Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.

Ағарту идеяларының негізгі орталығы – Франция еді. Бұл қозғалыстың бастаушылары Ф.Фенелон (1651-1715) және Ш.Роллен (1661-1741) болды.

Әйгілі шіркеу өкілі, «Телемак» атты педагогикалық романның авторы Франсуа Фенелон тәрбиеде авторитарлық сипаттың болуына қарсы шығып, тәрбиенің еркін, табиғи сипатта болуын қалады.

Алғашқылардың бірі болып ол қыздар тәрбиесі туралы көзқарастар білдірді. «Қыздардың тәрбиесі» атты еңбегінде қыздарға тек білім ғана беріп қоймай, оны болашақ ана ретінде қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.

Фенелон балалардың оқудан жалығуының алдын-алу үшін оқу әрекетін ойын әрекетімен үйлестіру қажеттігін айқын көрсетті.

Білім беру саласында үлкен еңбек сіңірген Шарль Роллен өзінің «Білім беру туралы трактат» атты басты еңбегінде мектептік білім берудің параметрлері құрастырылды.

Оқу бағдарламасында басты орын туған тілді меңгеруге бөлінген. Бастауыш мектепте оқыту - француз тілін үйретуден бастады. Колледжде француз тілі мен әдебиетімен танысу жалғаса берді, сонымен бірге антикалық әдебиет пен тілдерді, жаратылыстану мен математиканы меңгетті. Роллен, бойынша ең бастысы колледж түлегі іс-әрекет тәжірибесін меңгеруі тиіс.

Француз Ағартуының өкілдерінің әрекетінің бір бағыты феодализмнің идеялары мен тәрбие мен білім беру институттарымен күрес. Оның бастаушыларының бірі – Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Монтескье келесі бағдарламаны ұсынды: өскелең ұрпақты конституциялық мемлекеттің идеалдары негізінде қалыптастыру, абсолютік монархияның деспотиясын қабылдамау; сословиелік мектепті демократиялық, ұлттық білім беру жүйесімен алмастыру.

Француз Ағарту кезеңінің көрнекті өкілі Дени Дидро (1713-1784) тұлға дамуында тәрбие мен білім берудің маңызды орнын айқындап берді, ол баланың табиғи еркін өсуіне қарсы болды. Оның пікірінше адам баласы жабайы өсімдік сияқты өз бетімен өссе, онда ол надан және тәртіпсіз болады.

Ол жаппай білім беруді, яғни барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы идеясын ұстанды. Ол тегін, міндетті, барлық адамдарға қол жетімді мектеп жобасын жасады. Оның «План университета для российского правительства» (1775), «Систематическое опровержение книги Гельвеция «Человек» (1773-1774), «Публичные школы» (1773-1774) атты еңбектерінде құнды педагогикалық мұралар сақталды.

Клод Анри Гельвеций (1705-1771) өзінің “Адам” атты трактатында баланы тәрбиешінің өзі ойлаған образын жасауға арналған “материал”. Гельвеций баланың табиғи қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін мүлде теріске шығарады. Гельвеций тұлға дамуының қоғамдық және биологиялық факторларын мойындамайды.

Өзінің «Адам» атты трактатында ол баланы тәрбиеші ойластырған нәрсені «жапсыру» үшін «материал» деп қарастырады. Яғни баланың табиғи мүмкіндіктерін ескермей, тәрбиеші барлық балаларды бір бейне бойынша қалыптастырады. Бірақ осыған қарамастан, ол оқытуда балалардың даралық ерекшеліктерін ескеруді жөн көрді. Оның айтуынша барлық балалар өз интеллектілерінің мүмкіндіктеріне орай білім алу керек.

Француз Ағартуының өкілі Этьен Кондильяктың (1715-1780) пікірінше мектептік білім берудің мазмұны «адамзаттың тарихи қалыптасуының бүкіл кезеңдерін қамту керек», яғни оқу барысында оқушы адамзат өткен жолды ойша өту керек.

Осы кезеңнің аса құнды және ірі педагогикалық еңбегі «Энциклопедия» болып табылады. Оның авторлары Дени Дидро, Этьен Кондильяк, Клод Гельвеций, П.Гольбах.

Француздық Ағарту кезеңінің өкілдері ішінде Жан Жак Руссоның (1712-1778) тұлғасының орны ерекше. Философ, жазушы, композитор, қоғам қайраткері Жан Жак Руссо ірі педагогтардың қатарында тұр.

Руссо білім беруді демократизациялауды талап етушілердің бірі болды.

Ж.Ж. Руссоның педагогикалық жүйесінің басты мәселесі – табиғи еркін тәрбие идеясы. Еркін табиғи тәрбие деп – ол баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып дамытуды қарастырды. Өзінің «Эмиль» атты романында Руссо бала тұлғасының даму процесін кезеңдерге бөле отырып, осы жас аралықтарында баланы тәрбиелеу ерекшеліктерін ұсынады.

Руссо сенсуалист болғандықтан тәрбиеде баланың сезімдерін дамытудыв басты орынға қойды. Руссо барлық адамдардың табиғи еркіндігі мен теңдігі идеясын ұсынды. Ол тәрбие арқылы әлеуметтік теңсіщдікті жоюды армандады. Оқыту мен тәрбиені қоғам өзгерістерінің күшті механизмі ретінде қарастырды.

Оның ойынша адам тұлғасының дамуына үш фактор әсер етеді: табиғат, адамдар, қоғам. Осы факторлардың барлығы белгілі бір роль атқарады: табиғат қабілеттіліктер мен сезімдерді дамытады, адамдар оларды пайдалануды үйретеді, қоғам тәжірибені молайтады. Олардың барлығы жиылып келгенде баланың табиғи еркін дамуын қамтамасыз етеді. Тәрбиешінің басты міндеті бұл үш күшті үйлестіру. Руссо бойынша нағыз тәрбие – ол өзбетімен өмірлік тәжірибе жинақтау.

Руссо жастайынан тәрбие мәселелерімн қызықты. Лион қаласында жергілікті сот қызметкерінің үйінде 5 жастағы Жан Антуан мен 6 жастағы Сент-Маридің мұғалімі қызметін атқара жатып ол өзінің «Проект воспитания де Сент-Мари» енбегін (1743-1745) жазды. Бұл еңбегінде схоластикалық мектепті сынай келе жаратылыстану пәндерін оқыту бойынша ұсыныстар берді.

Оның құнды педагогикалық бай мұрасы мына еңбектерінде сақталған: “Де Сент-Маридің тәрбие жобасы”(1743-1745), “Юлия немесе Жаңа Элоиза”, “Қоғамдық келісім туралы”, “Эмиль, немесе тәрбие туралы”, “Мораль туралы хаттар” (1756-1762).

«Мораль туралы хаттар» еңбенгінде адам тұлғасының мәні қарастырылған. «Юлия немесе Жаңа Элоиза» романында Руссоның гуманистік көзқарастары айшықталады. Бұл романда ол баланы тәрбиелеуде гуманистік тұрғыдан келуді, бала табиғатын бұзбауды ұсынады, өйткені оның пікірінше әрбір адамның бойында табиғатынан мейірімділік болады. Бала тәрбиесінде Руссо бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қойды.

«Эмиль, немесе тәрбие туралы» роман Руссоның әлемге деген жалпы көзқарастарын айқындады. Онда ол Антикалық дәуірден бастап Ағарту кезеңіне дейінгі (Сократ, Платон, Плутарх, Сенека, Дж.Локк, Ф.Рабле, М.Монтень, Р.Декарт, А.Р.Ж.Тюрго, де Сен-Пьер, Ш.Роллен, Ф.Фенелон, К.Флери және т.б.) француз педагогикасы мен еуропа өркениетінің педагогикалық ойларының жетістіктерін сыни тұрғыдан қайта қарастырып талдады.

Руссоның педагогикалық жүйесінде еңбек тәрбиесі де елеулі орын алды. Оның көзқарасы бойынша еңбек тәрбиенің басты құралы, тек қана еңбек арқылы әрбір адам өзін дербестік алады. Сондықтан өмір сүру үшін әрбір адам белгілі бір мамандықты меңгеру керек.

Гуманистік көзқарастарға толы Руссоның бай педагогикалық мұралары бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоймады.