Сызықтық объектілердің жер пайдаланулары

Үшінші топқа темір және автомобиль жолдарының, электр жүйелерінің, каналдардың, құбырлардың т.с.с. жер пайдаланулары жатады. Бұнда жерді үнемдеу мәселесі аталған объектілердің ұзындығын барынша қысқарту арқылы шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5 мың га. бөлініп отырады.

Сызықтық обьектілердің құрылысы үшін жер учаскелерінің аудандары тиісті жер бөліп беру нормалармен есептелініп, жобаланады. Автомобиль жолы құрылысы үшін жер бөліп беру жобасында жер жолағының ені (тұрақты және уақытша пайдалануға алынатын) жолдың техникалық категориясына және оның үйіндіде немесе ойындыда орналасқандығына байланысты жер бөліп беру нормасымен анықталады. Құрылыстың жеке жобасына сәйкес тұрақты бөлінген ауданға салынатын жол және қорғайтын орман көшеттері астындағы жер учаскелері, ал уақытша бөлінген ауданға - қапталдағы резервтер мен кюветтер астындағы учаскелер кіреді.

Автокөліктердің қозғалыс қарқындылығына байланысты, экожүйелердің табиғи тепе-теңдігі бұзылған жағдайда және жерлердің сапасы төмендегенде автожол маңы жолағына теріс әсер ету зонасы орнатылуы мүмкін.

Электр жүйесісызығының астына жер бөліп беру жобасында, кернеулігі 1000В жоғары электр жүйесі сызықтарының бағаналары астына бөліп берілетін жер учаскелері тұрақты пайдалануға алынуы белгіленген. Бағаналар астына алынатын аудан, жер бөліп беру нормасымен белгіленеді. Ол - сызық кернеулігіне және бағана түріне байланысты. Уақытша пайдалануға бағаналарды жөндеу үшін олардың айналасына бөліп берілген жер учаскелері және электр жүйесін ұзындығымен бойлай жер жолақтары жатады.

Радиосызықтық байланысжүйелері, кабель және т.с.с. объектілерге жер бөліп беру жобасында арнайы құрылымды күшейту пункттері түйін тармақтарын орналастыру үшін тұрақты пайдалануға жер учаскелерін беру белгіленген (күшейту пункттері, жүйелік байламдары және т.б.), ал уақытша пайдалануға - уақытша құрылыстар үшін жер учаскелері және монтаждау үшін жер жолақтары бөлінеді.

Жер асты құбыры магистралі үшін жер бөліп беру жобасында, тұрақты пайдалануға қорғаныс арматураларды орналастыру үшін жер учаскелері бөліп беріледі, уақытша пайдалануға құбыр ұзындығын бойлай жолақтар беріледі.

Жер асты су құбырлары магистралінорналастыру үшін тұрақты пайдалануға құдықтар мен қиылысу камераларын орналастыру үшін жер учаскелерін беру, уақытша пайдалану бойынша – су тасығыш магистральдарға жер жолағын беру белгіленген.

Магистраль каналдарүшін жер бөліп беру жобасында (суару, құрғату, су жинағыш-тасығыш, коллектр-дренажды) тұрақты және уақытша пайдалануға жер жолағын беру белгіленген. Жер жолағының ені каналдың параметрлеріне байланысты бөліп беру нормасы бойынша анықталады. Каналдың жағасына қорғану немесе қорғау зоналарын орнату мүмкін.

Табиғатты қорғау, сауықтандыру, рекреациондық және тарихи-мәдениеттік қажеттіліктерге жер бөлу жобасын құру және оны негіздеу ерекшеліктері

Төртінші топқа қорықтар, сауықтандыру, рекреациондық және тарихи-мәдени жерлер жатады. Олардың аудандары мен межелері, алқаптық құрамдары мен пішін кескіндіктері, пайдалану мақсаттары мен мұқтаждықтарына қарай белгіленеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне Ұлттық, дендрологиялық және зоологиялық парктері, ботаникалық бақ, қорықтар (аңшылықтан басқа) және табиғат ескерткіштері жатады.

Мемлекеттік қорық аймақтарындағы жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді [26].

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекет меншігінде болады, жекешелендіруге жатпайды және өзге қажеттіліктерге алып қоюға жол берілмейді.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары аталған мақсаттар үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасындағы елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.

Қорықтың бүкіл ауданы екі зонаға бөлінеді. Біріншісі - нақты қорықтың жерлері, екіншісі - шаруашылық зона. Соңғысында шектелген түрде және белгілі мөлшерде шаруашылық ic-әрекеттер жүргізіледі. Қорықтардың жер пайдаланулары тұтас, ал межелері табиғи шектермен сайма-сай болуға тиісті.

Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды.