Курстық жұмыстардың тақырыптары

1. Акменің сандық және сапалық сипатын анықтайтын факторлардың рөлі.

2. Маман-тұлға өз кәсібінің шыңына жетуде әлеуеттік макро және микро ортаның рөлі.

3. Акме және адамның жеке бас ерекшеліктері.

4. Акме және тұлғаның өзін-өзі кемелдендіру проблемалары.

5. Кәсіби білім беру және педагогикалық проблемаларды шешуде акмеологияның рөлі.

6. Педагогтың кәсіби қызметі акмеологиялық зерделеудің нысаны ретінде.

7. Шетел тілі мұғалімінің педагогикалық шеберлігін қалыптастырып дамытуда продуктивтік технологиялардың рөлі.

8. Жеке тұлғаның акмеологиялық тұжырымдамасы.

9. Жоғары кәсіби құзыреттілікке жетудің шарттары мен факторлары.

10. Кәсіби бәсеңсу және оны алдын-алу жолдары.

11. Білімнің гуманитарлық бағыты аясында жалпы және арнайы акмеологиялық қағидалар.

12. Шетел тілі мұғалімінің профессиограммасы.

13. Педагогтың кәсіби өзін-өзі кемелдендірудің және оны бағалаудың тиімді жолдары.

14. Ұстаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде.

15. Коммуникативтік толеранттылық кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас факторы ретінде.

16. Педагогтың кәсіби іс-әрекетінде рефлексияның рөлі.

17. Педагогтың кәсіби қабілеттерін қалыптастыруда когнитивтік-әрекеттілік әдіс.

18. Креативтілік - тұлғаның шығармашылық жетістігінің сипаты.

19. Акмеоәлеуетке қанық білім беру технологиялары.

20. Шетел тілі мұғалімінің құзыреттілігі.

21. Педагог қызметінде нормативтік және шынайы кәсіби шеберлік.

22. Кәсіби мансап аясында тұлғалық-кәсіби өрлеу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1], [2], [3], [4], [5], [6], [7], [8], [9], [10], [11], [12],[13],[14],[15],[16],[17],[18],[19],[20],[21],[22]

 

Курстық жұмысты жазуға байланысты әдістемелік нұсқау

Курстық жұмыстардың тақырыптардың негізінде өзекті мәселені таңдаңыз және оны зерттеуге кірісіңіз. Тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді оқып, оларды сұрыптай отыра конспект жазыңыз. Курстық жұмысты тарау-тарауға бөліп, оның жоспарын құрыңыз. Курстық жұмысты жазғанда міндетті түрде стандартқа сай сілтемелер жасаңыз. Курстық жұмыс ғылыми стиль талаптарына сай жазылу керек. Әр жазылған тарауды ғылыми жетекші оқып шығып, ақыл-кеңес беріп отырады. Курстық жұмыс құрылымына: титул парағы, жоспар, кіріспе, теориялық және тәжірибелік бөлімдері, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар кіреді. Курстық жұмыстың соңында келтіретін әдебиеттер тізімі белгілі стандартқа сай рәсімделуі тиіс. Дайын болған курстық жұмыс ғылыми жетекшінің тексерілуінен өтіп, кафедраның шешімімен қорғауға ұсынылады. Курстық жұмысты қорғау комиссия мүшелерінің алдында іске асырылады.

 

Оқу, өндірістік және дипломдық іс-тәжірибені өтумен байланысты әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының түрлері

Университет студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі оқу үдерісінің өте маңызды бөлігі болып табылады, оқытылатын мамандық бйынша қызмет барысында теориялық білім мен дағдыларын бекіту мақсатында қызмет атқарады.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өту оқу жоспарында қарастырылған теориялық пәндерді оқумен бірдей міндетті болып табылады.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге теориялық оқытудың оқу жоспарын толығымен орындаған студенттер жіберіледі.

Іс-тәжірибеге кетер алдында студент кафедрадан мына құжаттарды алуға міндетті:

а) іс-тәжірибе бағдарламасын;

ә) педагогикалық іс-тәжірибе кезеңіне берілген жеке тапсырма;

б) іс-тәжірибе жолдамасы бар педагогикалық іс-тәжірибе күнделігі.

Іс-тәжірибеге жан-жақты дайындық мақсатында студент алдағы жұмыстардың бағдарламасы мен мазмұнымен танысуға, ұсынылған анықтамалы әдебиетті жинап және қарастырып, университеттен тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінен қажетті кеңестер алуға тиісті.

Педагогикалық іс-тәжірибе күнделігін студент күнбе-күн толтырады. Іс-тәжірибе аяқталған тұста студент білім беру мекемесінен бөлінген іс-тәжірибе жетекшісінің қосымша нұсқаулары мен іс-тәжірибе жетекшісінен өзінің жұмысы жайлы мінездеме алуға міндетті.

Іс-тәжірибе бойынша есеп университет және білім беру мекемесінен бөлінген іс-тәжірибе бағдарламасының нұсқауларымен сәйкес құрастырлады.

Есепте төмендегі мәселелер баяндалады:

а) іс-тәжірибе базасы, іс-тәжірибеден өту тәртібі мен мензімі жайлы жалпы мәліметтер;

ә) іс-тәжірибе бағдарламасында орындалған барлық тапсырмаларды қысқаша баяндап жазу;

б) педагогикалық жұмыстардың (зерттеу) әдістері;

в) жеке тапсырманы орындау барысы туралы хабарлау.

Педагогикалық іс-тәжірибені жоғары деңгейде көтеру бойынша ұсыныстар мен қорытындылар.

Іс-тәжірибе аяқталғаннан соң студент төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруға тиіс:

а) күнделік;

ә) барлық сабақтардың зерттеме жоспарлары мен барған сабақтардың кең түрдегі сипаттамасы бар жұмыс дәптері;

б) білім беру мекемесінен бөлінген іс-тәжірибе жетекшісінің қолы бар мінездеме;

в) педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп және қосымшасы:

- Сабақтың (жаттықпа сабақтар)жоспар-конспектісі;

- Басқа студент-практиканттың қатысқан жаттықпа сабақ талдауы;

- Сыныпқа (бір оқушыға) берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме;

- Тәрбиелік іс-шараның жоспар-зерттемесі;

- Тәрбиелік іс-шараның талдауы.

Педагогикалық іс-тәжірибе есебі кафедра меңгерушісі тағайындалған комиссия алдында қорғалады. Есептерді қорғау нәтижелері бағлаудың белгіленген баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференциалды зачетпен бағаланады. Есеп көпшілік алдында қорғалады.

Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе есепті дер кезінде көрсетпеу: ақылы негізде педагогикалық іс-тәжірибеден қайтадан өтуге немесе студенттер қатарынан шығаруға әкеліп соғады.

Іс-тәжірибеден қайта өту мерзімі мен шарты әр жағдайда факультет деканымен белгіленеді.