Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлар, тәрбие және мектеп тарихы

Ежелгі Римде педагогикалық идеялар философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты. Римнің алғашқы ағартушыларының бірі- Үлкен Катон (б.з.б. 234- 149 жж.). Ол римдік риторика канондарын жазуда грециялық ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Ол Римнің отбасылық тәрбиесін дамытуға еркеше көңіл бөлді. Ол баланың жанында дөрекі сөздерді қолдануға болмайды. Балаға тек жақсы қырлармен көріну керек деді. Ол өз баласының тәрбиесінде педагог құлдардың іс әрекетіне жүгінуден бас тартты. Себебі олар балаға соншалықты маңызды тәрбие көрсете алмайды деді.

Рим және грек тәрбие дәстүрлері ойшыл және саясаткер Цицеронның ( б.з.б. 106- 43 жж.)еңбектерінде де көрінііс тапқан. Грек философиялық дәстүрлерінің ықпалымен Цицерон адамның өмірін күрделі өзгермелі жағдайлар жүйесі деп қарады. Адамға сараңдық, қызба қандылық сияқтылар зиянын тигізеді деді. Адамға жақсы әсер ететін оның дамуына ықпал ететін- ол сана және благоразумие сезімі деп көрсетті. Оларды дамытуға отбасы жағдай жасайды деген тұжырым жасады.

Рим философиясы мен педагогикалық ойлар І- ІІ ғғ. өз дамуының шарықтау шегіне жетті.

Бұл кезеңнің өкілдернің бірі- Сенека ( б.з.б. 4- б.з. 65 жж.). Ол мектеп жүйесіндегі «формализмді» сынап, ол жанды емес, ақылды ғана дамытады деді. Ол білімберу алдымен дербес жеке тұлғаны тәрбиелеуі керек. Сенеканың «Мораль тақырыбындағы хаттары», «Луцилиюға арналған адамгершілік хаттары» еңбетерінде адамгершілік тәрбиесі мәселелері қарастырылады. Ол «Лишь одно делает душу совершенной: незыблемое знание добра и зла» дей отыра, тәрбиеші өмірлік мысалдар келтіре отыра, әңгімеге баланы тарту арқылы адамгершілік тәрбиесін жүргізуге болады деген.

Бұл езеңнің ірі ойшылдарының бірі- Плутарх (45- 127 жж.). Ол отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселелерін тәрбиенің негізгі мәселесі деп айтқан. Ол бала тәрбиесінде ұрып- соғу сияқты әдістерді қолдануа қарсы шыққан. Ол баланы қасиетті деп есептеген. Плутарх «Тәрбие туралы» еңбегінде тәрбие туралы соны пікірлерін жазады. Ойшыл римдік қоғам көлеміндегі жан- жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеуге көңіл бөледі.

Рим философиясы мен педагогикалық ойлардың көрнекті өкілі- Квинтилиан (35- 96 жж). Ол адвокат және және шешен. Оның педагогикалық көзқарастарының дамуына Грекилық ойшылдардың еңбектері әсер етті. Квинтилианның негізгі еңбегі- «Шешендік білім беру».

Рим ойшылы адам болмысы жағымды негіздерден құралады деген пікірді жақтады. Дұрыс педагогикалық нәтижеге жету үшін адамның табиғи мейрімділігі мен тәрбие процесін біріктіру керек деген тұжырым жасады. Квинтилиан жалпыға арналған білімберуді жақтады.

Сонымен, Ежелгі Греция және Рим мелекеттеріндегі пайда болған алғашқы мектептер мен педагогикалық ойлар білім мен ғылымның дамуына алғышарт болды. Антикалық замандағы идялар мен тәрбие туралы ойлар Шығыс елдері мен Батыс Еуропада педагогиканың дамуының қайнар бастаулары болды.

 

Лекция. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Жоспар:

1. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

2. Ежелгі Үндістандағы мектеп мен тәрбие.

3. Ежелгі Египет мектебі

Лекция мәтіні: Ежелгі Шығыс адамзат баласының өркениеті мен мәдениетінің бесік бастауы болып табылады. Алғаш рет Шығыс елдерінде тәрбие, білім беру мәселелері көтеріліп, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Ежелгі Шығыс елдері Қытай, Үндістан, Египет, Ассирия, Вавилонда ең алғашқы мектептер ашылып, тәрбие ісі ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады.

 

1. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Ежелгі Қытай елінің педагогикалық дәстүрлерінің негізінде отбасылық- қоғамдық тәрбие жатыр. Кез келген отбасының өмірі сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер негізінде өтеді. Кжелгі Қытай отбасында белгілі бір этикалық нормалар сақталды. Қытай қоғамында жер бетіндегі адамгершілікті бақылап отыратын құдай бар деп есептелді.

Тәрбиелік қатынастарының негізінде отбасының кіші мүшелерінің үлкендерді сыйлауы, құрметтеуі жатты.

Ежелгі Қытайда адам тәрбиесі туралы алғашқы ойларды Конфуций, Мэнцзы, Сюнцзы еңбектерінен көруге болады.

Конфуций (551-479жж.)- ежелгі заманда 3000 жуық оқушыдан тұратын мектеп ашты. Қазіргі уақытта Конфуций ғылым мен білімнің қорғаушысы ретінде құрметтеледі. Конфуций мектебінің оқыту әдістемесі оқушымен диалогтық қарым- қатынасқа құрылып, сабақта фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, образдарға еліктеу әдістері қолданылды. Конфуций“Әңгімелесу мен ой-пікірлер”(Лунь юй), “Дәстүрлер кітабы” трактаттарының авторы. Конфуцийдің тәрбиелік иделерының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарастар жатыр. Ол дұрыс тәрбие дегеніміз адам болмысының адамгершілік жетілуі деп көрсетті. Қоғамның тұрақтылығын тәрбие анықтайды деген дұрыс тұжырым жасады. Ол тәрбиеде қоғамның және табиғаттың ролін анықтауға тырысты. Адам табиғаты дұрыс тәрбие барысында идеалды адам тәрбиелудің материалы болады деді. Жан- жақты тәрбиеленген адам Конфуцийдің ойынша төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек: адамгершілік, ақиқатқа деген ұмтылыс, әділеттілік, бай рухани мәдениет иегері және т.б. Конфуций Қытай мәдениеті мен білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Қытай ойшылдарының бірі- Мэнцзы (Мэн Кэ) (372- 289 жж.). Ол тәрбие жоғары адамгершілікті адамды қалыптастыруы керек деп, шәкірт тәрбиелу үшін мектеп ашқан адамдардың бірі.

Сюнцзы (Сюань Куан) (298- 238 жж.) ол адам тумасынан қатал болады, тәрбие жағымсыз сапаларды түзетумен айналысады деді. Ол мектеп ашып болашақ Қытай азаматтарын тәрбиелумен айналысты.

Б.з.б. ІІ ғ.- б.з. ІІ ғ. ежелгі Қытайда конфуцийлік ілім ресми идеологияға айналып, білім беру мен тәрбие процесінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл кезеңде қоғамда оқыған адам беделі жоғарылап, кәсіп бабында өсуге жол ашты.

Қытайда алғашқы мектептер- б.з.б 3 мыңжылдықта пайда болды. Мектептер сян және сюй деп аталды. Сян мектебі соғыс өнеріне үйретті. Сюй мектебі- «алты өнерді» үйретті- яғни мораль, жазу, санау, музыка, садақ ату, ат баптау. Чжоу кезеңінде (б.з.б. ХІ- ІІІ ғғ.) Госюэ- жоғары шенеуліктер мектебі, Сансюэ- орта шенуліктер мектебі жұмыс істеп, иероглифтерді жазуға үйретті.

Ежелгі Қытай адамзат баласының дамуына, білім беру саласының дамуына ықпал еткен өркениеттердің бірі. Қытайда алғаш рет философиялық ойлардың дамуы барысында тәрбие мен оқыту мәселесінің теоретикалық мәнін ашуға қадам жасалды.

2. Ежелгі Үндістандағы мектеп мен тәрбие.Ежелгі Үндістан тарихын екіге бөліп қаруға болады: дравиттік- арийлік және буддистік кезең.

Дравиттік кезеңде тәрбие мен оқыту отбасылық – сословиелік сипатта болды, тәрбиеде отбасы негізгі роль атқарды.

Үндістанда мектептік білім беру б.з.б. ІІІ- ІІ мың жылдықта Харапп мәдениеті тұсында пайда болды. Бұл кезеңнің мәдениеті туралы тарихи деректер аз сақталған. Тек бірнеше жүздеген мөрлер, қыш сия сауыттар ғана сақталған. Б.з.б. ІІ- І мыңжылдықта Үндістан территориясын арий тайпалары жаулап алды. Олар жергілікті халықпен араласып, елде соның нәтижесінде касталық жүйе пайда болды. Касталық жүйе Үндістанның тәрбие мен оқыту жүйесіне өзіндік ықпал етті.

Тәрбие мен оқытудың пайда болуына діни иделогия- брахманизм (индуизм), буддизм әсер етті.

Дравиттік- арийлік кезеңде әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл- ой, дене қасиеттерін дамытуы керек деген тәрбие идеясы кең тарады. Жоғары касталық топ- брахмандарда жоғары интеллектуалдық тәрбие, кшатрийлерде әскери тәрбие, вайшийлерде- еңбек және шыдымдылық тәрбиесі жүргізілсе, шудралар бағыныштылыққа үйретілді.

Тәрбиенің идеалды мақсаты- әрбір адам бақытты болу үшін жаратылған деген мақсат болды .Ақыл- ой, рухани тәрбие, дене тәрбие, табиғатқа, әсемділікке деген сүйіспеншілік, яғни эстеикалық тәрбие жүзеге асырылды.

Тәрбиелік ойлар «Бхагавата- пурана», «Махабхарата» дастанында көрініс тапты.

Ежелгі Үндістанда төмендегідей педагогикалық ойлар болды:

“Бхагавата пурана” аңызы- идеалды тәрбие туралы баяндайды.

“Махабхарата” дастанында- жан- жақты дамыған адам үлгісі беріледі.

Будда немесе Сидхарта Гаутама- (623- 544жж)- будда дінінің негізін қалаушы. Ол тәрбиенің негізгі мақсаты- адам жанын өзін- өзі тану, өзін- өзі жетілдіру арқылы тәрбиелеу деп көрсетеді.

Б.з.б. І мың жылдықта жазылған қасиетті және оқу кітабы болған – «Бхагавадита» кітабы. Кітапта тәрбие мен оқытуды іске асыру жолдары мен мазмұны баяндалы. Оқытушы бейнесінде қасетті Кришна, ал оқушы ролінде патша ұлы Арджуна бейнеленген. Білім алу мұғалімнің баяндауынан, түсіндіруден тұрып, талдау, ұғымдардың мәнін ашу, нақты мысалдар келтіру арқылы жүзеге асты.

Б.з.б. І мың жылдықтың ортасында Үндістанда отбасылық- қоғамдық тәрбиенің белгілі бір дәстүрі қалыптасты. Тәрбиенің алғашқы кезеңі отбасы тәрбиесінде жүйелі оқөыту жүргізілмеді. Жоғары үш каста үшін оқыту ерекше рәсім- ересектік пен оқытушылыққа посвещение- упаянама рәсімінен кейін басталды. Бұл рәсімнен өтпеген балалар қоғамынан аластатылды, әйел алу құқығы мен білім алуға рұқсат етілмеді.

Упаянама тәртібі мен оқыту мазмұны үш каста үшін әр түрлі болды. Брахмандар үшін рәсім 8 жасында , ал кшатрийлер үшін 11 жаста, вайшийлер ұшін 12 жасында жүргізілді. Брахмандар толық бағдарлама бойынша оқыса, вайшийлер кәсібилендірілген бағдарлама бойынша әскери өнерге үйретілді, ал вайшийлер ауыл шаруашылығы мен қолөнер оқытылды. Оқу ұзақтығы 8 жыл болды, ерекше жағдайларда 4 жылға созылды.

Қарапайым оқу бағдарламасы ведаларды қайталап беру, жазу мен оқуды үйренуден тұрды. Жоғарлатылған бағдарлама бойынша поэзия және әдебиет, граммаика және философия, математика, астрономия пәндері оқылды. Үндістанда алғаш рет сан таңбалары пайда болды, ол матемаиканың дамуына әсер етті.

Оқыту мұғалім үйінде отбасылық қарым- қатынас негізінде жүзеге асты: оқушы мұғалім жанұясының мүшесі болып есептеліп, білім алумен қатар адамгершілік қасиеттерді де игерді. Сабаққа арнайы арналған бөлмелер болмады. Кейінірек отбасылық мектептер пайда болып, ересек ер адамдар жастарды оқытты. Оқыту білімді ауызша баяндау арқылы жүзеге асып, оқушылар тыңдап, жаттап, мәтіндерді талдады.

Сонымен, Үндістанда төмендегідей мектептер болды:

Касталық мектептердежоғары 3 каста адамдары оқыды.

Ведалық мектептерде діни тәрбие жүргізілді.

Орман мектептері – қала мақындағы мектептері.

 

6-лекция Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлері

Лекция жоспары:

1. Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар.

2. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.

3. Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемлерінің жаңа типтері.

4. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары.

5. К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.

3. Лекция мақсаты:Студенттерге батыс Еуропа елдеріндегі жаңа дәуірдің басындағы ойлар мен француз революциясының педагогикалық идеялары, Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы, Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары, К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы туралы түсінік беру.

4. Лекция мазмұны:

1. Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Батыс Еуропа елдеріндегі педагогика мен мектеп, адамзат тарихы үшін шешуші экономикалық және әлеуметтік жағдайларда дамып отырды. Феодализмнің әлеуметтік институттары мен идеологиясы тәрбие мен білім берудің, ғылым мен техниканың дамуына тежеу жасады. Ал, ол өз кезегінде қоғамның ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді. Билік, білімі бардың қолында емес, байлығы бардың еншісінде болды.

Осы қайшылықтар уақыт өте келе шиеленісе берді. Осы кезде жаңа қоғамдық және рухани құндылықтар қалыптасып, адам мен әлем тұжырымдамалары қайта қарастырыла бастады. Сословиелік мектепті сынға алуда үлкен үлес қосқан Ағарту кезеңінің өкілдері еді.

Бұл уақытта тәрбие мен оқыту арқылы адам баласын дербес және тәуелсіз етуге, адамның рухани табиғатын жаңартуға бағытталған көптеген педагогикалық трактаттар жарыққа шықты. Педагогикалық проблема ғылыми зерттеулердің басымдылығына айналды. Жаңа педагогикалық ойлар педагогиканы зерттеудің жеке саласына айналдыруға, педагогикалық процестің заңдылықтарын табуға тырысты.

Адамға, тәрбие мен оқытуға деген жаңа көзқарастар сонау ХІV-ХVІІ ғғ., Қайта Өрлеу мен Реформация кезеңдерінде қалыптаса бастады. Жаңа заман басында (ХVІІғ.-ХVІІІғ. басында) қоғамдық салада діни көзқарастардан зайырлы көзқарастарға көшу тенденциялары байқалды, енді педагогикалық жүйенің жоғары құндылығы ретінде - адам, оның қасиеттері мен қабілеттіліктері анықталды. Ф.Энгельс ол туралы былай деп жазған: «догманың, діни құқықтың орнын адам құқығы басты».

Жаңа замандағы білімнің маңызыдылығының артуы педагогикалық ойлардың дамуына өз әсерін тигізді. Жаңа педагогикалық ойлар өзінің қорытындыларын эксперименталдық зерттеулер мәліметтеріне негіздеуге тырысты.

Ағылшын ғалымы Фрэнсис Бэкон (1561-1626), ғылыми танымның мақсаты - бірізді эксперименттер негізінде табиғат күштерін меңгеру деп түсінді. Адамның табиғаттан үстемдігін жариялай отырып, оны сол табиғи ортаның бөлшегі ретінде қарастырды, яғни таным мен тәрбиенің табиғатпен үйлесімділігі принципін мойындады.

Неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратихия) (1571-1635) оқытудың табиғатпен үйлесімділігін дәлелдеуге тырысты, оны қарапайым және белгіліден күрделі және белгісізге қарай дедукивтік қозғалыс ретінде қарастырды.

В.Ратке «Всеобщее наставление» еңбегінде әрбір адамның бақытты өмір сүруі үшін білім қажеттілігін көрсете отырып, оны іске асыру үшін демократиялық білім беру мекемелерінің ашу маңыздылығын айтады.

Вольфганг Ратке білім берудің әдіснамасын құрастырды. Ол ғылыми педагогикалық зертеулерді ұйымдастырудың және білім беру мазмұнын құрастырудың критерийлерін анықтады.

Ратке алғаш рет педагогика ғылымына “дидактика” терминін енгізді. Ол дидактиканың пәнін тұлғаны дамыту туралы ғылым ретінде кеңейтті.

Жаңа заман педагогтары арасында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) орны ерекше. Гуманист-философ, қоғамдық қайраткер, ол ортағасырлық ғылым мен мәдениетте, тәрбие мен білім беруде орын алған діни догмаларға қарсы күресте үлкен еңбегін сіңірді.

Ян Амос Коменскийді заңды түрде қазіргі педагогиканың атасы деп атауға болады. Ол бірінші болып тәрбие мен оқытудың заңдылықтарын тауып, жүйеге келтірді. Алғашқы болып дидактиканың ғылыми негізін құрастырған Коменский еді.

Оның терең мазмұны бар педагогикалық еңбектері бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Олар: «Ұлы дидактика», «Ана мектебі», «Лабиринт света и рай сердца», «Всеобщий совет об исправлении дел человеческих» және т.б.

Коменскийдің сонау ХVІІ ғасырда енгізген педагогикалық идеялары бүгінгі педагогикалық теория мен практикасы үшін өзекті болып табылады.

Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту проблемалары ғана емес, сонымен бірге тәрбие (адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де орын алды. Осы еңбегінде ол сенсуалистік педагогикалық принциптерге үлкен мән берді. Бұл принцип, бүгінгі оқыту тәжірибесінде «дидактиканың алтын ережесі» деп қарастырылады.

Коменский алғашқы болып сынып-сабақ жүйесін құрастырған болатын. Сонымен бірге ол жалпыұлттық мектеп мәселесін, мектеп ісінің жоспарлануы мәселесін, білім беру сатыларының адам жасына сай болуы мәселесін, тіған тілде оқыту мәселесін, гуманитарлық білімнің ғылыми-техникалық біліммен үйлесімділігі мәселелерін өз еңбектерінде көтерді.

Коменский тәрбиеде табиғатпен үйлесімділік принципін, педагогикалық процесті ұйымдастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді енгізді. Коменскийдің дидактикасында табиғатпен үйлесімділік принципі табиғатқа еліктеу идеясына негізделген, яғни педагогикалық заңдар табиғат заңдарына сәйкес болу керек.

Өзінің «Выход из школьных лабиринтов» еңбегінде, Коменский табиғат пен тәрбиенің заңдарының бірлігіне негізделген оқытудың төрт сатысын қарастырады: бірінші – автопсия (өзбетімен байқау); екінші – автопраксия (практикада қолдану); үшінші – автохресия (меңгерілген білім, іскерлік, дағдыны жаңа жағдайларда қолдану); төртінші – автолексия (өз әрекетінің нәтижелерін өзбетімен баяндау).

Коменскийдің педагогикасының фундаментальді идеясы – пансофизм идеясы болып табылады, яғни өркениеттің жинастырған барлық білімді жалпылау және осы білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгілерге қарамастан барлық адамдарға туған тілдерінде жеткізу.

Өзінің «Лабиринт света и рай сердца» (1625) еңбегінде Коменский адамды өмір лабиринтімен келе жатқан жолаушы ретінде қарастырды. Бұл лабиринтті сәтті өту үшін, адам қоғамға пайда әкелетін білімді меңгеруі керек деп көрсетеді. Жиырма жылдан кейін өзінің «О развитии природных дарований» трактатында ол былай деп жазады: «Кім білімді болса, сол әрдайым пайдалы болады және әруақытта қандай да бір тосын жағдайларға төтеп бере алады».

«Законы хорошо организованной школы» трактатында мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптарды, оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды, мектепте жүріс-тұрыс ережелерін ұсынды