Тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

§1. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттама жэне олардың түрлері

Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей бай-ланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құкык ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Айналадағы табиғи ортаны қорғау - ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-эрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау жэне қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 13-тарауы түгелдей экологиялық қьшмыстарға арналған. Бұрынғы Кодексте мұндай арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстары» деген тараудан орын алған еді.

Жаңа Қылмыстық кодексте экологиялық қылмыс құрамдарының мүлдем жаңа түрлері тұңғыш рет көрсетіліп отыр: шаруашылык жэне өзге де кызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (324-бап); ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды өңдіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (325-бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (326-бап); жан-уарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (338-бап); жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін жэне құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-эрекеттер (339-бап); ерек ше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (342-бап); экологиялық ластау зар-даптарын жою жөнінде шара қолданбау (343-бап);

Жалпы Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстык-құкыктық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар.

Экологиялық ісылмыстық құқык бұзушылық дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурс-тарына, халықтың экологиялык қауіпсіздігіне кол сүғатын коғамға қауіпті, қылмыстық құқық бұзушылық заңға қайшы іс-эрекеттер болып табылады.

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — накты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады.

Экологиялық қылмыстық кұкык бұзушылықтың топтық объектісі - қоршаған орта­ны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау жэне адамдардың экологиялык қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық катынастар болып табылады.

Қылмыстык кұкық бұзушылықтың тікелей объектісі - экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық катынастар.

Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты Қылмыстық кодекстің 13-тарауындағы экологиялық қылмыстық кұқық бұзушылыктар мына төмендегі түрлерге белінеді:

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын кылмыстық құ_қық бұзушылыктар: шаруашылық жэне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (324-бап); ықтимал экологиялық қауіпті химиялык, радиоактивті жэне биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (325-бап); микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (326-бап); мал дэрігерлік ережелердің жэне өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (327-бап); экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (343-бап).

Суды жэне атмосфераны тиімді пайдалануға жэне қорғауға қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар: суларды ластау, бітеу жэне сарку (328-бап); атмосфераны ластау (329-бап); теңіз аясын ластау (330-бап)

Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау жэне пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстық құкық бұзушылықтар: Қазакстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы жэне Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы ту-ралы зандардың бұзылуы (331-бап); жерді Бұлдіру (332-бап); жер койнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (333-бап), жер қойнауын өз бетінше пайдалану (334-бап).

Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау жэне қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық кү-қық бү-зушылыктар: Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (335-бап); балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу (336-бап); заңсыз аңшылық (337-бап); жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бүзу (338-бап).

Өсімдіктер дүниесін қорғау жэне тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстық қүдық бү_зушылықтар: ағаштар мен бугаларды заңсыз кесу (340-бап); ормандарды жою немесе зақымдау (341-бап).

Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық қү-қық бү-зушылықтар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін жэне құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-эрекеттер (339-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (342-бап).