерге тигізілген зиянның көлемін нақтылайтын құжатты.

3. Жапа шегушінің уақытша еңбекке қаблетсіздігі жайында денсаулық сақтау ұйымы анықтамасының көшірмесі немесе жапа шегушінің мүгедектік қалпына келу туралы арнайы мекемелердің анықтамасын (егер мұндай фактілер анықталса).

4. Жапа шегушінің өлімі туралы куәліктің наториалды расталған көшірмесі және жапа шегушінің өлімі - жағдайында табыс алушы (выгодоприобретатель) зиянның орнын өтеу туралы құқығын растайтын құжатын.

5. Тәуелсіз эксперттердің келтірілген зиян көлемін бағалау туралы құжаттарын (мұндай құжат бар жағдайда).

6. Сақтанушының (табыс алушы - выгодоприобретатель) (жеке тулға үшін) жеке күәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берген сенім хатының түп нұсқасы.

7. Сақтанушының (сақтандырылған) шығын көлемін растайтын, сақтандыру жағдайына нұқсан келген зиянның азайтылуы немесе тоқтатылуы туралы құжатын.

8. Сақтанушының (сақтандырылған) немесе көлік құралын жүргізген тұлғаның жүргізуші күәлігінің көшірмесі және осы көлік құралын жүргізуге мүмкіндік беретін құжаттың көшірмесі.

Құжатты алған күннен бастап сақтандыру төлемдері жеті жұмыс күні ішінде сақтандырушымен төленеді. Егерде, сақтандыру төлемінің мөлшері табыс алушымен (выгодоприобретатель) өз пайдасына талап етілсе, бұл жағдайда сақтандырушы осы мерзімде дауылға салынбайтын бөлігін төлеп беруге тиіс. Дауылға салынған бөлігін сақтандырушы бейбіт келісім-шарт жасасқан күннен бастап үш күнның ішінде және осы дау бойынша шешімнің заңдық күшіне енгені жайында соттың бекітілуімен төлеуі керек. Зиян шегушінің денсаулығы күрт нашарласа (мүгедектік және жоғары деңгейдегі мүгедектік байқалса) немесе өлім жағдайы орын алса, сақтандырушы зиян шегушінің түсірген арызы негізінде және осыған сәйкес құжат бойынша сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Тұлғаға бірнеше көлік құралдармен зиян тигізілсе, яғни әр көлік иесінің - көлік құралдар иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарттарының болған жағдайында , пайда алушы олардың әрқайсысысынан сақтандыру төлемін алуға құқылы . Әр сақтандырушы сақтандыру төлемін жауапкершілік көлемі шеңберінде және сақтанушы жауапкершілігінің көлеміне сәйкес төлейді. Осымен бірге барлық сақтандырушымен төленген сақтандыру төлемінің жалпы сомасы жапа шегушіге тигізілген шын зиянның көлемінен аспауы тиіс және әр сақтандырушы үшін қаралған жауапкершіліктің шектеулі көлемінен аспауы тиісті.

Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан келесі жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие, егер:

1) шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайын тудыратын немесе оның пайда болуына әсер ететін, сақтанушының азаматтық–құқықтық жауапкершілігінің арнайы әрекеттер салдарынан пайда болуына қарай;

2) алкагольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық ішкілік жағдайында көлік құралдарын жүргізу салдарының әсерінен сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің пайда болуына қарай;

3) көлік құралын жүргізуге тұлғаның құқығы болмаған жағдайда;

4) көлік құралының техникалық бұзылуі туралы сақтанушы білген немесе білу керек салдарынан, яғни соттық талқылау нәтижесінде сақтандыру жағдайының болуы анықталса;

5) көлік құралы оның техникалық қабілетіне сәйкес емес мақсатында қолданылса;

6) сақтанушы әдейі сақтандыру жағдайының шығындарын азайту шараларын қолданбаса;

7) көлік құралын жүргізген тұлға көлік оқиғасы орын алған жерден жасырынса.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуде толықтай немесе жартылай бас тарту құқығына ие, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан орын алса:

1) шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған пайда алушының арнайы әрекеті негізінде;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, әдейі қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтармен сақтандыру жағдайының байланысын тудыратын, пайда алушының әрекеттері негізінде.

Бұдан басқа сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартудың негізі болып келісілер табылады:

1. зиянды келтірген тұлғадан сақтанушы шығындардың орнын толтыратын өтелімді алған жағдайда;

2. сақтандыру жағдайы туралы ақпаратты сақтандырушыға дер кезінде немесе мүлдем жеткізбеген жағдайда;

3. жүргізүге үйретуді орындарда немесе арнайы тексерулерде, көлік құралдарының жарысында сақтанушымен көлік құралын қолдану жағдайында;

4. көлік құралына тасу немесе тасымалдауда зиян тигізілген жағдайда;

5. ақшалай, бағалы қағаз, алтын, күмістік бұйымдар, құнды заттар, әшекейлер, өнер туындылары және басқа құндылықтар түріндегі жапа шегушінің мүлігіне зиян тигізілген жағдайда.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан туындаса:

1) ядролық жарылыс, радияциялар және радиоактивтік жұғудың орын алуы;

2) әскери іс-қимылдар;

3) азаматтық соғыс, халықтық толқулардың әртүрлері, жаппай тәртіпсіздіктер және көтерілістер.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2 . 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарттары түрлерін сипаттап беріңіз?

2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруда көлік құралдарының әрбір бірілігіне жылдық сақтандыру сыйақысы қандай көлемде тағайындалады?

3. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?

4. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?

5. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?