Бап. Қүрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-есіру

1. Өсіруге тыйым салынган өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе қүрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сүрыптарын егіп-өсіру -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер саналады. Бұлар апиын, үндістандық, оңтүстік-манчжурия, оңтүстік Шу, оңтүстік архон сорасы, кокаин бұтасы, кат, Қазақстан Республикасында өсетін, бірақ өсіру ушін тыйым салынган немесе ол үшін арнаулы рұксатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнэр түріндегі өсімдік, сора тұқымдас өсімдік.

Қылмыстың объективтік жағы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораны, көкнэрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктер сорттарын өсіру арқылы сипатталады. Егу немесе өсірудің эрқайсысы жеке қылмысты іс-эрекет болып табылады.

Егу дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тұкымын, көшеттерін кез келген жер учаскесіне (оның ішінде такьір жерге де) отырғызу болып табылады.

Өсіру дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді күту (суару, арам шөбін тазалау, қатарын жү_мсарту) арқылы оны пісіп-жетілу деңгейіне жеткізу болып табылады.

Сораны, көкнэрді немесе қүрамында есірткі заттар бар баска да есімдіктерді өсіру деп соларды себуді жэне көбейтуді айтамыз. Қылмыс формальдық қүрамға жатады. Ол заң өсіруге тыйым салған қү_рамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егу немесе өсіру эрекеттерінің біреуін істеген уақыттан бастап-ақ аяқталған деп табылады. Осындай өсімдіктердің тұқымын жинау есірткі заттарды дайындауға окталғандық деп бағаланады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмысты сара-лау үшін тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді есіру мақсатының эсері болмайды. Егер кінэлі адам өсірілген өсімдіктерден есірткілік заттарды дайындаса, сақтаса, тасымалдаса, жөнелтсе немесе өткізсе, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы ҚК-тің 297, 300-баптары бойынша сараланады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласып (ҚК-тің 31-бабы); элденеше рет (ҚК-тің 12-бабы); ірі мөлшерде (нақты жағдайларға байланысты өсімдіктің түрі, егістіктің көлемі жэне т.б. анықталады) үшін жауаптылық көзделген.

Бап. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық немесе улы заттарды дайын-дау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, қурал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есірткі, психотроптың заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауга немесе ңайта өңдеуге арналган қурал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -

2.Есірткі, психотроптық заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланы­латын заттарды, ңурал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) бірнеше рет жасалган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қыл-мыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың денсаулығы.

Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе психотроптық заттар­ды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын зат, аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады.

Қылмыстык кодекстің 301-бабының 1-тармағында: Есірткі заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауга немесе үқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, үқсату, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген. Улы заттардың тізбегі арнаулы нормативтік-құкықтық ак-тілерде көрсетілген. Осы улы заттарды дайындауда, ұқсатуға қажетті құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау, тасы-малдау, жөнелту, заңсыз өткізу осы қылмыстың объективтік жағынан белгілерін түзеді. Дайындау, ұқсату, тасымаддау, жөнелту сақтаудың, өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 297-бабында толық тоқталып өткенбіз.

Қылмыстық кодекстің 301-бабының 2-тармағында: Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген.

Есірткі заттарға немесе психотроптық заттарға - химиялық құрылымдары мен қажеттері бар, құрылымы мен қасиеттері жағынан еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, I, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, оларды шектен тыс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті Үкімет қаулыларымен, Б¥¥-ның халықаралық конвенцияларымен (1988 ж.) есірткі заттар немесе жүйкеге эсер ететін заттар ретінде бекітілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын заттар жатады.

Есірткі немесе психотроптық заттарды дайындауға пайдалану мақсатында қолдан не­месе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал жэне аспаптар болып саналады. Бұл заттардың міндетті белгісі - олардың арнаулы бақылауда болуы болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайын­дау үшін пайдаланылатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау: сатып алу, сақтау, тасымалдау жөнелту немесе соларды заңсыз өткізгені арқылы көрініс табады.

Көрсетілген заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды дайындауды ретке келтіретін арнаулы құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай қылмыс құрамының диспози-циясы бланкеттік болып табылады.

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе элденеше рет жасаған эрекеттері үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 301-бабының 3-тармағында көзделген. Қызмет бабын пайдаланып, қылмыс істеу түсінігі ҚК-тің 3-бабында алдын ала сөз байласқан адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабында, ал элденеше рет қылмыс істеудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында айтылған.

Қылмыстық топ жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер үшін жауаптылық осы баптың (301) төртінші тармағында белгіленген. ¥йымдасқан топтың түсінігі Қылмыстык кодекстің 31-бабында берілген.

Қылмыстық кодекстің 301-бабында көрсетілген. Қылмыс құрамы формальдық, ал заңның диспозициясында көрсетілген улы есірткі заттарды немесе психотроптық заттар­ды дайындау үшін пайдаланылатын заттардың аспаптардың немесе жабдықтардың айна­лым тәртібін бұзған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан - қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Өйткені көрсетілген заттардың айналым тэртібін бұзған адам олардың тэртібін ретке келтіретін нормативтік-құқықтық нормалардың талабын өрескел бұзғанын сезеді жэне соны бұзуды тілейді.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы, занда көрсетілген заттарды дайындау үшін пайдала­нылатын заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге лицензиясы бар, олардың өндіру тэртібін қатаң сақтауға жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар.