ХІХ ғасырдың классик-педагогтары

Иоганн Фридрих Гербарт (1746-1841) философ, псижолог, математик және ХІХ ғасырдың әйгілі неміс педагогы.

Оның педагогикалық мұрасы мына негізгі еңбектерінде сақталған: «Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика»(1806), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар»(1831), «Педагогика лекцияларының очеркі»(1835).

Гербарттың пікірінше тәрбиенің мақсаты – адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады.

Гербарт бойынша тәрбие процесі

 

Гербарт бүкіл тәрбие процесін үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адамгершілі тәрбие.

 

Басқару Гербарт ұсынған балаларды басқару жүйесі оларды жазалауға, ретсіз қайталауларға бағыттала құрылған. Оның басқару жүйесі авторитарлық сипатта болды.

 

Адамгершілік тәрбие Гербарттың дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі деп есептеді.

 

Оқыту Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің ортылығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің басты құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелік сипатта болу идеясын ұсынды.

 

 


 

 

Гербарт алғашқы рет оқытудың сатыларын зерттеуге тырысты, психология мен педагогиканың арақатынастарын қарастырды. Ол зерттеген «тәрбиелей оқыту» мен «әр салалы қызығушылық» ұғымдары кейіннен психология мен педагогикаға енді.

Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі мен теориясы.ХҮІІІ ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян помещиктер қанаса, екінші жағынан, тоқыма өндірісінің иелері қанады.

Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны - коллегиумге түседі. Бұл оқу орындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.

Жан Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті.

Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті. Сөйтіп, Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.

Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды.

Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді.

Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады.

Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі - мектеп деп есептеді. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез құлқын қалыптастырады. Еңбек еткен адам еңбектің қоғам өміріндегі зор мәнін түсінеді.

Тәрбиенің міндеті - адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту, және ол даму жан жақты болу керек деп санады. Тәрбиеші баланың табиғи дамуына дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан жақты дамуына негіз болады, деп көрсетті.

Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі - балаларға элементарлық білім беру теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте бірте күрделене түсуі керек.

Элементарлық білім беру теориясына Песталоцци дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл ой тәрбиесін беруді жатқызады. Тәрбиенің бұл салалары өзара байланысты түрде берілуі тиіс, сонда ғана олар адамды жан жақты тәрбиелейді деп есептеді.

Дене тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан келіп, ойын, тағы басқа әрекеттер туады деп Песталоцци дене тәрбиесінде ойынмен қатар, әскери жаттығуларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланың болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қоғам өміріне белсене қатысатын жан жақты дамыған адамды қалыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез құлыққа тәрбиелеуге болады. Моральдық тәрбиенің ең жай элементі баланың анаға деген сүйіспеншілігі, ол баланың күнделікті қажеттерінің орындалып отыруы негізінде дамиды.

Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға үйретеді.

Песталоцци моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырды. Ол дінді сағанмен, егер адам құдайды қадірлесе, бір біріне бәрі туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлей біледі деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы - дүниеге идеалистік көзқараста болуының айғағы.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекіліктің кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөніндегі бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды.

Песталоцци географияны оқыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсынды. Бала алдымен мектеп жанындағы учаскеден, өз ауылы орналасқан жермен танысып, алғашқы географиялық білімдер алуы керек. Содан барып жалпы жер шары туралы білімдерге көшу керек деп есептеді.