Лекция Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

1. Киев және Москва мемлекеттеріндегі балаларды төрбиелеу мен оқыту.

2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.

3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.

1. Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды тәрбиелеу мен оқыту.Ертедегі славяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өскелең ұрпақты тербиелейді. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.

Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы көмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Отбасында және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қауымның аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.

Балаларды адамгершілікке тербиелеуде шығыс славяндардың, оның бай ауыз өдебиеті ерекше рөл атқарды: ертегілер, өлендер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, ерине, халық түйген түжырымдар, ғасырлар бойы зерделік үқышылықпен сүрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, үстаздық ойлар болса керек-ті. Бүл - халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бүлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауыздан-ауызға, үрпақтан-үрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік қүбылыстармен таныстырады, оларға отбасылық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.

Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларда отанына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.

Орыстың ұлы классик — педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: "Ол халық ауыз әдебиеті шығармаларынан орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көруге болады".

IX ғасырда Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. X ғасырдың аяғында княздердің енгізген ресми мемлекеттік діні — христианство — осыған көмектесті.

Княздер мен шіркеу халық арасыңца аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, үлкеңдердің, дшиелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді.

XI ғасырда Киев мемлекетінде жасақшылардың, боярлардың, княздердің арасьшан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Княздар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырылды.

Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейіпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленеді.

XII ғасырдың басындағы тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш больш табылатыны "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті". Ақылды мемлекет қайраткері Владимир Мономах балаларының батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол білімге және кітапқа құрметпен қарауды балалары бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген жөне ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты.

Мономах тәрбиенің негізі мақсаты — балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, православиялық шіркеудің әдет-ғұрыптарын қатаң орьщдауды үйрету. Владимир Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етгі. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті" Киев мемлекетінің өмір сүрген кезінде Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой-пікір дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша дерек болып табылады.

 

2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.XVI — XVII ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. "Туысқандық" — бұл орыс, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының рөлін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс жөне Оңтүстік — Батыс жерлері ол кезде Полыда — Литва мемлекетінің құрамында болатын-ды. "Туысқандық" бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктаңдыру жөне католик дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі - православие діні және туысқандықтың ұлттық төуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды.

Мектеіггің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру жөне ізгілікпен қарау, олардың арасында ата-аналарының жағдайьша қарай айырмашылық болмау керектігш талап етті. Қатаң, "тирандық" жазалауға тыйым салынды.

Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған өдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде жеке оқыту емес, оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты.

1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалшдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланыдды.

Туысқандық мектептерде бірінші орынға славян тіліне оқыту қойылады. Сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқытылды. Осы пәңдердің толық курсы ірі қалалардағы (Львов, Луцк, Могилев, Киев) туысқавдық мектептерде оқытылды.

Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады. Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сьшьш-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескеру дұрыс жолға қойылды. Бүгінге дейін өз мөнін жойған жоқ.

Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің " Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен үндесіп жатыр.

 

3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы. XVIIғасырдың екінші жартысында, әсіресе, Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, оңда сауат ашу, ескі славян және грек грамматикасы, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.

1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары, академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар XVIII ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсеңді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында XVIIIғ.бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов, белгілі жазушы А.Д.Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды. 1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретівде академия өз мөнін жойды және діни академияға айналды.

Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбейе түсті. Көп тиражбен әліппелер және т.б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.

Бірнеше рет қайта бастырылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XVII ғ.екінші жартысывда Епифаний Славинецкий "Балалар тәртібінің ережелері" атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.Епифаний Славинецкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологаялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатыңдығын атап көрсетті.

1. Ресейде білім берудің мемлекетгік жүйесінің құрылуы.

2. Декабристердің Ресейде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына әсері.

 

1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстьң ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нөтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.

Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекелеген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісі талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орыңдарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясынын ағартушылық идеялары ерекше өсер еткен еді.

1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. "Халық ағарту ісінің ережелері" жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу округіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды. "Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері" негізінде 1804 жылы "Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы" жарияланды, бұл құжат "1804 жылғы мектеп жарғысы" деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:

Приход училищелері жарғысы бойынша қалалар мен селоларда ашылды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылық беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.

Оқу жоспарына "құдай заңы" және "дәстүрді үйрету", оқу, жазу, арифметиканың алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер беру енді.

Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.

Уездік училищелерді губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына "өндірістің жағдайына" сөйкес қажетті білім беру болды.

Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу "жоспарына", "құдай заңы", "Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы" кітапты оқу, "Ресей грамматикасы", жалпы жене орыс жағырапиясы, жалпы жене орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі) енді. Уездік училищелер гимназияларға бағынды.

Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пендер енгізілді: шет тідцері (латын, француз жөне неміс), жағырапия және тарих, жалпы жене Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.

Гимназияның оқу жоспарына "құдай заңы" енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсшбеушілікгің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады. Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдікгер бере отырып, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университетгерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу жөне ғылыми әдебиетті басып шығаруға ұрықсат етілді. Профессорларға, студентгерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.

Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне чиновникгерді даярлау болып табылды. Барлық сословиелер үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мөнівде білім берудің сословиелік жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілер тән болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастьвгы, барлық сатыларында оқытудьщ тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мекгептердің формалдық түрде бірдейлігі.