Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына әсері

Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық күресінде декабристер халыққа білім беру ісіне ерекше мөн берді. Декабристер козғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.

Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекелеген декабристер, солдаттардың арасында сауаттылықты таратумен айналысты, әскери - жетімдер бөлімдеріндегі солдаттар балалары мектептеріне ерекше әсер етгі, өздерінің жерлерінде басыбайлы шаруалар балалары, ал қалаларда — қаланың кедей балалар үшін мектептер ашты. Халық мектептерінің жан-жақты жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.

Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері идеалистер бодды, олар ағарту ісі қоғамдық қатьшастарды өзгертудің негізгі факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П.Н.Пестель жөне басқалар) ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісімен тәрбиенің дұрыс қойылуы үшін қажетті шарт патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жою екендігін көре білді.

П.И.Пестельдің құрастыруымен жарық көрген "Орыс правдасывда" тәрбие адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін атап өтті.

Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек жөне мақсаты — азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген, барлық күш-жігерін отанының гүлденуіне арнаған азаматты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде жүргізілген "отандық тәрбиені" талап етті. Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.

Дворян революционерлерінің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс істейтіндер "адамгершілік сыннан өткен", Отанын сүйе білетін, халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпадды жеккөретін адамдар болуы керек. Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ жаттауға қарсы шықты.

Декабристер "Еркін одағын" ұйымдастырды — халық үшін мектептер құрумен, оқу әдебиеттері мен кітаптарын шығарумен, мұғалімдер даярлаумен, оқушыларға тегін дәрігерлік көмек берумен айналысатын беделді қоғамдық ұйым. Бұл қоғам декабристердің "Қайырымдылық одағының" педагогикалық филиалы болды, ол тарағаннан кейін декабристердің "Солтүстік одағымен" тығыз байланыста болды. Декабристердің әсерімен орыс мұғалімдері бұл кезеңде Петербургте, Киевте жөне Москвада сауаттылыққа оқыту үшін дидактикалық материалдар жасақтады, оларда крепостнойлыққа қарсы бағытталған идеялар айтылды. Декабристердің көтерілісі жеңілгеннен кейін "Еркін одағы" жабылып қалды, дворян революционерлерінің ашқан мектептері жойылды.

Николай I өкіметі декабристер көтерілісінің негізгі себептерінің бірі елге ағарту ісінің тарауынан екенін сезді және осыған байланысты ғылымды жөне мектепті, профессорлар мен мұғалімдерді айыптады.

1728 жылы "Университетгер қарамағындағы гимназиялар мен училищелердің жарғысы" деп аталатын реакциялық сипаттағы жарғы жарық көрді. Мектептің әрбір түрі жеке сипатқа ие болды және белгілі сословиеге жұмыс істеу үшін белгіленді. Мектеп жүйесінің бірі сословиялық сипатын нығайту мақсатында 1804 жылғы енгізілген оқу орындарының арасындағы сабақтастық байланыс алынып тасталды, орта және жоғары мектепке кедей балаларының түсуі қиыңдатылды.

Приход училищелері төменгі сословиеге арналса, оларды уездік училищелерге оқушы даярлау мүмкіншілігшен айырды. 1728 жылғы жарғыдан кейін өкімет тарапынан оқу орындарьна бақылау күшейтілді, оларға таяқ тәртібі енгізілді. Ресейдің шеткі аймақтарында патша саясаты империяның құрамына кірген халықтарды орыстандыруға бағытталды.

 

8-лекция Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы

1.Ұлы Отан соғысы қарсақындағы және соғыс жылдарындағы совет мектебі (1937—1945 жылдар)

2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп пен педагогика

(1946—1956 жылдар)

3. 1958—1970 жылдардағы совет мектебі мен педагогиканың дамуы.

4. Социалистпік елдердегі мектеп және оқу-ағарту ісі

5. Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп

 

Екінші бесжылдықтық (1933—1937) аяғында СССР-де социалистік қоғам негізінен құрылып, еліміз өзінің дамуында жаңа — социализм құру дәуірін аяқтау және коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріне аяқ басты. 1939 жылдың март айында болған партияның XVIII съезі еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудің, адамдар санасындағы капитализмнің қалдықтарын жоюдың шешуші мәнін ерекше атап өтті.

1939 жылы ВКП(б)-ның XVIII съезі өз қарарларында еліміздегі социалистік құрылыстық барлық салаларындағы зор табыстарын қорытты, социалистік қоғам құруды аяқтау және бірте-бірте коммунизмге өтудегі міндетті анықтады. Съездегі есепті баяндамада екінші бесжылдық кезеңінде елімізде шын мәнінде мәдени революция жүзеге асырылғандығы аталып көрсетілді. СССР халықтарының барлық тілдерінде жаппай бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Мектептің және онда оқитын оқушылардың саны едәуір көбейді, жоғары оқу орнын бітірушілердің саны артты, жаңа совет интеллигенциясы қалыптасты.

Съезде қабылданған үшінші бесжылдық жоспар елімізде іске асырылатын мәдени құрылыстық программасын белгіледі, қалада жаппай орта білім беруді, селолық жерлерде жаппай жеті жылдық оқуды жүзеге асыруды аяқтау міндеті белгіленді. Орта мектепті бітірушілердің ерекше көбеюіне байланысты, олардың белгілі бөлімі тікелей еңбекке араласатындықтан, келешек жұмысқа даярлау мәселесі күн тәртібіне қойылып отырғаны съезде аталып өтті.

Съезд қарарлары мектептің барлық жұмыс сапасын жақсартуды батыл талап етті. Оқушыларды ғылым негізімен қаруландыруда совет мұғалімдері едәуір табыстарға ие болды. Мұғалімдердің талабының артуына қарамастан, оқушылардың сабақ үлгірімі жақсарды, клласта екі жыл қалып қоюшылардың саны азайды, балалардың сауатын жақсартуға көп көңіл бөлінді.

Сонымен қатар мектеп жұмысында елеулі кемшіліктер орын алып келді: оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуы әлсіреді, оқытуда көбінесе кітапқа, съезге негізделген әдістер басым орын алды, оқушылардың білімінің өмірмен байланысына аз көңіл бөлінді, политехнизм мен еңбек тәрбиесі нашарлады.

1940—1941 оқу жылында совет мектебінде жаңа оқу жоспары енгізілді. Бұл алғашқы қала және ауыл мектептеріне де бірдей міндетті жоспар еді. 1940 жылы мектепте жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебі алынды, олардың мектепте оқуына қатаң бақылау қойылды. Еліміздің ауыл шаруашылығын коллективтендіру үшін күресу жылдарында (1930—1934) социалистік қоғам құруды аяқтау және коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріндегі (1935—1941) коммунистік партияның негізгі көңіл бөлгені жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру, мектеп жүйесін кеңіту және мектеп жұмысының сапасын жақсарту болды.

Мектеп жөніндегі партия съездерінің қарарлары, партия Орталық Комитеті мен Совет өкіметінің қаулылары мектеп жұмысының жақсаруына, педагогика ғылымының дамуына игілікті әсер етті. Педагогтың институттар үшін педагогикадан оқулық даярланып, басылып шықты. Бұл оқулық совет педагогика курсының мазмұнын белгіледі. Дидактика мәселелеріне арналған бірнеше жұмыстар жарық көрді. Совет дидактикасы бірнеше дидактикалық принциптерді белгіледі (саналылық, көрнекілік, жүйелілік, теорияның практикамен байланыста беріктігі, оқушылардың белсенділігі). Сабақтың түрлері белгіленді. Оқушылардың білімін күнделікті есепке алу, бағалау жүйесі енгізілді, оқушылардың білімін тексерудің және баға қоюдың нормасы белгіленді.

Бұл дәуірдегі педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарында дидактика мәселесіне көп көңіл бөлінді және бұл салада көп жұмыстар істелінді. Ал аз зерттелінген мәселе мектептегі тәрбие жұмысы болды. Бұл салада Н. К. Крупскаяның «Пионерлерге хат» деген жинағының мәні өте зор. Жинақта коммунистік тәрбиенің негізгі мәселелері қамтылды. Осымен қатар А.С.Макаренконың әдеби-педагогикалық және теориялық еңбектерінің де ролі ете күшті болды. Бұл еңбектер тәрбие мәселелеріне, соның ішінде коллективте тәрбиелеу, еңбек арқылы тәрбиелеу және семьядағы тәрбие проблемаларына арналған. Әсіресе А. С. Макаренконың «Ата-аналар кітабы» жарыққа шыққаннан кейін, семья тәрбиесіне ерекше көңіл бөліне бастады, бұл мәселе женінде бірнеше еңбектер пайда болды, конференциялар еткізілді.

Әсіресе тәртіптілікке тәрбиелеу мәселесіне бұл дәуірде көп көңіл бөлінді. 30-жылдық аяғындағы зерттеулерде политехникалық оқыту және еңбек тәрбиесі мәселелеріне назар аударылды.

Қаралып отырған дәуірдегі совет педагогикасының ірі жетістігі - мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің теориялық жағынан қалыптасуы еді. Педагогика тарихының мәселелері де кең зерттелді. Педагогика және оның тарихынан оқулықтар мен оқу құралдары жазылуымен қатар, педагогика мен мектептің даму тарихы жөнінде бірнеше монографиялар жарық көрді. Бірнеше методикалық журналдар («Русский язык в школе»,

«Математика в школе», «Естествознание в школе» т. б.) шыға бастады. Мұндай журналдар орта мектепте оқытылатын барлық негізгі пәндер бойынша шығарылды. 1937 жылдан бастап ай сайын ғылыми-педагогикалық журнал — «Советская педагогика» шығарылды. Педагогика ғылымының қайраткерлері мен мектеп мұғалімдерінің арасында байланыс нығайды. Бұл байланыс теориялық педагогикалық ойдың дамуымен қатар, мектептің практикалық жұмысының жақсаруына да тікелей әсер етті. 1939 - 1941 жылдары педагогикалық ғылымдардан бірнеше ғылыми конференциялар және мәжілістер өткізілді.

Елімізде жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыруға байланысты педагогикалық училищелердің саны өте тез өсті. Оларда оқитын оқушылардың саны 1930 және 1933 жылдардың арасында 2,5 есе өсті. 1934—1935 оқу жылында елімізде 772 педучилище болды. 115 педагогтың институтта 67 мың студент оқыды. Жеті жылдық және он жылдық мектептердің санының өсуіне байланысты, 1933 жылдан бастап екі жылдық оқытушылар институттары ашыла бастады.

Педагогтық оқу орындарының өсуінің қарқыны жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асырудың даму талабын қамтамасыз ете алмады. Сондықтан 1930 жылдан бастап бастауыш мектепке мұғалімдер даярлайтын мыңдаған қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің білімін көтеру үшін педагогикалық оқу орындарының жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. Мұғалімдердің білімін жетілдіруде облыс орталықтарында ашылған білім жетілдіру институттарының ролі зор болды.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде елімізде 10 жылда (1930—1939) мұғалімдердің саны 2,5 есе өсті. 1930 жылы 481 мың мұғалім болса, 1938—1939 оқу жылы 1 миллион 27 мың мұғалімге жетті. Олардың саны өсуімен қатар, саяси саналылығы, белсенділігі, мәдени дәрежесі және педагогтық шеберлігі де дамыды. Мұғалімдер мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты (шаруаларды колхозға тарту, жергілікті советтердің сайлауы және т. б.).

1936 жылы СССР Халық Комиссарлар Советі мен партияның Орталық Комитеті «Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы» қаулы алды. Бұл қаулыға сәйкес олардың жалақысы 1,5—2 есе өсті. 1939 жылы 4 мыңдай мұғалім орден және медальдармен наградталды. 1940 жылы еңбегі сіңген оқытушы атағы белгіленді.

1929 және 1939 жылдардың арасында одақтас республикаларда мектептің саны бірнеше есе өсті. Мысалы, 1928— 1929 оқу жылында Қазақстанда 2296 мектеп болса, 1938— 1939 оқу жылында олардың саны 8271-ге жетті. Сауатты адамдардың да саны өсті. 1926 жылы РСФСР-да 9 жастан жоғары сауатты адамдар 55 процент болса, 1939 жылы 81,9 процентке жетті, Түркмен, Өзбек республикаларында 10 - 12 проценттен 67 - 70 процентке дейін өсті.

Қазақстандағы сауатсыздықты жою мен мектеп білімін өркендетудің тарихы - мәдени революцияның лениндік жоспары салтанатының тарихы еді. 1939 жылы республика халқының 76,3 проценті сауаттанды. Қазақстан қысқа мерзім ішінде сауаттылықтың Совет Одағы бойынша алғандағы орта деңгейіне жетті.

Қазақстан мектебін дамытуда қиыншылықтар да аз кездескен жоқ. Территория жағынан шашырандылығы міндетті оқуды орындауға кедергілер туғызды. Республика үкіметінің шешімі бойынша, интернаттар көптеп ұйымдастырылды. Малды ауданда тұратын он мыңдаған балаларды оқуға тартуға бұл шара мүмкіндік берді.

Республика үкіметі мен халық ағарту органдары орта мектепті дамытуға үнемі көңіл бөліп отырды. Қазақ АССР-інің Халық Комиссарлар Советі 1935 жылдың ноябрінде «Қазақстан мектептерінің структурасын реттеу және қазақ орта мектебін дамыту туралы» қаулы қабылдады.

1940 - 1941 оқу жылының аяғында Қазақ ССР-інде жалпы білім беретін мектептің саны сегіз мыңдай болып, оларда миллионнан астам бала оқыды.

Россияның көптеген мәдени орталықтарының жоғары және орта оқу орындары Қазақстан үшін болашақ мамандарды оқытты және даярлады. Жиырмасыншы және отызыншы жылдарда Совет Одағының Москва, Киев, Ленинград және басқа қалаларынан Қазақстанға жіберілген жоғары оқу орындарын бітірушілер мен ғалымдар және басқа мамандар республикада жоғары және орта оқу орындарын ұйымдастыруға, педагог кадрларын даярлауға көмектесті.

1938 жылы Орталық Партия Комитеті ұлт мектептерінде орыс тілін оқыту туралы қаулы алды. Ол мектептерде орыс тілі екінші кластан бастап оқытылып, бастауыш класс бітіргенде балалар орысша сөйлеу және жазу тілін меңгеруге тиісті болды. 1938 жылдан бастап СССР халықтары үшін орыс тілінде әліппе және басқа оқулықтар даярлау жұмысы қолға алынды.

Ұлт мектептеріне мұғалімдер даярлайтын педагогикалық оқу орындарының саны өсті. 1939 жылы ұлт республикаларында 411 педагогтық училище (оларда 116 мың оқушы оқыды), 93 педагогтық институт (оларда 54 мың студент оқыды) және 4 оқытушылар институты (оларда 15 мың студент) болды.

Совет халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдың күшті керек еттті, еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбітшілік еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Сан мыңдаған жоғары класс оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Совет Армиясы қатарына, халық ополчениесіне, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар қорғаныс жұмыстарына, ауада қорғану, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию, ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер семьяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Мектептерде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұмысы кең өріс алды.

Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша жаулап алған жерлерде он мыңдаған мектептер қиратылды және талан-таражға түсірілді. Мысалы, РСФСР жерінде 17 мың, Украинада 20 мың мектеп үйі жойылды.

Балалардың панасыздығымен және бақылаусыздығымен күрес ерекше маңызға ие болды. Соғыс жылдарында мыңдаған бала ата-анасынан айрылды. Оларға деген барлық қамқорлықты мемлекет өз міндетіне алды. Қазақстанның барлық облыстарында да жаңадан балалар үйлері ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның балалар үйлерінде 45 мың бала тәрбиеленді. Соғыстың қатерлі алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар Россия федерациясының, Украинаның, Белоруссияның майдан шебіндегі аудандарының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері еді. Қазақстанға Москваның Совет, Пролетар, Таган аудандарыны әкелері майданға, шешелері қорғанысқа еңбек етуге кеткен төменгі класс оқушыларын әкелді. Олар үшін Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында интернаттар ұйымдастырылды. Қазақстанда Польша балалары үшін балалар үйлері ашылды. Балаларды орналастыру үшін мектептер, әкімшілік үйлері, тұрғын үйлер дереу босатылды. Жергілікті халық келген балаларға шын мәнінде әкелік қамқорлық көрсетті.

Біздің Отанымыздың басына түскен ауыр сын сағаттарында Қазақстанда 149 майдан шебінен келген балалар мекемелері мен оқу орындарын орналастырды, оларды қамқорлыққа бөледі.

Бұл жылдары мыңдаған бала еңбекшілер семьяларына тәрбиеленуге берілді; жүздеген баланы жұрт асырап алды. Халық ағарту органдары балаларға қамқорлық көрсету, ата - анасыз қалған жас өспірімдерді жұмысқа орналастыру мәселесімен күнбе-күн айналысты.

Мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан, соғыс жылдарында балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласуға қажетті агротехникалық білімдер берілді, халық арасында жалпы отан қорғау және саяси - көпшілік жұмыстарын жүргізуге араласу, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру мәселелеріне жете көңіл бөлінді. Совет мұғалімдері бұл міндеттерді ойдағыдай орындады. Мектепте жаппай оқытуды ұйымдастыру мақсатымен қосымша мектептер ашылды. Тез қарқынмен мұғалімдер даярланды, оқуға тартылатын балалардың есебі мұқият жүргізілді. Осы шаралардың нәтижесінде мектепке тартылған балалардың саны көбейіп отырды.

1944 - 1945 оқу жылынан бастап оқушылар мектепке жеті жастан алына бастады. Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін 1943 жылдан бастап кешкі мектептер ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды.

Оқушыларға саяси-идеялық тәрбие беруге тікелей қатысы бар тарих, конституция, әдебиет сабақтарына мектепте көбірек көңіл бөлінді, сабақта болсын, сабақтан тыс тәрбие жұұмысында болсын, балаларды советтік патриотизм рухында тәрбиелеуге баса назар аударылды. Физика, химия, жаратылыс сабақтарын оқытудың программасына белгілі өзгеріс енгізілді, бұл сабақтардың өмірге байланысы күшейтілді. 1941 жылдан бастап ауыл шаруашылығының негіздері оқытыла бастады.

1943 жылдан бастап «Оқушылар ережесі» енгізілді. Мұнда оқушылардың мектеп, мұғалімдер, ата-ана және жолдастары алдындағы міндеттері, олардың мектептегі және мектептен тыс мінез-құлқы белгіленді. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жақсаруында «Оқушылар ережесін» енгізудің мәні өте зор болды.

Мектеп жұмысында белгілі кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшақ, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне бес балдық баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.

1944 жылы СССР Халық Комиссарлары Советі «Мектептегі оқу жұмысының сапасын жақсарту шаралары туралы» қаулы алды. Бұл қаулы бойынша бастауыш және жеті жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді. Орта мектепті үздік. бітірушілер алтын және күміс медальдармен наградталатын болды. Бұл қаулы мүғалімдер мен оқушылардың жауапкершілігін күшейтті.

Совет мектебі және педагогикалык; ғылымдарды дамыту мақсатымен 1943 жылы РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясы құрылды. Бұл академияға жалпы және арнаулы педагогика, педагогика тарихы, психология, мектеп гигиенасы және пәндерді оқыту методикасын зерттеу мәселелерімен шұғылдану міндеті жүктелді.

Көптеген мұғалімдердің Совет Армиясы қатарына алынуы олардың орнына қысқа мерзімде даярланған мұғалімдерді қызметке алуға мәжбүр етті. Сондықтан мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселесі ерекше көңіл бөлуді керек етті. Бұл салада мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары елеулі міндет атқарды.

 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп пен педагогика. (1946—1956 жылдар).Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1946—1950 жылдарда СССР Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы бесжылдық жопарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін қалпына келтірумен қатар, оны көптеп салу арқылы мектептің санын әлдеқайда көбейту жоспарланды. Жеті жылдық жаппай міндетті оқуды толық жүзеге асырумен қатар, орта мектептің жоғары кластарында оқитын балалардың санын көбейту белгіленді. Мектеп үйлерін қалпына келтіруде, жаңа мектеп үйлерін салуда мектепті шефке алушы өндіріс орындары мен колхоз, совхоздардың ролі өте зор болды.

Осы шаралардың нәтижесінде жеті жылдық міндетті жаппай оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды. 1949 жылы барлық бесінші класты бітірген оқушылардың алтыншы класқа алынуын жүзеге асыру мақсатымен алыс жерде тұратын балаларды мектепке жеткізіп салып, алып қайту ұйымдастырылды, мектеп жанынан интернаттар ашылды.

Партияның XIX съезі 1951 —1955 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы өз директивасында республика мен облыс орталықтарында, ірі қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жеті жылдық оқудан жаппай міндетті толық орта білім алуға көшуді жүктеді. Әсіресе селолық жерлерде жеті жылдық және орта мектептер көбейтілді. 1955—1956 оқу жылында еліміздегі барлық орта мектептердің жартысынан көбі селолқ, жерлерде болды. Осы шаралардың нәтижесінде орта мектеп бітірушілердің саны жоғары оқу орындарына оқуға алынатындардың санынан әлдеқайда көбейді. Орта мектеп бітірушілердің белгілі бөлімі тікелей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық еңбегіне араласуға тиісті болды. Ал оларды бұл міндетке даярлау тиісті жолға қойылмады. Орта мектеп бітірушілердің арнаулы даярлығын күшейту үшін, техникумдарда екі-үш жылдық арнаулы бөлімдер ашылды, бір және екі жылдық техникалық училищелер ұйымдастырылды.

Отан соғысынан кейінгі жылдары совет адамдарына идеологиялық тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлінді. 1946— 1948 жылдары Коммунистік партияның Орталық Комитеті идеология мәселелері бойынша бірнеше қаулы алды, ол қаулыларда идеологиялық жүмыстың міндеттері белгіленді. Мектепте тарих, конституция және әдебиет пәндерінің идеологиялық дәрежесін көтеруге үлкен мән берді. Әдебиет пәнін оқы-туда совет әдебиетіне көбірек уақыт бөлінді. Мүғалімдер сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында социалистік құрылыстық жетістіктерін, совет ғылымы мен мәдениетінің табыстарын көрсету арқылы оқушыларда өз отанын мақтаныш ету, советтік патриотизм, отанына шын берілгендік сезімін тәрбиелеуге міндеттелді.

Мектепте биология пәнін оқыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Оқу программасына Мичурин және Павлов ілімдері кең кіргізілді. 40—50-жылдарда мектептерде оқу-тәжірибе учаскесі, тірі табиғат бұрышы, биология кабинеттері ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы совет мектептері Отан соғысына дейінгі, әсіресе соғыс жылдарында, партияның XVIII съезінің шешімдеріне сай оқушыларды практикалық әрекетке даярлауда белгілі пайдалы жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен сабақтан тыс уақытта немесе мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысында үлкен орын алды. Әсіресе мектеп жанындағы учаскеде және техникалық үйірмелерде бұл жұмыстар нәтижелі түрде жүргізілді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер сабақта лабораториялық жұмыстар жүргізді, өндіріс орындарына балаларды экскурсияға апарды. Физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері тәжірибе жасауға, есеп шығаруға көп көңіл бөлді.

Әйткенмен соғыстан бұрынғы жылдары басталған мектептің өмірден алшақтығы соғыстан кейінгі жылдары күшейе түсті. Мектепте политехникалық ок,ыту мен еңбек тәрбиесінің жүйелі түрде жүргізілмеуі, мектептің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінен алшақ болуына себеп болды. Осының нәтижесінде мектеп бітірушілердің өмірге, практикалық әрекетке қажетті даярлығы болмады.

1951—1955 жылдардағы бесінші бесжылдық жоспарда орта мектепте политехникалық оқытуды жүзеге асыру міндеті жүктелді. 1954—1955 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен оқу программалары енгізілді. Бұл оқу жоспарлары бойынша I—IV кластарда еңбек сабағы, V—-VII кластарда оқу-тәжірибе учаскелерінде жұмыс істеу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар жүргізілді, мектепте оқытылатын пәндердің (физика, математика, жаратылыс, химия, география) өмірмен байланысты жүргізілуі ескерілді.

1955 жылдан бастап мектептерде жоғары класс оқушыларының өндірістік бригадалары құрылды. Бұл бригадалар оқушыларды ауыл шаруашылық еңбегіне араластыруда үлкен роль атқарды. Коммунистік партияның XX съезінің шешімдеріне сай мектептерде политехникалық білім беруді жақсарту шаралары белгіленді. Мектеп оқушыларды өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдық еңбекпен байланыстыруға міндеттеді. Мектеп оқушылары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласында өндірістік практикадан өтетін болды.

Соғыстан кейінгі жылдары совет мұғалімдері оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдістерін қолданды. Бұл жұмысқа алдыңғы қатарлы жеке мұғалімдер ғана ат салысып қойған жоқ, бүкіл мектеп коллективі, аудан, облыс болып кірісті. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың ерекшелгін ерекше ескере отырып, класта екінші жыл қалып қоюды болдырмау үшін үлкен күрес өріс алды, оқытуда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануға көп көңіл бөлінді. Сабақта әр түрлі жаттығулар жүргізуге уақыт көп бөлінді.

География, тарих сабақтарында өз өлкесін тану, өз өлкесінің тарихын, адамдардың ерліктерін білу, тарихи оқиғалардың болған жеріне экскурсия және туристік саяхат жасау жұмыстары кең жүргізілді. 50—60-жылдары оқу және тәрбие процесінде техникалык, құралдарды пайдалану өріс алды.

Осы кезеңде мұғалімдер даярлау және олардық білімін көтеру жөнінде бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Педагогикалық училищелерде он жылдық мектеп бітіргендерді екі жыл оқытатын бөлім ашылды. Бұрынғы мұғалімдер институттары 1952 жылдан бастап педагогтық институтқа айналдырылды. Мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мақсатымен 1948 жылы 10 февральда КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі олардың еңбек ақысын, пенсиясын көбейту және тағы басқа жеңілдіктер беру жөнінде қаулы алды.

Мұғалімдердің білімін көтеру мақсатымен, педагогтық институттардың және педагогтық училищелердің жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. 1957—1958 оқу жылынан бастап педагогтық институттарда жоғары білімді бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1953—1954 оқу жылынан бастап педагогтық институттарда студенттерді политехникалық білім беруге даярлау мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары үнемі курстар, семинарлар,. ғылми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар өткізетін болды.

 

1958—1970 жылдардағы совет мектебі мен педагогиканың дамуы.КПСС XX съезі жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік ролін көтере түсу мақсатымен, орта мектеп бітіруші жастарға еркін мамандық таңдауға мүмкіндік туғызу үшін мектепте политехникалық білім беруді кең түрде жүзеге асыруды талап етті. 1956 жылы бұл нұсқау КПСС XX съезінде айқындала түсті. Халык, шаруашылығына мамандығы бар адамдардың қажеттілігіне байланысты және орта мектеп бітірушілердің тез өсуі, елуінші жылдардың ортасында мектеп оқушыларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге ғана даярлап қоймай, оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнімді еңбекке араласуға даярлау мәселесін күн тәртібіне ерекше қойды, осыған сәйкес еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім берудің тиімді жолдары іздестірілді. Мектепте политехникалык, білім берудің елімізде мынадай жүйесі қалыптасты: жалпы білім беретін пәндерді оқытуда политехникалық білім беру принципін жүзеге асыру, 1—IV кластарда қол еңбегі сабақтары, V—VII кластарда оқу шеберханаларында және оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық - сабақтар жүргізу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығы негіздерінен арнаулы білім беру және тәжірибе өткізу жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар физика, химия, биология және т.б. пәндерді оқытумен ұштастыра жүргізілді. Мектептерде өндіріс орындарына экскурсия, өндірістік практика, техникалық және ауыл шаруашылық білім беретін үйірмелер ұйымдастырылды. 1958 жылы декабрьде СССР Жоғарғы Советі қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң» жаппай сегіз жылдық оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962—1963 оқу жылы барлық жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке айналуы тиісті болды.

СССР шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың жеті жылдық жоспарын (1959 -1965) орындау жылдарында елімізде мектептің түрі мүлдем өзгерді, мектептің жалпы санында сегіз жылдық және орта мектептердің алатын үлесі әлдеқайда артты.

Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен сақталды. Бірақ мектептің өмірден алшақтығы, бір жақты кітаппен оқыту әдістері басым орын алғаны тиісті документтерде ескертілді.

Партияның XX съезінің қарарларына сай, семья мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін жақсарта түсу мақсатымен, 1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі — мектеп-интернаттар ашыла бастады.

Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, мүгедектің балалары, ата-анасыз балалар, семьяда тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ балалар алынды. Ата-анасыз балалар, көп балалы семьядағы және аз жалақы алатын семьядағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленді.

Семьяға көмек көрсету мақсатымен мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған бөлімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болып, тез тарады. Мұндай мектеп пен бөлімдерді ашуға өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектеп пен бөлімдерде балалар сабақтан бос уақыттарын көңілді, ұйымдасқан түрде өткізді, олармен әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді, үйге берген тапсырманы тәрбиешілердің басқаруымен орындады. Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда, мектепті тастап кетумен және класта екі жыл қалып қоюмен күресуде жоғарыда аталған мектеп пен бөлімдер зор роль атқарды.

1958 жылы мектеп туралы Заң бойынша жеті жылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектепте балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегінің негізімен, техникамен танысты, сегіз жылдық мектеп бітірушілер не орта мектептің IX класына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Тікелей еңбекке араласқандары кешкі мектептерде оқыды. 10 жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды, әрі белгілі салада еңбек етуге дайындық алды. Соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектептер кең түрде дамыды. Жұмысшы мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесін көтеруде бұл мектептер үлкен қызмет атқарды.

Сегіз жылдық мектептің негізінде арнаулы кәсіптік-техникалық училищелер ашылды. Бұл оқу орындары қалалы жерлерде өнеркәсіп, құрылыс, ал селолық жерлерде ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар және жұмысшылар даярлады. Совет мектебінің даму бағыты партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасында анықталды; негізгі міндеттердің бірі таяудағы он жылда (1960—1970) жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру болып белгіленді.

Бұл міндет 1966—1970 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы КПСС XXIII съезінің директивасында және КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» (1966 жылы ноябрь) қаулысында аталып көрсетілді.

Жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыруда арнаулы орта оқу орындары да зор роль атқаруға тиісті болды. Олар арнаулы білім берумен қатар, орта білім беруді жүзеге асырды. Орта білім беруді жүзеге асыруға кешкі мектептер мен кәсіптік техникалық училищелер де көп ат салысты.

Жаппай орта білім беруді жүзеге асыруға байланысты мектепте балалармен жүргізілетін тәрбие жүмысының мазмұны кеңи түсті. Коммунистік саналылықты тәрбиелеуге КПСС Программасы: ғылыми көзқарас қалыптастыруды, еңбекке коммунистік көзқарас туғызуды, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализмді тәрбиелеуді, коммунистік моральды қалыптастыруды, адамды жан-жақты дамытуды және адамның қабілетін барынша дамытуды жатқызды.

Балаларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда орта мектептің төменгі кластарынан басталып, ол барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын болды. Коммунистік көзқарас қалыптастыруда барлық пәндермен қатар тарих, әдебиет және қоғамтану пәндері ерекше роль атқарды.

Орта мектепте берілетін білімді белгілеуде бастауыш білім беруді төрт жылдан үш жылдық мерзімге қысқарту үлкен жаңалық болды. Жеке пәндерді оқытуды төртінші кластан бастау, ол пәндерді оқытуға арналған сағаттық әлдеқайда көбеюіне мүмкіндік берді.

Мектеп туралы заңды (1958 жылы) іс жүзіне асыруда қазақ республикасында қыруар жұмыстар жүргізілді. Мектептерді жеті жылдықтан сегіз жылдық оқуға көшіру 1962— 1963 оқу жылында толық аяқталды. Сонымен қатар орта мектептер саны да өсті. Жеті жылдықтық аяғында 1965 - 1966 оқу жылының 1 сентябрінде республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.

Заңның жүзеге асырылуы мектептің өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайтты. Оқушыларды мектеп тек қана жоғары оқу орындарына түсу үшін емес, сонымен бірге қоғамдық пайдалы еңбекке тікелей белсенді қатысу үшін даярлауды көздеді.

КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Советінің мектеп туралы 1966 жылғы қаулысы қабылданғаннан бергі уақытта Қазақстанда білімнің мазмұнын жетілдіруде және жалпыға бірдей міндетті орта білімге кешуді жүзеге асыруда зор жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда мектептерді ірілендіру, аз комплектілі шағын мектептер санын азайту үнемі жүргізілуде. Ірі мектептердің тиіптік жобамен көптеп салу, олардың жанынан интернаттар үшін жатақханалар ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды жақын елді мекендердегі мектептерге жол қатынасымен жеткізіп тұру — осының бәрі негізгі міндеттерді шешуге көмектесуде.

Елді мекендері бір-бірінен қашық орналасқан, көптеген ата-аналар мал жайылым учаскелерінде еңбек ететін Қазақстан жағдайында, міндетті оқу туралы заңды жүзеге асыруда мектеп жанындағы интернаттар маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде мектеп жанындағы бюджеттік интернаттар саны 1940 жылмен салыстырғанда 6 есе артты.

Казақстан мектептерінің құрылуында және дамуында республикалық педагогикалық баспасөздердің де атқаратын ролі аз емес.

Қазақтың Мемлекеттік «Мектеп» баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды қажет етеді. Бұл баспа жыл сайын сан мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын, оқытушыларға арнап методикалық және көмекші қүралдар дайындап шығарады.

Республикамызда «Мектеп» баспасы, «Қазақстан мектебі» журналы, «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттері озат тәжірибесінің шын мәніндегі трибунасы, мұғалімдердің қалың жұртшылығы арасында Коммунистік партияның халық ағарту ісі саласындағы идеяларының насихатшылары болып отыр.

Қазақстанда совет мектебі дамуымен қатар, педагогикалық ғылым да өркендеуде. Қазіргі кезде Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ Қазақтың С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университеті және 18 педагогика институттарындағы кафедралар педагогика және психология проблемаларын зерттеумен айналысуда.

 

Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп.1961 жылы партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасы барлық совет халқының жалпы мәдени дәрежесін одан әрі көтере түсуге мүмкіндік беретін. жаппай орта білім беру міндетін күн тәртібіне қойды. Программада жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін партия ерекше көңіл бөледі деп көрсетілді. Дамыған социализм дәуірінде мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу мақсатымен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 жылы 10 ноябрьде «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл документте мектептің материалдық-техникалық базасын нығайта түсу, мектеп жүйесін реттеу шаралары, жалпы орта білім беруде оқу орындарының әр типтерінің ролі анықталды. Қаулыда мектеп жұмысын жақсарта түсудің мынадай нақты шаралары белгіленді:

1. Бастауыш мектептің үш жылдық болуы белгіленіп, 4-кластан бастап пәндердің жүйелі түрде оқытылуына кешу қажет деп есептелінді.

2. Физика-математика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарынан тереңірек білім беру үшін және оқушылардың жан-жақты қызығуы мен қабілеттерін дамыту мақсатымен 7-кластан бастап оқушылардың таңдауымен факультативтік сабақтар жүргізу ескертілді.

3. Қазіргі қол жеткен тәжірибелерге сүйене отырып жоғары кластарда жеке пәндерді теориялық және практикалық жағынан тереңірек оқытатын кластар мен мектептер ашу белгіленді.

1966 жылы РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы Одақтық ғылыми орталық (СССР Педагогика ғылымдары академиясы) болып қайта құрылды. Бұл шара Совет адамдарының мәдени дәрежесін және білімін көтере түсудегі, коммунизм құрушыларын тәрбиелеудегі еліміздегі барлық педагогтардың алда тұрған зор міндеттерін жүзеге асырудағы, жалпы совет қоғамы дамуындағы педагогика ғылымдарының ролін айқындай түсті.

КПСС-тің XXIV съезі 1971 жылы жаппай орта білім алуды жүзеге асырудың жаңа кезеңіне өту шараларын белгіледі. 1971—1975 жылдардағы СССР Халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының Директивасында еңбекшілердің білім дәрежесін үнемі көтере түсу, жастарға жаппай орта білім беруге көшуді аяқтауы белгіленді. Бұл шара социализмнің экономикалық дамуымен ғылыми-техникалық жаңалықтың талабынан туып отыр.

1972 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі «Жастарға жалпы орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы» қаулысын қабылдады. Бұл қаулы Коммунистік партия мен Совет үкіметінің СССР-де жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру жөніндегі лениндік жоспарды орындауды аяқтау жөніндегі шараларын белгіледі. Бұл жоспарды орындаудың негізгі кезеңдері мыналар еді: 1930 ж. - жаппай міндетті бастауыш оқуды енгізу; 1949 ж.— жаппай міндетті жеті жылдық оқуды енгізу; 1958 ж.— жаппай міндетті сегіз жылдық оқуды енгізу; 1972 ж. - жаппай міндетті орта білімді енгізу.

СССР халық ағарту жүйесі мекемелерін құрудың және олардың жұмысының негізгі принциптері 1973 жылы бекітіліп, 1974 жылдық январынан бастап күшіне енген «ССР Одағының және одақтық респуликалардың халық ағарту ісі туралы Негізгі заңдылықтарында» айқындалған. СССР халық ағарту ісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Нәсіліне, ұлтына, жынысына, дінге қатысына, табысы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан СССР халықтарының бәрі білім алуға тең праволы;

2. Барлық жас өспірімдер мен балалар білім алуға міндетті;

3. Барлық оқу-тәрбие мекемелері мемлекеттік және қоғамдық болып есептеледі;

4. Қай тілде де: ана тілінде немесе СССР-дегі басқа халықтар тілдерінде оқуға ерікті;

5. Оқытудың барлық түрі тегін, оқушылардың белгілі бөлімі толық мемлекет есебінде тәрбиеленеді, оқушылар мен студенттерге стипендия және басқа матераилдық көмек беріледі;

6. Халық ағарту жүйесі барлық адамдарға бірдей, оқу орындарының төменгі сатысынан жоғары сатысына еркін өтуге болады;

7. Оқыту мен коммунистік тәрбие тығыз байланыста;

8. Балалар мен жастардың тәрбиелеуде мектеп, семья және қоғамдық көпшілік бірігіп іс жүргізеді, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өмірмен, коммунистік құрылыс тәжірибесімен тығыз байланыста;

9. Оқыту ғылыми негізде жүргізіледі, оның мазмұны ғылым жетістіктерінің негізінде үнемі жетілдіріліп отырылады, оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік және моральдық сипаты қамтамасыз етіледі, білім діннің әсерінен тыс негізде беріледі.

Кейінгі жылдарда тәрбие уақыты ұзартылған топтар мен мектептер едәуір кебейе түсті. Бұл мәселеде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1960 жылғы 15 февральдағы балаларды тәрбиелеуде семъяға көмек көрсетуді жақсарта түсу туралы арнайы қаулысының маңызы өте зор болды. Жұмыс істеп жүрген жастардың оқуына да үкімет пен партия ерекше көңіл бөледі. СССР Министрлер Советі 1959 жылғы 5 ноябрьдегі қаулысында жұмысшы және село жастарының кешкі (сменалық) және сырттан оқытатын орта мектептерде жүмыстаы қол үзбей оқып жүргендеріне жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын азайту белгіленді.

Коммунистік партия мен Совет үкіметі жоғары оқу орындарының дамуына да қамқорлық көрсетуде. Өндіріс орындары мен мекемелерге өндіріс озаттарына жоғары стипендия төлеп, оларды белгілі жеңілдікпен жоғары оқу орындарына түсуге жолдама беріп оқытуға ерік берілді. Жұмысшы және село жастарын жоғары оқу орындарында көбірек оқыту мақсатымен 1969 жылы арнайы күндізгі, кешкі және сырттан оқытатын даярлау бөлімдерін құру жөнінде қаулы қабылданды. Жоғары оқу орындарының бұл даярлау бөлімдеріне орта білімі бар жұмысшылар, колхозшылар, Совет Армиясы қатарынан босатылған жастар алынады. Ол белімді бітіру емтихандарын ойдағыдай тапсырғандар, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын тапсырмай алынады.

1958 жылдан бастап халық шаруашылығының барлық саласына маман жұмысшылар даярлау, жастарға кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі де тез қарқынмен дамуда. Әсіресе орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелердің мәні ерекше зор, мұны бітірушілер арнаулы мамандықпен қатар толық орта білім алады.

Совет өкіметі орнағаннан бері біздің халқымыз мәдениет, ғылым және халыққа білім беру саласында зор табыстарға ие болды. Әр совет азаматының білім алуға правосы 1977 жылы қабылданған жаңа СССР Конституциясында (Негізгі заңда) атап көрсетілген. СССР Конституциясыньщ 45 статьясында: «СССР азаматтары білім алуға ерікті. Бұл право оқудың барлық түрінің тегін болуымен, жастарға жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асырумен, оқытуды өмірге, өндіріске байланыстыру негізінде кәсіптік-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беруді, кешкі және сырттан оқытуды дамытумен, оқушылар мен студенттерге оқуға жеңілдік және мемлекеттік стипендия берумен, мектеп оқулықтарын тегін берумен, ана тілінде оқуға мүмкіндік берумен, өзінше оқуға жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі».

Коммунистік партия мен Совет өкіметі КПСС XXV съезімен СССР Конституциясында белгіленген қағидаларды басшылыққа ала отырып жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіре түсуге бағытталған шараларды жүзеге асырды. Еліміздегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмысын жетілдіре түсуде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жақсарта түсу туралы» 1977 жылғы декабрьдегі қаулысының мәні өте зор. Қаулыда совет мектебінің табыстары өте жоғары бағаланған, сонымен бірге кейбір оқу программалары мен оқулықтардың артық информациямен, оқуға қажетті емес материалдармен ауырлатылғандығы, бұл жағдай оқушыларда өзінше творчестволық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға қиындық келтіретіндігі атап көрсетілген. Сабақтың мүмкіндігінің толық пайдаланылмайтыны, оқыту мен тәрбиелеудің бірлік принципі, табанды түрде жүзеге асырылмайтыны аталған. Қаулыда оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің барлық міндеттері белгіленген. Әсіресе тәрбие жұмысын жақсарта түсуге, алдымен жастарды материалдық өндіріс саласында жұмыс істеуге даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл міндет кәсіби бағдар беруді жақсарта түсуді талап етеді, ол үшін оқушылардың жақын жердегі өндіріс орындарында қоғамдық пайдалы еңбекке араласуын ұйымдастыру қажет, жоғары кластарда еңбекке даярлауға арналған сағат санын көбейту, еңбекке даярлау ісімен шұғылданатын мұғалімдермен мектепті қаамтамасыз ету қажет. Қаулыда аудандық оқу бөлімдерінде еңбекке даярлау ісімен шұғылданатын арнайы инспектордың болуы белгіленді.

КПСС XXV съезі мен СССР Конституциясы белгілеген социалистік мектепті дамыту программасын жүзеге асыруда КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 24 ноябрь 1977 жылғы № 1029 және Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің 2 январь 1978 жылғы № 4 қабылданған қаулыларында оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз ету жөнінде ерекше атап етілген.

1981 жылы февраль — март айларында өткен КПСС XXVI съезі совет халқының алдына «Халық ағарту жүйесін одан әрі дамытуды, елімізді мамандар және маман жұмысшылармен қамтамасыз ету қажеттілігін толығынан орындауды» жүзеге асыру міндетін қойды. Съезд оқушыларға еңбек, моральдық және эстетикалык, тәрбие берудің формалары мен әдістерін жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлді. Жалпы білім беретін мектептердің даярлық класына балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшудің негізін жасау қажет деп көрсетілді. Күні ұзартылған мектептердегі (топтардағы) балалардың санын 1986 жылы 13,5—14 миллиоиға жеткізу талап етілді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етуді аяқтау міндеті белгіленді.

Партия мен үкіметтің жоғарыда аталған қаулыларына сай республикамызда мектеп жүйесі реттелді. Мектеп жанындағы иитернаттар мен мектеп-интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. Оқу күні ұзартылған мектептер мен топтарда оқитын балалар саны өсті. Балалар орыс және қазақ тілінде оқитын мектептермен қатар республикада өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқитын мектептер жаңа оқу программаларының талабына сай оқушыларға жүйелі, тиянақты білім беру ісін жүзеге асыруда. Жеке пәндерді тереңірек оқытатын мектептермен қатар Алматы қаласында физика-математика мектебі осы пәндерден жүйелі білім беру ісін жүзеге асыруда.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу-материал базасын жақсартуға, кабинеттік жүйеге көшуге байланысты мектептерді техниканың оқу құралдарымен жабдықтау мәселесіне жете көңіл бөлінуде.