Істен шықпаушылық көрсеткіштері.

Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы –берілгенатқарым шегін-де объектінің шығуының пайда болмау ықтималдығы. Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығын 1-суреттің көмегімен анықтауға болады, мұнда N (/) — атқарым моментінде жұмысқа қабілетті объектілердің саны. Атқарым моментіне қарай істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы үлестіру қисығы-ның орди­натасымен анықталады. Атқарым ішінде істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығын статистикалық бағалау гистограммамен анықталады.

Бірінші істен шыққанға дейін істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығын бағалаудың қарастырылатын тәсілдері машинаның уақытта істен шығуын үлестіру қисықтарының бар болуын болжайды, ал істен шығулардың өздері [1, 10, 22, 26]. Көптеген жағдайларда механикалық жүйелерді жобалағанда мұндай бағалау тәсілдерін пайдаланудың реті келмейді. Осы проблеманы шешу үшін бірқатар алдын ала рәсімдерді орындау қажет:

а) ма­шинаның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің экономикалық салдары бойынша оның істен шығу критерийін анықтау;

б) машинаның элементтерін, ресурстың мүмкін таусылуын анықтау және оларды ауыстыру тұтас алғанда машинаның істен шығу критерийі үшін қабылданған салдарларға әкеледі;

в) басқа эле­менттерді ауыстырғанда шығындардың мүмкін болатын барлық үйлесімдерін анықтау, олардың басқа эле­менттерді ауыстырған-дағы салдары машинаның істен шығуының жиналған критерийіне сәйкес келеді;

г) машинаның істен шығуының таңдалған критерийі бойынша шығындары бар элементтердің бар мүмкін болатын ауыстыруларының пайда болу ықтималдығын есептеуге арналған формуланы анықтау;

д) машина элементтерінің механикалық қасиеттері және жұмыс режимдері бойынша бірінші жуықтауда олардың ресурстарын үлестіру заңдарының параметрлерін бағалау, оларды сәйкес өрнектерге қою және қойған соң кез келген атқарым мәні үшін таңдалған критерий бойынша машинаның істен шығу ықтималдығын есептеп шығару.

Істен шығуға атқарым– қалпына келтірілетін объект атқарым-сының осы атқарым ішінде оның істен шығуы санын математикалық күтуге қатынасы.Қалпына келтірілетін объектінің істен шығуынаатқарымды есептеп шығару үшін оның атқарымының белгіленген интервалын таңдайды. Белгіленген интервал базасында осы объектілердің жиынтығы үшін істен шығу санын математикалық күтуді анықтайды.

Атқарымның белгіленген интервалын таңдау объектінің істен шықпау-шылығын зерттеу мақсаттарына байланысты болады. Сонымен, мысалы объектінің қосымша жұмысы кезеңінде істен шығуға атқарымды осы объектілердің сериялық өндірісі кезінде осындай істен шығулардың пайда болу себептерін болдырмайтын, жасау конструкциясын және технологиясын жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдау мақсатында анықтайды. Объектінің тұрақты жұмыс істеу кезеңінде белгіленген интервалды берілген объект үшін істен шығуға атқарымның НТҚ-да нормаланатын мәнін бақылау және сериялы шығарылатын бұйымдардың сапасын әрі қарай жақсарту бойынша конструкциялық және технологиялық шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында анықтайды.

3. Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері. Гамма-проценттік ресурс – ол бойында объект пайызбен өрнектелген, берілген ықтималдығымен шекті күйге дейін жететін атқарым. Гамма-проценттік ресурстың мәндерін ресурстарды үлестіру қисықтарының көмегімен анықтауға болады, олардың өзара байланысы мына өрнекпен анықталады

, (3.1)

мұнда - гамма-проценттік ресурсты қамтамасыз ету ықтималдығы; - істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы; - шекті күйге дейінгі атқарым (ресурс).

Орташа ресурс – ресурсты математикалық күту. Орташа ресурс мына формула бойынша анықталады:

, (3.2)

мұнда - технологиялық машинаның n-ші объектісінің ресурсы.

Гамма-проценттік қызмет ету мерзімі – пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, оның бойында объект пайызбен өрнектелген, ықтималдығымен шекті күйге дейін жетеді. Қызмет етудің орташа мерзімі– қызмет ету мерзімін математикалық күту. Қызмет ету мерзімдерінің гамма-проценттік және орташа мәндері(3.1), (3.2)-формулалары бойынша анықта-лады.

4. Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері. Берілген түрде техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) орташа оперативті еңбек сыйымдылығы (ұзақтығы, құны) пайдаланудың белгілі кезеңінде немесе атқарым ішінде технологиялық машинаға бір рет техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) оперативті еңбек сыйымдылығын (ұзақтығын, құнын) математикалық күтуді білдіреді. Әдетте пайдаланудың белгілі кезеңі деп технологиялық машинаны пайдаланудың ең аз қайталанатын кезеңі ретінде жөндеу циклін түсінеді, ол кезде техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің нормативтік-техникалық құжаттармен белгіленген барлық түрлерін белгілі тізбектілікте жүзеге асырады. Технологиялық машинаның барлық қызмет ету мерзімі бойында күрделі жөндеуде болмаған жағдайларда, осы базада әр түрлі жоспарлық жөндеулердің де, жоспардан тыс жөндеулердің де орташа оперативті ұзақтығының мәнін де анықтау мақсатқа сәйкес болады.