Тақырып. Технологиялық машиналарды жөндеуді ұйымдасты-руды құндық бағалау – 2 сағ.

Техникалық шешімдердің тиімділігін зерттеу процесі оның қандай жүйелік немесе әдіснамалық деңгейде қарастырылуына байланыссыз, үш кезең түрінде беріледі: зерттеулер міндетін қою, нәтижелерді алу және нәтижелерді талдау. Эксперимент нәтижелерін талдау негізінде ендірілетін техникалық шешімдердің тиімділігі туралы шешім шығарылады. Талдау зерттеудің қорытынды, үшінші кезеңінде жүзеге асырылады. Нақты пайдалану шарттары үшін тиімділікті күрделі салымдар мен пайдалану шығындарының сомасын білдіретін, келтірілген шығындардың шамасы арқылы бағалаймыз. Машиналар мен жабдықтардың сенімділігін сипаттай-тын, кейбір анықтамалар мен түсініктерді ұсынамыз. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды жеделдетілуімен сипатта-лады. Қазіргі техника түрлерін әзірлеу, дайындау және пайдалану үшін материалдық, қаржылық, уақытша және адам ресурстарының өсіп бара жатқан шығындары талап етіледі. Сондықтан, бір мезгілде техниканың жоғары сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз еткенде, оны жасау мен пайдалануға жұмсалған шығындардың барынша қысқаруы /162, 163, 164/ тау-кен тасымалдау жабдықтарын пайдаланудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады /165/. Тау-кен тасымалдау жабдықтарының жоғары сенімділігін қамтамасыз ету және оны пайдалануда қолдау мақсатында бұзбай бақылау мен техникалық тексерудің алуан түрлерін және автоматтан-дырылған құралдарын пайдаланады. Алайда техниканың әр түрлері үшін бақылау операцияларының еңбек сыйымдылығы негізгі жасау операциялары-ның еңбек сыйымдылығынан 15%-дан 50% дейін құрайды. Барлық пайдалану кезеңінде техниканың тозуына байланысты оны жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар көп жылдық статистикалық деректер бойынша жаңа негізгі қорлардың құнын 5-8 есе арттырады.

Әр түрлі деректер бойынша, жабдықтардың әр текті істен шығуының 20-25%-ы - қызмет көрсетуші персоналдың қателерімен, оқиғалардың 40-90%-ы көлікте, әр түрлі энергия жүйелерінде тудырылады, сондай-ақ өндірістегі жарақаттардың көпшілігі адамдардың қате әрекеттерінің нәтиже-сі болып табылады. Өнеркәсіптің барлық салаларында жұмыстарды ұйым-дастыруды жақсарту бойынша, тау-кен тасымалдау жабдықтары мен машиналарын әзірлеу, өндіру және пайдалану кезінде тиімділігі мен сенім-ділігін арттыру бойынша белсенді шаралар қабылданады. Машиналар мен жабдықтар өндірісі саласында олардың сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етудің және арттырудың, материалдар мен тетіктерді өңдеу кезінде берік-тендіру технологиясын қолданудың жаңа бағыттары, барлық жерде роботтық техниканы ендіру және икемді автоматтандырылған жүйелерді пайдалану көзделді және кеңінен дамыды. Өндірісті автоматтандырудың осы бағыт-тарының дамуы технологиялық процестердің жоғары дәлдігі мен тұрақтылы-ғын – және нәтижесі ретінде - өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Тиімділік теориясы және сенімділік теориясы біздің жүзжылдығымыздың екінші жартысының жас ғылымы – жүйе техникасының екі маңызды бөлімі болып табылады. Тиімділік теориясы өзінің дамуының бірінші кезеңін аяқтайды. Негізгі ұғымдары, принциптері мен зерттеу аппараты анықталған, тиімділікті зерттеудің техникалық, математикалық, ақпараттық және ұйым-дастырушылық негіздері қаланған. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларында маңызды практикалық нәтижелер алынған. Сенімділік теориясында дамуы-ның бірінші кезеңінде зерттеудің дербес дамып келе жатқан екі бағытында: ықтималдық-статистикалық (күрделі көп элементті құрылым және элемент-тер арасында күрделі байланыстары бар жүйелер үшін) және істен шығу физикасын зерттеумен байланысты детерминделген (механикалық жүйелер, конструкциялар, материалдар мен элементтер үшін) айтарлықтай көп маңызды нәтижелер алынған.

Бірінші бағыт шеңберінде сенімділікті бағалаудың, эксперименттер нәтижелерін статистикалық өңдеудің, сынау мен пайдлаанудың, бұйымдар-дың типтік жоғары сенімді құрылымдарын әзірлеудің, экспериментті және сынауды жоспарлаудың, сенімділікті бақылау мен болжаудың, пайдалану жүйесін жетілдірудің математикалық әдістері дамыған. Екінші бағыт шеңбе-рінде тозудың, қажу беріктігінің, коррозияның механизмдері зерделенген, беріктікке, тозуға есептеу әдістері әзірленген, материалдардың, элементтер мен машиналардың сенімділігін арттыратын, жаңа технологиялық процестер әзірленеді.

Осы екі бағыттың өзара қосылу, ұтымды идеялар мен ғылыми нәтиже-лерді бір саладан екіншіге ауыстыру және оның негізінде машиналар мен жабдықтар сенімділігі туралы бірыңғай ғылымды қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Тиімділік теориясы да, сенімділік теориясы да бұйымдардың әр түрлі пайдалану жағдайларындағы тәртібін болжауға мүмкіндік береді, және мұнда осы теориялардың әдіснамалық жалпылығы айқындалады. Алайда, тиімділік пен сенімділік зерттеулерін тағайындауда принциптік айырмашы-лықтар да бар.

Тиімділік теориясы техника дамуының жаңа бағыттарын негіздеумен және әзірлеумен, күрделі бұйымдардың негізгі техникалық сипаттамаларын (параметрлерін) және оларды пайдалану тәсілдерін (стратегияларын) негіз-деумен байланысты оңтайлы шешімдерді таңдауға арналған. Сенімділік теориясы берілген пайдалану шарттарында талап етілетін уақыт аралығы бойында машиналардың және олардың элементтерінің негізгі техникалық сипаттамаларын сақтау қажеттілігімен байланысты оңтайлы техникалық шешімдерді таңдауға арналған. Кез келген қолданбалы білім саласы сияқты, тиімділік теориясы және сенімділік теориясы маңызды математикалық және жаратылыстану ғылымдарына, нақты міндеттерді шешуге мүмкіндік туғыза-тын бөлімдер мен теориялық әзірлемелерге, сондай-ақ Қазақстан Республика-сында және оның шекарасынан тыс өткізілетін, жаңа техниканы, машиналар мен жабдықтарды жасау және қолдану бойынша ірі ауқымды статистикалық эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді. Машиналар мен жабдықтардың тиімділігі мен сенімділігін жоғарылату проблемасын шешудегі кейінгі табыстар келесі факторлармен себептелген:

өнеркәсіптің барлық салаларында техниканың әр түрлерінің тиімділігі мен сенімділігін зерттеу мен қамтамасыз етудің әдіснамалық және ұйымдас-тыру-техникалық негіздерін дамытумен және ендірумен;

оны жасау мен қолданудың әрбір сатысында техниканың сенімділігі мен тиімділігін зерттеу мен қамтамасыз ету әдістерін жетілдірумен;

басқарушы қызметкерлер мен мамандардың үлкен тобын техниканың тиімділігі мен сенімділігін зерттеу мен қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдеріне үйретумен;

техниканы жасау мен қолдануда оны жобалаудың, дайындаудың, сынау мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін дамытумен және ендірумен;

анықтамалық және нормативтік деректер базасын (банкін) құрумен.

Жасалатын техника өте алуан түрлі, ол әзірлеу кезінде бірқатар күрделі өзгерістерге ұшырайды, және тіпті машиналарды пайдалану процесінде олардың орындайтын мақсаттары мен міндеттері туралы, сенімділікті қамтамасыз ету принциптері мен әдістері туралы, машиналар мен жабдық-тарды қолдану шарттары мен тәсілдері туралы түсініктер өзгеруі мүмкін.

Тиімділік – бұл танымдық көзқарастан мақсат арқылы ашылатын және ресурстар мен уақыт шығындарын есепке алғанда мақсатқа қол жеткізу дәрежесімен объективті айқындалатын, кез келген мақсатқа бағытталған қызметтің аса ортақ, анықтаушы қасиеті. Тиімділік ұғымы тиімділік теориясының маңызды ұғымы болып табылады және мақсат ұғымымен бірлесіп негізгі ұғымдар жүйесін және осы теорияның басқа компоненттерін құру үшін алғашқы базаны құрайды. Мақсат деп қандай да бір уақыт интер-валында қол жеткізілетін қалаулы нәтиженің тамаша көрсетілуін түсінеді. Біздің жағдайымызда жұмыстың мақсаты қатпарлы конвейерлер мен түсір-гіштердің ұзақ мерзімділігін ұлғайту болып табылады. Сенімділікті зерттеу-дің негізгі міндеттері бұйымға және оның элементтеріне сенімділік бойын-ша негізделген талаптарды анықтаудан, сенімділікті жобалық қамтамасыз етудің принциптік бағыттары мен ұтымды стратегияларын (тәсілдерін) таңдауда, машиналарды жасау мен пайдаланудың кейінгі сатылары, сенімді-ліктің қол жеткен деңгейін құрудың әрбір сатысында бақылауды орнату үшін сенімділікті қамтамасыз ету мәселелерін талқыға салудан тұрады. Зерттеу мен қамтамасыз ету бойынша жұмыстың келесі сатысына өткенде сенімділік кеңейеді. Элементтер мен машиналардың сенімділігі бойынша талаптар сандық көрсеткіштер түрінде анықталады.

Олармен сенімділікті бағалайтын кейбір анықтамаларды келтіреміз. Істен шықпаушылық - объектінің қандай да бір уақыт немесе қандай да бір атқарым ішінде жұмысқа қабілетті күйін үздіксіз сақтау қасиеті. Істен шықпаушылық - сенімділікті құраушы негізгі қасиеттердің бірі. Ұзақ мерзім-ділік - машиналар мен жабдықтардың (объектінің) техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің анықталған жүйесінде шекті күй болғанға дейін жұмысқа қабілетті күйді сақтау қасиеті. Машиналар мен жабдықтар (объект) егер, мысалы, оның тағайындалуы бойынша әрі қарай қолданылуы қауіпсіз-дік, үнемділік, тиімділік және зиянсыздық талаптары бойынша мүмкін емес болғанда, жұмысқа қабілетті болып қала тұрып, шекті күйге өтуі мүмкін. Жұмысқа қабілетсіз күйге өткен машиналар мен жабдықтар (объект), егер жұмысқа қабілетті күйді қалпына келтіру мақсатқа сәйкес және мүмкін болса, шекті күйге жетпеуі мүмкін. Әзірлік коэффициенті – ол кезде объектіні тағайындалуы бойынша қолдану көзделмейтін, жоспарланатын кезеңдерден басқа, объектінің ерікті уақыт моментінде жұмысқа қабілетті күйде болу ықтималдығы; кешенді сенімділік көрсеткіші. Шұғыл әзірлік коэффициенті – ол кезде объектіні тағайындалуы бойынша қолдану көздел-мейтін, жоспарланатын кезеңдерден басқа, және осы сәттен бастап берілген уақыт интервалы бойында істен шықпай жұмыс істейтін, объектінің ерікті уақыт моментінде жұмысқа қабілетті күйде болу ықтималдығы; кешенді сенімділік көрсеткіші. Орташа ресурс – ресурсты математикалық күту; ұзақ мерзімділік көрсеткіші. Орташа қызмет ету мерзімі – қызмет ету мерзімін математикалық күту; ұзақ мерзімділік көрсеткіші. Істен шыққанға дейінгі орташа атқарым – объект атқарымын бірінші істен шыққанға дейін матема-тикалық күту; істен шықпаушылық көрсеткіші. Істен шығуға орташа атқа-рым (істен шығуға атқарым) қалпына келтірілетін объектінің берілген атқарымының осы атқарым ішінде оның істен шығулары санын математика-лық күтуге қатынасы; істен шықпаушылық көрсеткіші. Қызмет ету мерзімі – объектіні пайдалануды немесе оны белгілі түрде жөндеуден кейін қалпына келтіруді бастаудан бастап шекті күйге өтуге дейінгі күнтізбелік ұзақтық. Жөнделетін объектілер үшін жөндеуге дейінгі, жөндеу аралық, жөндеуден кейінгі және толық (шығынға жазғанға дейін) қызмет ету мерзімдерін ажы-ратады. Қызмет ету мерзімін уақыт бірліктерінде өлшейді. Өздігінен жүре-тін тиеу және жеткізу жабдықтарына жүргізілген сенімділік зерттеулері бойынша /163/ әзірлік коэффициентінің көрсеткіші мен машинаның бас-тапқы құны арасындағы тәуелділік алынған. Әзірлік коэффициентінің 0,8-0,9 дейінгі ауқымда ұлғаюымен машинаның құны түзу сызықты заң бойынша

= + , (8.14)

сонан соң дәрежелік функция бойынша ұлғаяды

= , (8.15)

мұнда - машинаның бастапқы құны, мың ш.б.;

, , , - мәндері эксперименттік жолмен алынған, эмпирикалық коэффициенттер;

- әзірлік коэффициенті.

 

Коэффициенттер мәндері нақты тау-кен машиналары үшін келтірілген, атап айтқанда, олардың мәндері негізгі қорларға нақты ақша жұмсалуын көрсетеді. Сондықтан қатпарлы конвейер үшін = 60 мың ш.б. мәндерін қабылдаймыз, олар конвейердің дайындаушы заводтың бағасы бойынша бастапқы құнын көрсетеді, - жұмыс уақытын пайдалану коэффициентін есептеулерде =0,8 деп қабылдаймыз. Әзірлік коэффициентінің өзгерістерін 7 уақыт интервалы бойынша келтіреміз. Есептеулер үшін 7 уақыт интервалы жеткілікті деп есептейміз. Өнеркәсіптік зерттеулер кезеңінде қатпарлы конвейерлердің әзірлік коэффициентін үлестірудің эксперименттік тәуелділі-гі алынған. Сонымен, 7 жөндеу аралық кезеңді аламыз. № 110 қатпарлы конвейер үшін әзірлік коэффициентінің өзгеруіне байланысты тасымалдау қондырғысының құнын қалай өзгеретінін анықтаймыз.

= = 60000 =60 000 2,11= 126 600 ш.б.

= 60000 = 60000 1,872= 112 320 ш.б.

= 60000 = 60000 1,783= 103 800 ш.б.

= 60000 = 60000 1,59= 95 400 ш.б.

= 60000 = 60000 1,17= 70 200 ш.б.

= 60000 = 60000 1,123= 67 380 ш.б.

= 60000 = 60000 1,07= 64200 ш.б.

Жөндеу аралық цикл ішінде қатпарлы конвейерді күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар мына формула бойынша анықталады:

1. = у.е, (8.16)

Техникалық тексеру мен ағымдағы жөндеу жүргізуге жұмсалған шығындар мына формула бойынша анықталады:

2. = ш.б., (8.17)

мұнда - техникалық тексеру мен ағымдағы жөндеу жүргізуге жұмсалған меншікті шығындар;

= , (8.18)

мұнда - еңбекақы төлеуге жұмсалған меншікті шығындар,

= , (8.19)

мұнда - техникалық тексеру мен ағымдағы жөндеудің меншікті еңбек сыйымдылығы,

3. = 1,8 + 3,35 + 2,44 , (8.20)

- жұмыскерге 1 адам·сағ еңбек ақы төлеу; - еңбекақы төлеу қорының пайдалану шығындарының жалпы сомасындағы үлесі.

4. Негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге немесе тозуына қарай жаңартуға жұмсалған шығындарды негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құнынан 20% мөлшерінде қабылдаймыз.

5. Тасымалдау машиналарын жинақтауға, тасымалдауға және баптауға жұмсалатын шығындардан тұратын, қосымша күрделі салымдарды негізгі қорлар құнынан 30% мөлшерінде қабылдаймыз. №111 қатпарлы конвейер үшін әзірлік коэффициентінің өзгеруіне байланысты тасымалдау қондырғы-сы құнының қалай өзгеретінін анықтаймыз.

= = 60000 = 60000 1,92= 115200 ш.б.

= 60000 = 60000 1,19= 71400 ш.б.

= 60000 = 60000 1,16= 69600 ш.б.

= 60000 = 60000 1,105= 66300 ш.б.

= 60000 = 60000 1,07= 64200 ш.б.

= 60000 = 60000 1,05= 63000 ш.б.

= 60000 = 60000 1,027= 61620 ш.б.

№112 қатпарлы конвейер үшін әзірлік коэффициентінің өзгеруіне байланысты тасымалдау қондырғысы құнының қалай өзгеретінін анықтай-мыз, 1981-84 жж. кезең

= = 60000 = 76800 ш.б.

= 60000 = 71760 ш.б.

= 60000 = 68820 ш.б.

= 60000 = 65400 ш.б.

= 60000 = 62340 ш.б.

= 60000 = 61260 ш.б.

= 60000 = 60720 ш.б.

№ 113 қатпарлы конвейер үшін әзірлік коэффициентінің өзгеруіне байла-нысты тасымалдау қондырғысы құнының қалай өзгеретінін анықтаймыз,

= =60000 = 88800 ш.б.

= 60000 = 71700 ш.б.

= 60000 = 69240 ш.б.

= 60000 = 65880 ш.б.

= 60000 = 63120 ш.б.

= 60000 = 62040 ш.б.

= 60000 = 61020 ш.б.

14.1-кесте – Оңтайлы әзірлік коэффициентін есептеу үшін алғашқы деректер

Көрсеткіш атауы Жөндеу аралық кезеңдер
1. Әзірлік коэф-фициенті 0,98 0,937 0,652 0,79 0,923 0,603 0,609 0,606 0,884 0,573 0,557 0,565 0,841 0,502 0,495 0,49 0,583 0,44 0,367 0,40 0,528 0,4 0,29 0,349 0,447 0,326 0,25 0,28
2. 1 маш сағ. ішіндегі өнімді-лік, т.
3. Жөндеу ара-лық циклдердің ұзақтығы, маш сағ.
4. Жөндеу ара-лық цикл ішінде тасымалданған кен массасы, тонна.