Кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесінің когнитивтік компоненті

Когнитивті компонент (сыңар) - адамның қиындықты түсініп қабылдауы, өзіндік ойларының және әлем бейнесінің күрделілігі, көпқырлылығы, тәуелділігі, қатыстылығы, толық болмауы және субъектілігі - педагог мінездемесінің бір бөлігі болып табылады. Біздің ойымызша, педагогтің кәсіби дайындығында когнитивті компоненттің маңызы зор. Бұл компоненттің құрылуы, болашақ маманның тұлғалық ерекшелігінің қалыптасуына үлес қосатын, кәсіби педагогикалық білім беруге бағытталған когнитивті әдіспен байланысты. Білім беру жүйесінде оқытудың жалпы білім беру мақсатында адамгершілік құндылықтар келесі аспектілерде қарастырылады:

- білім алушыныңәлеуметтік-мәдениқұзіреттілігінің қалыптасуы;

- тұлғалық қасиеттерінің жетілуі (ой-өрісінің, зейінінің, есте сақтауының, тұлғаның когнитивті қаблеттерімен байланысты эмоционалдық және мотивациялық- түрткі қасиеттерінің);

- мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілеттеріне қажет дамуы (әлеуметік толеранттылық);

- тұлғаның кәсіби қасиеттерінің тұлғааралық кәсіби байланыс ортасында кәсіби қарым-қатынастың интерактивті аспектісі деңгейінде қалыптасуы ( педагогикалық толеранттылық).

Бұл когнитивті әдіс қолдану арқылы адамгершілік құндылықтар негізінде кәсіби білім беруді оңтайландырып, кез-келген деңгейдегі кәсіби ортада емін-еркін қарым-қатынас жасауға қабілетті, тіпті, ең қиын педагогикалық жағдайда да жол таба алатын маман тұлғасын қалыптастыруға болады.

Осылайша, біз өзіміздің негізгі мақсатымызды педагогтің кәсіби қабілеттерінің қалыптасуындағы когнитивтік әдістің әрекеттік және процесуалдық негізін жүйелеуден көреміз. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін белгілі педагогикалық шарттар қажет, олар:

- гуманистік білім беру парадигмасын бекіте отырып, жоғарғы мектептерде білім беру мазмұнына жүйелілік және жаңа сапа енгізіп отыратын мемлекеттік білім беру стандарты;

- әдістемелік кәсіби білім берудің жаңа жүйесінің талаптарына сай құрылған заманауи оқу-әдістемелік кешендері. Бұл өзгерістер студенттердің өзін-өзі тұлға ретінде тануын негіз етіп алушы үздіксіз білім беру идеяларын жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты.

- студенттердің білімді ерекше қызығушылықпен, тұлғалық маңыздылықпен және саналы қабылдауына жеткізетін оқу мазмұнына және оқу процессіне бағытталған интегративті қатынас.

Когнитивті әдіс негізіндегі кәсіби бағыттылықты оңтайландырумен байланысты құрастырылған оқыту технологиясы, бұрыннан бар әдістемені іс-әрекеттілік, жеке тұлғаға бағытталған, когнитивті, креативті қатынастармен байыта отырып, оқыту тәжірибесіне енгізіледі. Әрекеттілік әдіске когнитивті деңгей (белсенді ойлау) және креативті (шығармашылық, өзгертуші) деңгей кіреді. Оқыту үдерісіне деген осындай қатынаста талқыланатын әдістеменің ғылыми базасын анықтау маңызды болып табылады. Когнитивті әдіс, оқыту барысында білім алушының танымдық іс-әрекеті оқыту технологияларында жүзеге асқан жағдайда ғана дамитын, продуктивті, өзгертпелі ойлауды талап ететін қиын жағдайларда жол табу біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық парадигмада оқыту курстары тек қана білім жиындығы ғана емес, сонымен қатар, оның даму логикасы мен меңгеруі болып табылады. Бұл логика-ойлау қабілеттерінің даму логикасы (когнитивті), кеңірек мағынасында тұлғаның шығармашылық қаблеттерін дамыту логикасы. Бірақ, бұл үшін ең алдымен білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу мақсаты ғана емес, сонымен қатар, бұл қабілеттерді тұлғаның негізі болатындай қалыптастыру мақсаты қойылуы тиіс.

Соңғы онжылдықта, танымдық іс-әрекет негізінде адам санасын, ойлау қабілетін және басқа да адамның ментальды процесстерін зерттейтін ғылыми пән - когнитивті ғылым құрылуда.

Танымдық-әрекеттілік әдіс дамыта отыра, оқыту жіне жеке тұлғаға бағыттап, оқу жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде заманауи оқытудың негізі болып табылады. Бұл гуманистік білім беру стратегиясы, ол әрекеттілік, тұлғалық және когнитивтілік әдістерді біріктіреді. Бүгінгі күнде, оқытуға осындай көзқарас құру үшін когнитивті психологияның негізі қолданылуда. Когнитивті психология - адамның қоршаған орта және адам туралы ақпаратты өңдеумен байланысты, адамның психикалық іс-әрекетін зерттейтін психологияның бір саласы. Зерттеу пәні - ақпаратты қабылдаушы және игеруші адам, сонымен қатар ақпараттың берілуі жолдарын қарастырады.

Ақпаратты қабылдау мен қолдануды қалай зерттей аламыз?

Тәжірибе жүргізу арқылы білім алушылардың танымдық процесстерін басқаруға мүмкіндік беретін, болжамдық үлгіні, яғни, лингвистикалық және әдістемелік білім саласындағы кәсіби біліктерінің қалыптасу моделін тексереміз. Бұл модель танымның бірнеше саласын қамтиды: қабылдау, зейін, есте сақтау, білім, тіл. Бұлардың барлығы таным процесіне белгілі бір ретпен енгізіледі: ақпаратты жинау және енгізу; ақпаратты сақтау және ұйымдастыру; ақпаратты қолдану. Мұндай болжалдық үлгілерді жасау қабылдау, зейін, есте сақтау, ақпаратты жинау және енгізу, танымдық процес кезінде ақпаратты сақтау және қолдану механизмдерін білумен тікелей байланысты.

Сезіну және қабылдау - ақпаратты қабылдау және өңдеу жүргізетін механизмдері.

Ақпаратты қабылдау барысындағы қабылданатын белсендендіруші мотивациялық ынталар педагогика үшін маңыздырақ. Мотив (ынта) сөзінің астарында белгілі бір қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты тұлғаның бір әрекетке (іс-әрекет, қарым-қатынас, мінез-құлық) деген ішкі құлшынысы.

Мотив тұлғаның жеке бас қызығушылықтары, көзқарастары, әлеуметтік нанымдары, құндылықтары және т.б. болуы мүмкін.

Танып білуге және түсінушілікке құлшыныс адамның когнитивті қажеттілігі болып табылады. Бұл қажеттілік адамның шындыққа құлшынысымен, таныс емес дүниеге қызығушылығымен байланысты. Когнитивті қажеттілікті қамтамасыз ету тек жаңа ақпаратты қабылдаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, адам алынған ақпаратты түсінуге, жүйелеуге, олардың арасындағы байланысты тауып, фактілерді саралауға, реттелген жүйе құруға талпынады. Жоғарыда аталған жүйелер арасындағы байланыс сатылы, яғни, білімге деген құштарлық түсінуге деген құштарлықтан бір елі алда жүреді.

Когнитивті қажеттілік- негізгі адам қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Ынталандыру теориясында кәсіби ынта ерекше орын алады. ЖОО-да жүргізілген тәжірибелер мықты және әлсіз студенттер бір-бірінен интеллектуалдық көрсеткіштерімен емес, кәсіби ынта деңгейімен ерекшеленетінін көрсетті. Бірақ, әрине, бұдан қабілеттер оқу іс-әрекетінің маңызды факторы емес деген пікір тұрмау керек. Кәсіби мотив оқудың соңғы мақсатымен тікелей байланысты болғандықтан, кәсіби мотивация саласында мамандыққа деген оң көзқарас маңызды рөл атқарады.

Таңдамалық жекелей зейін модельдері қабылдау, қажетті ақпаратты таңдап алу, жұмыс жады механизмдерінің әрекеттерін, осыдан оқу іс-әрекетіндегі белсенді танымдық әрекет процесінің механизмін түсінуге көмектеседі. Біздің ойымызша, сұрыптау зейін моделінде іріктеу теориясы қызығушылық туғызады.

Іріктеу үдерісінде барлық келіп түскен ақпарат қабылданады, дегенмен, оның аса маңызды емес бөлігі әлсізденеді. Жұмыс жады сұрыпталған ақпаратты сақтау қызметін атқарса, қысқа мерзімді жад адам санасына келіп түскен кез-келген (маңызды және маңызды емес) ақпаратты шығарады. Білім алушының зейінін тексеру барысында оқытушы сабақ түсіндіргеннен кейін алынған ақпаратты қайта сұраған жағдайда қысқа мерзімді жадтағы маңызды емес ақпараттың әлсізденетінін (көмескілетінін) есте сақтағаны жөн.

Жұмыс жадының мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, алынған ақпараттың тек белгілі бір бөлігі сақталады. Сұрыпталған ақпарат ары қарай талданып, сұрыпталынып, бұрынғыдан тұрақтырақ бейне пайда болады. Жұмыс жады ақпараттың маңыздылығын анықтауға бағытталған.

Тапсырманы орындау барысында қандай өзгерістер болады?

Когнитивистердің пайымдауынша, оңтайлы жағдайда бір уақытта бірнеше тапсырма орындауға болады. Егер, берілген тапсырманың бірі көбірек назар аударуды қажет етсе, мысалы, дәріс тыңдау және оның мазмұнын конспектілеу қиындық туғызады. Сондықтан, тыңдаған дәрістің негізгі ойларын ғана мүмкіндік болғанша қағаз бетіне түсіру керек.

Жоғарыда айтылған бақылаулардан мынандай қорытынды шығаруға болады: біріншіден - бір уақытта бірнеше жұмыс жасауға болады, бұл зейіннің бөлінетіндігін білдіреді; екіншіден - жиі орындалатын тапсырмалар зейінді қажет етпейді. Бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеу деп аталады. Күрделі тапсырмаларды орындау басында қиын болғанымен, күнделікті тәжірибе және тұрақты алгоритмдық біліктердің қалыптасуы процесуалдық когнитивті оқытуға негіз болады. Бұдан декларативті және процедуралық білім ұғымдары пайда болады. Процедуралық білім – адамның не білемін деп ойламайтын, бірақ санасында қалыптасқан білімі. Декларативті білім біздің не істейтінімізді көрсетіп, вербальді деңгейде көрінеді; процедуралық білім - қалай істейтінімізді көрсетіп, нағыз іс-әрекет деңгейінде көрінеді.

Оқу үдерісін және жаңа жағдайларға бейімделуді мүмкін ететін, ойлау қабілеттері мен стратегияларын, яғни, адам ой-өрісін дамыту - оқытудың когнитивті әдістерінің негізгі мақсаты болып табылады. Когнитивті оқыту стратегиясының негізі - «жеке ұғымдар мен біліктерге үйрету емес, қалай оқып, білім алуға үйрету қажет». Оқушылардың зейінін, жадын қабылдау қабілетін ерік, жігерін дамыту қажет.

Педагогтың ойлау қабілетін, кәсіби дайындығында, оның төзімділігін тәрбиелеуде когнитивті оқыту теориясының келесі ережелері бағыт ретінде қолданылуы тиіс:

­ білім алушының таным үдерісінен алыстатпай, оның субъективті тәжірибесін ескере отырып, әр оқушының қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту қажет;

­ білім алушының белсенділігі (танымдық белсенділік те ескерілуі тиіс) оның жеке мақсаттары, қажеттеліктері және ниетімен байланысты болуы тиіс;

­ оқыту адам психикасы мен ой-өрісі дамуының жалғыз ғана көзі емес; жеке бас белсенділік негізінде жұмыс жасайтын өзін-өзі кемелдендіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білімін жетілдіру тұлға дамуының нәтижелі резервтерінің бірі;

­ білім беру жүйесі білім алушылардың даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс;

­ тұлғаның өзін-өзі дамытуы - индивитдің ішкі қайшылықтарының, факторлардың әсерімен жүретін заңды, бағытталған, әлеуметтік және психологиялық бейнесінің өзгерісі.

Когнитивті оқыту концепциясын жасауда әдістер жүйесін анықтау маңызды болып табылады. Когнитивистикада көптеген когнитивті оқыту әдістері жасалған. Бұл әсіресе шетелдік кәсіби оқыту жүйесінде (М.Сорей, К. Деланной, Пассганд және т.б.) жасалған. Отандық когнитивистикада бұл әдістер шетел тілдерін оқыту әдістемесінде, сонымен қатар орыс тілін шетел тілі ретінде (С. Ф. Шаталов, И. Н. Верещагина, Д. И. Изаренков және т.б.) оқытуда көп көлемде құрастырылған. Когнитивті оқыту әдістер авторлардың барлығы дерлік Ж. Пиаженің, Л. С. Выготскийдің, Дж. Брунераның еңбектеріне сүйенеді.

Мазмұндары бөлек когнитивті оқыту әдістерің ортақ маңызды белгілері бар:

­ когнитивті үдерістеріндегі декларативті білімдерге қарағанда маңызының артуы;

­ оқыту үрдісіндегі когнитивті және эмоционалды - ерікті және мотивациялық факторлардың арақатынасы.

Ақыл-ой қызметтерін дамыту, оқып-үйренуге (білім ала беруге) үйрету, ойлануға үйрету - педгогиканың барлық салаларына тән мақсат.

Интеллект - қоршаған ортадағы жағдайларды дұрыс қабылдауға, түсінуге және түсініп беруге мүмкіндік беретін, жеке ойлау тәжірибесін ұйымдастырудың ерекше түрі.

Ақыл-ой дамуының өлшемі ретінде адамның айналада болып жатқан әрекеттерге деген танымдық көзқарастары, оның ішінде, ой-өрісінің кеңдігі, оқиғаларды бағалауының көпнұсқалылығы мен икемділігі, ерекше ақпаратты қабылдауға дайындығы, өткенге және болашаққа сүйене отырып, қазіргі жағдайды бағалай алуы, себеп-салдарды анықтауы, болжалдық негізде ойлау мүмкіндігі қарастырылады. Креативтілік тұлғаның жалпы қабілеті болып табылады және тұлға белсенділігі көрінген саласынан тәуелсіз шығармашылық өнімділігіне әсер етеді. Когнитивистер креативтіліктің 5 параментрін көрсетеді:

­ проблеманы табу және қою қабілеті;

­ көптеген ой-идеяларды ұсыну қабілеті;

­ әр түрлі ойларды жүзеге асыра алу - икемділік қабілеті;

­ ерекшелік - стимулдарға ерекше жауап бере білу қабілеті;

­ проблемаларды шеше алу қабілеті, яғни, анализ және синтез түзу қабілеті.

Креативті қабілеттер оқу барысында, арнайы дайындық кезінде пайда болмайды. Шығармашылық жаңашаландыру үдерісінде перспективалар жаңа идеяларды ұсынумен байланысты. Креативті (шығармашылық) үдеріс 4 кезеңнен тұрады:

­ проблеманы табу. Бұл кезең қарастырылып отырған мәселеге қатысты сала туралы жалпы білімді талап ететін проблеманың бар екенін түсіну немесе табудан тұрады. Осылайша, креативті үдеріс қарастырылып жатқан мәселені нақтылау үшін қажет ақпаратқа сүйенуден көрінеді;

­ проблеманы шешуге арналған ақпаратты талдау;

­ аналогия тәсіліне сүйене отырып, белгілі ақпаратты пайдаланып, белгісіз ақпаратты табу;

­ өзін-өзі басқару және жүріп жатқан үрдісті бағалау;

­ Ақпаратты шынайлыққа жеткізу, болжам жасау, бұрынғы контексттегі шешімді жаңа контектстегі шешімге қолдана білу;

Шығармашылық үдеріс келесі өлшемдермен сипатталады: ұсынылған шешімдердің санымен бағаланатын нәтижелеудің оңайлығы; берілген жауаптардағы өзгерістердің санымен өлшенетін икемділігі; жауаптарда берілген толық мәліметтердің негізінде ұсынылған шешімдердің тосын және шынайы болу ерекшелігі.

Адамның ішкі жан дүниесі, көзқарасы, мінез-құлқы, тәлімі, субъективтік белсенділіктің қайнар көзі. Білім алушының шығармашылық тәжірибесі болмаса, білім, білік, дағдылардың ол үшін маңызды болмауы да мүмкін. Мәселені шешудің шынайы жағдайларында субъект қолында бар арнайы ақпаратты дұрыс қолдана алуы тиіс. Дегенмен бұл ақпаратты қалпына келтіру ол үшін оңай емес. Ол ешқандай нұсқаусыз қай ақпараттың қажет екенін және қайсысын қолдану қажет екенін анықтауы қажет. Қажет ақпаратқа дұрыс жол табу шығармашылықтың бір қасиеті болып табылады. Мұнда тәжірибесі бар адам, тек білімі ғана бар адамнан жоғарырақ нәтижеге жетеді.

Осылайша, когнитивті оқытуды танымның белсенді үдерісі деп түсіну қажет. Мұндай жағдайда алынған білімдер мен мүмкіндіктер ақыл – ойдың жоғары деңгейде дамуына, шығармашылық қабілетінің қалыптасуына, тәжірибе жинауға, жаңа оқыту жағдайларында қажетті әдістемелік ойлаудың қалыптасуына әсер етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2],[3], [4], [5], [6],[18],[19]

Дәріс тақырыбы