Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымы және қызметі

 

 

ЕҚЫҰ саммиттерінде келесі ғасырға қауіпсіздік моделі құрылуы туралы пікірталастар жүргізілді, бірақ оның жұмыстары іс-жүзінде алғашқы қалпынан жылжымады. Барлық қатысушылар бір көзқарасқа ортақ келді, ол «Еуропа күнделікті кедесетін қауіпсіздік мәселелері, оның жаңа түрлері мен тәуекелдерін шешуде ауқымды қамтылуын қажет ететінінде».

ЕҚЫҰ - Еуропа қауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құраушы негізгі ұйымы болып қарастырылды, осыған қатысты белгілі тәжірибе жинақтап, оны төрт бағыт бойынша дамытуда:

- дағдарыс жағдайларын алдын-алу және ескерту;

- дағдарыс жағдайларын шиеленістірмеу мақсатында жасанды әрекеттерін қолдану;

- дағдарысты шешу жолдарын табу;

- дағдарыстан соң қалпына келтіру шаралары (Босня және Герцоговина жағдайлар үлгілеріндегідей).

Ұйымның институттары мынандай болып келеді. ЕҚЫҰ-ның тұрақты Кеңесі мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұрады әрі іс жүзінде ЕҚЫҰ-ның басты атқарушы органы болып табылады. Кеңес те, Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум да жалпыеуропалық қауіпсіздікке байланысты әскери мәселелерді талқылау және шешім қабылдау үшін аптасына бір рет Венада Веналық «Хофбург» конгрес орталығында бас қосып, тиісті мәселелерді жіктеп, жіліктеп, талқылап отырады. Әсіресе, осындай отырыстарда Қауіпсіздік пен сенім саласындағы Шараларға тікелей қатысты мәселелерге басымдық беріліп отырады. Ынтымақтастық жөніндегі форум болса, қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер және ЕҚЫҰ аумағындағы жанжалдарды шешу мәселелерімен айналысады. Өз кезегінде жыл сайын Прагада өткізілетін ЕҚЫҰ-ның Экономикалық форумы ұйым аясындағы мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсер ететін экономикалық және экологиялық проблемаларды талдайды.

ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесулерінде осы ұйымға мүше елдер басшылары жиналып, тиісті мәселелерді талқылап отырады. ЕҚЫҰ-ның осындай саммиті оған мүше мемлекеттер немесе үкіметтер басшыларының кезеңдік кездесуі болып табылады. Саммиттердің басты міндеті – ұйымның саяси бағыттарын және даму бағдарларын ең жоғары деңгейде айқындау.

Жоғары дәрежелі кездесулер өтпейтін жылдары Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі шақырылады. Бұл кеңес ЕҚЫҰ бас хатшысын үш жылдық мерзімге сайлайды. Оның басты қызметі ұйым төрағасын ұйымдастырушылық жағынан қолдау болып табылады. Бас хатшының кеңесі ЕҚЫҰ-ын операциялық қолдауды жүзеге асырады.

Іс жүзінде ЕҚЫҰ-ны төраға басқарады. Төраға ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бірінің сыртқы істер министрі болып табылады. Төраға сыртқы істер министрлері кеңесінде және жоғары дәрежедегі кездесулерде қабылданған шешімдердің орындалуына жауап береді. Ол ЕҚЫҰ әрекеттерін үйлестіреді.

ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының құрамы шамамен 300 депутаттан тұрады. Олар ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушы билігі атынан келеді. Ассамблеяның басты мақсаты – парламенттік бақылау мен ұйым әрекетіне еуропалық депутаттарды тарту. [7,б.21]

Демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі Бюро өз болмысы жағынан ЕҚЫҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттерде адам құқығы мен іргелі демократиялық бостандықтың сақталуына жауап беретін басты бөлімшесі болып табылады. Бюро сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның "жауапкершілік аумағында" демографиялық құрылымдардың дамуына көмектеседі.

Өз кезегінде БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл ЕҚЫҰ мемлекеттерінде бұқаралық ақпарат құралдарының даму ахуалын назарда ұстайды және сөз бостандығы бұзылған елдер жайында мүше мемлекеттердің үкіметтеріне ескерту береді.

Адам құқығын сақтау мәселесімен айналысатын ЕҚЫҰ құрылымдары аясында Ұлттық азшылық істері жөніндегі Бас комиссар бюросының (Гаага) алар орны да ерекше. Бұл құрылым континенттегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қатер үйіретін этникалық жанжалдарды ертерек ескертумен және ЕҚЫҰ мүше мемлекеттері арасында қатынасты орнықтырумен шұғылданады.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының ұйымдық құрылымында Сенім мен қауіпсіздікті күшейту жөніндегі шаралардың орны бөлек. Бұл бағдарлама Еуропа континентінде ахуалды асқындырмау және өзара сенімді қалыптастыру үшін жасалған. Оның аясында бұған дейін мынандай құжаттар қабылданған болатын: Еуропадағы кәдімгі қару-жарақ көлемін белгілейтін Еуропадағы кәдімгі әскери күштер жөніндегі Шарт, мүше мемлекеттердің бір-бірінің әрекеттерін, әсіресе, қауіпсіздік саласындағы әрекеттерін өзара қадағалауға мүмкіндік беретін "Ашық аспан" туралы Шарт, Сенім мен қауіпсіздікті күшейту жөніндегі Шаралар аясында төраға Дейтон бейбіт келісімінің бірқатар баптарын орындауды бақылау жөніндегі өзінің жеке өкілдерін тағайындайды.

ЕҚЫҰ-ға қатысты ішкі татуласу мен арбитраж жөніндегі Конвенцияға қол қойған мүше мемлекеттер арасындағы жанжалды жағдайлар мен дауларды реттеу үшін Татуластыру мен арбитраж Соты құрылды. Ол Женевада орналасқан.

ЕҚЫҰ-ның Орталық аппаратында 370 қызметкер жұмыс істейді. Бұған ұйымның түрлі миссиялары мен жобаларында жұмыс істеп жатқан 1000-нан астам халықаралық қызметкерлер мен сол миссиялар жүзеге асып жатқан аумақтағы елдердің 2000 азаматын қосыңыз.[6,б.38]

Демократиялық институтар мен адам құқықтары Бюросы ЕҚЫҰ-ң адам құқықтарын бақылау мониторингі және ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің демократиялық бостандығы бойынша негізгі бөлімшесі болып табылады. Бюро сонымен қатар ЕҚЫҰ қарамағындағы демографиялық институттардың дамуына көмектеседі. Өз кезегінде обстандық сұрақтары бойынша тағайындалған төраға ЕҚЫҰ –ға мемлекеттердің кіретін бұқаралық – ақпарат құралдарының дамуын қадағалайды және қатысушы-мемлекеттерге сөз бостандығының бұзылуына байланысты алғашқы ескертулерін айтады. Мұндай ескерту 2002 ж Түркменстанға берілген болатын.

ЕҚЫҰ құрылымының аймағында адам құқығын сақтау сұрақтарымен айналысатын аз ұлттар істері бойынша Жоғары комиссар бюросына назар аударған жөн. Бұл бөлімше әлемдегі тұрақтықтылықты бұзатын қауіп-қатерге, этникалық қайшылықтарға байланысты ескертпелер береді және ел арасында бейбітшілікті, ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің арасында достық қарым- қатынасты орнатумен айналысады. [12]

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұйымдық құрылымында басты орынды қауіпсіздіқ пен сенімділікті нығайту шаралары алады. Бұл бағдарлама Еуропа бөлігінде бір-біріне деген сенімділікті нығайту мақсатында жасалған. Бұл бағдарлама аумағында келесі құжаттар қабылданған:

ДОВСЕ (Еуропа қарулы күштері жайындағы келісім шарт), Еуропадағы келісуші елдер арасында жай қаруларына шектеулерін қоятын;

«Ашық аспан» туралы келісім шарт, қатысушы елдер арасында бірі-бірінің әрекеттерін бақылауға мүмкіндігін береді, әсіресе қауыпсіздік саласында. Қауыпсіздікті және сенімділікті арттыру бойнша шарттар аясында, атқарушы төрағасы өзінің жеке өкілеттерін Дейтон бейбітшілік келісімін орындалуын қадағалау үшін тағайындайды. Келіспеушілік жағдайларын және қатысушы мемлекеттер арасындағы дауды шешу үшін ЕҚЫҰ қатысты ішкі арбитраж және татуластыру бойынша конвенцияға қол қойғандарға арналып Женева қаласында орналасқан арбитраж және татуластыру бойынша сот құрылған. [16,б.4]

ЕҚЫҰ –ң негізгі іс – жүргізу барысында келесі ресми тілдер танылады:

- ағылшын тілі;

- неміс тілі;

- испан тілі;

- француз тілі;

- итальяан тілі;

- орыс тілі,

ЕҚЫҰ –ң бюджеті 2008 ж шамамен €164 168 200 евроны құрады.

ЕҚЫҰ мүшелерінің құрамы күннен-күнге көбейіп келеді, өйткені бұл ұйымның негізгі құрылу мақсаты қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнату. Қазіргі ЕҚЫҰ құрамын 1-кестеден көруге болады.

 

Кесте 1 - ЕҚЫҰ мүшелерінің құрамы

 

Мемлекеттер Кірген уақыты Мемлекеттер Кірген уақыты
Австрия 25 маусым 1973 Македония 12-қыркүйек 1995 ж
Әзірбайжан 30-қаңтар 1992ж Мальта 25 – маусым 1973 ж
Албания 19 маусым 1991ж Молдавия 30-қаңтар 1992 ж
Андора 25-сәуір 1996 ж Монако 25 – маусым 1973 ж
Армения 30 қаңтар 1992 ж Нидерланды 25 – маусым 1973 ж
Белорусия 30 қаңтар 1992 ж Норвегия 25 – маусым 1973 ж
Бельгия 25 – маусым 1973 ж Польша 25 – маусым 1973 ж
Болгария 25 – маусым 1973 ж Португалия 25 – маусым 1973 ж
Босния және Герцеговина 30-сәуір 1992 ж Ресей 25 – маусым 1973 ж
Ватикан 25 – маусым 1973 ж Румыния 25 – маусым 1973 ж
Венгрия 25 – маусым 1973 ж Сан-Марино 25 – маусым 1973 ж
Ұлыбритания 25 – маусым 1973 ж Сербия 25 – маусым 1973 ж
Венгрия 25 – маусым 1973 ж Словакия 1-қаңтар 1993 ж
Грекия 25 – маусым 1973 ж Словения 24-наурыз 1992 ж
Грузия 24-наурыз 1992 жж АҚШ 25 – маусым 1973 ж
Дания 25 – маусым 1973 ж Тәжікстан 30-қаңтар 1992ж
Ирландия 25 – маусым 1973 ж Түркменстан 30-қаңтар 1992ж
Исландия 25 – маусым 1973 ж Түркия 25 – маусым 1973 ж
Испания 25 – маусым 1973 ж Өзбекстан 30-қаңтар 1992ж
Италия 25 – маусым 1973 ж Украина 30-қаңтар 1992ж
Қазақстан 30-қаңтар 1992ж Финляндия 25 – маусым 1973 ж
Канада 25 – маусым 1973 ж Франция 25 – маусым 1973 ж
Кипр 25 – маусым 1973 ж Хорватия 24-наурыз 1992 ж
Қырғызстан 30-қаңтар 1992ж Черногория 22-маусым 2006 ж
Латвия 10-қыркүйек 1991 ж Чехия 1-қаңтар 1993 ж
Литвия 10-қыркүйек 1991 ж Швейцария 25 – маусым 1973 ж
Лихтенштейн 25 – маусым 1973 ж Швеция 25 – маусым 1973 ж
Люксембург 25 – маусым 1973 ж Эстония 10-қыркүйек 1991 ж

 

ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалатын қызметтері үш өлшемді қамтиды. Олар: адамзаттық, әскери-саяси және экономикалық-экологиялық қауіпсіздік мәселелері. ЕҚЫҰ-ның осы мәселелер бойынша атқаратын жұмысы да ауқымды: оған қару-жарақты бақылауға алу, алдын алу дипломатиялық қарым-қатынас орнату, сенімділікті нығайту, сондай-ақ экономикалық және экологиялық мәселелер, адам құқықтары және демократияландыру, сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің сайлау үдерісін қадағалау да кіреді.

 

1.3 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының