Ауыр асқынған грипп

Эпидемия кезінде грипптің ауыр және асқынған түрлері көп тіркеледі. Ауру-дың клиникалық ағымының ауырлығы арнайы грипптік токсикозбен, бактериал-ді асқынулардың қосылуымен, қосалқы созылмалы ауруларының өршуімен, сонымен қатар өмірге қажетті жүйелер қызыметінің бұзылуымен көрініс береді.

Грипп кезінде шұғыл көмекті қажет ететін синдромдар ішінде негізгісі ИТШ, ЖТЖ, бас миының ісінуі, өкпе сусіңділенуі болып табылады.

Грипптің ауыр түрінің көріністеріне гипертермия, қатты бас ауруы, көп реттік құсу, есінен тану, мұрыннан қан кету, қан түкіру, тырысу синдромы жатады. Грипптің ауыр және асқынған түрлерімен ауыратын науқастар міндетті түрде госпитализацияланады. Ауыр қосалқы аурулары бар не грипп созылмалы аурулардың өршуімен бірге, әсіресе қарт адамдарда болса, онда міндетті түрде госпитализациялау қажет. Ауруханаға дейінгі шұғыл көмек көрсету синдромдарының басымдылығына қарай іске асады.

Күл ауруы

1992-1996 жж болған күл ауруының жоғары эпидемиясы, соның ішінде үлкендер арасында, трахеобронхиалді бұтақтың толық зақымдалуымен сипатталатын күлдің ауыр токсикалық түрлері бар науқастарда дамитын жедел жағдайларды емдеу бойынша дәрігерлер алдында жаңа талаптар қойылды. Күлдің жиі түрлері аңқа, жұтқыншақ көмей, мұрын күлі болып табылады. Көп қабатты эпителимен (аңқа ) жабылған аймақтарда, дифтериялық таяқша экзотоксині қатты, қиын алынатын жабынның туындауына әкеледі. (дифтериялық қабыну). Бір қабатты эпителиймен жабылған (көмей, кеңірдек) шырышты қабаттардағы жабын оңай алынады (крупозды қабыну).

Токсикалық күлдің ауыр түрінде, ИТШ дамығанда аурудың 2-5 ші күндері өлім-ге әкелуі мүмкін. Ауыр миокардиті бар науқастар қайтыс болуы мүмкін, кеш – аурудың басталуында 2-4 апта және ауыр жүрек жеткіліксіздік белгілерімен сипатталады. ЖТЖ көріністері кезінде полирадикулоневрит симптомдарының максималді дамуы (аурудың 6-8 аптасында) өлімге әкелуі мүмкін.

Өлім себебі: күлдік крупта асфиксиямен байланысты.

Крупқа жұтқыншақтың токсикалық күлі қосылғанда болжамы нашар болады.

Күлдік круптың үш кезеңін бөледі:

І кезең (круптық жөтелу кезеңі). Қатқыл “қатты” жөтел, даусының қарлығуы пайда болады.

ІІ кезең (асфиксия кезеңі) Қозумен бірге оттегі жетіспеушілік ұйқыға, комаға айналатын белгілер қосылады. Тері беттерінің бозғылттануы, цианоз, суық тер, тахикардия, тамыр жетіспеушілік белгілері байқалады.

Күлге қарсы сарысумен емдеу қолданады. Комплексті патогенетикалық ем токсикалық жедел кезінде, күлдің ІІ –ІІІ сатыларда, гипертоксикалық түрінде жүгізіледі. Оның мақсаттары – дезинтоксикация, гемодинамикалық бұзылыстардың, бас миы ісінуінің және бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің компенсациясы. Круптың асфиксиялық сатысы болғанда кеңірдекті интубациялау керек. Гипертермиялық, ИТШ, ЖТЖ патогенездік ем ауруханаға дейін жүргізіледі. Жедел госпитализациялау кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде күлге қарсы сарысу енгізілмейді.

Көк жөтел

Екі жастан асқан балаларда ауыр жөтел ұстамасын кодеин-0,001-0,0075г мөлшерде баса алады. Ересектерде кодеиннің 0,01-0,02г мөлшері қолданылады немесе фенобарбитал 0,05г күніне 2 рет микстура түрінде беріледі. Жөтел ұстамасынан кейін құсу пайда болатын балаларға 0,6 % атропин ерітіндісі 90% этиль спирті ерітіндісінде ерітіліп тамақ алдында 1-2 тамшыдан күніне 4 рет беріледі; Атропин құсуды төмендетеді, бірақ жөтел ұстамасына әсер етпейді (1 тамшы ер-де 0,2мг атропин. Кейде 0,5-1мг\кг мөлшердегі хлорпромазинді (аминазин) күніне 3 рет қолдану нәтиже береді.

Апноэ ұстамасын тез тоқтатуға көмектесетін емдеу шаралары:

1. Баланы оң жақ шынтағына, бетін төмен қаратып оның аяқтары білек аймағын құшақтап жатуы тиіс. Оң қолдың сұқ саусақты баланың аузына енгізіп тілді алға қарай жылжытады. Сол қолмен баланың арқасынан ұстап тұрады.

2. Тілін саусақпен ұстап тұрып, баланы вертикальді қалыптан горизонтальдіге ауыстыра отырып жасанды тыныс жүргізеді. Баланы төмендеткенде сол қолмен арқасынан бас отырып тыныс шығаруды жеңілдетеді.

3. Қажет болған жағдайда мұрын катетері арқылы оттегі ингаляциясын жүргізеді және сору арқылы шырыштан тазартады.

Круп

Круп синдромын дауыстың қырылдауы, жөтел және стридор құрайды. Көптеген жағдайда круптың табиғаты инфекционды болады, жиі парагрипп 1 вирусы туындатады.

Круптың 4 клиникалық сатысын бөлуге болады.

І сатысы – дауыстың қарлығуы, кейде афонияға дейін өшуі мүмкін; қатты жөтел, күш түсу кезінде инспираторлы стридордың пайда болуын, тыныштықта стридор болмайды; қызба.

ІІ сатысы – стридор тұрақты; тыныс алу кезінде қабырға аралықтардың және мойынның жұмсақ тіндерінің тартылуы; тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы; күш түскенде тыныс алу қиындай түседі.

ІІІ сатысы – гипоксия және көмір қышқылының жиналу белгілері: тынышсыздық, тітіркенгіштік, тершеңдік және тыныстың жиілеуі.

ІV сатысы – апноэ, кезеңді немесе тұрақты; тыныстың тежелуі.

Емі. Тек 1І сатылы крупты ғана үйде емдеу қауіпсіз; ІІ сатысы аздаған уақытта ІV сатыға өршуі мүмкін. Науқаста күлді жоққа шығарғаннан кейін ылғалдандырылған оттегі бар бөлмеге орналастыру керек және (балаларға) әрбір 8 сағат сайын 125мг-нан амоксициллин енгізіледі. Гипоксия симптомдары туындаған балаға ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын бастайды, бұлшықетке 40мг преднизолон енгізіп, жағдайын мұқият бақылап отырады. Стероидтарды енгізгеннен кеін жағдайы тез жақсаруы мүмкін, бұнда 2-3 күн көлемінде аз мөлшерде стероидтарды енгізу жалғастырылады. Консервативті емге әсері жоқ круптың ІІІ және ІV сатысы бар науқастарға трахеотомия жасалуы керек. Крупы бар науқастарға седативті заттарды қолдану қауіпті; тынышсыздық гипоксия симптомы болып табылатын ІІІ сатысында седативті заттарды қолдануға болмайды.