Стаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарым-қатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз? Қарым-қатынас ұғымы - адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.

Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым-қатынасты біліп қарауға болады. Жеке тұлғаның калыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіндіруі жиі кездеседі. Бұл қарым-қатынас оқушының жеке бас қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.

Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдын нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойьнша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесіне саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандық қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологын құрап, ал мазмұны ескертуге толы болуы мүмккін.

Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру кажет.

Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. Сөз жүйесі, сөйлемдер айтылуы тез әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең бастысы - іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірдің келісім табуы. Білімділіктің, кәсіби шеберліктің жемісі ең басты нәтиже болмақ.

Ол үшін:

1) сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы;

2) уақытты тиімді пайдалану;

3) істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы:

4) мұғалім білім, кәсіби біліктің шебері болуы:

5) құқықтық білімнің болуы;

6) сөз мәдениетін меңгеруі;

7) азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау;

8) әдеп нормаларына сай жұріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне
мән беру маңызды.

Сыныппен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарым-қатынас жасауды қиын екенін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады? «Балалармен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?», «Бұйығылық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы - педагогикалык қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс отырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».

Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ барлығы да, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы және т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.

Өз тобында мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.) - Ал енді сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында жаңағы айтқан сөздерін қайталап көрсін. Сонда қарым-қатынас жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.

Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім-түсініктері мынадай:

1. Әңгімені қалай бастауды білу.

2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген
қобалжу.

3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

4. Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту
қажеттігі жайлы түсінік.

5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген
түсінік,бірақ не екені-онша айқын еместік.

6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың,
жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

8. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару
компоненттерін қажет етуі.

9. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған ақпаратты
негұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

11. Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы тұлға
жайында өзіне едәуір талап қою керек.

Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым қарым-қатынасты барынша жаттықтыра түсу қажет. Тек осындай кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық процестің бүкғл мәні айқындала түседі. В. А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баулап алу өнерімен көрінеді. «Балаларға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің -деп жазды А. С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формаларымызда әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу кажет. Осыған үйрену кажет».

А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетеді: балалармен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін камтамасыз етеді. А.С.Макаренконың педагогикалык тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.

Қарым-қатынас ұғымы пәнаралык ғылыми категория. Қарым-қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады.

«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.

Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарым-қатынасын проблемасын адамның мінезімен байланыстырды. Ол қарым-қатынастын 15 тобын талқылап жіктеуі, яғни, коғамға, табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б.

Ал В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский көз қарасын дамыта отырып, тұлға қарым-қатынасының психологиялық анықтамасын жасады. Адамның психологиялық құрылымы санасымен, өмірге қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастын күрделі динамикалық жүйесін білдіреді.

В.Н.Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, психологиялық тұлғаның белсенді, таңдамалы бағытының, іс-әрекетінің сипатын, мінез-қылығында көрінетін ерекшелігіне талдау жасайды.

Сондықтан, қарым-қатынас адамда шындықтың объектісін танып білудің нәтижелерін, қатынасын психикалық ерекшелік ретінде түсіндіреді.

Қарым-қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді, оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының жемісі болып табылады.

Қарым-қатынастың кезеңдері:

1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау

кезені);

2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – «коммуникативті шабуыл»;

3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;

4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық
міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.

Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге асады:

-Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;

Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінін ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.

Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы, ұстаздық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет, өзін-өзі бекіту т.б.

Қарым-қатынаста өзара байланысты үш категория айқындалады:

- коммуникативті /ақпарат алмасу/;

- интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді
өзара әрекетін ұйымдастыру/;

- перцептивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі
қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату/.

Сабақта сыныпты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел өз сөзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларды басқара білу, негізінде баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге байланысты келетінінде, жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек екенінде үлкен маңызы бар. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тынышсыз отырғанда, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өзінің жоспарын орындай алмай, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап, сыныптағылармен қатынас жасай алу шеберліктің белгісі. Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөзбен айтпай, көңілімен жеткізе алуы - оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылыкты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені, оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай тұрғанын бірден түсініп, көпшіліктің көзінше ұялткысы келмей тұрғанын біліп алаңдауын тоқтата кояды. Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің бірі - мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі - айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады.

Қарым-қатынас қажетті ақпарат алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттілік белгілері белсенділік, идеяшылдык, еркіндік, ерекше субъект ретінде танылады.

Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады.

Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына көзқарасы байқалады.

Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.

Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп түсінеміз. Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы құңдылық болып табылады.

Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде өзгерте алады. Қарым-қатынас серіктестікті қабылдауда аса маңызды. Егер педагог баланы әсер ететін нысана ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгіліктің болуы мүмкін емес. Психолог Я. И. Коломинский тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, операционалды-техникалық және ішкі деңгей жеке-маңызды ішкі дүниесі.

В.А.Кан-Калик пікірінше адамдардың бір-бірін мүмкіндіктерін бағалауы олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты.

Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, бір-бірін түсінуі және бағалауы маңызды.

Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, қарым-қатынас жасауға мәжбүр қылатын іс-әрекет.

Қоршаған ортада адамдарда жеке-тұлғаны бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар. Қабылдаудың дәлдігі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік перцепция зерттеулерінде өзін-өзі танып білу өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселе адамды күрделі өзін реттеуші жүйе ретінде түсінуде аса маңызды. Америка психологтарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы үш әлеуметтік блоктан тұрады: когнитивті, эмоциялық-бағалаушы және реттеуші. Когнитивті блоктың қызметі - өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциялык-бағалаушы қызмет - өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігін бағалап, өзіне деген көзқараста бағалау, реттеуші блоктың қызметі - өз тәртібін және іс-әрекетін реттеп, кері байланыс арқылы өзі туралы мағлұматты түзету. Өзін-өзі кабылдау дегеніміз - адамдардың өзін басқалармен салыстыруы, өзін басқалардың қабылдауын сезінуі, өз әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан тұрады.

Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым-қатынастың вербальсыз әдістері табылады. Жеке-дара қатынас процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдаудың негізгі әдіс-жүріс тұрысы, қимылы, дауыс ырғағы, ымдау маскасы. Мысалы, көздер контактісі адамдар арасындағы қатынасты реттеуші механизм. Сол сияқты ым-ишара тілі де ежелгі тілдің бірі болып табылады. Мысалы, аудиторияда алдында сөйлеп тұрғанда кейбір кимылдар тыңдаушыларңа кысым, сыйламау, тәкәппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам бір аяғынан екінші аяғын аударылып, козғалып тұрса, сенімсіздік тудырады. Артық шапшаң қимылдар аудиториямен байланысқа түсуге кедергі болады.

Экспресивті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл-қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы жеке адамның қалыптасуына әсер етеді.

Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет, өзінің тәртібі, сонымен қатар өзге адамдардың қылығына жауапты реакцияны көрсету маңызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің тәртібін икемдеп, оның тиімді жолдарын қарастырып, өзін бағалауды қалыптастырады. Кері байланысты жасай білу, қарым-қатынас жүйесінде компоненттілігін көрсетеді.

Әдетте адам өзі туралы мәліметтерді іс-әрекеті барысында бақылай алады. Егерде қарым-қатынас өзінің тәжірибесі мен бейнесімен сәйкес қабылданбаса, онда жеке тұлға қарым-қатынаста кері жағдайларды осындай жағдайда қарым-қатынаста адам оқшаулану жағдайына сезінеді.

А. А. Леонтьев зерттеулерінде бұндай ситуацияларда оқытушыда пайда болатын қорғаныс жүйесі балаларға педагогикалық ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Адам қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі. Психолог В. А. Лабунская тұжырымдамасы бойынша күрделі қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қатынас жасаудағы ұзак үзіліс, бір сөзді жауап беру, дауыс ырғағын жоғарлату, адамды тыңдай алмау, әңгімені жалғастырмау, байланысқа түсе білмеу, көздер байланысының болмауы, дөрекілік, серіктесін кемсіту, менсінбеу, жасықтық, ұялшактык, келіспеушілік, өтірік, сенімсіздік, бірбеткейлік, серіктесінің пікіріне құлак аспаушылық. Қарым-қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс жағымсыз эмоциямен білінеді және қарым-қатынастың бұзылуы да тұлға ішін жеке қиыншылықтар туғызады.

Жеке адамдар арасындағы байланыста қарым-қатынастың маңызын сапалы түрде ұсынбау ситуациясы болып табылады. Жеке даралық қатынастың бұзылуы - психологиялық көмекті талап ететін қатынас жүйесін өзгерту және коррекциялау арқылы өтеді.

Психологтар өзара қарым-қатынас кедергілерінің алты типін көрсетеді:

- ситуациялық кедергілер, жағдайларды әртүрлі түсініп қабылдау;

- мағыналық кедергілер, алдынғы хабарға байланыссыз айтқанды қабылдау;

- мотивациялық кедергілер, бір-бірімен қатынасты не себепті
жасайтынын түсінбеу;

- өзге адам туралы түсінігі болмау;

- өзге адамды мәдени деңгейі, қажеттілігі, қызығушылығы,
бағыттылығына қарай қате бағалау;

- кері байланыстын болмауы.

Жеке қарым-қатынас кедергілері біріншіден алғашкы әсердін тиімділігі, екіншіден әсердің бірлігі, үшіншіден әсердің қайталануы, төртіншіден әсердің үздіксізділігі.

Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды түсінемін деп өзіне сенімді болса, олардын арасында қарым-қатынас пайда болады. Қарым-қатынасқа түсушілер өздерінің саналарында бір-бірінің ішкі жан дүниесін ұғуға сезімдерін түсінуге, қылықтарының себебін анықтауға тырысады. Бөгде адамдарды тану ғана жеке адам қатынас деңгейін жоғары дәрежеде, анықтауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-бірінің жан дүниесін түсініп, қабылдағанда ғана қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде екі адам қатынасады. Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмдерін меңгеруі тиіс, олар идентификация, рефлексия және стереотипизация.

Идентификация - бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін түсініп, оның орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ойын, әрекетін, сезімін ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін тек сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде кабылдап тұрғанын саналы ойласа, онда бұл қарым-қатынас рефлексия деп аталады.

Рефлексия - адамды түсіну негізіне жатады. Бөгде адамды түсіну - сол адамның қарым-қатынасын қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау. Осылайша адамның адамды қабылдауы онын айналадағы бейнесі секілді.

Адам бөгде жеке адамды бейнелей отырып, өзін сол адамның қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас жүру барысында идентификация мен рефлексия бірлікте болады. Егер де әрбір жеке адам өзі қарым-қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық ғылыми негіздерінен хабардар болса, онда ол өзара қатынасты ешқандай кемшіліксіз құра алады. Бірақ күнделікті өмірде адам осы тәрізді дәл хабарға ие бола алмайды.

Стереотипизация - қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стереотипке жауап беру. Стереотип бұл жерде өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану.

Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда, қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады. Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретінде берілгендіктен, педагогикалық қарым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді.

Коммуникативтік міндет педагогикалык міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, вариантгарды және оның ішінен тиімдісін тандау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.

Педагогикалык міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес карым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.

Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан кұрылады. Баяндау турлері: өзінін баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.

Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің -қызметі белгіленген:

· ынталандырушы

· жауап беруші

· бақылаушы

· ұйымдастырушы

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден кұралады:

1. Қарым - қатынас жағдайында бағдар көрсету кезеңі келесі компоненттерге сүйенеді: педагогтың қарым-қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын карым-катынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік кызмет жағдайында карым-катынас стилін анықтау; сыныптағы жағдаятқа және ағымдағы педагогикалық міндеттен шығады. Мұнда соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер катыса алатын қимыл - қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.

Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалды қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу.

Пайдаланатын құралдары бойынша: вербальды қарым-қатынас - тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал вербальды емес – басқа адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер, символдар, ым, ишара, пантомимика арқылы карым-катынас жасау.

Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.

Коммуникативтік міндетгі шешудің негізгі кезені - вербальдь қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде кұрастыра білуі интонациясына байланысты.

Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезені - кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы акпарат береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау аркылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева бойынша)

· Коммуникативті

· Интерактивті

· Перцептивті

Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:

· элеуметтік

· психологиялык

· инструменталдык

Педагогиканың қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:

· Байланыс орната алмау:

· Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;

· Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты кұрастыра
және өзгерте алмау;

· Окушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

· Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.

В. А. Кан-Каликтің белгілеуінше, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мынадай:

- Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.

- Бастапкы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру.

- Педагогикалык әрдіс барысында карым-катынасты баскару.

- Жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны
болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.

Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:

- Акпаратты беру іскерлігі;

- Окушы жағдайын түсіну;

- Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;

- Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;

- Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттертүрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.

А.А. Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыггау нәтижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.

Коммуникативті міидеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:

- оқушыларға акпарат беру;

- оқушыларга әсер ету; әрекетке ынталандыру.

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:

1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;

2)зейінді аудару;

3) обьектінң "жанын жаулау";

4) вербальды қарым-қатынас орнату;

5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру

Педагогикалык қарым-қатынас стилі дегеніміз - педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялык ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, окушылардың ерекшелігін көрсетеді.Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стильдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады. Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі (В. А. Кан-Калик бойынша):

- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі.

- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-кқатынас стилі.

- Дистанция стилі.

- Қорқыту стилі.

Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлык стиль, демократиялык стиль, либералды стиль.

Авторитарлық стильдеоқушы тең дәрежелі емес, педагогикалык әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, пассивті рөл аткарады. Қоғамдык жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.

Демократиялык стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік,толғаныс байкалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардын пікір бостандығының шексіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді деп айтуға олады.

Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді.

Дау-дамай сөзі латын тілінен аударғанда "Conflikts" -қақтығысу мағынасын білдіреді.

Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп көрсетіледі. (Л. Козер).

Психологиялық тұрғыда дау-дамай дегеніміз әр түрлі адамдар арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен сезімдердің болмауы.

Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:

- Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім
қабылдауға жауаптылығы;

- Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;

- Өмір тәжірибесі әр түрі;

- Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;

- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;

- Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:

- тұлға ішілік

- тұлға аралық

- топ аралық

- тұлғалық-топтық

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.

1. Кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.

2. Педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлықпен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайтын. Ол педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.

3. Педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктер негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық,

өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмиоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан жағдайда бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, сұхбаттасуға психологиялық тұрғыдан дайындау тиіс.

Педагогикалық қарым - қатынастағы толеранттылық

Бұл мәселені қарастырмас бұрын біз педагогикалық қарым қатынасты практикалық және теориялық тұрғыда қарастырғанымыз жөн, оның ішінде педагогикалық қарым қатынастың лингвомәдени аспектісін қарастырамыз. Толеранттылық тұлға аралық, мемлекет аралық және мәдениет аралық қарым қатынастың жалпы принципі ретінде ол тікелей үрдіске қатысатын тұлғалардың яғни, педагогтың сөйлеу мдениетін және оқушылардың оқу мәдениетінің мәселелерін қарастырады.

Соңғы уақытта толеранттылық сөзі тек жиі қолданып қана қоймай, бұл социумның мүшелерінің тұлға аралық және әлеуметтік өзара әрекеттерімәселенің өзектілігін көрсетеді.

Барлығына белгілідей, толеранттылық термині көптеген ғалымдардың назарын аударады.

С.Г. Тер-Минасова өзінің «Язык и межкультурная коммуникация» атты кітабын аяқтай келе былай деп жазған: «Три Т – Терпение, Терпимость, Толерантность – фот формула межкультурной коммуникации», яғни қазақша баламасы: «Шыдамдылық, шыдамға беріктік, толеранттылық мәдени аралық қарым-қатынастың формуласы».

Педагогикалық қарым-қатынастағы толеранттылық – кешенді түсінік болып табылады. Ол бір жағынан, философиялық, этикалық, эстетикалық мәселелерді қарастырса, екінші жағынан, мұғалімнің негізгі қасиетін қарастырады. Педагогикалық қарым қатынастағы толеранттылық – бұл тек қана шыдамдылық, психикалық беріктік ғана емес, сонымен қатар өзін өзі ұстау, әділ, адамгершілік, оқушыларға жақындық, ақылды, шыдамды, ашық, оқушылармен қарым қатынастағы өтірік болмауы. Осы қасиеттердің болуы және оларды дұрыс қолдана білу педагогикалық қарым-қатынастағы толеранттылық деп атаймыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2],[3],[5], [4],[6],[12],[18],[19]

Дәріс тақырыбы