Геморрагиялық инсульт

Геморрагиялық инсульт (синонимі: милық соққы, апоплексия) миға қан құйылуын айтады.

Этиология. Миға қан құйылу көбінесе әр түрлі генезді тұрақты артериалды гипертензия аясында қарт кісілерде дамиды: гипертониялық ауру, бүйрек ауруы, бүйрек үсті без, гипофиз ауруы, жүйелі тамырлық аурулары (түйінді периартериит, жүйелі қызыл нотқа және т. б.).

Клиникасы.Қан құйылу кенеттен, күндіз пайда болады. Кейде алдын ала бас ауру, бас айналу, бастың салмағының жоғарлауын сезінеді, бірақ көбінесе нау-қас кенеттен есін жоғалтып құлайды. Қарау кезінде беттің қызыл-көк түске боялуы назар аударады. Тыныс алуы шулы, стридорозды, Чейн-Стокс типті. Пульсі баяулаған, кернеген , жиі артериалды қысым жоғарлайды. Көз қарасы қатыспаған, «жүзгіш». Қан құйылудың карама- қарсы жағында гемиплегия бай-қалады (зақымдалған жақтағы аяқ- қолды көтергенде ұзын қамшы сияқты құ-лайды), алғашқы сағаттарда сіңірлік рефлекстер және бұлшықет тонусының төмендеуі, кейін олардың жоғарлауы байқалады. Жиі жамбас астауының мүше-лерінің қызметтерінің бұзылысы байқалады (көбінесе – зәрді ұстамау түрінде).

Геморрагиялық инсультқа ошақты симптоматика тән. Ошақты сиптоматиканың түрі мен көрінуі қан құйылу локализациясына, геморрагиялық ошақтың көлеміне, пайда болу жылдамдығына байланысты.Әдетте, ошақты симптоматика айқын көрінетін жалпы милық симтоматикамен қосарланып жүреді. Типті жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.

Нақты дәлелдейтін әдістеріне жатады: ликворды зерттеу (қан анықталса диагноз дәлелденеді), компьютерлік томография (КТ), церебралді ангиография.

Болжам әдістеріне: эхоэнцефалоскопия кезінде орталық жинағының ауытқуымен көз түбінің өзгерістері жатады.

Ажыратпалы диагноз: жедел ишемиялық инсультпен, менингитпен, менингоэнцефалитпен және т.б жүргізеді.

Жедел көмек көрсету. Виталді қызметтерді қалпына келтіру. Науқастың басын жоғары көтеріп төсекке жатқызу. Геморрагиялық инсульт кезінде гемостатикалық және ангиопротекторлық қызметі бар дәрілер көрсетілген. Бұл препаратқа дицинон (синонимі: этамзилат, циклонамид) жатады.

Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін тамыр ішіне дроперидол (2-4 мл 0,25% ерітіндісін ).Әсері болмаса ганглиоблокаторлар- пентамин (1 мл 2,5% ерітіндісін) немесе бензогексоний (1мл 2,5% ерітіндісін), бірақ осы атап өткен дәрілерді байқап артериалды қысымның үнемі бақылауымен жүргізеді. Ми існуімен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса).

Ишемиялық инсульт.

Бұл бас миының жеке бөлімдеріне қандай да бір тамыр бойынша жартылай немесе толық қанның келмеуі нәтижесінде пайда болады.

Ишемиялық инсульт себебінің негізгі үш тобын бөлінеді: экстракраниалді және интракраниалді тамырлар қабырғасының өзгеруі; эмболиялық зақымдалулар;гематологиялық зақымдалулар.

Осы ауруға әкелетін, тамыр қабырғасының өзгеруі, әр түлі генезді артериалды гипертензияда және атеросклерозда, кейін әр түрлі этиологиялы артерииттерде кездеседі. Бас миының эмболиялық зақымдалуының негізін кардиопатология құрастырады: ЖИА және оның көптеген түрлерінің көріністері (аритмиялар, ЖИМ және т.б), жүрек ақаулары. Гематологиялық асқынуларының ішінде бірінші орында: эритремия (біріншілік және екінішілік), гиперкоагуляционды синдром.


Клиникасы

Ишемиялық инсульт жиі қарт кісілерде дамиды. Психикалық және физикалық күш түсумен айқын байланысы бар. Ишемиялық инсульт біртіндеп дамиды, бір неше сағат немесе бір неше күн ішінде дамиды, ұйқы кезінде де дамуы мүмкін Типті инсульттің алғашқы хабаршысы: бас айналу, аз уақыттағы сананың бұзылуы, көз алдындағы қараюлар, жалпы әлсіздік, аяқ- қолдарының өткінші(преходящие) парестезиясы және т.б. Ишемиялық инсульттің ерекшелігі ошақты симптомдар жалпы милық симптомнан басым болады. Ишемиялық инсульттің дамуы кезінде, кейде одан кейін де, санасы бұзылмайды, бас ауырмайды немесе ол әлсіз, ми қабаттарының қозу симптомдары жоқ, бет терісімен көрінетін шырышты қабаттары боз, дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, ликвор өзгермеген.

Бас миының ошақты зақымдалу симптомдары, қандай тамырдың зақымдалуына байланысты: алдыңғы, ортаңғы немесе артқы, омыртқа артериялары. Аурудың бастапқы кезеңінде локальді бассейндердің ишемияның бөлек түрлерін бір- бірінен айыру қиын болады.Бұл кезде диагноз ретроспективті қойылады.Осындай жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.

Анық әдістеріне: КТ, церебралді ангиография, люмбалді пункция.

Ажыратпалы диагностика: бас миының көлемді зақымдалуымен, геморрагиялық инсультпен, менингоэнцефалитпен жүргізеді

Жедел көмек көрсету. Виталді қызметті қалпына келтіру. Коллатеральді қан айналымымен инфаркт және периинфаркт аймақтарында микроциркуляцияны жақсарту үшін реополиглюкин тамшылатылып енгізіледі. Осы препарат қанның реологиялық қасиетін жақсартады және гепарин тағайындауын қажет етпейді, ал гепаринді тағайындаған жағдайда тұрақты лабораториялық бақылау қажет, бірақ егер де инфаркт тромбоэмболия синдромының асқынуы ретінде дамыса, қайталамалы эмболияны алдын алу үшін гепарин тағайындалады. Нейрондардағы метаболикалық үрдістерді қалпына келтіру үшін антигипоксанттар тағайындалады. Осы мақсатта церебролизин беріледі.Ноотроптар қолдануы мүмкін (ноотропил, аминалон, энцефабол, пантогам, пиридитол және т.б.) Теріс психоэмоциональды факторлар аясында артериалды қысымды алдын алу үшін 2-4 мл седуксен (реланиум) немесе 2-4 мл 0,25% дроперидол енгізіледі. Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін клофелин (1 мл 0,01% ), дроперидол (2-4 мл 0,25% ). Атап көрсетілген препараттарды байқап және артериалды қысымның бақылауымен тағайындайды. Ми ісігі мен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа ұстамасын емдеу (бар болса).

АҚ-ның төмендеуін «жұмыстық қысымнан» төмен түсіру керек емес. Егер жұ-мыстық қысым анықталмаған болса, 150/100 мм сб деңгейінде есептеседі.АҚ-ды «жұмыстық қысымға» дейін жайлап төмендету керек, 40-60 мин. тез емес.